Адамның жасы мен жынысына байланысты терінің ерекшеліктері


Терінің функциялары (балалардағы жастық ерекшеліктер)



бет5/7
Дата26.09.2023
өлшемі3,88 Mb.
#182529
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
985213 2, рк физ 1

Терінің функциялары (балалардағы жастық ерекшеліктер)

  • Қорғаныстық- тері ағзадағы мүшелерді сыртқы ортадан келетін зиянды заттардан қорғайды (механикалық, химиялық зақымдардан, күн сәулесінен), ауру тудырушы микробтар мен негативті заттарға қарсы барьерлік қызмет атқарады. Терінің бұл қызметі, әсірксе жаңа туған балаларда және емшек жасындағы баларда жеткіліксіз. Өйткені жаңа туған және емшек жасындағы балаларда жұқа және жұмсақ терінің мүйізді қабаты ересектермен салыстырғанда механикалық және химиялық факторлар әсер еткенде тез зақымданады, жергілікті иммунитеттің дамымауы, нейтралды немесе әлсіз рН-ы әсер етеді
  • Тыныс алу; оттегі тек өкпе арқылы емес, теріменде түседі. Тері «дем алады » - оттегіні жұтады және көмірқышқыл газын бөледі. Ересектерде тері арқылы ауаны жұту өкпеге қарағанда 800 есе аз. Ал ересектер мен нәрестелерде тыныс алу қызметі мүйізді қабаттың жұқалығына байланысты және қанмен қамтамасыз етілуіне байланысты маңызды.
  • Терморегуляция: Жылу тері арқылы сыртқа беріледі.Терінің бұл қызметі жаңа туған және емшектегі балаларда жақсы байқалады. Сондықтан балалар тез тоңып,тез ысып кетеді. Терінің беті үлкен,эпидермис жұқа,капиллярлары көп және орталық нерв жүйесінің реттеу әсерінің толық жетілмеуіне байланысты жеңіл,бірақ нашар таралатындықтан дене жылуы өзгермелі болады. 1жасқа дейінгі балаларда булану нашар,ал 2-3жастан бастап булану процесі дамиды. Соның нәтижесінде жылу реттеледі. Сезгіштік . Теріде қысым, жанасу, ауру, суық, жылуды қабылдайтын көптеген рецепторлар орналасады. Жаңа туған балада экстрарецепторлар жақсы дамыған және қоздырғыштарды қабылдай алады. Бірақ орталық нерв жүйесі толық өсіп жетілмегендіктен терінің сезімдік әрекеті жетілмеген. Синтетикалық. Д витамині теріде күннің күлгін сәулесі әсерінен түзіледі. Бұл витаминнің жетіспеуінен әсіресе балаларда рахит ауруы дамиды. Қанның қоры қызметі. Терінің торлы қабатында(дерма) көптеген артериоло-венулярлы анастамоздар мен қан тамырлар торының орын алуына байланысты болады. Ересек адамның терісінің осы қабатында 1л-дей қан сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет