Қабылдаған: Ормахан Балнұр Орындаған: Мұратқызы Ақерке Алматы, 2023ж. Интеграция



бет4/5
Дата30.09.2023
өлшемі73,34 Kb.
#183099
1   2   3   4   5
Байланысты:
Мұратқызы Ақерке СОӨЖ
Механизмнің синтезі раздаточный материал по Левитскому учебник с переводом на каз яз 31 05 2023 (1)
Метатану стратегиялары – білім алушының оқу үдерісін өзіндік бақылауына бағытталған басқару түріндегі әдістер (мысалы, оқу үдерісін өз бетінше жоспарлай білу, мақсат қою, өзінің оқу үдерісін бағалап, оның мониторингін жүргізу қабілеті).
Модельдеу – 1. Таным объектілерін олардың шартты модельдері негізінде зерттеу. 2. Шын мәнінде бар объектілер, үдерістер немесе құбылыстардың модельдерін құру және зерделеу. Мұндағы мақсат осы құбылыстарды түсіну, сондай-ақ зерттеушіні қызықтыратын құбылыстарды болжау. Модельдеу адамның объектілер туралы білімі мен сол объектілер арасындағы қарым-қатынасты көрсету үшін қолданылады, оқытудағы көрнекі құралдардың бірі.
Мұғалім жүргізетін дамыту жұмысы (МЖДЖ) – мектептерде оқыту мен оқуды жетілдіру тәсілі. Бұл үдеріс барысында мұғалімдер жекелеп те, бірлесіп те өз тәжірибесін, сондай-ақ өздері жұмыс істейтін мектеп тәжірибесін жақсарту мақсатында зерттеу қажет болатын мәселелер мен проблемаларды анықтайды. Мұғалім жүргізетін дамыту жұмысын зерттеумен шатастыруға болмайды. МЖДЖ бағдарламасы «мұғалім зерттеуші ретінде» деген ұстанымға емес, «мұғалім оқыту және оқу іс-тәжірибесін жетілдірудегі көшбасшы ретінде» деген ұстанымға негізделеді. Өзара білім алуға көмектесетін диалогтік оқыту – мұғалім оқу материалын түсіндіруі, оқушының оны меңгеруі; оқушыларды проблемаларды қоюға және оны шешуге қатысуға түрткі болу; олардың білім алуларын күшейту мақсатында оқу материалын дайындау және хабарлаушы әңгіме өткізудің оқу қағидаттарына негізделген реттеуші ережелері жүйесі. Негізгі функциялары: репродуктивтік сұрақтар мен арнайы жасалған проблемалық жағдаяттардың көмегімен оқу қызметінің жаңа ұғымдары мен тәсілдерін ашу; танымдық қарым-қатынасты жандандыру және оқушылардың ойлау және тәжірибелік қызметіне түрткі болу, оларда сөз сөйлей білу және өз бетімен жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру; оларға ұжыммен ойлау қызметінің тәсілдерін үйрету. Негізгі белгілері: оқу материалы хабарлаушы әңгіме түрінде баяндалады, онда негізінен оқушыларға белгілі материал бойынша репродуктивтік сұрақтар қолданылады. Мұғалім проблемалық жағдаят тудырып, бірқатар проблемалы сұрақтар қоя алады, бірақ бұл жағдайда жаңа ұғымдар мен әрекет ету жолдарының мәнін мұғалім түсіндіреді.
Рефлексия – (лат. reflexio – өткенге жүгіну) - субъектінің назарын өзіне, атап айтқанда, оларды қайта ойлап, қорыту мақсатында өз белсенділігінің өніміне аударуы. Философияда рефлексия былай деп түсіндіріледі: 1. Сананың және ойлаудың өзіне жүгіне алу қабілеті. 2. Жаңа білім алу мақсатында білімді талдау. 3. Сана мен жанның күйін өзіндік бақылау. Педагогикада рефлексия сабақтың бір кезеңі ретінде қарастырылады. Ол кезде сабақ барысында алынған білім сын тұрғысынан талданып, меңгерілген біліммен салыстырылып, өзіндік түсінік пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет