Адилханов олжас шайзандаевич


«Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»



бет2/28
Дата27.02.2023
өлшемі1,79 Mb.
#170278
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
adilhanov-o-povtor-phd-s-sp
2-дәріс. Бейнелеу өнерінің даму тарихы

«Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы».

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 тамыздағы № 511 қаулысымен бекітілген «Ұлттық экспорттық стратегия» бағдарламасы.


Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары».

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1050 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 мемлекеттік бағдарламасы».

2020 жылғы 1 қыркүйектегі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі».

Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы «Өнеркәсіптік саясат» туралы заңы.

2022 жылғы 16 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы».


«Елішілік құндылықты және экспортқа бағдарланған өндірістерді дамыту» бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 маусымдағы № 452 қаулысы

Белгілеулер мен қысқартулар



ҚР

Қазақстан Республикасы

ЕО

Еуропалық одақ

WTO

Дүниежүзілік сауда ұйымы

ЕАЭО

Еуразиялық экономикалық одақ

АҚШ

Америка Құрама Штаттары

АҚШ долл.

Америка Құрама Штаттарының доллары

РФ

Ресей Федерациясы

ҚХР

Қытай Халық Республикасы

СҚО

Солтүстік Қазақстан облысы

ШҚО

Шығыс Қазақстан облысы

БҚО

Батыс Қазақстан облысы

АЭА

Арнайы экономикалық аймақ

АӨК

Агроөнеркәсіп кешені

ЖШС

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік

ШК

Шағын кәсіпкерлік

ШОК

Шағын және орта кәсіпкерлік

ННІ

Херфиндаль-Хиршман индексі

ХЕБ

Халықаралық еңбек бөлінісі

RCA

Салыстырмалы артықшылық индексі немесе Баласс индексі

XCI

Экспорттық бәсекеге қабілеттілік индексі

ECI

Экономикалық күрделілік индексі немесе Гарвардтық индекс

IAI

Инновациялық белсенділік индексі

EPI

Экспорттық әлеуеттің өмір сүру индексі

ҒЗТКЖ

Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар

ЖІӨ

Жалпы ішкі өнім

ЖАӨ

Жалпы аймақтық өнім

ЖҚҚ

Жалпы қосылған құн

ТШИ

Тікелей шетелдік инвестициялар

ҰСБ

Ұлттық статистика бюросы

ЕДБ

Екінші деңгейлі банктер

АҚ

Акционерлік қоғам

ОА

Орталық Азия

ДСҰ

Дүниежүзілік сауда ұйымы

ИИДМБ-3

Индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасының 2020-2025 жж. арналған үшінші кезеңі

ГҚ

Гранттық қаржыландыру

БНҚ

Бағдарламалы-нысаналы қаржыландыру

ТҰК

Трансұлттық компаниялар

ҚР БҒМ ҒК

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті

ҚР ҰҒА

Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы

ҚР ҰКП

Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы

МІТ

Массачусетс технологиялық институты

WB

Әлемдік банк

ITC

Халықаралық сауда орталығы

UNComtrade

БҰҰ-ның деректер базасы

ҚР ИИДМ

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

ҚР СИМ

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министірлігі

UNCTAD

Біріккен Ұлттар Ұйымының Сауда және даму жөніндегі конференциясы

SWOT

Күшті және әлсіз жақтары, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлері

New Manufacturing

АҚШ-тағы «Жаңа өндіріс» мемлекеттік бағдарламасы

Industry-4

Германияның төртінші индустриялық революциясы

KazakhExport

Қазақстандық экспортты сақтандыру компаниясы

QazIndustry

Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы

QazTrade

Сауда саясатын дамыту орталығы акционерлік қоғамы


КІРІСПЕ


Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл диссертациялық жұмыс Қазақстан Республикасының өңдеу өнеркәсібі саласының экспортын әртараптандыру үрдісін зерттеуге бағытталған. Аймақтар бойынша экспортты әртараптандыру деңгейін зерттеу методологиясы ұсынылып, сол әдістеме негізінде бағалау жүргізіледі. Өңдеу өнеркәсібі саласының 2025 жылға дейінгі мүмкін болатын даму сценариі әзірленіп, сол сценариіді жүзеге асыру тетіктері бойынша ұсыныстар беріледі.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Жаһандық экономиканың бүгінгі жағдайында әрбір ел экономикасын тұрақты өсіруге ұмтылуда, экономикалық өсімнің құрылымында экспорттың маңызы зор. Көптеген елдер өз экспортын дамытуға талпынып, шетелдік нарықта тиімді стратегияларды пайдалана отырып халықаралық сауда кедергілерін азайтуда. Экспортты әртараптандыруды нәтижелі жүзеге асырған елдер мықты экономика құрды.
Экспортты әртараптандыру мәселесі осы күнге дейін өзектілігін жоғалтқан жоқ, қайта қазіргі геосаяси шиеленіс кезінде бұл тақырып күн тәртібіне шығып отыр. Оның ішінде, дамуға ұмтылған елдер, олардың ішінде мол қазба байлықтарға ие елдерде экспортты әратараптандыру мәселесін зерттеу өзекті. Бразилияның мысалында бұл тақырыпты зерттеген ғалым X.Карера - басқа да мол табиғи ресурстары бар дамушы елдерде зерттеулер жүргізу қажеттілігін өзінің зерттеу жұмысында келтірген. Сондықтан жер асты қазба байлықтары мен шикізатқа бай мемлекет ретінде Қазақстан мысалында экспортты әртараптандыру тақырыбын зерттеу маңызды болып отыр.
Ұзақ мерзімді перспективада шикізат тауарларының экспорттық бағасы импортталатын дайын өнеркәсіп өнімдерінің импорттық бағасына қатысты төмендейді. Бұл экспортын әртараптандыра алмаған елдер үшін макро –микроэкономикалық қиындықтар туғызады. Қазақстан да тұрақты экономикалық өсімді қалыптастыру, валюталық түсімді тұрақтандыру, өңдеу саласында импортқа тәуелділікті азайту т.б. қолайлы макроэкономикалық климат жасау мақсатында экспортты әртараптандыруды міндет етіп қойды. Нәтижесінде «2018-2022 жж. арналған Ұлттық экспорттық стратегиясы» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Бағдарламаның басты міндеті 2022 жылы шикізаттық емес экспортты 1,5 есеге арттыру және экспортты әртараптандыру. Соңынан Үкімет қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020–2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Мұнда да негізгі мақсаттардың бірі төртінші технологиялық төңкеріс жағдайында өңдеуші өнеркәсіптің салаларын ішкі және сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін нығайту. Ол үшін 2018 жылғы базалық жылмен салыстырғанда 2025 жылға қарай: «өңдеу өнеркәсібінің еңбек өнімділігін базалық жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,6 есеге нақты өсіру, өңдеу өнеркәсбі экспорт көлемін базалық жылмен салыстырғанда 1,9 дейін есеге өсіру, өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына салынған инвестицияның нақты көлем индексінің базалық жылмен салыстырғанда 1,6 дейін есеге өсіру, базалық жылмен салыстырғанда экономикалық белсенді халықтың 1000 адамына шаққанда өңдеу өнеркәсібінің жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарының санын 1,5 есеге өсіру және Экономикалық күрделілік индексін 78-ші орыннан 55-ші орынға дейін жоғарылату» қажет [1].
Географиялық құрылымда отандық тауарлар әлемнің 120-ға жуық еліне экспортталады, дегенмен оның 60%-ы тек 6 мемлекетке ғана бағытталады. 2021 жылдың қорытындысы бойынша жалпы экспортта Қытай - 16,2% (9,7 млрд.), Италия - 14,7% (8,8 млрд.) , Ресей - 11,6% (7 млрд.), Нидерланды – 7,2% (4,3 млрд.), Өзбекстан мен Түркия 5% шамасында (әрқайсысы 3 млрд. жуық) құрады. Ал тауарлық құрылымда 70% шикізат пен минералдар (минералды отын, мұнай және мұнай өнімдері – 45,2%, бағалы тастар мен металдар – 9,7%, қара метталлургия – 9,5%, мыс – 6,8%, бейорганикалық химия өнімдері – 4,1%) құрайды [2]. Яғни, Қазақстандық экспорттың географиялық және тауарлық құрылымда да шоғырлану деңгейі жоғары.
2016 жылғы халықаралық саудада мұнай және шикізат құнының төмендеуі Қазақстан экспортын 86,4 млрд. АҚШ долл. 37,2 млрд. АҚШ долларына төмендетті (2,3 есе). 2018 жылы 61 млрд.АҚШ долларына жетіп, әлемдік пандемия салдарынан біршама төмендеп, 2021 жылы 60 млрд.АҚШ долларына дейін қайта жоғарылады. Импортта 48,9 млрд. АҚШ долларынан 2016 жылы 25,4 млрд АҚШ долларына төмендеп, 2021 жылы 41,4 млрд АҚШ долларына өсті. Қазақстанда экспорттық түсімнің көп мөлшерде ауытқуы макроэкономикалық тұрақтылық үшін қауіпті. 2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан 204 елдің арасында әлемдік экспорт көлемінің 0,3% үлесімен 53-ші орынға тұрақтады.
Егер бұрын экспортты әртараптандыру тақырыбы біз үшін теориялық және пікірталас тұрғысынан қалып қойған болса, ал мұнай бағасының күрт төмендеуі оны қысқа мерзімде шешілуі қажет нақты проблемаға айналдырды.
Диссертация тақырыбының зерттелу дәрежесі. Экспортты әртараптандыру тақырыбы бойынша зерттеулер ғалымдар арасында қызу талқыға түсуде. Кей зерттеулерде бұл саланы зерттеуші ғалымдар бір көзқарас бойынша келісімге келеді, ал кейбір көзқарастарда бір-бірімен келіспей екі түрлі ой білдіруде. Мысалы, Ж.Сач пен А.Уарнердің зерттеуінше табиғи қазба байлығы мол елдер голланд ауруына ұшырап, экспорт қоржыны аз ғана тауар тобына шоғырлануы мүмкін [3]. Бұл пікірді Ферранти және т.б. растайды, олардың зертеуінше, мол табиғи шикізатқа ие елдер экспорттық қожынның шоғырлануына бейім келеді және ол елдегі басқа салалардың дамуын тежейді де экономикалық өсім тұралайды [4]. Ал керісінше, Лейдерманның пікірінше мол табиғи ресурстар экономикалық өсімнің алғышарты [5].
Мехлумның пікірінше, экспорттың шоғырлануы елдің экономикалық өсіміне теріс әсерін береді, сондықтан мол табиғи қазба-байлыққа ие мемлекеттердің басшылары экспортты дамыту стратегиясын барынша тиімді жүргізуі тиіс. Мол табиғи қазба-байлыққа ие және тиімді институционалдық басқаруы бар елдер институционалдық басқаруы тиімсіз шикізат ресурстарына бай елдермен салыстырғанда тез дамиды [6]. Бұл тұжырымды 2011 жылы зерттеу жүргізген ғалым А.Гельб тағы да растап, мұнайға бай мемлекеттерде тиімді басқаруы бар болса, онда олар басқаруы нашар мұнайға бай елдермен салыстырғанда экспортын арттыруға мүмкіндігі жоғары екенін дәлелдеген [7].
Елдің саяси басқару режиміне байланысты экономиканың ашықтығы бір жағынан әртараптануға да, мамандануға да оң ықпал жасауы мүмкін. Мәселен, демократиясы жоғары елдерде ашықтық ол елдің экспортын әртараптануына, ал автократиялы елдерде керісінше экспорттың шоғырлануына алып келуі мүмкін [8]. Кей ғалымдар адам капиталының да ел экспортын арттыруға ықпалы зор екенін айтады [9]. Әрбір ел әртараптандыру процесінде өзінің географиялық, өндірістік, технологиялық, логистикалық ерекшеліктерін анықтауы керек. П.Лектартың айтуынша шетелдік инвестицияны пайдалана отырып салыстырмалы артықшылықты ескермеу стратегиялық перспективада зиянды болуы ықтимал [10].
Экспортты әртараптандыру арқылы елдегі валюталық кірісті тұрақтандыруға болады [11], соның арқасында сыртқы сауданың қысымдарының теріс әсерін азайтады. Нәтижесінде, әлемдік мұнай бағасының төмендеуінен туатын әртүрлі қауіп-қатерлер мен тәуекелдерге төтеп береді.
C.Милнер мен Д.Гринуэй өңдеуші өнеркәсіп өнімдерінің ел экспортындағы үлесі төмендеген сайын экспорттық кіріс әлемдік мұнай бағасына тәуелділігін үдете түсетінін растайды [12]. Р.Хаусман және т.б. ғалымдардың жұмысында ел қаншалықты күрделі, қосылған құны бар жоғары технологиялы өнімдерді экспорттаса, ол соншалықты мықты, қуатты ел болады [13].
Қазіргі таңда экспортты әртараптандыру деңгейін бағалауда әр зерттеуші, әр статистикалық халықаралық және отандық ұйымдар өзіндік бағалау әдістерін пайдаланады. Мәселен, көптеген жұмыстарда экспорттың шоғырлану деңгейін есептеуде Херфиндаль-Хиршман (ННІ), Энтропия индексі қолданылады. Ал белгілі бір сала экспортының әлеуетін анықтауда Б.Баласс ұсынған 1965 жылғы «салыстырмалы артықшылық» индексі (Revealed Comparative Advantage) қолданылады. Сондай-ақ аталған әдістеменің өзгертіліп жетілдірілген нұсқасы «экспорттық бәсекеге қабілеттілік» индексі (Export Competitiveness Index) де бар. Р.Хаусман және С.Идальго 2009 жылы әзірлеген Гарвардтық индекс немесе экономикалық күрделілік индексі (ECI) деп те атайды []. Соңғы жылдары Р.Хаусман және Б.Клингердің [14] әзірлеген PRODY және EXPY индекстерін есептеу нәтижесінде әрбір елдің экспорттық көрсеткіштерінің негізге ала отырып сол елдің келешектегі мүмкін болатын жалпы ішкі өнімінің көлемін болжауға болады. Ал Еуропалық статистикалық агенттіктер бірнеше көптеген көрсеткіштерге негізделген индекстік әдіспен есептейді.
Сонымен қатар, шетелдік ғалымдар арасында экономика мен экспортты әртараптандыруды зерттеу, экспорттың өсуіне әртараптандырудың үлесін бағалау тақырыптарында С.Милнер, Ж.Имбс, П.Лектард, С.Каррер, С.Самен, О.Кадот, М.Тамбери, О.Массол, П.Клиноу, М.Корен, К.Руль, А.Венабль, П.Брентон, А.Гельб, Р.Ньюфармер,); Экспорт құрылымының елдің экономикалық өсуіне әсері (Р.Хаусман, Б.Клингер, Д.Родрик, Дж.Хуанг, Ц.Хидалго және т. б.) зерттеген. Қазақстанда отандық ғалымдар арасында О.Сәбден, Ә.Сатыбалдин, К.Туркеева, З.Чуланова, М.Алмағамбетова, М.Спанов, Г.Аубакирова, Д.Келесбаев, А.Наренова, Р.Сабирова, Г.Азретбергенова, К.Тажибаева, А.Абдимомынова, У.Шалболова, Ж.Райымбеков А.Ибыжанова және т.б. ғалымдардың еңбектері бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет