Адам анатомиясы электронды оқу құралы


Ағза және оны құрайтын құрылымдар



бет4/54
Дата05.12.2023
өлшемі23,93 Mb.
#195178
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
Байланысты:
Адам анатомиясы ЭОҚ-10.06.21Сержанова
ЭСТАФЕТА, 9 б тж
1.5. Ағза және оны құрайтын құрылымдар. Дене құрылысын адам тік тұрғанда зерттеу қолайлырақ. Бас (capur) бөлігі: ми сауыты (cranium), бет (facies), мұрын (nasus), ауыз (oris) мүшелерінен құралады.
Тұлға (truncus) бөлігіне: арқа (dorsum), кеуде (thorax), құрсақ (abdomen), жамбас қуысы (pelvis), омыртқа жотасы (collumna vertebralis), кеуде (compages thoracis) жатады.
Қол бөлігінде (membrum superius) мыналар: қолтық (axilla), иық белдеуі (cingulum membri supertoris), қар (brachium), шынтақ (cubitus), білек (antebrachium), қол басы (manus) болады.
Аяқ бөлігінің (membrum inferius) құрамы: шат (inguinalis), мықын белдеуі (cingulum membri inferioris), сан (femur), тізе (genum), тақым (poplitea), балтыр (crus) және аяқ басынан (pes, pedis) тұрады.
Жоғарыда аталған дене бөліктеріндегі мүшелердің (сүйек, бұлшықет, қан, сарысу тамырлары, жүйкелері және т.б) барлығы сол дене бөліктерінің атымен аталады. Сондықтан оның аттарын дұрыс атап, жаттап алу керек.
Адам денесінің әрбір бөліктері бірнеше аймақтарға бөлінген. Адам денесінің құрылысымен танысу кезінде мәйіттен теріні бұлшықеттен сылап ажырату үшін бұл аймақтарды біліп алмаса болмайды. Тері осы аймақтар бойынша кесіліп, сылынады.
Дәріс №2. Тірек – қимыл аппараты. Құрылымы мен қызметі
Жоспары
2.1 Тірек-қимыл жүйесіне жалпы шолу
2.2 Сүйектер туралы жалпы мағлұмат
2.3 Адам қаңқасы
2.4 Сүйектердің байланысы туралы ілім
2.1 Тірек-қимыл жүйесіне жалпы шолу. Қаңқа, сіңір, буын және бұлшықеттер (1-бейне) тірек-қимыл жүйелі мүшелеріне жатады.
Қаңқа (грекше: sсeleton немесе skeleton – кеберу) адам және жануарлар денесіне белгілі пішін берумен бірге тірек, қимыл және қорғаныш қызметін атқарады. Мысалы, қол-аяқ сүйектері денені қимылдатса, омыртқа жотасы тірек-таяныш болады, бассүйек – миды, кеуде қуысы – өкпе мен жүректі, жамбас қуысы құрсақ қуысының төменгі бөлігіндегі мүшелер мен несеп шығару мүшелерін қорғайды.
Бұлшық ет, сіңір және буындар болмаса, адамның қаңқасы тиісті қызметтерді атқара алмайды. Қаңқа – тірек-қимыл жүйелі мүшесінің таяныш бөлігі, ал бұлшық еттер олардың белсенді қозғалтқыш бөлігі болып табылады. Сіңір мен буындар қаңқаның сүйектерін бір-біріне байланыстырып, буын түзіп, қимылдың беріктігін, бекемдігін сақтайды және қозғалуға икемді етеді.
Бұлшық еттер. Бұлардың негізгі қасиеті – жиырылғыштығы. Жиырылу арқылы мүшелердің қозғалғыштығын үйлестіреді және жүйке жүйесі арқылы мүшелердің қозғалғыштығын рефлексті түрде реттейді. Бұлшық еттер буындарды айнала шандып, жалғасатын екі-үш сүйекті бірімен-бірін байланыстырады. Бұлшық еттердің осы кезде жиылырылып созылуының нәтижесінде байланысқан біріне-бірі бірде жақындап, бірде алшақтайды. Олардың бұл қызметі бұлшық еттердің қозғалуы немесе динамикалық қызмет деп аталады.
Тірек-қимыл жүйелі мүшелерінің тәнтанымдық іс-әрекеттерін тереңірек зерттейтін ілім салалары: сүйектер туралы ілім остеология, сүйектердің байланысын зерттейтін ілім синдесмология және бұлшық еттер туралы ілім миология деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет