Қабылдаған: Ормахан Балнұр Орындаған: Мұратқызы Ақерке Алматы, 2023ж. Интеграция



бет5/5
Дата30.09.2023
өлшемі73,34 Kb.
#183099
1   2   3   4   5
Байланысты:
Мұратқызы Ақерке СОӨЖ
Механизмнің синтезі раздаточный материал по Левитскому учебник с переводом на каз яз 31 05 2023 (1)
Рефлексиялаушы практик (мұғалім) – өзінің оқыту және оқу тәжірибесін дамыту, өзгерту және жетілдіру әдістерін мұқият және үнемі ойластырып жүретін педагог. Сындарлылық теориясы – лат. constructivus – құрылымына байланысты. Сындарлылық (философия) – таным бейне ретінде емес, субъектінің әлемнің интерпретациясын (моделін) белсенді құруы ретінде қабылданатын тәсіл. Өзінің ой-тұжырымдарын құру немесе іс жүзіндегі әрекеттер арқылы, болмаса әлеуметтік өзара іс-қимыл арқылы ұғынылатын түсіністік. Барлық жаңа оқулар адам бұған дейін білетіннен басталады, адамның бұдан қандай білім алып шығатыны осыған байланысты болады.
Сыни бағалау – әрекет, үдеріс не өнімнің нәтижелілігін/құндылығын/негізділігін талдау және бұлардың неліктен нәтижелі/құнды/негізді болғанын немесе болмағанын түсіндіру қабілеті. Сын тұрғысынан ойлау – қадағалау, тәжірибе, ойлану нәтижесінде алынған ақпараттың мағынасын тануда, оны бағалауда және талдауда аналитикалық тәсілдің қолданылуын көздейтін ойлау түрі. Бұл келесі қабылданатын әрекеттерге негіз болуы мүмкін.
Сыныптағы ахуал – бірқатар аффекттік, әлеуметтік, танымдық факторлардың, олардың ішінде ең негізгілері – тұлғааралық қатынастар мен оқушыларды оқутәрбие үдерісіне тарту негізінде қалыптасатын сыныптағы ахуал.
Ұжымдық диалогтік оқыту - ұжымдық түсінуді қалыптастыру мақсатында оқушылардың сындарлы қарым-қатынас жасауына ықпал ететін оқыту.
Шынайы сынып - (грек. authentikys – түпнұсқалық) іс жүзінде бар, жұмыс істеп жатқан сынып. Іс-әрекеттегі зерттеу - оқыту мен оқу тәжірибесін жетілдіру мақсатында бірізді, тізбектелген, жоспарланған іс-әрекеттерді орындауды, сондай-ақ зерттеу барысында алынған нәтижелерге жүйелі түрде мониторинг жүргізуді көздейтін үдеріс. Іс-әрекеттегі рефлексия - алдыңғы қадамдарды жоспарлау және орындау мақсатында іс-әрекет жасау (мысалы, оқыту және оқу), іс-әрекет нәтижелерін сыни талдау және бағалау барысындағы мұқият ойлану үдерісі.
Lesson Study тәсілі - мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл. Бұл тәсіл ХІХ ғасырдың 70-ші жылдарында Жапонияда негізі қаланған. Lesson Study-ге жоспарлау, оқыту, қадағалау, оқыту мен оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттауды бірлесіп жүзеге асыратын мұғалімдер тобы қатысады.Lesson Study-дің циклін өткізген соң мұғалімдер педагогикалық тәсілдерді түрлендіріп немесе жетілдіріп, кейіннен ашық Lesson Study, таныстырылым өткізу, баспада жариялау арқылы әріптестеріне таратады. Қазіргі кезде оқыту әдістемесін жетілдіру, оқушылардың бастауыш және орта мектептегі негізгі пәндер бойынша білім деңгейін арттыру, сондай-ақ тұжырымды педагогикалық тәсілдерді жасау мақсатында Жапониямен қатар Сингапур, Гонконг, Қытай, АҚШ, Ұлыбритания, Швеция және Канадада ойдағыдай қолданылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет