Абжанова А. К. Ұзақ мерзімді банктік инвестициялар



бет3/7
Дата15.09.2017
өлшемі1,48 Mb.
#33830
1   2   3   4   5   6   7

Бақылау сұрақтары:

  1. Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясын қалай түсінесіз?

  2. Инвестициялық стратегияның сатыларын атаңыз.

  3. Инвестиция мен күрделі қаржы ұғымдарын ажыратыңыз.

  4. Инвестицияның жобаның тиімділігін бағалау деген не?

  5. Мемлекет тарапынан инвестициялық шешім қабылдау үрдісі қалай жүргізіледі?


Студенттердің өз білімін тексеруге арналған тесттік тапсырамалар

1. Басқалай объективті инвестициялау нарығы немен байланысты болып келеді?

А) ұйымдардың акциясын дамытумен байланысты

В) коллекциялау заттарын инвестициялармен байланысты

С) қызмет көрсету нарығымен байланысты

D) құрылыс материалдар нарығымен байланысты

Е) инвестициялық қызметпен байланысты

2. Құқықтық факторлар неден туындайды?

А) салалық базаның жеткілікті өнделмеуінен

В) қаржылық базадан

С) құқықтық базаның жеткілікті өнделмеуінен

D) құқықтық факторлардың жетіспеуінен

Е) әлеуметтік базаның өнделмеуінен

3. Инвестициялық қызмет бұл:

А) инвестицияларды жүзеге асыру

В) инвестиция табу

С) ақпараттық факторлар, статистикалық материалдар түрі

D) мемлекеттік инвестициялық қаражат түрі

Е) табыс табу, пайда алу, жеке мүдделік нәтижелік үшін асырылатын қызмет түрі

4. Банк жүйесін қалыптастырудағы сенімділік пен тұрақтылығы қандай факторға жатады?

А) экономикалық қаржылық фактор

В) экономикалық саяси фактор

С) қаржылық фактор

D) әлеуметтік фактор

Е) А және В жауаптары дұрыс

5. «Әр елге шетел инвестициясының құйылуы және олардың тиімділігі қолайлы инвестициялық климаттың бар болуымен сипатталады» - деп қай қызмет түрі туралы айтылды?

А) инвестициялық қызметке

В) әлеуметтік қызметке

С) саяси қызметке

D) қаржылық қызметке

Е) жергілікті қызметке

6. Инвестициялық жұмсауды жүзеге асыратын заңды және нақты тұлға кім болып табылады?

А) инвестор

В) несиелеуші

С) кассир

D) инвестициялау

Е) жабдықтаушы

7. Капиталды жұмсауда шаруашылық субъектісіне қандай активтері жатады?

А) қаржылық

В) қаржылық емес

С) несиелік

D) активтік

Е) инвестициялық

8. Капитал жұмсаумен, айналым қаражатының жиынтығы, әр түрлі экономикалық және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қажетті мұқтаждық бұл:

А) кассалық жұмсалым

В) инвестициялық мұқтаждық

С) инвестициялық жұмсалым

D) инвестиция

Е) қаржылық жұмсалым

9. Қаражатты жұмсау объектісі бойынша нақты инвестиция бұл:

А) қаражаттарды жұмсау

В) активтерді тарату

С) активтерді жинау

D) кез-келген активтерге жұмсау

Е) нақты активтерге жұмсау

10. Инвестиция мақсаттық бағытталуы бойынша қалай ажыратылады?

А) жанама инвестиция

В) тікелей және портфельдік инвестиция

С) портфельдік инвестиция

D) қаржылық және портфельдік инвестиция

Е) тікелей және қаржылық инвестиция
Өз бетімен шешуге берілген есептер


    1. Клиент 36 % жылдық пайыздық қойылыммен 100 мың тг 5 жылға банкке салды. Күрделі пайыздармен а) жыл; ә) жарты жыл; б) тоқсан; в) ай; г) апта; ғ) күн бойынша өскен соманы анықтаңыз. Жылда 360 күн деп есептеңіз.

    2. Фирма 10 жылдан кейін ғимараттан офис алу үшін 2 млн долл. Жинау қажет. Жинаудың ең қауіпсіз әдісі – бұл тәуекелсіз мемлекеттік бағалы қағаздарды алу, жарты жылдық пайыздармен салымдар жүргізілетін 8% қойылым бойынша жылдық табыс генерацияланады. Фирманың бастапқы салымы қанша болуы қажет?

    3. Қарыздық міндеттеме өтелу мерзіміне дейін 4 жыл бұрын есепке алынған және оның иесі 5 мың тг алды. Қарыз міндеттемесіндегі жазылған соманы анықтаңыз, егер есепке алыну күрделі есептік қойылыммен жүзеге асып және дисконттау былайша жүргізілсе: а) жарты жыл сайын жылына 40 % есептік қойылыммен; ә) ай сайын жылына 30 % есептік қойылыммен.

    4. Қандай үзіліссіз қойылыммен ақшаны депозитке салуға болады, егер қазіргі 10 мың тг 4 жылдан кейін 30 мың теңгеге эквивалентті болса ? Жарты жыл сайын пайыздарды қосатын қандай күрделі пайыздық қойылым бұл мәселені шешеді.

    5. Банк несиені 6 жылға 27 % үзіліссіз қойылыммен беріп отыр. Мынандай түрдегі банкінің қаржылық операциясының табыстылығын анықтаңыздар: а) қарапайым жылдық пайыз қойылымы; ә) жылдық тиімді пайыз қойылымы.



Тақырып 3 Экономиканың нақты секторындағы ұйымның жаңа әдісі ретінде жобалық несиелеу.

Мақсаты: Жобалық несиелеудің негізгі маңызын, оған қатысушылар қатарын айқындайды.

Жоспар:

  1. Жобалық несиелеу маңызы мен несиенің жіктелуі.

  2. Жобалық несиелеу принциптері, әдістері және нысандары.

  3. Инвестициялық жоба түрлері

1. Жобалық несиелеу маңызы мен несиенің жіктелуі.

Шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайында несиенің негізгі формасына банк несиесі, яғни, коммерциялық банк беретін несиенің әр түрі мен тұрпаты жатады. Банк несиесі саласында несиелік қатынастың субъектілеріне шаруашылық органдары, халық, мемлекет және банктердің өздері жатады. Белгілі болғандай, несие мәмілесінде несиелік қатынастың субъектілері несие беруші және қарыз алушы ретінде алға шығады.

Несие берушіге өзінің уақытша бос қаражатын белгілі бір мерзімге қарыз алушының иелігіне беретін тұлға (жеке және заңды) жатады.

Қарыз алушы - қаражатты (ссуданы) пайдалану үшін алатын және оны белгіленген мерзімде қайтаруға міндетті несиелік қатынастағы тарап. Банк несиесіне келсек, бұл арада несие мәмілесінің субъектілері ретінде екі тұлға, яғни, несие беруші мен қарыз алушы алға шығады. Бұл мынаған байланысты: банк негізінен тартылған қаражатпен жұмыс істейтіндіктен банк шотына қаражатын орналастыратын субъектілердің алдында қарыз алушы ретінде болады. Өзінде шоғырландырылған ресурстарды қаражатқа мұқтаж субъектілердің пайдасына қайта бөлу арқылы банк несие берушіге айналады. Халық шаруашылығы, мемлекет және т.б. секілді несие мәмілесінің өзге тараптары өз қаражатын банк шотына орналастыру арқылы несие берушінің рөліне енеді, ал ссуданы сұрағанда қарыз алушыға айналады.

Коммерциялық банк өз клиенттеріне әр қилы белгілері бойынша жіктеуге болатын несиенің әр түрін ұсынады.

Ең алдымен қарыз алушылардың негізгі тобы бойынша жіктеуге болады, мәселен, халыққа, мемлекеттік органдарға беріледі несие.

Тағайындалуы бойынша несиені былайша жіктеу болады:


  • тұтыну несиесі;

  • өнеркәсіп несиесі;

  • сауда несиесі;

  • ауыл шаруашылығы несиесі;

  • инвестициялық несие;

  • бюджеттік несие.

Шаруашылықтың барлық саласындағы кәсіпорындарға берілетін банк несиесін жұмыс істеу салаларына қарай екі негіз түрде болуы мүмкін: негізгі қордың ұлғайтылған ұдайы өндірісі қатысатын ссуда және айналым қорын ұйымдастыруға қатысатын несие. Соңғысы өз кезегінде өндіріс саласына бағытталған несиеге және айналым саласына қызмет ететін несиеге бөлінеді.

Пайдаланылу мерзімі бойынша мынадай несиелер бар:

  • талап етілмелі;

  • мерзімді.

Соңғысы өз кезегінде мыналарға бөлінеді:

  • қысқа мерзімді (I жылға дейін);

  • орта мерзімді (1 жылдан 3 жылға дейін);

  • ұзақ мерзімді (3 жылдан көп).

Әдетте, айналым қорын қалыптастыратын несие қысқа мерзім болып келеді, ал негізгі қордың ұлғайтылған ұдайы өндірісі қатысатын ссуда орта және ұзақ мерзімді несиелерге қатысты.

Мөлшері бойынша несиелер - ірі, орташа және ұсақ, ал қамтамасыз етілуі бойынша — қамтамасыз етілмеген (бланктік) қамтамасыз етілген несиелер. Қамтамасыз етілу сипаты бойын кепілзаты, кепілдікті және сақтандырылған несиелер.

Берілу тәсілі бойынша банк ссудасын өтемақы ссудасы және төлем ссудасы деп бөлуге болады. Бірінші жағдайда несие қарыз алушының есеп айырысу шотына оның тауарлы-материалдық кұндылыққа салынған немесе шығынға жұмсалған өзіндік қар жатының орнын толтыру үшін бағытталады. Екінші жағдай банк ссудасы несиеленген шара бойынша төлемді төлеуі үшін қарыз алушыға ұсынылатын ақшалай-есеп айырысу құжатының төлеміне тікелей бағынады.

Өтелетін әдісіне қарай мерзімі ұзартылған банк ссудасы және бір мерзімде өтелетін ссуда бөліп бөлінеді.
2. Жобалық несиелеу принциптері, әдістері және нысандары.

Кәсіпорындардың және өзге де ұйымдық-құқыктық құрылымдардың өндірістік және әлеуметтік қажеттіліктерін банк несиелеудің принциптерін қатаң сақтай отырып несиелейді. Несие принциптері несиелеу жүйесінің негізгі элементі болып табылатындықтан несиенің мәні мен мағынасын, сондай-ақ, объективті экономикалық заңдылықтардың, оның ішінде, несие қатынасы саласындағы заңдылықтардың талаптарын бейнеленеді.

Несие принциптері - несиенің қайтарылу мерзімділігі, саралануы, қамтамасыз етілуі, ақылылығы.

Осы заманғы коммерциялық банктер несие ақысын белгілегенде ескеретін негізгі факторлар:



  • коммерциялық банктердің ҚР ¥Б-га беретін ссуда бойынша проценттің базалық мөлшерлемесі;

  • банкаралық несие бойынша орташа процент мөлшерлемесі, яғни, өзінің активтік операциялары үшін басқа коммерциялық банктен сатып алынатын ресурстардың орташа процент мөлшерлемесі;

  • банктің әр түрлі депозит шоты бойынша өз клиентіне төлейтін орташа процент мөлшерлемесі;

  • несие ресурстарының құрылымы (тартылған қаражаттың үлесі неғұрлым жоғары болса, несие соғұрлым қымбат болуы керек);

  • шаруашылық жүргізушілердің несие сұранысы (сұраныс неғұрлым жоғары болса, несие соғұрлым арзан);

  • несие сұралатын мерзім және несие түрі, дәлірегі, қамтамасыз етілуіне қарай банк үшін оның қатер деңгейі; елдегі ақша айналысының тұрақтылығы инфляция қарқыны неғұрлым жоғары болса, несие ақысы соғұрлым қымбат болуы керек, яғни ақшаның құнсыздануынан банктердің өз ресурстарын жоғалтып алу қатері артады).

Банк несиесінің барлық принциптерін іс-тәжірибеде қолдану жалпы мемлекеттік мүдделердің сақталуына және несие мәмілесіне қатысатын екі тараптың мүдделерін сақтауға мүмкіндік береді.

Несие саласындағы қатынас белгілі бір жүйе бойынша қарастырылады.

Несие процесінің ұйымдастырылуын анықтайтын және несие принциптеріне сәйкес реттейтін элементтердің жиынтық несие жүйесі ретінде ұғуға болады. Элементтерді құраушы реті ол мыналарды қамтиды:


  • несиеленетін операцияға қарыз алушының өз қаражатының қатысу деңгейі және тәртібі;

  • несиенің мақсатты тағайындауы: несиелеудің әдіс ссудалық шоттың формалары;

  • ссудалық берешектерді реттеудің тәсілдері;

  • ссудалық қаражаттың мақсатты әрі тиімді пайдалануына және олардың уақытылы қайтарылуына жүргізілетін бақылаудың формалары мен тәртібі.

Несие принциптеріне сәйкес несиені берудің тәсілін және өтеудің тәсілін несиелеудің әдістері ретінде ұғуымыз қажет.

Жаңа коммерциялық құрылымдарға, яғни өзге меншік сомасының субъектілеріне қатысты ссуда берілгенде коммерциялық банктер шетелдік тәжірибелерге сүйеніп, несиелеудің бас әдістерін пайдаланады.

Банк іс-тәжірибесінде несиелеудің екі әдісі пайдаланылады. Бірінші әдістің мәні: ссуданы беру жөніндегі мәселе тәртіпте әрдайым шешілетін болады. Ссуда белгілі бір мақсат қажеттілікке беріледі. Бұл әдіс ссуданы нақты мерзімге беріледі яғни, мерзімді ссудада қолданылады.

Екінші әдісте ссуда банктің қарыз алушы үшін бұрын белгіленген несие лимиті шегінде беріледі. Ол белгілі бір кезең ішінде оған ұсынылатын төлем құжатын төлеу жолымен қажеттілігіне қарай пайдаланылады.

Несие берудің мұндай формасы ашық несие желісі деп аталады. Ашық несие желісі клиент пен банк арасында бекітілген несие келісімінде қарастырылған кез келген ақшалай - есеп айырысу құжатын несие есебінен төлеуге мүмкіндік береді. Несие желісі негізінде бір жылға ашылады, алайда, одан да қысқа кезеңде мүмкін. Несие желісінің мерзімі ішінде клиент ссуданы келген сәтте банкпен қосымша келіссөздер жүргізбей-ақ және ресімдеудің қандай да бір рәсімдерін орындамай алады. Алайда, банк қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлағанын анықтаса, клиентке бекітілген лимиттің аясында ссуданы беруден бас тартуға құқылы. Несие желісі, репутациясы жақсы әрі қаржылық жағдайы тұрақты клиентке ашылады. Клиенттің өтініші бойынша несие желісі қайта қарастырылуы мүмкін.

Жаңғыртылатын және жаңғыртылмайтын несие желілері көрсетіледі. Жаңғыртылмайтын несие желісі ашылған жағдайда банк пен клиент арасындағы қарым-қатынас ссуданың берілуі мен өтелуінен кейін үзіледі, яғни, аяқталады. Жаңғыртылмалы несие желісінде (револьверлік) несие белгіленген берешек лимиті шегінде автоматты түрде беріледі, әрі өтеледі. Банк несие желісін жыл бойы немесе басқа кезең ішінде жүзеге асырылатын бір контрактінің аясында белгілі бір тауарларды жеткізудің төлемі үшін клиентке ашқан болса, ол мақсатты несие желісі деп аталады.

Жаңғыртылмалы несие желісінің әдісі ірілендірілген объекті айналымы бойынша несиелеудің отандық әдісіне сырттай өте ұқсас. Сондықтан да «ескі» мемлекеттік клиентураға қызмет көрсететін коммерциялық банктер «ашық несие желісі» терминін несиелеудің осы формасына қатысты кездейсоқ қолданып жүрген. Алайда, олардың арасында айырмашылық бар. Мәселен шетелдік банктер несие желісін тек бірінші класты клиенттерге ғана ашады. Оның үстіне, несиелеудің лимитін анықтайтын тәсілі де өзгеше және несие арқылы қайтарылатын төлемдердің мөлшері жоғары. Ал, бұл бізде әлдеқайда басқаша. Бұл кемшіліктер жаңа несие желілерінде, яғни, коммерциялық құрылымдарда ұшыраспайды. Алайда, бұл клиентураны несиелеудің негізгі әдісі әрбір жекелеген ссуданы беру барысында жеке тәсіл қолданылады.

Несиелеу әдісі ссуданы беруде және өтеуде пайдаланылатыны , шот формасының пайда болу қажеттілігін тудырады. Өндіріп алушыларды несиелеу бойынша операцияларды жүзеге асыру үшін коммерциялық банк мекемесі оларға ссуда шотын ашады: әдеттегі (жай) және арнайы.

Арнайы ссуда шоты, әдетте, төлем айналымының көп бөлігін қамтып несие арқылы жүзеге асатын, банк несиесі ұдайы қажет ететін қарыз алушыларға ашылады.

Бүгінгі таңда тауар қорының айналымы бойынша арнайы ссуда шоты арқылы мемлекеттік бөлшек және көтерме сауда ұйымдары, сондай-ақ өткізу-жабдықтау қызметі несиелей, несие беру үшін арнайы ссуда шотын пайдалануда банк ссудасын уақытылы өтеуге арналған, әрі қарыз алушылардың өзіндік қаражатын ұдайы өндіріс процесіне толық қатыстырылуы ұйғаратын осы шоттың несиесіне тауарларды өткізуден түскі барлық түсімдерді бағыттап отыруды қажет етеді. Несие осылайша, арнайы ссуда шоты бойынша тұрақты түрде беріледі әрі өтелетін болады. Есеп айырысу шоты бұл арада косалқы шоттың рөлінде болады, өйткені, ол бойынша ең алдымен пайданы бөлумен және еңбекақы төлеумен байланысты операциялардың шектеулі тобы ғана орындалады. Бұл үшін клиент арнайы шотынан есеп айырысу шотына кезең сайын оның түсіміндегі материалдық емес шығындардың және пайданы жоспарлы үлесі аударылып отырады.

Кәсіпорынға бір ғана арнайы ссуда шоты ашылуы мүмкін алайда, бұл, егер банк қандай да бір тауарды, шығынды неме оларға қатысты шараны жеке несиелегісі келсе, жай ссуда шоты ашудың да мүмкіндігін жоққа шығармайды.

Жай ссуда шоты банк іс-тәжірибесінде көбінесе бір жолы ссуданы беруде пайдаланылады. Ол бойынша берешектер мерзімді міндеттеме-тапсырма негізінде қарыз алушымен келісілген мерзімде өтеледі.

Егер бір мезгілде бірнеше объектіні несиелегісі келсе, кәсіпорынға бірден бірнеше жай ссуда шоты ашылуы мүмкін, осыған орай ссуда әр түрлі мерзімге, әр түрлі шартпен, әрі процентпен беріледі. Ссуда есебін бұлайша оқшауландыру оларды қарыз алушының уақтылы өтеуіне банктердің бақылау жүргізуі үшін маңызды болады.

Халықаралық тәжірибеде кәсіпорынның даму жоспары бизнес-жоспар ретінде көрсетіледі, ол негізінен кәсіпорынның даму жоспарының құрылымдастырылған сипаты болып табылады. Егер жоба инвестицияны тартумен байланысты болса, онда ол «инвестициялық жоба» деп аталады. Әдетте кәсіпорынның кез келген жобасы, қалай болса да, инвестицияның тартуымен байланысты болады. Жалпы түсінігі бойынша жоба - бұл белгілі бір мақсатқа жетелейтін кәсіпорынның іскерлігін өзгерту жайлы арнайы ұсыныс.

Кредитті және лизингті берушілерді таңдау барысында бизнесті қаржыландыруға, жобалық жоспарлау шеңберінде іске асырылған үлкен инвестициялық жобалары бар сенімді және сарапталынған банктер мен компанияларға берген жөн. Көбіне, аталмыш компаниялар құрал-жабдықтарды сату және жеткізу барысында ыңғайлы жұмыс кестесін ұсынады, бұл кезде клиенттің барлық қалаулары және мүмкіндіктері құпталады, ол дегеніміз кредитті төлеудегі шегерімдер немесе пайыздық қойылымдарды қайта қарастыру. Кредит берушілерді таңдау барысында, олардың қызметтерінің басыңқы бағыты жобалық қаржыландыру болып табылатын банктерді таңдаған жөн.


3. Инвестициялық жоба түрлері

Инвестициялық жоба – инвестицияға негізделген экономикалық немесе әлеуметтік жоба; стандарттарға сай жасалынған жобалау-қаржыландыру құжаттары бар белгілі бір жобаға тікелей инвестициялардың жүзеге асу мерзімі мен көлемі.

Инвестициялық жобалар келесі түрлерге бөлінеді:


  • өндірістік;

  • ғылыми-техникалық;

  • коммерциялық;

  • қаржылық;

  • экономикалық;

  • әлеуметтік-экономикалық.

Коммерциялық тәжірибеде инвестицияның келесі түрлерін ажыратады:

  1. қаржы активтеріне инвестициялар (нақты немесе капитал құрастырушы, өндірістік инвестициялар) - өндірістік ғимараттар мен құрылыстарға, қызмет ету мерзімі бір жылдан асатын көлік құралдары мен жабдықтарға инвестициялар;

  2. ақша активтеріне инвестициялар (портфельдік инвестиция) –басқа заңды және жеке тұлғалардан алуға құқығы бар ақша соммалары;

  3. материалдық емес активтерге инвестициялар –экономикалық құндылыққа ие, бірақ материалдық қамтамасыз етуге байланысты емес шығыстар.

Жалпы түсінік бойынша инвестициялық жоба деп әрі қарай пайда табу мақсатында капиталды жұмылдыру жоспары немесе бағдарламасы. Күрделірек айтқанда инвестициялық жоба түсінігі екі мағынада қолданылады:

  • өзінің жүзеге асрылуына инвестициялық ресурстарды талап ететін және белгілі бір мақсатқа қол жеткізуді қамтамасыз ететін қандай да бір іс-әрекеттер кешенінің жүзеге асырылуын анықтайтын қызмет;

  • қаржыландырумен байланысты іс-әрекеттерді жүзеге асырудың ұйымдастырушылық-құқықтық және есепті-қаржылық құжаттардың жүйесі.

Инвестициялық жобалардың мазмұны мен нысаны әртүрлі болуы мүмкін –жаңа кәсіпорын салу жоспары мен жылжымайтын мүлікті сатып алуды бағалауға дейін. Бірақ барлық жағдайда қандай да бір кешеуілдеу орын алады –қаржыландыруды бастау мезеті мен жобаның табыс әкелуінің басталу мезеті арасындағы кідіру. Жоба әлеуметтік-экономикалық жүйенің бір түрі ретінде жүйеге қатысты барлық ерекшеліктерді иемденген, бірақ басқа жүйелерден ерекше айырықша қасиеттері бар.

Жобаны ашық жүйелер жіктеліміне жатқызады, өйткені:



  • ол ақпаратпен алмасуға ашық және мұндай алмасу оны өміршеңді етеді;

  • кіру өшемдері қате формада берілуі мүмкін және жобамен оларды қабылдау нұсқалары жүйе ретінде болуы мүмкін;

  • жоба ішінде болып жатқан құбылыстар жүйе ретінде бір рет берілген тапсырма болып табылмайды, олардың бағыттары мен интенсивтілігі жобалық мақсаттарға қол жеткізу дәрежесі бойынша өзгеруі мүмкін.

Жобаларды әдет бойынша тактикалық және стратегиялық деп ажыратады. Соңғысының қатарына меншік түрінің өзгерісін (арендалық кәсіпорынды, акционерлік қоғамды, жеке кәсіпорынды, біріккен кәсіпорындарды және т.с.с. құру) немесе өндіріс сипатының түбегейлі (жаңа өнім өндірісі, толық автоматтандырылған өндіріске көшу т.с.с.) өзгерісін қарастыратын жобаларды жатқызады. Тактикалық жобалар, әдетте, шығарылатын өнім көлемінің өзгеруімен, өнім сапасын жоғарылаумен және қондырғыларды жаңартуымен байланысты болады.

Отандық тәжірибеде жоба түсінігі жаңа түсінік емес. Бұрынғы уақытта оның айырмашылығы кәсіпорынның дамуының негізгі бағыттарын заң бойынша осы кәсіпорыннан жоғары деңгейде тұрған экономикалық саланың анықтайтыны болып табылатын. Жаңа экономикалық жағдайларда кәсіпорын, яғни оның иелері және жоғары басқару құрамы өз келешектерін, барлық стратегиялық және тактикалық мәселелерін өз бетінше шешеді. Мұндай іскерлік инвестициялық; жобалау тұрғысынан ерекше ұйымдастырылуы тиіс.

Сонымен, инвестициялық жобаны пайда табу арқылы әлеуметтік тиімділікке жеткізетін процесс үрдісінде қарастыру керек. Инвестициялық іс-әрекетті, оның тиімділігінше экономикалық факторға кем әсер етпейтін әлеуметтік факторларды ескермей жасау мүмкін емес.

Жобалық талдау тәжірибесі жобаларды әзірлеу тәжірибесін жалпылауға және типтік жобаларды атап айтуға мүмкіндік береді. Шетелдік тәжірибеде кездесетін инвестициялық жобалардың негізгі түрлері төменде келтірілген.



  1. Тұрақты масштабтағы бизнестің табиғи жалғасуы ретінде ескірген қондырғыларды ауыстыру. Әдетте осыған ұқсас жобалар ұзақ және күрделі дәлелдемелерді, шешім қабылдауды талап етпейді. Ұқсас қондырғылардың бірнеше түрі бар болса және олардың ішінен біреуінің басымдылығын дәлелдеу керек болса, көп баламалылық пайда болуы мүмкін.

  2. Ағымдағы өндірістік шығындарды азайту мақсатында қондырғыларды ауыстыру. Осындай жобалардың мақсаты - жұмыс істеп жатқан қондырғының орнына неғұрлым жетілгенін қолдану, бірақ онысы моральдық тозған қондырғыға қарағанда салыстырмалы түрде тиімділігі азырақ болады. Жобалардың осы түрі әрбір жекелеген жобаны бөлшектеп қажет етеді, өйткені техникалық мағынада неғұрлым жетілдірілген қондырғы қаржылық жағынан неғұрлым тиімді бола бермейді.

  3. Өнім шығаруды арттыру және қызмет көрсету нарығын кеңейту. Жобалардың бұл түрі әдетте кәсіпорын басқармасының жоғарғы деңгейі қабылдайтын жауапты шешімді талап етеді.

Жобалық қаржыландыру – бұл құрал-жабдықтарды сатып алумен байланысты, қымбат тұратын және күрделі инвестициялық жобаларды, қаржы лизингі арқылы шағын және орта бизнесті кредиттеу.

Бұл құрал-жабдықтардың қызмет бағытын кеңейту немесе жаңа өнеркәсіпті ашу, қолданыстағы бизнесті кеңейту, шығарылатын өнімді ұлғайту, жаңа өндіріс орнын ашу және т.б мақсаттар үшін алынады.

Жобалық қаржыландыру шеңберінде инвестициялық жобаларды іске асырудан түскен табыстар, лизинг бойынша пайыздарды төлеуге жұмсалады. Пайыздық қойылым, әр бір клиент үшін жеке дара қалыптастырылып, жобаның әр бір кезеңінде өзгеріп отырады. Кепілдемелік салым банктермен, компаниялармен, сонымен қатар, бірнеше көзден құрылуы мүмкін.

Жобалық қаржыландыру лизингтің жоғары бағалануын және ұзақ инвестициялық кезеңнің болуын қарастырады, осы мерзім ішінде өндіріс, жеткізу және монтаж, құрал-жаюдықтарды пайдалануға енгізу жүзеге асырылады. Жобалық қаржыландыру жаңа бизнес түрін ашуға, сонымен қатар, қолданыстағы бизнесті дамытуға өз септігін тигізеді. Құрал-жабдықтарды жеткізушілер және өндірушілер шетелдік әріптестер болуы мүмкін, бұл жағдайда импорттық сыртқы сауда келісім-шарты қажет болады.

Жобалық қаржыландыру бизнес үшін стандартты кредит өнімдерінің түрлі жолдары мен амалдарын немесе шағын бизнесті кредиттеудің басқа да нысандары мен түрлерін пайдалана алады, мысалы:


  • кредиттік тізбек (инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін);

  • коммерциялық кредит (айналым ақшаларды толықтыру үшін және бастапқы айналым жарғысын қалыптастыру үшін);

  • қаржы лизингі (құрал-жабдықтарды ұзақ мерзімді жалға беру, кейіннен сатып алумен қоса;

  • кредиттеуді синдикаттау (банк-агентін тартумен байланысты) және т.б;

Жобалық қаржыландыру қызметін кез-келген банк көрсете бермейді, себебі келісу үдерісі күрделі және өтінішті қарастыру барысы да ұзақ мерзіммен белгілі. Нәтижесінде, банктің құжаттарды қарастыру барысында жарты жыл өтіп, бас тарту шешімін алуы мүмкін, оның салдары жобаны орындау мүмкін болмайды деген сөз.

Жобалық қаржыландыру шеңберінде келісімдерді рәсімдеу және іске асыру тәуекелдерді барынша болдырмау үшін қарыз алушының қаржылық жағдайын талдауда ерекше қатынасқа ие. Инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қосымша қатысушылар, қосымша кепілдік, бухгалтерлік және салықтық есептердің кеңейтілген құжаттамалары қажет болуы мүмкін.

Клиент жоғарыда баяндалғандардан басқа жаңа бизнесті құру жөнінде жетілдірілген және тиімді бизнес-жоспарды (қоданыстағы бизнесті ұлғайту жөнінде) сонымен қатар, жобаның қаржылық негіздерін көрсететін техникалы-экономикалық негіздемені ұсынуы қажет. Көрсетілген жоспарлар барынша дәйектелген болуы қажет, сол кезде ғана барлық тәуекелдерді бағалап шығуға болады.

Жобалық қаржыландырудың негізгі басымдықтары:



  • қолданыстағы бизнесті кеңейту немесе жаңа бизнесті ашу мүмкіндігі;

  • қолданыстағы бизнес жоқ болған жағдайда құрал-жабдықтарды алу мүмкіндігі;

  • ұзақ лизингтің мерзімі (3 жылджан 7 жылға дейін) шағын бизнесті кредиттеудің басқа түрлерімен салыстырғанда;

  • лизинг бойынша пайыздарды төлеудің негізгі төлемдері инвестициялық жобадан келген табыстар болып табылады;

  • лизингті алушының ең кіші бастапқы салымы жөніндегі жолдарды қарастыруға болады.

Осылайша, сәтті инвестициялық жобаның маңызды ережелері жобалық қаржыландыруға қатысушылардың нақты өзара іс әрекеттері болып табылады.

Каталог: files -> book
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
book -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді
book -> Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет