Абстракт Зерттеу тақырыбының өзектілігі



бет24/29
Дата22.04.2020
өлшемі0,68 Mb.
#63818
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
Еркінжан2

4.Тарих сабақтарында мәселелермен, үйретімділік жағдайлар мен жұмыс істеу әдісі.

Сабаққа талдау жасау немесе қазіргі сабаққа қойылатын талаптар. Әрбір мұғалімнің және мектеп басшысының сабақ пен сабақтан тыс жұмыстарға қатысып, тексеру, талдау жасау және тәжірибе алмасу жұмыстарын жүргізіп отыруы — педагогикалық іс-тәжірибені жетілдіру мен сабақтың тиімділігін арттырудың маңызды факторы. Қатысу мақсаты қандай болмасын сабаққа қатысушы (тексеруші) адам сабаққа талдау жасау барысында мұғалімнің төрт бағыттағы жұмысын ескеру керек:



  • Мұғалімнің ұйымдастырушылық қызметі;

  • Мұғалімнің білімділік (оқытушылық) қызметі;

  • Мұғалімнің тәрбиелік қызметі;

  • Оқушылардың іс-әрекетіне қойылатын талаптардың орындалуы.

Ұйымдастыру қызметіндегі талаптардың ішінде ең алдымен, сабақты ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық негіздеріне көңіл болу керек. Көптеген практиктердің тәжірибесі мен педагогикалық жұмысты зерттеудің нәтижесінде дәлелденген деректерге сүйенсек (В.П.Симонов "Мектеп директорына оку-тәрбие процесін басқару туралы") оқушылар сабақтың 1-4 минутында мағлұматтың 60 пайызын игереді. 5-23 минут аралығында 80 пайыз, 24-34 минут аралығында 45-50 пайыз, 35-ші минуттан сабақ соңына дейін 6 пайыз шамасында игереді. Яғни, осы көрсетілген деректерге сүйене отырып, сабақтың кезеңдері мен түрлілігін және әдістерін үйлестіру керек. Психологтардың анықтауы бойынша адам баласы естігенінің 10 пайызын, көргенінің 50 пайызын, өз қолымен жасағанының 90 пайызын игереді. Бұдан шығатын қорытынды — сабақтың көрнекілігі мен практикалығының жүзеге асуына көңіл бөлу керек.

Сабақты ұйымдастыруда мұғалімнің мынадай талаптары дұрыс орындауы сабақтың сапасын арттырады:

  1. Белгіленген сабақ жоспарын орындау;

  2. Оқытудың көрнекілігі және техникалық құралдарын мақсатқа сай және нәтижелі пайдалану;

  3. Негізгі психологиялық және гигиеналық талаптарды іске асыру;

  4. Барлық оқушылармен нәтижелі кері байланыста болу;

  5. Оқу пәнін білуі, педагогикалық тәжірибесінің дәрежесі;

  6. Сабаққа қажетті құжаттарды дайындаудағы ұйымдастыру дәрежесі;

  7. Мұғалімнің сөйлеу мәнерінің сапалылығы, үйлесімді карқыны,
    екпіні, дикциясы, бейнелілігі, сезімділігі, эмоциясы;

  8. Сабақта уақытты ұтымды пайдалануы;

  9. Мұғалімнің педагогикалық мәдениеті, тартымдылығы, сыртқы көрінісі;

10.Енбекті корғау және кауіпсіздік техникасы.

Сабақта әрбір баланы (барлығын) белсенді жұмысқа тарту шеберлігі аса маңызды болып табылады. Мұғалім оқушылардың аз ғана тобымен жұмыс істеп, жоғары жетістіктерге жетуін емес, барлық баланың өзіне лайықты; жетістігінің болуын қамтамасыз етуі керек.

Мұғалімнің белсенділік (оқытушылык) қызметін талдағанда ескерілетін мәселелер:

1. Оқытудың ғылымилық принципін іске асыру;


  1. Көрнекілік принципінің жүзеге асуының айқындығы;

  2. Білімінің және икем-дағдыларының беріктігі;

  3. Оқытудың мүмкіндікке және шамаға қарай жүргізілуін қамтамасыз ету;

  4. Сабақтың проблемалық принципін жүзеге асыру;

  1. Оқу мен өмірді, теория мен практиканы байланыстыру;

  2. Басты дидактикалық мақсаттың айқындалуы мен оның орындалуы дәрежесінің үйлесімділігі;

  3. Оқыту әдісін дұрыс таңдау және оның оқушылардың жасы мен даму ерекшеліктеріне лайықты болуы;

  4. Оқушылардың білім, икем-дағдыларын тексеру мен бағалауға қойылатын талаптардың деңгейін білу дәрежесінің қалыптасуын бақылау;

10.Үй тапсырмасы көлемінің үйлесімділігі және оны оқушыларға жеткізу әдісінің тиімділігі.

Оқу материалдарының игерілуі сабақтағы уақыттың тиімді пайдалануына тікелей байланысты болады және білімнің дұрыс меңгерілуі мен үй тапсырмасының шамадан тыс көп берілмеуі үшін жаңа материалды меңгеру мен оны қолдана білу жұмыстарының 80-85 пайызы сабақ үстінде орындалғаны дұрыс.

Қай пәннің мұғалімі болмасын, ол оқытумен бірге тәрбиелік мақсаттағы жұмысты қатар алып жүруі керек. Бүгін оқытып, ертең тәрбиелеуге болмайды. Бұл мәселелер кешенді түрде шешілуі, яғни оқытуды тәрбиелей отырып жүргізу — әрбір мұғалімнің міндеті.

Ой еңбегін дұрыс ұйымдастыра білуге тәрбиелеп отыру көбінесе фор-мальды жүргізіледі. Яғни оқушылардың сабақты үлгермеуінің негізгі себебі — олардың оқығысы келмейтіндігінде, — деп жауап береді көп мұғалімдер.



Шындығына келсек оқушылардың үлгере алмауының негізгі себептерінің бірі — оқу еңбегін неден бастап, қалай жүргізу керек, қандай басты мәселе-лерге басты назар аудару керектігін білмейтіндігінде. Сондықтан да оқушылардың ой еңбегін ұйымдастыру дағдыларын бағыттай отырып, дұрыс қалыптастыруға тәрбиелеу керек.

Тәрбиелік мақсатты жүзеге асыру үшін мына бағыттағы жұмыстардың дұрыс ұйымдастырылуын жүзеге асыру қажет:

1. Сабақтың өнегелі ой мен әлемге көзқарасын қалыптастыру бағытында болуы;

2. Оқушылардың оқу және еңбек ету дағдыларын қалыптастыру;



3. Экономикалық тәрбие мен кәсіптік бағдар беру үшін мүмкіндіктерді пайдалану;

4. Сабақтың оқушылардың дамуы мен ақыл-ой тәрбиесіне әсері;

5. Гигиеналық және дене тәрбиесіне қойылатын талаптар;

6. Сабақтың оқушыларға эстетикалық әсері;

7. Тәрбиелік мақсатты жүзеге асыру үшін сабақтың практикамен және өмірмен байланысын пайдаланудың тиімділігі;

8. Ауызша және баллдық бағалаудың тәрбиелік мүмкіндіктерін пайдалану;

9. Мұғалімнің оқушыларға қатынасының бағыты мен оларды басқару стилінің дұрыс-тығы;

10. Сабақтағы мұғалімнің жеке басы мен оның іс-әрекеттерінің тәрбиелік мәні.

Осы орайда 5-сыныпта тарих пәнінен "тарихи хронология" тақырыбында өткен сабағынан мысал келтіруге болады. Ғасырда неше жыл бар? Т.б., есептер үшін алған мысалдары сол сыныптың ішінен, оқушылардың өздері мен заттарын қатыстыра отырып алынуы оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін арттырса, есепті шешу жолдарының бірізділігін сақтауы, жауапты толық беруді талап етіп, өзін-өзі және бірін-бірі тексеруді ұйымдастырып отыруы — оқушыларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа және оқушыға қойылатын талап дәрежесін меңгере білуіне тәрбиелеп отырады.

Сабақта оқушылардың іс-әрекетіне қойылатын талаптардың орындалуы сабақтың негізгі мақсаттарының жүзеге асуының негізі.

1.Танымдык белсенділігінің деңгейі;

2.Сабақ пен оқу пәніне қызығушылығының дәрежесі.

3.Өз бетінше жұмыс істеу дәрежесі;

4. Білім маңыздылығы (оқу материалдарынан алдыңғы қатарлы, негізгі, озық идеяларды айыра білу);

5.Талдау дағдысы мен шеберлігінің деңгейі;

6.Сабақ барысында сөйлеу, жазу, графикалық және арнайы икем-дағдыларының дамуы;

7.Ұжымдық (топтық) жұмыс дағдыларын дамыту;

8.Тақтада жұмыс істей білу;

9.Ұйымшылдығы мен тәртіптілігі;

10. Оқушылардың сыртқы көрінісінің бірыңғай талапқа сай болуы.

Оқушылардың оқу белсенділігінің мысалы "Алғашқы қауымдық құрылыс" тақырыбында өткен сабақтарында оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай, тарихи мұражайдағы алғашқы адамдардың тұрмыс тіршілігінен мысалдар келтіре отырып жүргізуі оқушылардың белсенділігінің артуына, оларды бағыттай отырып, өз бетінше талдау жасай алуына дағдыландырып, оқушылардың өз бетінше сөйлеу, талдау жасау қабілеттерін арттырып отырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет