Абстракт Зерттеу тақырыбының өзектілігі



бет28/29
Дата22.04.2020
өлшемі0,68 Mb.
#63818
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
Еркінжан2

ҚОРЫТЫНДЫ
1950-жылдардың аяқ кезінен бастап Қазақстан тарихы мектептегі КСРО тарихының құрамында қосалқы курс ретінде азғана сағатпен оқытылғандықтан, ол өзінің білімдік, тәрбиелік, дамытушылық міндеттерін тиісті дәрежеде орындай алмады. Курсты оқытуда орын алған қиындықтар мен проблемаларды шешу бағытында жүргізілген нәтижелері бойынша жарияланған еңбектер оның жеке проблемаларын уақытша ғана шешуге мүмкіндік берді. Өйткені, 90-жылдардан бастап мектепте жеке пән болып оқытыла бастағандықтан, оны оқытудың мақсаты да, міндеттері де, осыған байланысты оның құрылымы мен мазмұны да үлкен өзгерістерге ұшырауда.

Халыққа білім беру саласында дүние жүзінде, тәуелсіз Қазақстан Республикасында болып жатқан оң өзгерістер мектепте Қазақстан тарихын оқытудың методологиялық, ғылыми-әдістемелік еңбектерін жаңаша жасауды талап етіп отыр. Өйткені, құндылық пен ізгілікті оқыту алдыңғы орынға шыққанда, оларды алдымен ұлттық тәжірибеден іздеп, тауып, сонан кейін ғана бүкілхалықтық (қазақстандық), адамзаттық (дүниежүзілік) құндылықтарға көшудің дұрыстығын қазіргі ғылыммен, мектеп тәжірибесі дәлелдеп берді.

Мектепте Қазақстан тарихын қазіргі талаптарға сай оқыту үшін оның мақсатын, міндеттерін, осыған сәйкес білім мазмұнын іріктеу ұстанымдарын да жаңарту, жетілдіру қажет болды. Енді білім, тәрбие беруде құндылық пен ізгілікті, оның өзінде де алдымен ұлттық құндылықтар мен кадір-қасиеттер алға шыққандықтан бұл пәннің методологиялық, ғылыми-педагогикалық, психологиялық, әдістемелік негіздері дәстүрліден өзгеше болатыны түсінікті еді. Бұл проблеманы зерттеудің нәтижесі, мектепте Қазақстан тарихын оқытуда алдымен біздің заманымыздың бас кезінен бастап, қазірге дейінгі Орта Азия мен Қазақстан жерінде өмір сүрген ғұлама ғалымдардың, ойшылдардың, философтардың, тарихшылардың, педагогтар мен психологтардың адамзат жасаған құндылықтар туралы тарихи, философиялық, педагогикалық, психологиялық, әдістемелік еңбектеріне сүйену, оқыту барысында оларды екі жақты тұрғыда пайдалану қажет деген қорытынды жасалды:

1. Зиялы қауым мен халық ағарту саласындағы жұртшылық үшін ғылыми-біліми арман болып келген Қазақстан тарихын мектепте дербес пән етіп оқыту проблемасының шешілуіне Кеңес еліндегі қайта құру негізгі себеп болды. Ол оқу жоспарына 1990/91 оқу жылынан бастап жеке пән болып енгізілді де, 5-іншіден бастап 11-сыныпты қоса үзіліссіз оқытылып келеді. Бұл факті жұртшылық арасында зор рухани қанағаттанарлық сезім туғызды. Мұғалімдер мен оқушылардың өз елінің тарихын оқып үйренуге деген ынта-ықыласын арттырды. Ғалымдар мен әдіскерлер пәнді оқытуды жақсартуға белсене қатысты. Соңғы бес-алты жылда бұл пәнді оқыту тұжырымдамасы, оқу бағдарламасы, қайта басылғандарын қосқанда жиырмаға жуық оқулық жаңадан шықты. Оларды жазуға мектеп мұғалімінен бастап, академикке дейін 12 автор қатысып, бірқатар қосымша құралдар мен әдістемелік еңбектер жарық көрді.

2. Нарық экономикасы салдарынан мектептердегі оқу-тәрбие жұмысында орын алған елеулі қиындықтарға қарамастан бұл жылдары бірқатар мектепте Қазақстан тарихының оқытылу сапасын жақсартуда оң өзгерістер байқалды: оқытудың формаларына, білім беру әдіс-тәсілдеріне жаңалықтар ене бастады, әсіресе оқушыларға берік білім беру, тарихи материалдың тәрбиелік мүмкіндігін пайдалану, оқушыларды оқыта отырып, дамыту әдістемесі және өлке тану, сабақтан, сыныптан тыс жұмыстар жақсара түсті. Бұған Қазақстан тарихына байланысты хрестоматиялардың, түрлі оқу орындарына арналған кітаптардың шығуы да пайдасын тигізді.

3. Қазақстан тарихы ғылымында кейінгі уақытта болып жатқан оң өзгерістердің пәнді мектепте оқытуға тигізген ықпалы көрсетіліп, ғылым мен мектептік пәннің арақатынасы, бір-бірін байланыстыратын ортақтықтары, сондай-ақ айырмашылықтары да талданды, ғылыми пән мектептік пәннің негізі екені дәлелденіп, мектептік білім мазмұнына қажет бірқатар ғылыми мәселелердің әлі де шешілмей отырғанына назар аударылды.

4. Мектептегі Қазақстан тарихы әдістемесінің пән ретінде қалыптаса бастағандығы негізделді, пәннің құрылымы мен құрамы анықталды, оның қоғамдық әрі педагогикалық пәндер қатарына жататыны дәлелденді. Жеке пән әдістемесінің ең басты екі міндетінің бірі - білім мазмұнын анықтау екеніне байланысты, оны таңдап іріктеуде басшылыққа алатын ұстанымдар, критерийлер, талаптар ғылыми-әдістемелік тұрғыда негізделді және ажыратылып көрсетілді. Тұңғыш рет "Мектепте Қазақстан тарихын оқыту әдістемесі" деген пәннің моделі ғылыми-әдістемелік тұрғыда жасалып, оның негізгі компоненттері және олардың мазмұны айқындалды. Сол 19 компоненттің 9-ының мазмұны мүлде жаңа екені, ал қалғандарының, басқа әдістемелік зерттеулер мен еңбектерде қарастырылғандарының одан әрі жетілдіріліп, оларды қазіргі уақыт талаптарына сай тың бағытта баяндайтыны аталып көрсетілді.

Сонымен зерттеу жұмысы төмендегідей ғылыми және әдістемелік, тәжірибелік қорытындылар жасауға мүмкіндік берді.

1. "Қазақ халқының, Қазақстан тарихының мектепте оқытылуы" деген ғылыми-әдістемелік проблема жеке ағартушылардың идея етіп көтергенінен бастап (Ы. Алтынсарин заманынан), оның қазіргі мектепте жеке пән болып оқытылуға дейінгі тарихы тұңғыш рет ғылыми зерттеуге алынып, қорытындысы кешенді ғылыми еңбек ретінде ұсынылып отыр. Мұнда: 1) Қазан төңкерісінен кейінгі дәуірлерде Қазақстан мектептерінде тарихтан білім берудің, соның құрамында Қазақстан тарихының да оқытылу жайы, оның проблемалары мен даму тенденциялары; 2) Қазақстан мектептерінде тарихтан, соның құрамында Қазақстан тарихынан да білім беру, Коммунистік партия мен Кеңес үкіметінің мектеп, тарих пәнін оқыту туралы 50, 60 және 80-жылдары қабылдаған белгілі қаулы-қарарлары бойынша жүргізілгені, олардың оқушыларды тарихи білімдермен қаруландыруға көмегі болғаны, сонымен қатар орын алған көптеген қателіктері, бұрмалаушылықтары, кемшіліктері мен қиындықтары; 3) Тарихтың, Қазақстан тарихының мектепте, әсіресе қазақ мектебінде оқытылу жайы басыңқы зерттелді, озат тәжірибе қорытылды, бағдарламалары мен оқулықтары, әдістемелік құралдары талдаңды, оларды жетілдіру жолдары анықталды. Бұл тәжірибе қазір де, келешек үшін де пайдалы.

2. Қазақстан тарихының мектепте оқытылған уақыты ғылыми тұрғыда белгілі кезеңдерге бөлінді, мұнда КСРО мектептерінде тарихи білім берудің кезеңдері және Қазақстан тарихын мектепте оқытуда болған елеулі бетбұрыстар ескерілді. Бұл шешімнің өзі жеке кезеңдерде мектепте Қазақстан тарихын оқытуда болған өзгерістер мен ерекшеліктерді ашып көрсетуге, осы арқылы курстың мазмұны мен әдістемесінің жетіле түсуіндегі сипатты белгілерді анықтауға мүкіндік берді.

3. Мектепте тарихтан білім берудің түрлі кезеңдеріндегі КСРО тарихы құрамындағы Қазақстан тарихының шағын материалдары, КСРО тарихы құрамындағы курс, оқу жоспарындағы дербес пән ретіндегі білім мазмұнының өзгеру тенденциясы ғылыми-әдістемелік тұрғыда талданды; қазіргі мектептегі Қазақстан тарихы оқу пәнінде қойылатын теориялық және ғылыми-әдістемелік талаптарға сай келеді деген тұжырым жасалды және осы оқу пәнінің мектептегі құрылымын, оның білім мазмұнын іріктеуде басшылыққа алынатын ұстанымдары мен критерийлері анықталды; қазіргі және таяу кезеңдегі Қазақстанның жалпы білім беретін мектептерінің жағдайын және Республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуын ескере отырып, мектепте тарих пәнін, Қазақстан тарихын да концентрлік принциппен оқыту тиімді деген тұжырым жасалды және ол ғылыми тұрғыда дәлелденді; Қазақстан тарихы оқу пәні және оның Қазақстан тарихы ғылымымен арақатынасы мәселесіне ғылыми талдау жасалды, мектептік пәннің сол ғылымның синонимі де, кішірейтілген көшірмесі де дәлелденді.

4. Пәннің бұған дейінгі де, қазіргі де бағдарламалары мен оқулықтары ғылыми-әдістемелік тұрғыда талданып, олар салыстырылып, жаңа нұсқаларындағы өзгерістер мен ерекшеліктері көрсетілді, оларды жетілдіру жолдары анықталды, жаңа бағдарламалар мен оқулықтар жасау қажеттігі және олардың ғылыми-әдістемелік жолдары ұсынылды; Қазақстан тарихы мектеп курсына қатысты әлі де толық зерттеліп болмаған ғылыми мәселелер және де мектепте оқытылуы қажет, бірақ бағдарламалар мен оқулықтарға әлі де ендірілмеген мәселелер көрсетілді, оларды тереңірек зерттеп, мектеп пәнінін, мазмұнына ендіру қажеттігі негізделді.

5. Зерттеу жұмысы барысында мектепте Қазақстан тарихын оқытуда бірқатар қайшылықтардың бар екені анықталып, олар педагогикалық эксперимент әдісі көмегімен зерттеліп шешілді. Осының нәтижесінде курстың білім мазмұны мен оны оқытудың ұйымдастыру формалары және оқыту әдіс-тәсілдерін жетілдіруге бағытталған ғылыми-әдістемелік ұсыныстар дайындалып, олар өз кезінде жүзеге асырылды. Бұл тәжірибелер қазірде де, келешекте де пәнді оқытуды жетілдіруге пайдалы.

6. "Мектепте Қазақстан тарихын оқыту әдістемесі" деген жаңа пәннің құрылымы мен мазмұнының бұған дейін жеке пәндерден жасалған оқу-пәндері әдістемесі құрылымдарынан бірқатар өзгешеліктері мен ерекшеліктері бар. Олардың ең бастысы: Қазақстан тарихы мектеп пәнінің білім мазмұнының ұлттық болуы және де осыдан туындайтын оқытуды ұйымдастыру формалары мен әдіс-тәсілдерінде болатын маңызды өзгерістер методологиялық, ғылыми-әдістемелік тұрғыда негізделді.

7. Мектепте Қазақстан тарихын оқыту проблемасына қатысты мына тақырыптар келешекте зерттелуі тиіс: мектептің екінші, үшінші сатыларындағы Қазақстан тарихының оқу-әдістемелік комплексін жасау; мектептің үшінші сатысында оқытылатын Қазақстан тарихы курстарының түрлі нұсқаларын, олардың құрылымы мен құрамын, білім мазмұнын ғылыми-әдістемелік тұрғыда негіздеу; факультатив, тереңдетілген, т. б. курстардың құрылымын, білім мазмұнын, оқыту формалары мен әдістерін негіздеу; жеке этностар тарихы курстарының құрылымы, мазмұны және оларды оқыту формалары мен әдістерінің дидактикалық негіздері, сол курстардың Қазақстан тарихы пәнімен арақатынасы; Шығыс, көрші елдер, халықтар тарихын, мәдениетін, діндер тарихын оқыту мәселелері; тарих ғылымының жеке салалары: архитектура, этнография, өнер, т. б. бойынша жеке курстар құрастыру, мазмұнын, оқыту әдістемесін зерттеу, сондай-ақ орта ғасырлардан бастап XX ғасырдың 20-жылдарына дейінгі Қазақстандағы медреселерде тарих пәнінің оқытылу жайы және басқа да проблемалар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет