Адилханов олжас шайзандаевич


Өңдеу өнеркәсібі салаларының бәсекелестік артықшылықтарын бағалау және экспорт құрылымын жаңғырту



бет14/28
Дата27.02.2023
өлшемі1,79 Mb.
#170278
түріДиссертация
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28
Байланысты:
adilhanov-o-povtor-phd-s-sp
2-дәріс. Бейнелеу өнерінің даму тарихы
2.3 Өңдеу өнеркәсібі салаларының бәсекелестік артықшылықтарын бағалау және экспорт құрылымын жаңғырту
Өңдеу өнеркәсібі салаларының бәсекелестік артықшылықтарын бағалау кезінде экономикалық өсудің ішкі және сыртқы жағдайларын, үрдістерді, заңдылықтарды, экономикадағы сәйкессіздіктер мен теңгерімсіздіктерді анықтау қажет. Жүргізілген талдау нәтижелерін ескере отырып, экономиканы индустриялық-инновациялық даму траекториясына шығаруға бағытталған әртараптандырудың негізгі жолдары айқындалуға тиіс.
Алдыңғы бөлімдердегі талдау нәтижелері көрсеткендей Қазақстанның қазіргі өндірістік қуаты және мүмкіндіктері шектеулі, сондықтан экспортты әртараптандыру мүмкіндігі төмен. Дегенмен өңдеу өнеркәсібі саласының кейбір салаларының динамикасы қазіргі жағдайды өзгертуге мүмкіндік береді.
Бұл индустрияландыру саясатын жүзеге асыру тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің әлемдік нарығында өзіміздің бәсекеге қабілетті өнімімізді жасау және жаңа экспорттық стратегияны әзірлеу үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Төменде өңдеу өнеркәсібі өндірісінің тәуелсіздік алғаннан бергі аралықтағы әр бес жылдыққа жалпы ішкі өнімдегі үлесі келтірілген.

Кесте 18 – 1993-2021 жылдардағы ҚР өңдеу өнеркәсібі өндірісінің жалпы ішкі өнімдегі үлесі






1993

1998

2003

2008

2013

2017

2021

Өсім, %

Өндіріс әдісімен жалпы ішкі өнім (млрд. тг)

29 ,4

1733,3

4 612,0

16 053

35 999,1

53 101,3

83951,6

158

Өңдеу өнеркәсібі (млрд. тг)

15,8

441,7

1218,9

3359,6

5852,6

9400,8

17121,4

182,1

ЖІӨ-дегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі %




12,01

14,21

11,77

10,63

11,19

13,6

2,41

Ескертпе – әлемдік банк, [] деректері негізінде құрастырылды

Пандемиядан кейін 2021 жылғы дерек бойынша өткен жылмен салыстырғанда өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс қарқынды өсіп 182,1% - ға өсті. 2020 жылы азық-түлік өнімдері (103,2%), негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар (147,3%), қара металлургия (103,2%) және машина жасау (116,4%) өндірісі ұлғайды.


Өңдеу салаларының ішінде металлургия мен тамақ өнеркәсібі өндіріс құрылымында басты орын алады. Олардың өңдеуші өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлеміндегі жиынтық үлесі 2010 жылдағыдай шамамен 60% - ды құрайды (12-сурет).


Сурет 12 – 2010 жылы Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің құрылымы, %


Ескертпе – [] дереккөз негізіде автормен құрастырылды








Сурет 13 – 2020 жылы Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің құрылымы, %

Ескертпе – [] дереккөз негізіде автормен құрастырылды


Кесте 19 –ҚР өңдеу өнеркәсібінің өндірісі мен экспортының құрылымы




2012

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

2021



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет