Аңдатпа зерттеу тақырыбы: Жаратылыстану-математика бағытындағы жоғары сыныптарда физика курсындағы «Электр және магнетизм»



бет2/3
Дата19.10.2023
өлшемі23,94 Kb.
#186862
түріДиссертация
1   2   3
Байланысты:
АННОТАЦИЯ (каз) (Автосохраненный)

Зерттеудің негізгі нәтижелері
1. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы жоғары сынып оқушыларына "Электр және магнетизм" бөлімін бейінді оқытудың әдістемесінің теориялық негіздері айқындалды. Олар оқушыларды оқыту мақсатын, оқушылардың кәсіби қызығушылықтарын, "Электр және магнетизм" бөлімі мен элективті курстың мазмұнын ескереді.
2. Жоғары сынып оқушыларына "Электр және магнетизм" бөлімін бейінді оқытудың әдістемесі әзірленді. Ол бөлімнің практикалық бағытына және "Қолданбалы электродинамика" элективті курасына сүйенеді.
3. Жоғары сынып оқушыларына "Электр және магнетизм" бөлімінде бейінді оқытудың әдістемесі жасалды. Аталған әдістеме пәндік, мазмұнды және процедуралық компоненттерді біріктіреді.
4. Өткізілген педагогикалық эксперимент барысында жоғары сынып оқушыларының физикасы бойынша бейінді оқытудың ұсынылған әдістеменің тиімділігі тексерілді.
Алынған нәтижелердің жаңалығы мен маңыздылығы:
1. "Электр және магнетизм" бөлімінде бейінді оқытудың әдістемесі теориялық негіздері және пәнаралық байланыстар мен кәсіби дайындық бағытының принциптеріне негізделген элективті курстың мазмұны негізделген.
2. "Электр және магнетизм" бөлімі мен элективті курстың мақсатты, мазмұнды және процедуралық компоненттерін біріктіретін, іргелі, ғылыми, пәнаралық байланыстар мен Кәсіби бағытталған оқыту принциптерін құрудың жетекші дидактикалық принциптеріне сай әдістемесі негізделген.
3. Жоғары сынып оқушыларына "Электр және магнетизм" бөлімінде бейінді оқытудың әдістеменің моделі негізделген. Ол түлектердің болашақ кәсіби саласымен пәнаралық байланысты ескеретін және физика сабақтарында оқушылардың өзіндік дайындығының дидактикалық ақпараттық құралдарын қамтитын зертханалық практика моделін пайдаланады.
4. Өткізілген педагогикалық эксперимент әзірленген әдістеменің тиімділігін көрсетті.
Алынған нәтижелердің маңыздылығы "Электр және магнетизм" бөлімінде бейінді оқытудың әдістемесінің теориялық негіздемесі және "Қолданбалы электродинамика "элективті курсы, мектепте жоғары сынып оқушыларын кәсіби даярлау үшін әзірленген материалдарды пайдалану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет