Абжанова А. К. Ұзақ мерзімді банктік инвестициялар



бет4/7
Дата15.09.2017
өлшемі1,48 Mb.
#33830
1   2   3   4   5   6   7

Бақылау сұрақтары:

  1. Жобалық несиелеу түсінігі және оның артықшылықтары.

  2. Несиенің жіктелу белгілері қандай?

  3. Несие ақысы бойынша пайыздық мөлшерлеме қалай анықталады?

  4. Жобалық несиелеудің басымдығы неде?

  5. Жобалық қаржыландыру дегенді қалай түсінесіз?

  6. Жобалық қаржыландырудың негізгі түрлерін сипаттаңыз.


Студенттердің өз білімін тексеруге арналған тесттік тапсырамалар

1. Инвестициялық ресурстар меншік формасы бойынша нешеге бөлінеді?

А) 2

В) 4


С) 5

D) 7


Е) 10

2. Инвестиция аймақтық топтасуы бойынша қалай ажыратылады?

А) кассалық және портфельдік инвестиция

В) ұлттық инвестиция

С) ұлттық және жергілікті инвестиция

D) ұлттық және валюталық инвестиция

Е) валюталқ және жергілікті инвестиция

3. Қандай инвестиция еліміздің ішкі ортасында инвестициялау объектілеріне жұмсау қаражатын көрсетеді?

А) портфельдік инвестиция

В) валюталқ инвестиция

С) несиелік инвестиция

D) жергілікті инвестиция

Е) ұлттық инвестиция

4. Валюталық инвестицияны басқаша қалай айтуға болады?

А) ұлттық инвестиция

В) мемлекеттік инвестиция

С) шетелдік инвестиция

D) жергілікті инвестиция

Е) елдік инвестиция

5. Жеке инвестиция нені білдіреді?

А) инвесторлардың қаражаты қабылдауын көрсетеді

В) инвесторлардың қаражаты жеке жұмсалуын көрсетеді

С) ұлттық инвестицияның жұмсалуын көрсетеді

D) валюталық инвестицияның жұмсалуын көрсетеді

Е) қаражатты жұмсалуын көрсетеді

6. Инвестициялық ресурстар меншік формасы бойынша қандай түрлерге бөлінеді?

А) жеке инвестиция

В) мемлекеттік инвестиция

С) шетелдік инвестиция

D) аралас инвестиция

Е) барлығы дұрыс

7. Қандай инвестиция түрі шетел азаматтарының, фирма және ұйымдардың қаражатын көрсетеді?

А) ұлттық инвестиция

В) мемлекеттік инвестиция

С) шетелдік инвестиция

D) валюталық инвестиция

Е) портфельдік инвестиция

8. Қандай инвестиция түрі инвестор қаражатының жеке жұмсалуын көрсетеді?

А) валюталық инвестиция

В) қаржылық инвестиция

С) шетелдік инвестиция

D) жеке инвестиция

Е) аралас инвестиция

9. Аралас инвестиция - бұл:

А) отандық және шетелдік субъектілермен жүзеге асырылатын инвестиция

В) қаржылық және шетелдік субъектілермен жүзеге асырылатын инвестиция

С) валюталық және шетелдік субъектілермен жүзеге асырылатын инвестиция

D) отандық және портфельдік субъектілермен жүзеге асырылатын инвестиция

Е) отандық және жеке субъектілермен жүзеге асырылатын инвестиция

10. Қандай инвестициялық қызметтің жоғарғы тобын құрайды?

А) институционалдық инвестиция

В) мемлекеттік инвестиция

С) пайыздық инвестиция

D) аймақтық инвестиция

Е) жергілікті инвестиция
Өз бетімен шешуге берілген есептер


  1. Постнумерандо аннуитетінің нұсқасы бойынша ақша құралдарын жинақтаудың екі варианты талданады: а) егер банк 18%күрделі жылдық пайыздарды әр жарты жыл сайын қосатын болса, онда депозитке әр жарты жыл сайын 30 мың тг салынады; ә) егер әр жыл сайын 19%күрделі жылдық пайыздарды қосатын болса, депозитке жыл сайын 63 мың тг көлемінде салым салынады. Әр варианттың іске асқанынан шотта 10 жылдан кейін қандай сома болады? Қандай вариант неғұрлым тиімді? Егер екінші пайыздық қойылым 18,5%-ға төмендетілсе, сіздің шешіміңіз өзгере ме?

  2. 8 жыл бойы әр жарты жылдың басында банкке салынатын 15 мың теңгеге жылына 20 күрделі пайыз тоқсан сайын қосылады. Мерзімнің аяғында шотта қандай сома болады?

  3. Кәсіпкер бір жобаны инвестицияландырудың нәтижесінде 4 жыл бойы әр жарты жылдың аяғында 12 мың тг алып отырады. Егер ақшаны банкке 24%күрделі жылдық пайыз қойылымымен а) жыл сайын; ә) жарты жыл сайын; б) тоқсан сайын салуға болса, кәсіпкердің 4 жылдан кейін мүмкін болатын сомасын анықтаңыздар.

  4. Сіздің екі жобаның біреуіне бірдей соманы инвестицияландыру мүмкіндігіңіз бар. Бірінші жоба жыл сайын 15 мың тг төлейтін мерзімсіз постнумерандо рентасын алуға мүмкіндік береді. Екінші жоба екінші жылдың ішінде сәйкесінше 30 және 80 мың тг алып келеді. Осы жобалардың ішінен қандай жоба тиімдірек, егер пайыздық қойылым жылына 24 %?Жауабы кері қарай өзгеру үшін пайыздық қойылымды ауыстыруға бола ма?

  5. Есеп шотқа 20 жыл бойы әр жылдың соңында 10 мың тг келіп түседі. Әр жылдық дисконттау 10% күрделі қойылымы бойынша жүргізіледі. Рентаның қазіргі уақыттағы құнын анықтаңыздар?



Тақырып 4 Инвестиция процестің мемлекеттік ретке келтіруін дамытудағы банктік институттардың қатысу формасы.
Мақсаты: Банктік жүйені ретке келтірудегі негізгі инвестициялық бағыттарын, банктік институттардың қатысу формаларын айқындау, инвестициялық тәуекел түрлерін қарастыру.

Жоспар:

  1. Экономиканы мемлекеттік реттеудегі негізгі инвестициялық бағыттар

  2. Банктік институттардың қатысу формалары.

  3. Инвестициялық тәуекел түрлері және маңызы.

1. Экономиканы мемлекеттік реттеудегі негізгі инвестициялық бағыттар

Республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуын басқарудың түпкілікті жаңа жүйесіне көшу мемлекеттік реттеудегі инвестициялық бағыттардың басты мәселелерін анықтауға себепші болады. Олардың бірі болып инвестициялық қамсыздандыру мәселесі табылады. Көшудің алғашқы кезеңінде заң шығаратын негіздер мен ұйымдық құрлымдарды құру, сондай-ақ, республиканың қаржылық ресурстарын пайдалану мен шетел инвестицияларын тарту жөніндегі өзіндік саясатты құру қажет болды.

Қазақстандағы мемлекеттік инвестициялар жүйесін оңтайландыру мақсатымен инвестицияларды басқарудың заң шығаратын негізі мен органдары құрылды. Осы мәселе бойынша шаралардың біртұтас кешені қабылдануда. Соның ішінде, “Шетел инвестициялары туралы” Заң (1991ж.); “Инвестициялық жекешелендіру қорлары жөніндегі Ереже” (1993ж.); ”Қазақстан Республикасының шетел инвестициялары бойынша ұлттық агенттігін құру туралы ”ҚР Президентінің Жарлығы (маусым 1992ж.); “Инвестициялар бойынша ҚР Мемлекеттік комитетін құру жөніндегі” ҚР Президентінің Жарлығы (қараша 1996ж.); “Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы” ҚР-ның Заңы (наурыз 1997ж.) және жекеленген жылдарға арналған инвестициялық бағдарламалар қабылданды.

Бұл құжаттар елдегі инвестициялық процесті басқарудың негізін қалады; жұмыс орындарын құру, инфрақұрылымды дамыту, елдің өнеркәсіптік және техникалық потенциалын дамытудың өсу қарқыны мен әртараптандыру саласында мемлекеттік инвестициялық саясатты жүзеге асыру мен көптеген экономикалық мәселелерді шешудегі органдардың дұрыс жүйесін, олардың функциялары мен міндеттерін анықтады.

2000 жылға дейінгі кезеңнің индикативті жоспарының жорамалы бойынша отандық пен шетел инвесторларының жеке капиталын салудың басым бағыттарына төмендегілерді жатқызу мақсатқа сай болады: жеңіл өнеркәсіптің, агроөнеркәсіптік кешеннің өңдеуші салаларының, машина жасаудың, құрылыс материалдары өнеркәсібі мен мұнай, химия өнеркәсібінің жаңа кәсіпорындарын салу мен реформалар жүргізу.

Орталықтандырылған капитал салымдары есебінен әлеуметтік сала объектілерінің құрылысын мақсатты республикалық бағдарламалар шеңберінде жүзеге асыру қарастырылады.

Мемлекеттік инвестицияларды басқару 4 жеке кезеңде жүзеге асырылуы қажет:

1. Жоспарлау;

2. Бағдарламалау;

3. Бюджетті дайындау;

4. Орындау.

Жоспарлау кезеңінде әлеуметтік – экономикалық дамудың орта мерзімді бағдарламасы мен оны макроэкономикалық деңгейде, сондай-ақ ,әрбір секторға қатысты алғанда да жүзеге асырудың стратегиясын құру мәселесі шешіледі. Бұл кезеңде инвестицияларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстарды тандау мен алдын ала бағалауға басты назар аударылады. Бұл үшін салалық министрліктер жобаларды қаржылық- экономикалық бағалаудың жалпы қабылданған әдістемесі негізінде ұсынылатын жобалардың сипаттамасы мен бағалануы болуы қажет, жуықтағы бірнеше жылға арналған инвестициялар бойынша ұсыныстарды дайындауы керек.
Бағдарламалау кезеңіндегі басты мақсат- жоспарда бекітілген мақсаттарды қызметтің мемлекеттік бағдарламаларына өзгерту. Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасына (МИБ) инвестициялар бойынша ұсыныстарды ұзарту бюджеттік процеске арналатын таңданудың сол бәсекелестік қағидаларына негізделуі қажет.

Қаражат бөлу жөніндегі шешімдер мынандай факторларды ескеруі қажет:



  • бюджет орындалатын, макроэкономикалық жағдай;

  • инвестициялар бойынша ұсыныстардың нақты аспектілері, соның ішінде экономикалық аспектілер.

Егер инвестициялық жобаларды (кеңес беру мен сатып алуда талдау) жүзеге асыру бюджеттік мекемелерінің міндеті болып табылса, инвестициялық жобаларды қауіпке жиі қойса, әсіресе қаражатты артық жұмсауда, мәселелерден аулақ болу үшін сақтықтың қосымша шараларын қабылдау қажет.

Қазақстанға ең алдымен, мемлекеттік инвестицияларды тиісті институционалдық жүйесін құру мен жоғарыда аталған функциялардың (жоспарлау, бағдарламалау, бюджетті дайындау және оны орындау) ұйымдық пен тиімді орындалуын қамтамасыз ету қажет.

Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау.

Қазақстанда “Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы” Заң (28 ақпан 1997 ж.)қабылданған. Онда инвестицияның қызметі- инвестицияларды жүзеге асыру процесімен байланысты кәсіпкерлік қызмет деп көрсетілген.

Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау ең алдымен келесілерден тұрады:


  • инвестициялық қызметті қамтамасыз етудің заң шығарушы кепілдері;

  • жеңілдіктер мен артықшылықтар жүйесін белгілеу (мемлекетті сол немесе басқа кәсіпорындар мен ұйымдарға олардың қызметіне қолайлы жағдайлар жасау мақсатымен жеңілдіктер мен артықшылықтар беруі);

  • Қазақстан Республикасының мүддесін инвесторлар алдында көрсетуге өкілетті, бірыңғай мемлекеттік органның болуы.

Заңда тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың мақсаттары мен міндеттері белгіленген.

Бұл қолдаудың мақсаты- экономиканың басым секторларында тауар өндірісін, жұмыс пен қызмет көрсетудің жедел дамуын қамтамасыз ету үшін қолайлы инвестициялық климат жасау болып табылады.

Мемлекеттік тікелей қолдаудың ортақ мақсатына жету үшін міндеттердің бірқатарын шешу қажет:


  • жаңа технологияларды, алдыңғы қатарлы техника мен ноу- хау енгізу;

  • жоғары сапалы тауарлар мен қызмет көрсетуге ішкі нарықтың қанығуы;

  • отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау мен ынталандыру;

  • экспортқа бейімделген және импортты алмастырушы өндірістерді жетілдіру;

  • ҚР-ның шикізат базасын ұтымды және кешенді пайдалану;

  • менеджмент пен маркетигтің қазіргі әдістерін енгізу;

  • жаңа жұмыс орындарын құру;

  • жергілікті кадрларды үздіксіз оқытудың, олардың мамандық деңгейін жоғарлатудың жүйесін енгізу;

  • өндірісті күшейтуді қамтамасыз ету;

  • қоршаған табиғи ортаны жақсарту;

Басқару процесі үшін инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды ынталандырудың шаралар жүйесі басты мәнге ие. Соның ішінде, жеңілдіктер жүйесі: бекітілген инвесторлардың мүддесін қорғау бойынша ҚР- ның берген кепілдері, сондай-ақ, келісім шартқа отыру мен оны бұзудың шарттары мен тәртібі қарастырылған.

Тікелей инвестицияларды қолдауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган, инвестициялар бойынша Мемлекеттік Комитет болып табылады. Ол ҚР- на тікелей инвестицияларды тарту жұмыстарын ұйымдастыру ; инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру; барлық келістіруші және рұқсат құжаттарын алуды қамтамасыз ету; инвестициялық жобалардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру сияқты функцияларды атқарады.


2. Банктік институттардың қатысу формалары

Инвесторларды жұмсаған қорларына байланысты екіге бөлінеді. Жеке инвесторлар меншіктік қаржы қорларын инвестициялайтын жеке және заңды тұлғалар болып табылады. Ал, институционалды инвесторлар тек қана тартылған қорларды инвестициялайтын қаржылық мекемелер деп танимыз. Институционалды инвесторлар ретінде отандық бағалы қағаздар нарығында келесідей институттарды жатқызамыз:



  • Коммерциялық банктер;

  • Жинақтаушы зейнетақы қорлары;

  • Сақтандыру компаниялары;

  • Пайлық инвестициялық қорлар.

Қарастырылған институттардың ішінен пайлық инвестициялық қорлардың қызметі басқа мекемелерге қарағанда қалыптасуы кеш еді. Олардың себептеріне мемлекет тарапынан аталған институттарға қатаң талап қоюы, 90 – жылдардағы көптеген қорлардың ашылып бір мезгілде жабылуы, халықтың осы институт қызметі туралы бейхабар болуы және тағы басқа факторлар әсер етті.

Осыған қарамастан, аталған институттардың соңғы жылдары қарқынды дамуы бағалы қағаздар нарығындағы қосымша қаржы қорларының ұсынысы мен бағалы қағаздарға сұраныстың шоғырландыруына септігін тигізеді.

Пайлық инвестициялық қор – бұл қаржыны шоғырландыра отырып, әр түрлі активтерге инвестициялайтын институт. Қаржыны шоғырландыру қордың пайы арқылы жүргізіледі. Пай – бұл меншік иеленушінің инвестициялық қорға белгілі бір қаржы жұмсағанын және келсімшартқа сәйкес сыйақыны алуын куәландыратын эмиссиялық, құжатсыз, атаулы бағалы қағаз. Пайды жеке де, заңды тұлға да сатып алуына болады.

Пайлық инвестициялық қорлар Батыста 1920 жылы пайда болды. Бірақ, инвесторлар аталған мекемеге тек 70-80 жылдарда көңіл бөле бастады. Себебі, банктер ұсынған депозиттік мөлшерлеме сол кездері инфляция қарқынынан да ұсынған мекемеге деген қызығушылық көптеген мемлекеттерде көрініс тапты.

Пайлық қорлар кастодиан – банкпен басқарушы компаниямен, тіркеушімен өзара байланысы бар. Кастодиан – шартқа сәйкес пай арқылы жинақталған қаражаттарды сақтайтын және сәйкесінше объектілерді есепке алатын, өкілетті органнан лицензиясы бар коммерциялық банк. Басқарушы компания осы пайдан жинақталған қаражаттарды нарық объектілеріне инвестициялайтын, өкілетті органнан лицензияны алған кәсіби қатысушы. Ал, тіркеуші пай ұстаушылардың тізімін жүргізетін кәсіби қатысушы. Яғни, пайлық қордың қызмет аясы қаржы нарығының кәсіби қатысушылырдың жан – жақты қамтиды.

Пайлық инвестициялық қор – ұжымдық одақ. Акционерлік инвестициялық қормен салыстырғанда, ұйымдастырушылық – құқықтық мәртебесі жоқ.

Пайлық инвестициялық қордың 3 түрі бар: ашық, интервалдық және жабық пайлық инвестициялық қорлар. Бұл түрлері басқарушы компания пайды инвестордан қайта сатып алу мүмкіндігіне байланысты. Егер инвесторға қордың қызметі, пай құны ұнамаса, онда пайды қайта сатуға болады. Ашық пайлық инвестициялық қорлар 2 аптада 1 рет, интервалдық кем дегенде жылына 1 рет қайта сатып алуға міндеті бар. Ал, жабық қорлар пай ұстаушылар алдында мұндай міндеті жоқ.

Сондай – ақ, олардың келесі айырмашылығы – бұл пайдың құнын есептеу мерзіміне қатысты. Ашық қорларды пай құны әр күні, интервалдық - әр ай сайын жүргізіледі. Жабық қорлар алдыңғы белгіге ұқсас – міндеті жоқ. Сондықтан да, көп жағдайларда жабық пайлықинвестициялық қорлар тәуекелдік инвестициялау қорлары болуы мүмкін.

ҚР қаржылық қадағалау агенттігінің 2007 жылдың 1 қаңтарына берген мәліметтері бойынша мемлекетте 86 пайлық қорлар қызмет етеді. 2006 жылы олардың саны 42 болды, яғни алдыңғы жылға қарағанда 2 есе өсті. Олардың қызмет ету мерзімі 5 жылдан шектеусіз уақытқа бекітілген.

Мерзімі шектелген 7 пайлық қор, яғни 8 % үлесін алады, қалған 92 % мерзімсіз қорларға тиесілі.

Пайлық қорлар біздің мемлекетімізде жаңадан құрылған инсититуттар. Олардың қызметін мемлекет тарапынан қадағалау мен реттеу жүргізу қажеттілігі жоғары. өкілетті орган ретінде – ҚР Қаржылық қадағалау агенттігі болып бекітілген. Агенттік пайлық инвестициялық қорлар қызметін келесідей шаралар жүргізеді:


  1. қордың, басқарушы компанияның, кастодиан – банктің тіркеушінің қызмет етулері бойынша ережелерді бекітеді. Ережелерде осы ұйымдардың пай қаражаттарын заңсыз қолдануына жол бермейді, инвесторлардың қаражаттарын аса тәуекелді объектілерге инвестициялауға рұқсат бермейді. Сонымен қатар, басқарушы компания пай активтернің құны, құрамы туралы бұқаралық ақпарат құралдарына және пай ұстаушыларына мәлімдеуі бойынша қадағалау жүргізеді;

  2. басқарушы компанияға және басқа да өзара байланысы бар ұйымдарға сәйкесінше қызметпен айналысуға лицензия береді. Лицензияны алу жағдайында заңды тұлға өкілетті орган бекіткен техникалық, қаржылық және кәсіби талаптарға сай келуі тиіс. Осы талаптардың орындалуы мен сақталуына Агенттік қатаң шаралар жүргізеді;

  3. қордың пайын шығаруда мемлекеттік тіркеу жүргізіледі. Агенттік пайлық қорларға ұлттық идентификациялық нөмір береді, сондай – ақ эмиссиялық бағалы қағаздардың Мемлекеттік тізіміне енгізеді. Аталған процедураны жүргізу барысында пайлық қордың Ережесі, ұйымның ішкі құжаттары қарастырылады;

  4. қадағалау мен бақылау жүргізу. Мұнда өкілетті орган брокер, тіркеуші, басқарушы компания, кастодиан қызметтерін бақылайды, заңмен бекіткен мерзім бойы есеп беруін талап етеді.

Пайлық қорлар бір эмитенттің бағалы қағаздарына таза активтің белгілі шегінен аспауы керек. Атап айтқанда:

    • ашық және интервалдық пайлық инвестициялық қорларға таза активтің 15%-дан жоғары емес;

    • жабық қорлар – 20% -дан жоғары емес;

    • тәуекелдік инвестициялау жабық қорлары 30%-дан жоғары емес инвестициялау нормасын қадағалауы тиіс.

Көптеген мемлекеттерде пайлық инвестициялық қорлар сияқты мемкемелердің қалыптасуы мен дамуы мемлекетке де, халыққа да, басқа да қаржылық мекемелерге әсер етті. Бір жыл ішінде пайлық қорлардың 2 есе өсуі, осы институттарға деген сенімі, сондай – ақ басқа қаржылық құралдарға қарағанда тиімді балама құрал ретінде танылғанын куәландырады.
3. Инвестициялық тәуекел түрлері және маңызы.

Инвестициялық тәуекел – бұл инвестициялық шығыны қаупі, салымдардың құнсыздануы. Тәуекел – бұл экономикалық категория. Экономикалық категория ретінде болуы және болмауы жағдайларын көрсетеді. Егер осы жағдай пайда болса, онда үш экономикалық нәтиже: теріс (жеңілу, залал, зиян); нөльдік; оң (ұтыс, пайда, табыс). Тәуекелден құтылуға болады, бірақ кәсіпкери тәуекелден құтылмайды, өйткені бұл пайданың жоғалуын білдіреді. Көптеген экономикалық процестердің дамуы және функцияналдануына белгісіздік белгілері жатады. Тәуекелдің ситуациясын – белгісіздік мәнінен айыру керек. Тәуекелдің мәнін белгісіздік әртүрлілігі сияқты сипаттауға болады, егер жағдайдың мүмкіндігі анықталады. Яғни жағдайдың ықтималдығын бағалауға объективті мүмкіндігі бар, шаруашылық қызметтің нәтижесінде іске асырылады.

Инвестициялық тәуекелдің келесі классификациясы:


  • Көрініс саласы бойынша: экономикалық саяси, әлеуметтік, экологиялық және т.б.

  • Инвестицияның формалары бойынша: нақты инвестициялануы, қаржылық инвестициялануы.

  • Пайда болу көздерінің тәуекелдің екі негізгі түрі бойынша: жүйелік(нарықтық) және жүйелі емес (спецификалық)

  • Тәуекелдің келесі бөлек көздерін белгілейді: өндірістік саламен байланысты тәуекел, басқару, уақытша, коммерциялық тәуекел.

Оқиғаның ықтималдығының пайда болуы объективтік және субъективтік әдістерімен анықтауы мүмкін. Оқиға ықтималдылығының пайда болуының есептеу жиілігі негізінде анықталады, яғни бұл объективті әдіс болып табылады. Ал субъективтік әдіс – субъективті критерилер арқылы пайдаланады. Яғни әртүрлі болжамдарға негізделеді. Тәуекелдің сапалық бағалануы келесідей анықталады:

а) алынған нәтиже керек мәнінен төмен болса;

ә) күтілетін залалдық мүмкін туындысы.

Тәуекелді талдаудың әдістерді пайдаланудың келесідей сипатталынады:

Эксперттік талдау: сұрыптап алынған эскперт тобы жобаны және тәуекелдің бөлек процестердің деңгейін бағалайды

Шекті көрсеткіштерін талдау: өткізу шарттарының мүмкін өзгеруіне тұрақты деңгейіеің анықталуы.

Жобаның орнату ағаш шешімдерінің әдісі: жобаның өткізу процесінің қадам бойынша таралуын болжамдайды.

Тәуекелдің мөлшері екі критериімен өлшенеді:



  1. орташа күтілетін мәні;

  2. мүмкін болатын нәтиженің өзгеруі.

Орташа күтілетін мәні – бұл жағдайдың мөлшерінің мәні, белгісіздік ситуациямен байланысты болады. Ол мөлшер жалпы сандық сипаттаманы көрсектеді және капитал салымдарының қандай да бір вариантын шешімін шешуге жол береді.

Инвестициялық табыстың орташа арифметикасы бөлек мәнінің мүмкін болатынымен өлшенеді. Ол математикалық күтілу деп аталады.

n = ∑ri*pi (11)

pi – пайданы алу мүмкіндігі

Дисперсия – бұл статистикада орташа мөлшерінің сандық деңгейімен өлшенеді.

δ² = ∑ (ri - r)²*pi (12)

δ² -дисперсия

ri - әрбір оқиғаның күтілетін мәні

r – орташа күтілетін мән

pi – пайданы алу мүмкіндігі

Тәуекелден құтылу – бұл қаржылық тәуекелдерді нейтрализациялауға бағытиталады.

Лимидтеу – бұл қаржылық қызметте саясатты дайындау процесінде әртүрлі аспектілерді жүзеге асыру. Ішкі қаржылық нормативтерді кәсіпорында бекітіледі.

Хеджирлеу – ішкі және сыртқы қаржылық шығындар тәуекелдің төмендетуін әртүрлі механизмдерді пайдалану процесін сипаттайды.

Диверсификация – тәуекелдің жүйелі емес түрлерінің қаржыларын нейтрализациялауға қолданылады.

Кәсіпорынның қаржылық тәуекелдер диверсификациясының негізгі пішіні түрінде келесі бағыттар қолданылуы мүмкін:


  • қаржылық қызмет түрлерінің диверсификациясы

  • депозиттік қаржының диверсификациясы

  • несиелік қаржының диверсификациясы

  • бағалы қағаздар қаржысының диверсификациясы

  • нақты инвестициялау бағдарламасының диверсификациясы

Тәуекелдерді бөлу. Қаржылық тәекелдерді бейтараптандыру бағыттарының механизмі бөлек қаржылық операциялар бойынша оларды серіктерге негативтік зардаптарды бейтараптандырудың көп мүмкіншілігі және ішкі сақтық қорғаныстың эффективті тәсілдері бар кәсіпорындық қаржылық тәуекелдерінің бөлігі тапсырылады.

Қаржылық тәуекелдерді ішкі бейтараптандыру тәсілдерінің басқасы. Осындай тәсілдердің негізгілеріне мыналар жатады:



  • тәуекел үшін қаржылық операция бойынша контрогенттен сыйақының қосымша деңгейін талап етуді қамтамасыз ету

  • контрагенттерден анықталған кепілдік ету

  • контрагенттермен келісімдерде форс-мажорлық жағдайлар тізімін қысқарту


Бақылау сұрақтары:

  1. Инвестициялық процестің ретке келтірудің негізгі бағыты.

  2. Банктік институттардың негізгі түрлері қандай?

  3. Кастодиан дегеніміз не?

  4. Пайлық инвестициялық қоры дегеніміз не?

  5. Инвестициялық тәуекелдің маңызы.

  6. Тәуекелдің алдын-алу түрлерін сипаттаңыз.


Студенттердің өз білімін тексеруге арналған тесттік тапсырамалар

1. Инвестициялық нарық өзіне құрылыс ұйымын және құрылыс монтаж жұмыс өндірісі бойынша қандай нарықтарды бекітеді?

А) қызмет көрсету нарығын

В) жобалау жұмыс нарығын

С) құрылыс материалдар нарығын

D) құрылыс технология нарығын

Е) жауаптың барлығы дұрыс

2. Негізгі қорлар мен жылжымайтын мүлік нарығында бірінші кезекте капитал құрайтын инвестицияға қаражат жұмсау бойынша инвестициялық қызметінің қандай нарығы болып табылады?

А) түпкі өнім

В) шекті өнім

С) қаржылық өнім

D) инвестиция нарық өнімі

Е) инвестициялық ресурстар өнімі

3. Қандай қорлар инвестициялық қызмет көрсету нарығымен және жылжымайтын мүлік нарығымен тығыз байланысты?

А) жалпы қорлар

В) жанама қорлар

С) негізгі қорлар

D) инвестициялық қорлар

Е) қаржылық қорлар

4. Бағалы қағаздар нарығы бірінші кезекте өзіне қандай процестерді бекітеді?

А) акционерлік кәсіпорынмен ұйымдардың акциясын сату және сатып алу процестерін

В) акционерлік ұйымдардың облигациясын сату және сатып алу процестерін

С) акционерлік кәсіпорынмен ұйымдардың облигацияларын сатып алу процестерін

D) ұйымдардың акциясын сату және сатып алу процестерін

Е) кәсіпорынмен акциясын сату және сатып алу процестерін

5. Жер учаскелерін пайдалану немесе ие болу құқығын сату нарықтары қандай нарықтарға жатады?

А) мүлік нарығы

В) жер нарығы

С) салық нарығы

D) инвестициялық нарық

Е) қызмет көрсету нарығы

6. Инвестициялық институционалдарға жататындар бұл:

А) сақтық компаниялар

В) мемлекеттік емес зейнетақы қоры

С) пайлық мемлкеттік инвестициялық қорлар

D) барлық жауаптар дұрыс

Е) дұрыс жауабы жоқ

7. Инвесторлар, тапсырыс берушілер, жабдықтаушылар, банктік сақтық ұйымдары ненің субъектілері болып табылады

А) инвестициялық компаниялардың

В) инвестициялық қызметтің

С) сақтық қызметтің

D) мемлекеттік қызметтің

Е) шетелдік қызметтің

8. Инвесторлар – бұл ...

А) өз қаражатын акцияларын сатып алуға және кәсіпорынға бағалы қағаздарды сатып алуға жұмсайтын заңды және нақты тұлға

В) кәсіпорынға бағалы қағаздарды сатып алуға жұмсайтын заңды және жеке тұлға

С) өз қаражатына акцияларын сатып алатын заңды және нақты тұлға

D) кәсіпорынның акцияларын сатып алатын заңды және нақты тұлға

Е) кәсіпорынның акцияларын сатып алуға және кәсіпорынға бағалы қағаздарды сатып алуға жұмсалатын заңды және нақты тұлға

9. Инвестициялық қызметімен байланысқан нарықтық және мемлекеттің неше жаңа қызметі бар:

А) 4

В) 1


С) 3

D) 5


Е) 2

10. Өтімділікті талдау қандай негізде өткізіледі?

А) активті және пассивті

В) ашық және жабық

С) ішкі және сыртқы

D) дара және күрделі

Е) ақшалай

Өз бетімен шешуге берілген есептер


  1. Кәсіпорын банкпен 3000000 тенге көлемінде несие алу туралы келісімге келді. Келісім мерзімі- 2004 жылдың 5 қаңтарынан 2004 жылдың 20 наурызына дейін. Жай пайыздық қойылым 15 %-ға тең. Нақты күндер саны бойынша несиені пайдаланғаны үшін есептелген пайыздарды анықтау керек.

  2. Банк 1000000 көлемінде несие бөлді. Шарт бойынша жай жылдық пайыздық қойылым бірінші 0,5 жылда 20%-ға тең және де әрбір келесі 0,5 жылда қойылым алдынғысына қарағанда 3%-ға өседі. Келісімшарттың мерзімі 2 жылға тең. Келісім мерзімінің ішінде барлық өсірілген ақша сомасын анықтау керек.

  3. Қолда бар ақша сомасын 2,5 есеге өсіру үшін қандай мерзімге салу керек, егер жылдық пайыздық қойылым 20% тең болса.

  4. Белгілі уақыттан кейін кәсіпкерге 25 мың тенге ақша сомасы қажет болады, бірақ қазір онда 22мың тг бар. Керекті ақша сомасын жинақтау мақсатында кәсіпкер 22 мың тг банктік депозитке салады. Банктің пайыздық қойылымы жылына 30%-ға тең. Қажетті ақша сомасын жиналу үшін қанша күн керек, егер банк нақты пайыздарды қолдана отырып, жай пайыз есептесе және жылда 365 күн бар деп есептелсе.

  5. Банк төрт ай ішінде 960 мың тг қолданғаны үшін 70 мың тг ақша сомасын төлеу керек. Қарапайым пайыздар бойынша есептелетін жай жылдық пайыздық қойылым түріндегі тартылған қаржының құнын анықтаңыз.



Тақырып 5 Ұзақ мерзімді инвестициялық жобалар.

Мақсаты: Инвестициялық жобалардың құрылымын, жобаны өндеу кезеңдерін, инвестициялық циклды қарастыру.

Жоспар:

  1. Инвестициялық жоба және оның құрылымдары.

  2. Жобаны өндеу кезеңдері.

  3. Инвестициялық цикл оның құрылымы.

1. Инвестициялық жоба және оның құрылымдары.

Инвестициялық жоба – бұл экономикалық пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімге жұмсалатын ақшалай және басқа да ресурстар.

Бұл пайданы есептеп шығару мен бағалау үшін басқарушы есептің пайдаланатын экономикалық есептеулер жүйесінің біршама элементтері қолданады. Демек, инвестициядағы басқарушы есеп алға қойылған мақсттарға қол жеткізу үшін және соның негізінде басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін, бірқатар инвестициялық жобаларды талдауға және оларды бағалауға тура келеді.

Тап осыған байланысты жаңа экономикалық шындыққа сәйкес ұзақ мерзімді инвестициялардың тиімділігін бағалау мен талдау жүйесі ең бір өзекті мәселеге айналып отыр.

Бүгінгі таңда, өмірлік маңызы бар шаруашылық саласында дұрыс және оптималды басқарушылық шешімдерін қабылдауға мүмкіндік беретін, шынайы дәрежеде экономикалық белсенділік деңгейін көтеретін және оны сапалы әдістемелік тәсілмен қамтамасыз ететін есептеулердің қажеттілігі пісіп жетілді. Ұзақ мерзімді инвестицияларды талдау және есептеулерді жүргізудің барлық бағыттары бойынша зерттеулер жүргізудің көкейтестілігі, көптеген қаржылық ұйымдардың да (банктер, сақтандыру компаниялары, инвестициялық және зейнетақы қорлары және т.б.), және бірқатар жекелеген инвесторлардың да, алдында тұрған тауқыметті мәселесі болып тұр. Ал бұдан алынған зерттеулерді одан әрі іске асыру, одан да қиын мәселе болып отыр.

Жақын уақыттан бері ұзақ мерзімді инвестицияларды талдау мен есептеуге, яғни Қазақстанның экономикасына батыс компанияларының қаражаттарын тартуға байланысты, инвестицияның мәнісін ашуға біршама талпыныстар жасалып жатыр.

Осы кезге дейін инвестициялық есеп пен талдау бойынша жүргізілген зерттеулер кешенді сипатта болған жоқ, өйткені ол жөніндегі әдістемелік зерттеулер қажет деңгейінде нығайтылмады. Қазіргі кезде Қазақстанның экономикасына тартылған ұзақ мерзімді инвестицияларды тиімді бағалау, талдау және шаруашылық субъектісінің қаржылық қызметін басқару барысында, әлі де болса есептің кейбір жекелеген әдістері жете зерттелмеген.

Осы күнге дейін негізгі қорларды жаңғыртуда инвестициялардың қажеттілігін бағалау, осы шараларды қаржыландырудың оптималды көздерін таңдау, күрделі қаражаттардың тиімділігін бағалау, тәуекелділіктің сезімталдығын және дағдарыстың әсерін жаңаша принципте дисконттау, «икемді» мөлшерлемені табу және оны талдау мәселелері өз шешімдерін толығымен тапқан жоқ.

Тәжірибеде, инвестициялық талдаудың екі әдісі бар, онда мөлшерлеменің ең төменгі шегін капиталдардың орташа құны бойынша анықтаса, ал екінші әдісінде тәуекелділіктің ең жоғарғы сатысы бойынша есептелінеді.

Жеке кәсіпкерлердің барлық кезеңдерін жақсы өту үшін және де ешқандай шығын жасамай, жеке кәсіпкердің идеяларының жазылуының құжаттары. Бұл құжат жоба болып табылады.

Банктің кредит саясаты туралы меморандумға сәйкес қаржыландыру үшін инвестициялық жобаларды іріктеу кезінде Қазақстанда экономиканың шикізатқа жатпайтын салаларында оның ішінде қазақстандық тауарлардың, жұмыстардың, қызметтер мен капиталдың экспортына ықпал ететінбәсекеге қабілетті өндірістерді және инфрақұрылымды дамытуға және құруға байланысты инвестициялық жобаларға басымдық беріледі.



Даму Банкінің инвестициялық қызметінің негізгі бағыттары мыналарды құруға және дамытуға бағдарланған жобалар болып табылады:

  1. инфрақұрылым объектілерін (энергетикалық, көліктік, телекоммуникациялық, туристік);

  2. инвестициялық жоба шеңберінде шикізатты өндіруді және/немесе сатып алуды, көлікпен тасымалдауды, оны қайта өңдеуді және дайын өнімді сатуды қоса алғандағы өнеркәсіптік өндірістерді;

  3. инвестициялық жоба шеңберінде шикізатты шығаруды және/немесе сатып алуды, көлікпен тасымалдауды, оны қайта өңдеуді және дайын өнімді сатуды қоса алғандағы ауыл шаруашылық өндірістерді;

  4. туристік, экологиялық, медициналық, оқу, спорттық-сауықтыру және қонақ үй қызметтері саласындағы объектілерді (коммерциялық негізде).



Сурет -1 Жобалардың салалық құрылымы
Даму Банкінің шетелдегі инвестициялық қызметінің негізгі бағыттары Қазақстан Республикасы инфрақұрылымының, транзиттік әлеуетінің, қазақстандық тауарлардың, жұмыстардың, қызметтер мен капитал экспортының дамуына ықпал ететін жобалар болып табылады.

Банктің инвестициялық басымдықтарына сәйкес келетін жобалар үшін Банк мынадай қызметтер ұсынады:



  • орта мерзімді (5 жылдан 10 жылға дейін) және ұзақ мерзімді (10 жылдан 20 жылға дейін) кредит беру, оның ішінде:

  • жобаларды бірлесіп қаржыландыру және қайта қаржыландыру;

  • жобаларды жобалық қаржыландыру.

Даму Банкі инвестициялық жоба бойынша беретін қарыздың ең аз сомасы 5 млн. АҚШ долларына баламалы мөлшерде белгіленеді.

Даму Банкіне мыналарды қаржыландыруға тыйым салынады:



  • қару-жарақ өндіруді;

  • алкоголь өнімін өндіруді;

  • есірткілерді, есірткі құралдарын және психотропты заттарды өндіруді;

  • темекі бұйымдарын өндіруді;

  • тұрғын үй құрылысын;

  • мемлекеттік оқу және медицина мекемелерін, қоғамдық-сауықтыру кешендерін салуды;

  • геологиялық барлау жұмыстарын.

2008 жылғы 14 мамырдағы «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес инвестициялық жобалардың банк сараптамасын жүргізу және білімге негізделген тәуелсіз кәсіптік тәжірибені, тәуелсіздікті және объективтілікті қолдану процедураларын жеңілдету мақсатында Банк клиенттермен жұмыс істеудің жаңа қағидаларын енгізеді, Аталған қағидалар қаржыландыруға өтінім берген кезде клиенттерге сыртқы тәуелсіз сарапшылардың мыналар бойынша қорытындысын беруді көздейді:

1) қарызды қайтару бойынша қамсыздандыруды бағалау; 


2) жобаны құқықтық бағалау; 
3) жобаны техникалық бағалау
4) жоба бойынша маркетинг жүргізу.

Сонымен қатар, Банк тәуелсіз сарапшыларға және сыртқы бағалау қорытындысының мазмұнына талаптар белгіледі.



Банк консервативтік саясатты жүргізеді және жобаны, қарыз алушының төлемге қабілеттілігі мен кредит қабілеттілігін банктік сараптау негізінде кредиттік және нарықтық тәуекелдерді бағалай отырып, жобаларды мұқият іріктеуді жүзеге асырады. Бұл ретте аймақтық нарықтарды қоса алғанда, технология, шикізатпен қамтамасыз ету, өнімді сату нарықтары, құрылатын немесе кеңейтілетін өндірістің бәсекеге қабілеттілігін және экспортқа бағытталғандығын бағалаумен құралдардың сапасы бөлігінде ішкі және сыртқы нарықтардың талдауына үлкен көңіл бөлінеді.(Сурет-2)

Сурет -2 Жобалардың аймақтық құрылымы
Кесте -1

«Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны




"АХТСП"РМК құрылған жылы

1963ж.

Жарғылық капиталы

235,6 млн. теңге

Жұмыскерлерінің саны

540

"АХТСП"РМК  негізгі құралдарының құны

10904 млн. теңге ( 01.01.07 ж.)

№ 9, 10, 4, 5 мұнай құю айлақтары. Ұзындығы 550 метрге жететін құрғақ жүк айлақтары. Бас, ақтарылмалы жүктерді және контейнерлік жүктерді ауыстырып тиейтін порттың жаңартылған өндірістік әлеуетіжылына 1,5 млн. тоннаға, мұнай құю жүктерін ауыстырып тиеу жылына  8,0 млн. тоннаға дейін жеткізілді.
Кесте -2 Өндірістік қуаты:


Мазмұны

Өлшем бірлігі

2005

2006

Тауар өнімдерінің көлемі

млн. теңге

4 447,5

5 174,7

Салық салғанға дейінгі жиынтық табыс (шығындар)    

млн. теңге

2 136,9

3 118,7

Бәсекеге қабілетті өндірісті дамытуға жағдай жасау үшін қазіргі уақытта әлемдік тәжірибеде өзін ақтап шыққан арнайы экономикалық және индустриалық аймақтары сияқты құралдар белсенді қолданылады.

Бүгінде Қазақстанда алты арнайы экономикалық аймақ құрылған:



  1. «Ақтау Теңіз порты» - көліктік-логистикалық қызметтерді дамыту үшін;

  2. «Астана – Жаңа қала» - құрылыс және құрылыс материалдарын шығару үшін;

  3. Алматы қаласының жанындағы Ақпараттық технологиялар паркі – отандық IT-бизнесті дамытуды кешенді қолдау мақсатында аймақтық IT-хабын құру бойынша;

  4. Оңтүстік Қазақстан облысында «Оңтүстік» - тоқыма өнеркәсібін дамыту бойынша;

  5. Атырау облысындағы Ұлттық индустриялық мұнай-химия паркі – көмірсутектік шикізатты терең өңдеу жөніндегі мұнай-химиялық өндірісті дамыту үшін және жоғары қосымша құнды бәсекеге қабілетті мұнай-химиялық өнімдерді өндіру үшін;

  6. «Бурабай» АЭА – Астана қаласынан 200 км қашықтықтағы туристік кластерді дамыту бойынша.

Кесте 3


Ақтау портын солтүстік бағытқа кеңейту


Жобаны жүзеге асыру орны:

Ақтау қаласы. "АХТСП"РМК (солтүстік)

Талап етілетін инвестициялар көлемі:

ТЭН сәйкес 32 млрд. теңге

Қаржыландыру жағдайы:

Тікелей  инвестициялар.

Жобаның өзін өзі өтеуі

Бизнес-жоспарды жасау кезінде анықталады.

Жоба бойынша жоспарланған кепілдіктер  

Үкіметтің кепілдігімен ұзақ мерзімді несие.

Ақтау портының қолданыстағы порттық инфрақұрылымын кеңейту, өткізу рыногына мұнай жүктері мен экспортқа бағытталған шикізатын жеткізудің өсіп келе жатқан қажеттілігін және Қазақстанның Каспийдегі стратегиялық қатысын, сонымен бірге мемлекеттік бюджетке түсірілімдердің өсуі мен жаңа жұмыс орындарын ашуды қамтамасыз ету. Бөлінген аумақта жобаны жүзеге асыру жаңа айлақтарды жобалау, құрылысын салу және қолданысқа енгізуді есепке ала отырып, 2006 жылдан 2009 жылға дейін құрылыс жұмыстарын жүргізуді қарастырады.



Инвестицияларды енгізуден келетін жоспарлы тиімділік:

Ақтау портын кеңейту мұнай жүктерін ауыстырып тиеудің жыл сайынғы көлемін 20 млн тоннаға дейін және құрғақ жүктерді 3 млн тоннаға дейін ұлғайтуды, сонымен бірге порттың Каспийдегі көшбасшылық орнын сақтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жобаны инвестициялық қормен қамтамасыз ету «Қазақстанның инвестициялық Қоры» АҚ Қазақстанның даму институты ретінде Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің №501 қаулысымен 2003 жылдың 30 мамырында құрылған.

«Қазақстанның инвестициялық Қоры» АҚ-ның Жалғыз акционері – «Самрук-Қазына» Ұлттық Әл-ауқат Қоры» АҚ.



Каталог: files -> book
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
book -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді
book -> Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет