Абулкасова Д. Б. (қолы) (аты-жөні)


История стран Азии и Африки в средние века под.ред.З.Г. Лапина, М.С. Мейер., 1987



бет5/7
Дата09.08.2017
өлшемі1,12 Mb.
#23010
1   2   3   4   5   6   7

История стран Азии и Африки в средние века под.ред.З.Г. Лапина, М.С. Мейер., 1987


История Востока. А.С. Васильев. ч-1 М.,1998

История стран Зарубежного Востока в средние века под. ред: Ф.М.Ацамба,


Е.А.Беляева.М. 1957

История Востока. А.С. Васильев. М., 1998 .495бет.

Егемен Қазақстан газеті 2002. № 130 1-2беттер.

Әдебиет: Қазақ тарихы журнал. 1991 № 14-17 беттер.

А.Н.Бадак, И.Е.Вейнич. Всемирная история. М., 2002.608-бет.

6 дәріс

Тақырып: III-VII ғ.ғ. Иран.

Дәріс мазмұны:


  1. III-V ғ.ғ. Сасанидтер билігі тұсындағы Иранның саяси құрылысы.

  2. III-V ғ.ғ. Ираның қоғамдық құрылысы.

  3. 6-7ғасырлардағы Иранның саяси-әлеуметтік жағдайы.

Дәріс мақсаты: Тақырыпты жеткілікті түрде жеткізу.

Негізгі түсініктер:

1.Сасанидтер мемлекеті құлаған Парфия державасын ауыстырып,ІІІ ғасырда құрылды.Оның құрамына зор Иран территориялары,Месопотамия,батыс Үндістан,Хузистан және шығыстың таулы аудандары кірді.Экономикалық даму елдің әртүрлі аудандарында түрлі болды.Әсіресе,жоғары мәдени деңгейге батыс территориялар жетті.Тұрғындар тек бір халықтан тұрған жоқ.Тек Парсы да ғана туысқан халықтар бір халыққа бірікті.

Сасанидтік держава халқының негізгі бөлігі егіншілікпен айналысты.Таулы аудандарда көшпелі малшы тайпалар мекендеді.Үлкен маңызы бар қалалар елдің батыс бөлігінде орналасты.Солардың ішінде мемлекеттің астанасы Ктесифон қаласы болды.Сасанидтік қалалар өздерінің қолөнершілерімен,тамаша маталарымен,күшті қаруларымен белгілі болды.Иран территориясы арқылы Батыстан Орталық Азия мен Қытайға ежелгі сауда жолдары өтті.

ІІІғасырдың басында Сасанидтер өкілі Ардашир ақсүйектердің қолдауымен бүкіл Парсыға өз билігін орнатты.226 жылы Ардашир мемлекет басшысы болып жарияланып,241 жылға дейін елді басқарды.4 ғасырдан астам өмір сүрген династияның негізін салды.

Ардашир І әкімшілік бөліністің негізін салып,ескі тайпалық одақтардың шекараларын бұзып,сонымен бірге ақсүйектердің ерікті шаруаларымен байланысын жойды.

Жаңа мемлекеттің басында («Патшалардың патшасы»)шаханшах тұрды.Ескі тәртіптегі мұрагерлік болған жоқ,ол бірақ ел басшысы басқарушы Сасанидтер әулетінен шығуы керек болды.

Әкімшілік аппараттың басында вазург-фраиадар тұрды.Орталық басқарудың негізгі міндеті қаржы,әскерді қадағалау болса,қаржы ведомствосы қауым істерімен және салық жинаумен айналысты.

Провинцияларды басқару Сасанидтке бағындырылған княздар арқылы жүзеге асырылса,елдің негізгі территориясы парсы және парфия әулетінен шыққан жоғарғы өкілдерінен тағайындалған наместниктер арқылы басқарды.

VI ғасырға дейін Сасанидтік әскер одақтас тайпалардың қосымша отрядтар мен атты әскерінен тұрды.Жаяу әскер қосымша роль атқарды.Әскер басында әскери аристократия өкілдері тұрды.

Ел тұрғындары ресми түрде 4 үлкен сословиелік топқа бөлінді.Алғашқы үш тобына-абыздар,әскерилер,жашғыштар-шенеуніктер.Олар өздеріне қатысты қызметтерінен басқа міндеткерлікті атқармады,салық төлемеді.Төртіншісіне-қазынаға салық-рента,еңбек міндеткерлігін атқарушылар-шаруалар мен қала тұрғындары жатқызылды.Әр сословие разрядтарға бөлінеді және ішкі иерархиялық құрылымды құрады.4 сословиенің басшысы сарайда көрнекті орынды иеленді.

2.Сасанидтік державада маңызды роль алған мемлекеттік дін зороастризм парсы ақсүйектерінің билігін нығайтты.Зороастриялық дін өкілдері елдің саяси өмірінде маңызды роль атқарды.Олардың қолында білім беру,сот билігі болды,барлық еңбекші халықтың өмірі осы дін өкілдерінің бақылауында болды.Сондықтанда әлеуметтік қарсылықтар сол кезеңде діни сипатта болып,солардың маңыздысы Манихейлік және маздакизм болды.

Манихейлікте,маздакизмде Сасанидтік Иранның әлеуметтік-саяси құрылымына ресми дін ретінде кірген жоқ.Бұл кезеңде ел орталықтанған билікті қажет етті.Мұрагерлік аристократияның әлсіреуін І Хосров пайдаланып,билік басына келді.531-579 жылдары ел билеген шаханшах Хосров маңызды реформалар жүргізді.Маздакиттерден тартып алынған жер мемлекеттік қорға берілді.Барлық жерлер категорияға бөлініп,қазынаға салық төлеуге міндетті шаруаларға берілді.Бұл салық хараг деп аталды.Сонымен бірге жанбасы салығы (гезит).Әр ер адам 20 жастан 50 жасқа дейінгілер жыл сайын 4 дирхемнен 12 дирхемге дейін төлеуге тиіс болды.Ал қалған жергілікті және орталыққа төленетін көптеген салықтар алынып тасталынды.Жерден айырылған аристократтар мемлекеттік қызметке алынып,қазына есебінен өмір сүрді.Осы барлық жер-салық реформалары басқарушы билігін күшейтуге және ел дамуына мүмкіндік берді.

Сонымен қатар әкімшілік реформалар жүргізіліп,елде әлемнің 4 аймағына 4 әскери округ құрылды.Жоғары басқару жүйесінің біріншісінде-вазург-фраматр болды.Әскер реформа бойынша округтердің әскери басшыларында енді тұрақты армия болатын болды.

Хосров реформаларының нәтижесінде үлкен серпіліс алған Сасанидтік Иран VI ғасырда гүлденуге аяқ басты.Осы кезеңде белсенді сыртқы саясат пен жаулаушылықтың арқасында халықаралық транзиттік сауда Иран территориясы арқылы өтетін болды.VI ғасырда ирандықтар жаңа ауыл шаруашылығы мәдениетімен таныс болып,күріш,қант құрақтарын өсірді.Қолөнер дамып, Сасанидтік Иран күміс бұйымдарымен атағы шыға бастады.Қалаларда қолөнершілердің беделді корпорациялары пайда болды.



3. Иран мен Византия арасындағы соғыс VI-VII ғасырдың алғашқы онжылдығы аралығындағы кейбір тоқталыстармен жүрді. Сасанидтік әскер Византияға үлкен соққылар берді.Византияның одақтастары Эфиопияны 570 жылы жеңуі оңтүстік аравиялық сауда жолдарын иеленуге жол ашып,VII ғасырдың басында Иранға,Кіші Азия,Сирия,Египет (яғни Византия провинциялары)қосылды.

VII ғасырдың 20-30 жылдары ішкі дағдарыспен Сасанидтер сарайындағы өзара қырқыстың күшеюі Иранды және араб ислам жаулаушыларының шабуылы Иранды әлсіретіп,30-40 жылдардағы соғыстар әулеттің құлауына ғана емес Иранның исламизацияға ұшырауына әкеліп соқтырды.

VII ғасырда Иранға арабтар басып кіріп, Сасанидтік мемлекет құлады.

Араб жаулаушылығы Ирандағы касталық құрылысқа үлкен соққы берді.Иран территориясында халифат орталықтанған басқарудың жүйелерінің енгізілуі Азия,Африканың жекелеген облыстардың арасында сауда айырбасы қайта жұмыс істей бастады.Бұл айырбас Иранның шаруашылығы мен мәдениетіне үлкен әсерін тигізді.

Араб жаулаушылары дамыған басқару жүйесін және сасанидтер кезеңіндегі жүйесін сақтаған мен жер және жанбасы салықтары алғашқы онжылдықта иран тұрғындары үшін жеңілдірек болды.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

Ұсынылатын әдебиеттер: З.Г.Лапина.История стран Азии и Африки в средние века.М.,1987г.

История Ирана М., 1977 г.

Петрушевский И.П. Земледелие и аграрные отношения в Иране XIII-XIV в.в. М.,1960

История Ирана М., 1977 г.


7 дәріс

Тақырып: VIIғ II жартысы-XV ғ. Иран.

Дәріс мазмұны:

  1. Иранға араб басқыншылығы және оның зардабы

  2. Ислам дінінің таралуы.

Дәріс мақсаты: Тақырыпты жеткілікті түрде жеткізу.

Негізгі түсініктер:

1.Араб жаулаушылығы Ирандағы касталық құрылысқа үлкен соққы берді.Иран территориясында халифат орталықтанған басқарудың жүйелерінің енгізілуі Азия,Африканың жекелеген облыстардың арасында сауда айырбасы қайта жұмыс істей бастады.Бұл айырбас Иранның шаруашылығы мен мәдениетіне үлкен әсерін тигізді.

Араб жаулаушылары дамыған басқару жүйесін және сасанидтер кезеңіндегі жүйесін сақтаған мен жер және жанбасы салықтары алғашқы онжылдықта иран тұрғындары үшін жеңілдірек болды.

Саманидтердің басқаруының соңғы жылдары феодалдар арасындағы күреске толы болды.Орталық Азия және Әмударияға дейінгі солтүстік шығыс жерлері қарахандық түріктер қолында болды.Шығыс Иран Орталық Азия бөлігімен бірге қазіргі Ауғанстан Газневид мемлекетінің құрамына енді.

962 жылы Саманидтердің әскери басшыларының бірі түрік тайпасынан шыққан Алып Тегін хорасан мен Орта Азияда 500 қонысты иеленген саманидтік билеушіге қарсы шығып,жеңіліске ұшырады.Ол Ауғанстан жеріне қашып (998-1030) Буидтармен соғысып,өз билігін Исфахан және Рей облыстарына дейін орнатты.Сұлтан Махмудтың әскери жорықтарының негізгі объектісін 17 жыл тонау жорықтарымен ұйымдастырылған Солтүстік Үндістан болды.

Махмудтың әскери тірегі оның жаулаушылық соғыстарын табыспен қамтамасыз еткен гулямдық гвардия болды.

Әскери экспедициялар «Әділетсіздерге қарсы қасиетті соғыстар»деген ұранмен дайындалып,жүргізілді.Әскери күштің ішіне (шындық үшін күресушілер)деп аталатын газилер үлкен тобын құрады.Олар кедей қала мен деревнядан шыққан еріктілер еді.Махмуд және оның төңірегіндегілер халықты ішкі әлеуметтік мәселелерден аластатуға тырысып,халық наразылығын басқа халықтарға тонау бағытында аударуға ұмтылды.Махмуд сарай адамдары мен әскери халықтан жиналған салық есебінде асырады.Салық мөлшерінің ауырлығы бай провинция Хорасан тұрғындарын кедейшілікке әкеліп соқтырды.Егін шықпай қалған жылдары XI ғасырда Нишапур қаласында 100 мыңға дейін тұрғындар ашаршылықтан өлді.

Қолөнершілер мен саудагерлер тіпті феодалдар аралығында Газневидтерге қарсы исламның жаңа аскетикалық ағымы-суфизм тарады.

Жаулап алу жорықтарының тоқтатылуымен мемлекетте ішкі қарама қайшылықтың күшеюі орталық биліктің әлсіреп,түрік көшпелілеріне басып кіруі үшін қолайлы жағдай жасады.

Орта Азияның оңтүстігінде көшіп жүрген оғыз тайпалары X ғасырда алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырап,феодалдық қоғамның қалыптасу процесін өткерді.

XIғ 20 жылдары 4000 түрік отбасы Хорасанға мекендеді.Сұлтан Махмуд Солтүстік Хорасанды мекендеуге рұқсат беріп,әскери қызмет жасауды ұсынды.Түріктердің Хорасанға келуі 1038 жылы Махмуд өлгеннен кейін де ұлғайып,Нашапурды иеленді.Олардың басшысы Тоғрылбек Сельджукид Газневидтермен тәуелсіздікті алады.1040 шайқаста газневидтер жеңіліп,Хорасаннан айрылғаны мен Афганистан мен Пенджабта биліктерін сақтады.

1040-1050 жж селжұқтар Иранды жаулады.1050 жылы Бағдадты алып,Буидтерді ығыстырды.Халиф Тоғрылбекке сұлтан титулын берді.Селжұқтар үлкен территорияны Кіші Азия мен Аравия түбегін,Месопотамия,Закавказье бөлігін,Иран мен Орта Азияны иеленді.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

Ұсынылатын әдебиеттер: З.Г.Лапина.История стран Азии и Африки в средние века.М.,1987г.

Колесников А.И. Завоевание Ирана арабами. М.,1982.

Пигулевская. Города Ирана в раннем средневековое М-Л,1956 А.И.Колесников.Завоевание Ирана арабами.М.,1982г.

Пигулевская. Города Ирана в раннем средневековое М-Л,1956

8 дәріс

Тақырып:V- XIII ғ басындағы Үндістан.

Дәріс мазмұны:


  1. V- VII ғ. Үндістанның саяси-қоғамдық құрылысы .

  2. Ерте орта ғасырлардағы Үндістаның аграрлық құрылысы.

  3. Касталар мен қауымдар.

Дәріс мақсаты: Тақырыпты жеткілікті түрде жеткізу.

Негізгі түсініктер:

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

Ұсынылатын әдебиеттер: История Востока .М.,2000г

Антонова К.А., Банград-Левин. История Индии.М., 1979

История Востока.М.,2000г.

ТоларевС.А.Религии в истории народов мира.М.,1986.


9 Дәріс



Тақырып: Исламға дейінгі Аравия және исламның пайда болуы..

Дәріс мазмұны:

  1. VII ғ басындағы арабтардың қоғамдық құрылысы.

  2. Аравиядағы діни жағдай.Исламның пайда болуы.

  3. Исламның құрылуындағы Мұхаммедтің ролі.

Дәріс мақсаты: Тақырыпты жеткілікті түрде жеткізу.

Негізгі түсініктер:

1.Исламға дейінгі арабтардың тарихы жөніндегі маңызды дерек көздері Оңтүстік аравиялық қысқа жазбалар,материалдық мәдениет ескерткіштері Ежелгі Шығыстың басқа елдерінде сақталған деректер,антикалық авторлар еңбегі,арабтардың өздерінің ауыз әдебиеті және Құран болып табылады.

Бүгінгі таңда Оңтүстік Аравияда 5000 аса мемлекеттік және жекелеген құқтық негіздегі құжаттарды жинақтаған жазбалар жинақталған.Антикалық авторлар Геродот,Страбон,Диодор,Аравияның табиғаты,дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары,діни дәстүрлері туралы баяндайды.

Аравияның ішкі өмірі исламға дейінгі ақындардың ауызша шығармаларында көрініс тауып,VII-VIIIғғ жинақталып, «Арабтардың күні» деген атауға ие болды.

Бұл ескерткіштер Аравия түбегінің басқа да өркениет орталықтары мен тығыз саяси,экономикалық,идеологиялық,мәдени байланыстарын дамытатын отырықшы және көшпелі тұрғындарының өмірін суреттейді.Бұл арабтардың географиялық және саяси ой-өрістерін кеңейтті.

Арабтардың өздері ежелгі егіншілік мәдениеттің маңызды орталықтары,дамыған отырықшы және көшпелі мал шаруашылығын құрушылар.Ежелгі кезеңде өздерінің жазба мәдениетін жасауы,сол кезеңнің мәдениетті халықтарының бірі болғанын дәлелдейді.

2.Мемлекетті белгілі мерзімге тағайындалған абыздар басқарса,ол атқарушы билік министр-мукаррибтарға берілді.

Сабей мемлекетінің құлдырауына байланысты Иемен территориясының көп бөлігін Химяриттер иеленді.Олар оңтүстік Аравия саудагерлерінің арасында иудеилер мен христиандар болды.Екі монотеистік діндер V-VIғғ оңтүстік аравиялық арабтарға да,көшпелі бәдәуилерге де жақсы таныс болды.Бұл жағдай оларға өз діндерін уағыздауға кедергі болмады.Кааба храмы Аравияның батыс бөлігінде орналасқан.Меккеде орналасқан оның оның ролі аравияның транзитттік саудасында маңызды роль атқарды.Химяриттер мемлекетінде иудаизм мен христиандықтың әсері VІғ бастап күшейіп,олардың саясаты да осы діндерге байланысты болды.



3.VIIғғ Хиджазда Аравияның мемлекеттік бірігуі үшін қозғалыс ислам деп аталынған монотеистік іліммен уағыздалып,бекітілді.

Ислам-бұл құдайға берілу және оның билігін мойындау деген сөз.Бұл ілімнің уағыздаушысы және идеологы меккелік Мұхаммед (570-632)болды.

Мұхаммед бір құдайлықты уағыздауға меккелік байларға,ірі көпестерге,кедейлер мен жетімдерге материалдық көмек беру үшін оларға қарсы шықты.Меккенің кедей тұрғындары мен құлдары бұл уағыздарды меккелік құл иеленушілерге тағылған үлкен айып ретінде қарап,оның діни ілімін қабылдап,Мұхаммед төңірегіне жинала бастады.

Кааба храмында абыздық қызметін атқаратын бай меккеліктер өздерінің экономикалық,діни позициясынан айрылып қалмау үшін Мұхаммедке қарсы шықты.622 жылы Мұхаммед өзінің тобымен Меккеден кетуге мәжбүр болып,анасының туған жері-Ятрибке барып тұрды.Ятриб тұрғындары бұрыннан меккеліктермен қақтығыста болғандықтан,олар пайғамбарды қабылдап қана қоймай жаңа діннің жақтаушылары болды.Сондықтан олар Мұхаммедтің құрметіне өз қалаларының атын өзгертіп,пайғамбар қаласы Медина деп атады.622 жылы хижра жылы,мұсылман әлемі үшін жаңа жыл санаудың бастауы болды.Ал Мединаға қоныстанған Мұхаммедтің жақтаушылары хижраға барғандар мұхаджирлар деген құрметті атауды иеленді.

Көрнекті орыстың Шығыстанушысы Бартольд «Мұхаммед Мединада сенімді уағыздаушы ретінде емес,заң шығарушы ретінде қабылданды»

Мединалықтар мен меккеліктер арасындағы күрес 630 жылы келісіммен аяқталды.Келісімге сәйес мекеліктер Мұхаммед билігін мойындауға және исламды қабылдауға міндеттенді.Мекке діни орталық болса,ал Кааба храмы исламның негізгі қасиетті мекені болды.

630 жылы Мұхаммед Меккеге барып,кейін сонда қайтыс болды.Оның өлімінен кейін пайғамбардың орынбасарлары,халиф деген титулға ие болды.Кейін таңдаулы 4 халиф елді басқарды.Әбу-Бәкір (632-634),Омар (634-644),Осман (644-656),Әли (656-661).

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

Ұсынылатын әдебиеттер: Еремеев Д.Возникновение ислама.Азия и Африка сегодня.1992.№1,2,3.

Л.С.Васильев. История Востока III том. М.,1998г.

И.М.Фильштинский. История арабов и халифата М.,2001г.

История стан Азии и Африки в средние века Част 1;2М.,1987г.

Ислам.Краткий справочник.М.,1983

СоловьевВ.С.Магомет.Основатель ислама.М.,1994.

Ирвинг.В.Жизнь Магомета.М.1990.

10 Дәріс



Тақырып: Омейядтар халифаты.

Дәріс мазмұны:

  1. Халифаттағы ішкі күрес.

  2. Омейядтар әулетінің билікке келуі.

  3. Жаулап алған территориялардағы халық көтерілістері.

Дәріс мақсаты: Тақырыпты жеткілікті түрде жеткізу.

Негізгі түсініктер:

1.Пайғамбар қайтыс болғаннан кейін араб-мұсылмандар арасында басшылыққа кімді тағайындаймыз деген пікірталас басталды.Көп пікірден кейін оның халифтарының бірі-Әбу Бәкір болды.632-634жж араб-мұсылмандары халиф төңірегіне барлық арабтарды біріктіріп қана қоймай,көрші территорияларға ең алдымен Қосөзенге (Ирак,Сирия) сәтті жорықтар жасады.

Әбу Бәкірден кейін келген Омар халиф тұсында да (634-644)территорияларды жаулап алу жалғасын тапты.Византиядан,Сирия және Палестина жерлерін тартып алса,Египет пен Ливия,кейін Иранның батыс бөлігінен Кавказға дейінгі жерлерді иеленді.

Үшінші халиф Осман (644-656)кезінде Солтүстік Африкадағы (Магриб) және Иранда Сасанидтер билігі толықтай құлатылып,Араб халифатының құрамына енді.

Сәтті жорықтар және халифаттың үлкен державаға айналуы жас мемлекетте ішкі саяси қарама-қайшылық туғызды.Басқару билігі жергілікті билеушілердің қолында қалды,ал орталықтың басып алған аудандарымен байланысы тұрақты болмады.Сонымен қатар орталықта билік үшін саяси дағдарыс туындады.



2.Осман кезінде Омейядтар тобынан шыққандар алдыңғы қатарға шықты да,ислам ақсүйектері,соның ішінде пайғамбардың жақын туыстарының наразылығы туындады.Пайғамбардың мұрагерлік билігі үшін қарсы наразылықта болған топтар шииттер-саяси партиясын құрды.656 жылы Осман шииттердің бірінің қолынан қаза тауып,төртінші халиф болып,Али жарияланды.

Омейядтардың ықпалды бөлігі Алиге қарсы тұрып,оны өлтіру үшін бір тудың астына бірікті.Елде әскери әрекеттер басталды.Муавидің шағын әскері Халиф әскеріне қарсы тұра алмағандықтан,шешуші сәтте Муавия қулыққа жол берді.Оның әскерлері қасиетті Құранды найзаларымен бірге көтеріп,әскери емес даудың діни шешімін талап етті.Шииттермен келісімге барған Алиге сенімсіздік танытып оның армиясының 12 мың таңдаулы әскері өз көсемдерінің мұндай әрекетіне таң қалып,оның құрамынан шығып,өздерін хараджиттер деп жариялады.Али амалсыздан өзіне соғыс жариялаған хараджиттерге көңіл аударды.Ол үшін екі майдандағы күрес сәтсіз аяқталды.661 жылы Куфедегі мешітте хараджиттер қолынан қаза тапты. Омейядтар әулетінің негізін салушы Муавия халиф болып тағайындалды.

Омейядтар күшті саяси құрылымды құру үшін өз билігін күшейтуге белсене кірісті.Олар әскери күшіне арқа сүйей отырып,оларға табыстар әкелетін 2 маңызды факторды алдыңғы орынға қойды:

1)Жаулап алған жерлерді исламизациялау.Жаулап алған халықтар арасында исламның таралуы тез әрі табысты болды.Испаниядағы Орта Азияға дейінгі территориялар белсенді түрде исламдана бастады және бұл процесс еркін түрде жүрді.

2)Билікті күшейтудің маңызды факторы-арабтандыру.Жаулап алу барысында және көпшілік арабтар-әскерилер кешегі бәдәуилер жаңа жерлерге қоныстанып,сол жергілікті жерлерде күш алып,басты позицияға айналды.

Сонымен бірге араб тілінің семит мәдениетінің жақындығы Сирия,Ирактың арамейлік тұрғындары бұл аудандарда тез арабтануға септігін тигізді.



3. Египеттің,Ливия,Маграбтың христианданған тұрғындарында арабтану процесі кеш жүрді.Ливан,Палестина жерлерінде әсіресе христиан діні өте күшті аудандардың өзінде арабтану сәтті жүрді.Тек Иран,Аравиядан алыс Закавказье және Орта Азия да арабтар өте аз жерлерде араб тілі араб-ислам мәдениеті сияқты тең дәрежеде болды.Халықтар өмірінде араб-ислам мәдениеті және мемлекеттілігі маңызды орын алды.

Егер 4 халиф кезінде басқару билігі жергілікті билеушілер қолында болып,парсы тілдерінде жүргізілсе Омейядтар кезінде жағдай өзгере бастады.Араб тілі міндетті іс жүргізу есебінде жүрді және ғылым,білім беру,әдебиет,дін аймағында жалғыз болғанын айтады.

Халифаттың бүгінге күнге дейінгі ерекшелігі дін мен саясаттың бір-бірімен ажыра алмайтындығы.Ислам ешқашанда мемлекеттен бөлінген емес,керісінше ислам Ислам мемлекетінің идеялық негізі болды.Халиф ресми түрде толықтай билікті иеленді.Діни билеуші (имамат),зайырлы (эмират).Парсы үлгісі бойынша полициялық отрядтар,жолдар,керуен сарайлары салынды.Жаулап алынған территориялар 5 наместникке бөлінді.Ирак,Аравия,Египет,Закавказье,Батыс Африка орталыққа тікелей бағынған әмірлермен басқарылды.Олар өз эмираттарында қаржы,армия,билік аппараттарының қожайыны болды.

Халифаттың, барлық жерлердің иесі Алла атынан басқаратын-халиф болды.VIIIғғ ортасынан бастап олар пайғамбардың ағасы Аббастың туысы төңірегіне жиналды.747 жылы Хорасанда бұрынғы Кул Абу Мусмин бастаған көтеріліс болды.Көтерілісшілер арасында шииттерде болып, Омейядтар әскерімен сәтті соғыстар жүргізді.Нәтижесінде 747 жылыф Аббасидтердің әулетінің өкілі халиф болып жарияланды, Омейядтар әулетінің өмір сүруін тоқтатты.



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

Ұсынылатын әдебиеттер: О.Г.Большаков.История халифата.Т 13.М.1993,1998.

Беляев Е.А.Арабы,ислам и арабский халифат.М.,1966.

1.Хрестоматия по истории сред.век.Т.1.М.1961.С 200-222.

2.О.Г. Большоков «История халифата»Т 1-3.М.,1993,1998.

3.Н.К. Колесницкого. История средних веков. М.,1980 г.

4.Хрестоматия по истории сред.век.Т.2.М.1963.С226-234


11 Дәріс

Тақырып:Аббасидтер халифаты.

Дәріс мазмұны:1.Мемлекеттік құрылысы.

2.Халық көтерілістері.

3.Бағдат халифатының құлау себептері.

Дәріс мақсаты: Тақырыпты жеткілікті түрде жеткізу.

Негізгі түсініктер:

кадий, уәзір, әмір,зинджейлер.

Аббасидтер мемлекеті 750ж. Омейядар билігі құлатылғаннан кейін саяси билікті өз қолдарына алды. Аббассидтер Солт. Африка ,Алдыңғы азия ,Ирак Иран Закавказье территорияларын мұрагерлікке алды. Аббассидтер халифатының астанасы 762ж. негізі қаланғанБагдад қаласы болды.Мемлекеттің жоғарғы билеушісі Халиф діни және азаматтық істерді өз қолында шоғырландырды.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:


  1. Абассидер халифатының билік құрған жылдары?

  2. Бас кадий атқаратын қызмет?

  3. Аббасидтік халифаттың мемлекеттік діні?

Ұсынылатын әдебиеттер: Беляев А.Е.Арабы,ислам и арабский халифат в ранее средневековье.М.,1966.

Михайлова И.Б.Средневековый Багдад.М.1990.

Фильштинский И.М.История арабов и халифата.М.,1999.

Беляев Е.А.Арабы,ислам и арабский халифат.М.,1966.

1.Хрестоматия по истории сред.век.Т.1.М.1961.С 200-222.

2.О.Г. Большоков «История халифата»Т 1-3.М.,1993,1998.

3.Н.К. Колесницкого. История средних веков. М.,1980 г.

4.Хрестоматия по истории сред.век.Т.2.М.1963.С226-234


12 Дәріс

Тақырып:Орта ғасырлардағы Түркия.

Дәріс мазмұны:

  1. Түрік тайпаларының этникалық бірігуі.

  2. Түріктердің Кіші Азияға келуі.

  3. Түрік мемлекетінің негізінің қалануы.

Дәріс мақсаты: Тақырыпты жеткілікті түрде жеткізу.

Негізгі түсініктер:

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

Ұсынылатын әдебиеттер: Османская империя: государственная власть и социально-политическая структура (XIII-XVIII вв.). Сб. статей. М.,1990.

Османская империя в первой четверти XVII в./Сост. Ибрагим-бейли Х.,

Рашба Н.С. М.,1984.

История Востока.М:;1998.

Османская империя: государственная власть и социально-политическая структура (XIII-XVIII вв.). Сб. статей. М.,1990.

Османская империя в первой четверти XVII в./Сост. Ибрагим-бейли Х.,

Рашба Н.С. М.,1984.
13 Дәріс

Тақырып: XI- XV ғ.ғ. Түркия.

Дәріс мазмұны:


  1. Осман империясының құрылуы.

  2. Түріктердің Балқан түбегін жаулап алуы.

  3. Осман империясының құрылымы.

Дәріс мақсаты: Тақырыпты жеткілікті түрде жеткізу.

Негізгі түсініктер:

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

Ұсынылатын әдебиеттер: Курпаладис.Г.М. Государство Великих сельджуков М.,1992 г.

Османская империя и страны Восточной и Юго-Восточной Европы в

XV-XVI вв.: Главные тенденции политических взаимоотношений.М.,1984.

Османская империя: государственная власть и социально-политическая структура (XIII-XVIII вв.). Сб. статей. М.,1990.

14 Дәріс

Тақырып: XI- XV ғ.ғ. Араб елдері.

Дәріс мазмұны:


  1. XI-XVғ.ғ.Иранның саяси-әлеуметтік –экономикалық жағдайы.

  2. Фатимидтер дәуіріндегі Сирия мен Египет.

  3. Крест жорықтары.Саллах ад дин.

Дәріс мақсаты: Тақырыпты жеткілікті түрде жеткізу.

Негізгі түсініктер:

1171ж.Египеттегі өкімет билігіАйюби әулетінің негізін қалаушы Салах-ад-диннің қолына көшті.Ол курд еді. Айюбилер билігі кезінде (1171-1250) жердің көп бөлігі ихтаға айналды.Айюби сұлтандары сарайда мамлюктерден жасақталған ұлан ұстады. 1217-1221 жылдары Айюбилер кресшілердің Египетте шабуылына тойтарыс берді.

1250 жылы өкімет билігі мамлюктердің қолына көшті. 1260-1277 жылдары Египетте мамлюк сұлтаны шыққан тегі жағынан қыпшақ Бейбарыс билік құрды. Таққа отырған жылы ол қыпшақ Кетбұқа басқарған Алтын Орданың әскерін жеңіп, Египеттің тәуелсіздігін сақтап қалды.

13-14 ғасырларда Египет біршама өркендеді. Ол Еуропа және Үнді мұхиты елдерімен сауда байланысын жандандырды. 15 ғасырдың басында Әмір Темірдің шабуылына тойтарыс бере білген Египет 1517 жылы түріктерден жеңіліп, Осман империясының қол астына көшті.



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. XI- XV ғ.ғ. Араб елдерінің экономикалық саяси дамуы

2. Фатимидтер билігін құлатқан кім

3. Крест жэорықтарын тоқтатып қарсылық көрсеткен кім

Ұсынылатын әдебиеттер: История стран зарубежного востока в средние века.М.1989.С 219.

История стран зарубежной Азии в средние века.М1970.С 364.

Очерки истории арабской культуры V- XV вв.

История стран Азии и Африкии в средние века.М .1987.

15 Дәріс

Тақырып.: I- XV ғ.ғ. Оңтүстік-Шығыс Азия.

Дәріс мазмұны:

1. I- XV ғ.ғ. Малайзия. I- XV ғ.ғ. Индонезия.



2. X-XVI ғ.ғ.Вьетнам.

Дәріс мақсаты: Тақырыпты жеткілікті түрде жеткізу.

Негізгі түсініктер:

1. Вьетнам – оңтүстік-шығыс Азиядағы мемлекет. Үнді-Қытай түбегінің шығыс жа-ғалауында, Қытаймен, Лаоспен, Камбоджамен шектеседі, шығыс жағалауы оңтүстік Қытай теңізімен, Оңтүстік -батысы Слам шығанағымен ұласады. Б.з-дың басында Вьетнам жерінде темір дәуіріне өту кезеңі аяқталды. Вьетнамдықтар Лаквьеттер деген атпен белгілі арғы тектерінің қалыптасуы туралы мәселе б.з.б.1 мыңж. Янцзы өзенінің төменгі алабын жайлап, кейіннен оңтүстікке ығыса келіп, мұнда индонезиялық түпкі және азиялық бергі тайпалармен араласып, сіңісіп кеткен вьет этникалық тобының тарихымен байланысты. 3-4ғ солтүстік Вьетнам жерінде фео-далдық қатынастар орнады. Осы кезде Лаквьеттер Вьетнам халқы қалыптаса ба-стады.Ерте феодалдық тәуелсіз Вансуан мемлекеті 6ғ. ортасында құрылды. 10ғ-ң басына қарай феодалдық өндірістік қатынастар үстемдік алды. Әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан Вьетнам қоғамы Қиыр шығыстағы өркендеген елдердің дәрежесіне жетті 10ғ-ң басында Вьетнам мемлекетінің Қытайдан тәуелсіздігін қалпына келтірді. Осы ғасырдың 2-ші жартысында қуандардың үстемдігі әлсіреп, ел билеуде вуаның әмірі күшейді,елдің жаңа ресми аты Дайковьет (Еж. Ұлы Вьет) деп аталды. 11ғ-ң 1 жартысында бір орталыққа бағынатын феодалдық мемлекет қалыптаса бастады.Нығайған Вьетнам мемлекеті өзінің жерін ұлғайту үшін дамылсыз күресті, 12 –13ғ-ң Басында ол Камбоджамен ұзақ соғыс жүргізді. 1257-1288жж монғол әскерінің үш дүркін шабуылын тойтарып, өзінің тәуелсіздігін қорғап қалды. 13 ғ-ң аяғында Дайвьет Лаостың Лансанг мемлекетімен соғысты. Ұзақ соғыстардың ауыртпалылығы шаруалардың наразылығын туғызды, 14 ғ 2 жарт. Шаруа көтерілістері болды. 1407ж елге басып кірген Қытай агрессорлары 1427ж қуылды.Вьеттер ежелден жер өңдеумен айналысқан халық болды. Олар күріш, ірі бұршақ, жеміс өсіріп, буйвол және өгіз өсірді, жібек өндірумен айналысып, жібек маталаржасады. Балық аулау ісі кеңінен дамыды. Солтүстік Вьетнам тауларында бал, темір,мыс, қорғасын, алтын табылды. Саудада негізгі кірісті піл сүйектері мен мүйізі әкелді. Қолөнершілер темір өңдеу, құм өндіру, тігу, тоқыма өндірісінде жоғары дәрежеде дамыды. 8-9ғ.ғ елдің экономикалық дамуы алға басты. Өзен жазықтығында және теңіз жағалауында жаңа қалалар көбейді. Вьеттік архитекторлар жаңа ірі көп қабатты ғимараттар және қамалдар салды, және де қалада жиі тас және тас-ағаш ғимараттар салынды. «Солтүстікке тәуелдік» кезеңі – вьет елінде Қытай империясының билеген кезеңі –бұл құрлым өз заңына сәйкес дами түсті

2.Индонезия-Азияның оңтүстік-шығыс бөлігіндегі мемлекет. Азия мен Австралия материгінің аралығындағы Малайя архипелагын, яғни Үлкен зонд, Кіші зонд, Молдкка аралдарын және Жаңа Гвинеяның батыс жағы мен оның төңірегіндегі ондаған шағын аралдарды алып жатыр. Кең байтақ Малайео архипелагында б.з 1 ғ мемлекеттің құрлу процесі басталды. Б.з.1 мыңжд. ортасында , яғни ерте ортағасырдың басында , архипелагта Қытай , Үнді және Антикалық дерегтерге сәйкес 7-10 мемлекет болған. Алайда олар туралы , әсіресе әлеуметтік эко-номикалық тарихы жеткіліксіз болды. Ежелгі Индонезия мемлекетінде көптеген қиыншылдықтар кездеседі б.з.1 мыңж. 1 жартысында және ортасында оңтүстік-шығыс Азияны және Индонезияның географиясы мен тарихын тану авторларға қиынға соқты. Индонезия мемлекеттің құрлуы оның халқының сыртқы дамуының заңды нәтижесі болды. Б.ғ.д 1 мыңж. Индонезияның солтүстік аудандарында , яғни теңіз жолдарының шетінде орналасқан 1-ші кезекте Явада және жағалаудағы Суматры Малан бұғазында орналасқан. Күміс техникасының орнына темір келді, еңбек өндірісі өсіп, қосымша өңки күшейді. Мүліктік теңсіздік ,айырбас қатынасы дамыды. Сословиелік бөліну кейінгі қауымдық-туыстық құрлыс сатысында болған тапқа айналды. Осының ізімен ерте таптық мемлекет шығыды. Индонезия халқында мемлекеттің құрылу процесі әртүрлі кезеңде басталды, және оның тарихи дамуының біркелкі болмауы- Индонезия тарихының ежелден қазіргі кезеңге дейінгі өзгеше ерекшелігі болды. Негізгі өндірістің , әлеуметтік- экономикалық құрлысының 1-ші индонезиялық мемлекетте деса қауымы болады. Ол сыртқы жұмыстарды толықтай автономияны сақтады. Қауым өңделген жер, орман, суды иелік етті. Жерге колективтік еңбек мүшелерінің бірігуінің қажеттілігі өндіріс процесінде және оның қоғамға бөлінуіне қатысты. Қолөнер және де толықтай егін шаруашылығынан бөлінді. әлеуметтік экономикалық қатынастарға қатысы жоқ үй құлы болды. Индонезия құлиеленушілік процестін қауымдық құрылыстың мықты болуына байланысты. Рулық басқарушылар мен тайпа көсемдері, өздерінің жағдайын пайдаланып қоғамдық құрылыста және әскери шапқыншылықтармен және саудамен билікті басып алды.

Наместниктік системада дамыды. әдетте наместниктер басшының жақын туыстары болды. Көсемдер мен наместниктер салық жинаумен айналысты. Ақсүйектер бірте-бірте феодалдарға айналды. Осылайша феодалдық типтегі мемлекеттің құрылуы дамыды.Көптеген индонезиялық мемлекеттер б.з.д. 1 мыңж. 2-ші жартысында осындай болды. Біздің заманымыз қарсаңында Малайя өзінің бұғаздары,географиялық жағдайына байланысты «Азияның тоғысуы» болды.Ол теңіз жолдарында Үнді мұхитынан Тыныққа және кері, сонымен бірге түбекте оңтүстік-шығыс Азияның материктік және аралдық мемлекеттердің арасындағы байланыстыруымен болды. Малая және Малок бұғазы Үнді жолдары,парсы,араб саудагерлері бір жағынан Қытай екінші жағынан туған жерлері болды. Саудагерлер үшін өз тауарларын айырбастау қолайлы болды.



3.Малая көптеген елдердің саудагерлерінің қызығушылығын туғызды. Тек транзиттік сауду ауданы ретінда ғана емес, сонымен бірге осынан алынатын тауарлары:бағалы тастар, алтын, күміс және тропикалық жемістерімен қызықтырды. Малаяға мақтадан тоқылған Мата,метлдық және керамикалық бұйымдар,моншақ және басқа да сәндік бұйымдар апарды. Б.з. 1-ші ғасыры қарсаңында шығыс елдерінде Индияға жататын, Малайя және Индонезияны қосқанда үнділіктер,оңтүстік Арабияда арабтар және парсылар өз қолдарында ұстады. Антикалық өмірде Малая Антик херсонес және хрисе деген атпен белгілі болды. Біздің заманымыздың басында барлық Малай түбінде солтүстік оңтүстікке деген Малоазиялық тілді тайпалар орналасты. Олар қауымдық-туыстық құрлысты сақтады. Лангкасукиден солтүстікте 2 ғ басында Тамбралинга, ал батыс жағалауында Кедах және Кедахтан солтүстікте Таккаго құрылды.Тамбрилингадан солтүстігінде Сол кезеңде Паньпань және Тэио княздықтары құрылды. 3 ғ. түбектің солтүстік шетінде Дунсунь княздығы, оңтүстігіндеЦзюйли құрылды. Әлеуметтік-экономикалық жағдай және саяси тарихи Малай мемлекеті құрылған мемлекеттерле аз зерттелген. 8 ғ. ортасынла барлық түбектің оңтүстік бөлігі Индонезиялық Керивиджайден, шығыс Сумареге вассалдыққа түседі. Малайя негізінен барлық аралдық оңтүстік-шығыс Азия елдерімен тығыз байланыста Болды. Сондықтанда оны Малайлық архепелаг деп атады.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

Ұсынылатын әдебиеттер: История зарубежной Азии Л,1970 г.

История народов Восточной и Центральной Азии с древнейших

времен до наших дней М.,1986 г.

История зарубежной Азии Л,1970 г.

История народов Восточной и Центральной Азии с древнейших

времен до наших дней М.,1986 .

История стран зарубежной Азии и Африки в средние века. М.,1970г

84-86 беттер




6.Семинар сабақтарының жоспары




Тақырыбы

Семинар сабағының мазмұны

Апта

Әдебиеттер

1

Қытайдағы феодалдық қатынастардың қалыптасуы (ІІІ-ІХ ғ.ғ.)


  1. «Үшпатшалық» дәуірі және Қытайдың уақытша бірігуі.

  2. Үлестік жүйенің енгізілуі.

  3. Феодалдық жер меншігінің түрлері.

  4. Тәуелді халық категориялары.

  5. Суй және Тан империяларындағы аграрлық қатынастар, олардың ерекшеліктері.

  6. Сыртқы саясат және сыртқы қатынастар.

1

1,3,2,4,5

2

ҮІІ- ҮІІІ ғ.ғ. Жапония. Сетоку конституциясы (604 ж.).

  1. Жапондық әлеуметтік және экономикалық құрылымның қалыптасуы.

  2. ҮІІ-ҮІІІ ғ.ғ. мемлекеттік құрылыс ерекшеліктері.

  3. «17 бап» заңы («Сетоку конституциясы»).

    1. құжаттың пайда болу тарихы;

    2. авторлық мәселесі;

    3. елдегі билікті император тұқымының иелену ерекшеліктері.

    4. Заңның маңызы.

2

5,6,12,14,10.

3

Ерте ортағасыр дәуіріндегі Үндістан.


1.Гупттар дәуіріндегі Үндістан.

2.Қауымдық-касталық жүйе.

3.Үндістанға эфталиттердің енуі және оның салдарлары. Харша державасы.

4.Индуизмнің таралуы.

5.Үндістанға исламның енуі.


3

12, 26,38,39

4

Маздакиттер қозғалысының діни және философиялық мазмұны


1. Сасанилер державасы және оның әлеуметтік құрылымы.

2. Маздакиттік қозғалыстың діни негіздері, оның зороастризммен, христиандықпен байланысы.

3. Маздакизм және манихейлік, оның әлеуметтік мәні.

4. Арабтардың енуі. Сасанилер державасының құлауы.

5. Мәдени өрлеу.


4

1,24,30,31,

33.


5

Исламның пайда болуы және таралуы.


  1. Джахилийа кезеңіндегі арабтар сенімі.

  2. Ислам дінінің қалыптасуы және Араб мемлекетінің құрылуы.

  3. Мұхаммед және оның исламдағы рөлі.

  4. Құран – мұсылмандардың қасиетті кітабы.

  5. Исламда ағымдардың пайда болуы.



5

1,24,30,31,

33.


6

Х-ХҮ ғ.ғ.Қытай.


  1. ІХ ғ. Қытайдағы шаруалар соғысы тарихнамасы.

  2. Соғыстың себебі және барысы. Шаруалар соғысының бағдарламалық құжаттары.

  3. Х-ХІІ ғ.ғ. халық көтерілістері.

  4. Моңғол езгісіндегі Қытай.

6

8,14, 28,33

7

Самурай – Жапониядағы әскери сословие.


  1. Самурайлықтың қалыптасу көздері мен алғышарттары.

  2. Самурайлықтың әлеуметтік статусы эволюциясының кезеңдері. Самурайлық бөлімдер қызметі.

  3. Самурайларды оқыту және тәрбиелеу жүйесі.

  4. Самурай кодексі – бусидо.

7

20,22,25,30


8

Дамыған феодализм дәуіріндегі Үндістан.


  1. Дели сұлтандығының құрылуы.

  2. Дели сұлтандығындағы феодалдық меншік формалары (икта, халиса, инам, мульк, вакф).

  3. Лоди династиясы, Бахмани мемлекеті. Виджаянагар мемлекеті.

8

1,22,25,28,30

9

Х-ХҮ ғ.ғ. Иран.


  1. Селжұқтар мемлекетінің құрылуы, әлеуметтік-экономикалық, саяси даму ерекшеліктері.

  2. Монғолдар билігіндегі Иран. Салық жүйесі.

  3. ХҮ ғ. Ирандағы халық қозғалыстары.

9

10,25,19,30.


10

ХІҮ-ХҮ ғ.ғ. Осман империясы.


  1. Осман сұлтандарының Европа мен Азиядағы басқыншылық саясаты.

  2. Константинопольды басып алу және Осман империясының құрылуы.

  3. Жер қатынастарының ерекшеліктері және олардың заңдық бекітілуі.

  4. Янычарлар корпусы.

10

5,3,10,15,25,24.

11

Кейінгі ортағасыр дәуіріндегі Қытай.


  1. Қытайдағы шаруалар соғысының басталуы. Қытайдың солтүстік көтерілісшілерінің 1628-1638 ж.ж. әрекеті.

  2. 1639-1644 ж.ж. шаруалар соғысының жалғасуы және Минь династиясының құлатылуы.

  3. Қытай өнерінің негізгі жанрлары.

  4. Азаматтық құрылыс. Қалаларды жобалау.

  5. Қолданбалы өнер.

11

10,4,5,9,15,25,26.


12

Жапонияның бірігуі.

  1. ХҮІ ғ. басындағы Жапонияның экономикалық және саяси жағдайы.

  2. Елді біріктіру үшін күрес: негізгі кезеңдері, қозғаушы күштері.

  3. Саяси құрылыс сипаттамасы (сегунат жүйесі).

  4. Хидеёсидің жер кадастрі.

  5. Жапонияға европалықтардың енуі. «Жапонияны жабу».

  6. Токугаваның әлеуметтік саясаты.

12

10,4,5,9,15,25,26.


13

Кейінгі ортағасыр дәуіріндегі Үндістан.


  1. ХҮІ-ХҮІІ ғ.ғ.Оңтүстік Үндістан.

  2. Үндістандағы Моғолдар мемлекеті.

  3. Акбар реформалары.

  4. Моғол империясының құлауы.

  5. Мәдениеті.

13

7,2,4,14,25,27.

14

Осман империясының құлау себептері.

1. Ұлы географиялық ашулар және оның Түркияның халықаралық жағдайына ықпалы.

2. Түркияның экономикалық артта қалуы.

3. Тимарлық жүйенің кері ықпалы.

4. Янычарлар корпусындағы жағдай.

5. Әскери сәтсіздіктер.


14

4,23,25,27, 33.

15

Африка халықтарының тарихи тағдырындағы құлдықтың рөлі.


  1. Құлдар үшін әскери экспедициялардың негізгі аудандары.

  2. Африканың Шығыс және Батыс жағалауларындағы құлдық ауқымы.

  3. Африка үшін құлдықтың әлеуметтік-экономикалық салдарлары.

  4. Құлдықтың психологиялық салдарлары.

15

21-31,23,29,27




7. ПРАКТИКАЛЫҚ, СЕМИНАРЛЫҚ, ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ САБАҚТАРҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
В) Практикалық сабақты жүргізуге арналған әдістемелік нұсқаулар:
Семинарлық сабақтардың негізгі мақсаты-студенттердің теориялық білімдерін бекіту мен тереңдету және практика жүзінде оларды қолдану дағдыларын қалыптастыру.

1. Семинар сабақтарын тиімді өткізуге арналған талаптар.

1.1. Ұйымдастырушылық жұмыстарына қойылатын талаптар:

- семинар сабақтарының мамандық бойынша құрылған оқу жоспарына сәйкес келуі;

- пәннің типтік және оқу бағдарламасының, сабақ кестесінің болуы;

- семинар сабақтарының дәріс сабақтарымен, бақылау жұмыстарымен және басқа да пән бойынша өткізілетін оқу сабақтарының түрлерімен сәйкестігі;

- техникалық құралдарды кеңінен қолдану;

- университеттегі кітапханалардың әдебиеттермен қамтылу жағдайын ескере отырып, семинарларға әдебиеттер беру;

- семинар сабақтарына студенттердің дайындығын тексеруді ұйымдастыру;

1.2. Семинар сабақтарының мазмұнына қойылатын талаптар:

-семинар сабақтарының мазмұнының пәннің негізгі бөлімдерін қамтыған оқу бағдарламасына сәйкес келуі;

- семинар сабақтарының пәннің оқу сабақтарының басқа түрлерімен байланысын қамтамасыз ету;

-сабақтарда студенттердің жаңа жағдайда білімді өз бетімен пайдалана алу қабілетін дамыту;

-алға қойылған міндеттерді шешу қабілетін дамыту.

1.3. Әдістемелік талаптар:

-дәріс курсымен және басқа да оқу сабақтарының түрлерімен логикалық байланысын қамтамасыз ету;

-студенттер мен оқытушының семинар сабағына дайындық;

-қайшылықты мәселелерді дұрыс талдау мен дұрыс емес жауаптарды түзету;

-курстың спецификалық ерекшелігі мен студенттердің жеке қабілеттерін ескере отырып студенттердің өз бетімен жұмыстануына оқытушының дифференцияцияланған басшылықты қамтамасыз ету.

1.Тақырыбы: XII-XIV ғ.ғ Жапония

Мақсаты: Жалпы тақырып бойынша сұрақтары мен мазмұнына сай нақты мағлұматтар беру.

Негізгі сұрақтар:

1.Сегунат жүйесінің қалыптасуы.

2.Ходзе реформалары.

3.II Сегунат.Ірі феодалдық иеліктердің қалыптасуы.

4.XIII-XIV ғ.ғ. Жапонияның әлеуметтік-экономикалық дамуы.

Әдістемелік нұсқаулар: Алғашқы сабақты ауызша сұрау.
2. Тақырыбы: Корей халқының азаттық күресі.

Мақсаты: Тақырыпты талдау.


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет