Адилханов олжас шайзандаевич


Қазақстан Республикасы аймақтары мысалында өңдеу өнеркәсібінің экспортық әлеуетін бағалау



бет13/28
Дата27.02.2023
өлшемі1,79 Mb.
#170278
түріДиссертация
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28
Байланысты:
adilhanov-o-povtor-phd-s-sp
2-дәріс. Бейнелеу өнерінің даму тарихы
2.2 Қазақстан Республикасы аймақтары мысалында өңдеу өнеркәсібінің экспортық әлеуетін бағалау
Бұл бөлімде Қазақстанның аймақтар мысалында өңдеу саласының экспорттық әлеуетін түрлі индекстер арқылы бағаланады. Сонымен қатар экспортты әртараптандыруды индекстік тәсіл арқылы бағалау ұсынылады. Қазақстан 1993-2021 жылдар ішінде жылына орташа 8,8 пайыз ЖІӨ өсімінің жоғары қарқынына қол жеткізді,. Осы уақыт аралығында екі өсу кезеңі болды. Бірінші, 2000-2007 жылдары мұнай бағасының өсуі аясында мұнай өндірудің ұлғаюына байланысты. Екінші, 2010-2014 жылдары шикізат тауарларына бағаның өсуімен тұспа-тұс келді. Дегенмен, өсудің жоғары қарқынына қарамастан, ЖІӨ-нің өсу коэффициентінің орташа мәні соңғы жылдары төмендеуде.
Статистикалық мәліметтер Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы деректері пайдаланылды.
Дүниежүзілік банктің мәліметтеріне сәйкес еліміздің орташа және жоғары технологиялық өнімдердің экспорт көлеміндегі үлесі бар-жоғы 0,41%. []. Себебі Қазақстандық экспорттың 75% шикі мұнай мен шикізат ресурстарының үлесінде. Америкалық ғалым Р.Хаусманның зерттеуіне сайкес мемлекетте қаншалықшы қосылған құны бар, жоғары технологиялы күрделі тауарлар экспорты артқан сайын, сол мемлекет мықты, қуатты мемлекетке айналады. Экспортты әртараптандыру елдерге шектеулі тауарлар мен сауда серіктестеріне тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді. Табыс деңгейі төмен елдердегі соңғы зерттеулер көрсеткендей, экспортты әртараптандыру үлкен экономикалық маңызға ие: экспортты әртараптандыру көрсеткішін бір стандартты ауытқуға арттыру орташа жылдық өсу қарқынын 0,8 пайыздық тармаққа арттыруды қамтамасыз етеді [75].
Экспортты ынталандыру экономикалық өсуге әсер етеді. Сауда, әсіресе экспорт өсу қарқынын, білім деңгейін және бәсекеге қабілеттілігін арттыруда шешуші рөл атқара алады. Саудадан түсетін пайданың ішінде - өндірістің мамандануы және ресурстарды неғұрлым тиімді бөлу, аралық тауарлардың немесе қызметтердің алуан түрлілігінің қолжетімділігі (көбінесе неғұрлым төмен құны бойынша), ауқымның ұлғаюы есебінен үнемдеу, бәсекелестіктің өсуі, сондай-ақ білім мен технологиялар трансфері. Сонымен қатар, зерттеулер экспорт пен жұмыспен қамту арасындағы тікелей байланысты көрсетеді [76].
Енді Қазақстан Республикасының әлемдік сауда және сыртқы сауда деректерінің негізінде салыстырмалы артықшылық (Revealed Comparative Advantage), Экспорттың бәсекеге қабілеттілік (Export Competitiveness Index), Херфиндаль-Хиршман индекстерін пайдаланып Қазақстанның аймақтары мысалында 13 жылдық мәліметтері жиналып, өңдеу саласының экспорттық әлеуеті талданады. Сонымен қатар, аймақтардың экономикалық және саудалық мамандануы, импортты алмастыру мүмкіндіктерінің ағымдағы жағдайының талдауы ұсынылған.


Кесте 13 – Қазақстан аймақтар мысалында өңдеу өнеркәсібінің «салыстырмалы артықшылық (RCA)» индексі 2013-2020 жж. көрсеткіштері






Аймақтар

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

Деңгейі

1

Алматы

1,3656

1,4358

1,3707

1,3440

1,2553

1,2705

1,2124

1,1788

Жоғары

2

Жамбыл

1,0145

0,8779

0,6824

1,3040

1,3448

1,3419

1,3313

1,2667

3

Қарағанды

1,2965

1,1321

1,2824

1,3155

1,231

1,2498

1,2264

1,2465

4

Шымкент қ.
















1,1734

1,1716

1,1377

5

Шығыс Қазақстан

1,4185

1,3472

1,316

1,2235

1,209

1,1373

0,9784

0,9335

Орта

6

Түркістан

0,9573

1,083

1,1055

1,098

1,0255

0,9195

0,7146

0,9062

7

Павлодар

1,2858

1,2163

1,1637

0,998

0,7386

1,0621

1,0522

0,9048

8

Алматы қ.

0,7874

0,9394

0,7638

0,8287

0,6445

0,7129

0,8079

0,8719

9

Ақтөбе

0,3675

0,4618

0,622

0,787

0,835

0,6575

0,7102

0,7667

10

Ақмола

0,6202

0,6318

0,6579

0,6658

0,4437

0,5385

0,4830

0,7529

11

Қызылорда

0,0262

0,0364

0,1101

0,1294

0,2243

0,2951

0,3872

0,7670

12

Солтүстік Қазақстан

0,5333

0,5085

0,5009

0,7718

0,5987

0,5987

0,5409

0,4480

Төмен

13

Астана қ.

0,4792

0,4307

0,5873

0,6698

0,3742

0,2597

0,3036

0,4046

14

Қостанай

0,2933

0,3455

0,4655

0,5285

0,4177

0,4175

0,3214

0,3958

15

Атырау

0,1203

0,1163

0,0982

0,0948

0,0986

0,0817

0,0878

0,0995

Өте төмен

16

Батыс Қазақстан

0,0707

0,078

0,0433

0,0736

0,0548

0,0516

0,0513

0,0551

17

Манғыстау

0,0384

0,0724

0,0428

0,0635

0,0496

0,0162

0,0201

0,0434

Ескертпе – автормен есептелді

Аймақтар бойынша «анықталған салыстырмалы артықшылық» (RCA) индекс нәтижесін 4 негізгі топқа бөлдік.
Ең төменгі деңгей 0,1000-ға дейінгі индекс елдің батыс өңіріндегі 3 облыста Маңғыстау, Батыс Қазақстан мен Атырауда байқалды. Бұл аймақтар тау-кен өнеркәсібіне жоғары деңгейде маманданғандықтан өңдеу өнеркәсібінде салыстырмалы артықшылық индексінің мәні өте төмен. Дегенмен, бұл батыс аймақтарда шикі мұнай экспортының есебінен экспорттық түсімнің ауқымы жоғары.
Төмен деңгей 0,5000- ға дейінгі көрсеткіш - Ақмола, Қостанай, Астана қ., Қызылордада, Орта деңгей 1-ге дейінгі көрсеткіш – Ақтөбе, Павлодар, Алматы қ., Солтүстік Қазақстан облыстарында. Ал Түркістан, Қарағанды, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында индекс 1-ден жоғары, яғни өңдеу саласы экспортын арттыруға әлеуеті зор. Бұл аймақтардың көрсеткіштері әлемдік деңгейден жоғары. Алайда ескеретін жағдай, мәселен Қарағанды облысының көрсеткіші 4 млрд. АҚШ долларына өңдеу өнеркәсібі тауарын экспорттағанымен 700 млн.АҚШ долларына өңдеу саласының тауарын экспорттаған Жамбыл облысының индексінен төмен болып тұр. Сондықтан бұл индекс өңдеу өнеркәсібі экспортының жалпы экспорттағы үлесімен есептелетін болғандықтан экспорттың жалпы құндық мөлшері ескерілмейді. Индекс нәтижелерін аймақтар бойынша тағы да төменде талқылаймыз, ал қазір ХСІ индексінің нәтижесін қарайық (14 кесте).
RCA индексі бойынша Қазақстанның 5 облысында жоғарғы көрсеткіш байқалса, ал ХСІ индекс нәтижесі бойынша сол бесеуінің тек Шығыс Қазақстан облысында ғана экспорттық бәсекеге қабілеттілік индексі жоғары. Жамбыл, Алматы, Қарағанды облыстарында экспорттық бәсекеге қабілеттілік бар деп айтуға болады. Бұл облыстарға жеке тоқталар болсақ, Шығыс Қазақстан облысы бірінші кезекте өңделмеген қорғасын және цинк өндірісіне маманданған. Өңдеу өнеркәсібінің экспорт көлемі бой­ынша Республикада 15% үлесімен 3 орынды алады. Өңдеу өнеркәсібі саласының экспортында металлургия өнеркәсібінің экспорты басым (облыстың өңдеу өнеркәсібінің экспор­тынан 89%).
Алматы облысы темекі өнімдері өндірісінде аса жоғары мамандануға ие. Одан басқа, облыс 13 тауар өндірісі (темекі, жүзім шарабы, ірі қара мал немесе жылқы тұқымдас малдардың терілерінен жасалған былғары, дәрілер, үй құсының еті, этил спирті т.б.) бойынша аймақтар ішінде 1 орынды алады. Негізгі экспорт тауарлары темекі, бидай ұны, мұздатылған балық еті,.
Кесте 14 – Қазақстан аймақтар мысалында өңдеу өнеркәсібінің «экспорттық бәсекеге қабілеттілік (XCI)» индексі 2013-2020 жж. көрсеткіштері




Аймақтар

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

Деңгейі

1

Шығыс Қазақстан

1,1014

1,126

1,3319

1,6164

1,5185

1,3065

1,0741

0,9981

Жоғары

2

Түркістан

0,7878

0,9

0,9575

0,9857

0,8572

1,0385

0,8858

0,9683

3

Жамбыл

0,8378

0,649

0,521

0,955

0,9812

0,9849

0,9892

0,9579

4

Қарағанды

0,8704

0,7829

0,9294

0,9517

0,951

0,9346

0,9075

0,9288

5

Алматы қ.

0,5893

0,6444

0,5476

0,6111

0,4818

0,4811

0,6065

0,9011

6

Алматы

0,9531

1,0166

1,0105

1,0023

0,9752

0,9547

1,0605

0,8724

Орта

7

Шымкент қ.
















0,8524

0,9064

0,8600

8

Павлодар

1,2099

0,8427

0,8213

0,7236

0,5462

0,7642

0,7702

0,6638

9

Ақтөбе

0,2524

0,3246

0,4383

0,5748

0,6131

0,4777

0,5269

0,5768

Төмен

10

Ақмола

0,412

0,4255

0,4658

0,4686

0,3248

0,3931

0,3589

0,5561

11

Қызылорда

0,0171

0,0241

0,0761

0,0907

0,1608

0,2050

0,2768

0,5417

12

Солтүстік Қазақстан

0,3555

0,3498

0,361

0,5562

0,4431

0,4387

0,4078

0,3370

13

Астана қ.

0,3314

0,3127

0,4566

0,4913

0,2874

0,2142

0,2567

0,3107

14

Қостанай

0,2035

0,2391

0,3399

0,4056

0,315

0,3228

0,2419

0,2943

15

Атырау

0,0799

0,0779

0,0682

0,0656

0,071

0,0569

0,0616

0,0699

Өте төмен

16

Батыс Қазақстан

0,0512

0,0586

0,0314

0,0522

0,0415

0,0377

0,0380

0,0407

17

Манғыстау

0,0259

0,049

0,0302

0,0462

0,0378

0,0117

0,0150

0,0336

Ескертпе – автормен есептелді

аккумулятор және сұйытылған про­пан (облыстың өңдеу өнеркәсібі экспортының 65%). Аймақ өндірісінің 15%-ы экспортқа шығады. Аймақтың негізгі экспорттаушы елдері – Қырғызстан (81 млн. АҚШ долл. жалпы экспорттың 29%) және Ресей (63 млн.АҚШ долл. жалпы экспорттың 22%) [] Соңғы жылдары Жамбыл облысы өңдеу өнеркәсібінің экспорты ұлғаюда. Облыс өңдеу өнеркәсібі тау­арларының жергілікті өндірісінің 93% экспортқа шығарады. Сондықтан RCA индексінде ең жоғарғы көрсеткішке ие. Жамбыл облысының экспортында металлургия өнеркәсібінің экспорты басым (облыстың өңдеу өнеркәсібінің экспор­тынан 52%), негізгі экспортта­латын тауарлар табиғи уран және сары фосфор (облыс экспортының 71%). Өңдеу өнеркәсібі үшін негізгі экспорттаушы нарық – Қытай, 304 млн. АҚШ долл. (аймақтың өңдеу өнер­кәсібі экспортынан 42%) құрайды.
Қарағанды облысы бірінші кезекте тас көмірден жасалған кокс және шалакокс өндірісіне маманданған. Бұдан басқа, қоспасыз болат (86,9%), тазартылмаған болат (86,8%), марга­рин (82%), өсімдік ұны (79%), тазартылған мыс (78%), қорғасын концентратындағы қорғасын (54%), сөнген әк (48%) және нан-тоқаш өнімдерін даярлауға арналған қоспалар (25%) өндірісі бойынша Республикада 1 орынды алады. Облыс өңдеу өнеркәсібі тауарларының жер­гілікті өндірісінің 71% экспорттайды. Өңдеу өнеркәсібі салаларының тұрғысында Қарағанды облысының экспортын­да металлургия өнеркәсібінің экспорты басым (облыс бойынша сектор экспортынан 96%) [].
Енді аймақтар экспортының әртараптандырылу деңгейін талдаймыз. 2020 мәлімет бойынша әртараптандырылу деңгейі бойынша мұнда да 4 негізгі топқа бөлдік. Ең төмен деңгей 0,1000 дейін, мұнда экспорты басқа аймақтармен салыстырмалы түрде әртараптанған тек Алматы қаласы. Оған себеп басқа аймақтарға қарағанда Алматы қаласының экспорты бір сала тауар тобына тәуелдігі төмен. 2020 жылғы экспортының құрамында 8% ауылшаруашылығы саласы, 43 % тау-кен өндірісі, 46 % өңдеуші өнеркәсіп, 3%-ға жуық басқа секторларға тиесілі. Басқа өңірлерде экспорттың шоғырлану деңгейін аңғардық. Мысалы, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Алматы, Қостанай облыстарында шоғырланудың орташа деңгейі, енді Павлодар, Ақтобе, Жамбыл, Қарағанды өңірлері мен Астана қаласы экспортының әртараптану деңгейі басқа өңірлермен салыстырғанда төмен екенін байқадық. Херфиндаль Хиршман индексінің негізгі көрсеткіштерін төмендегі кестеде келтірдік.

Кесте 15 – 2013-2020 жж. Қазақстан аймақтарының экспорттың әртараптандырылу деңгейі бойынша Херфиндаль-Хиршман индексінің көрсеткіштері






Аймақтар

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

Деңгейі

1

Алматы обл.

0,9025

0,896

0,8288

0,8738

0,884

0,9063

0,9438

0,9580

Жоғары

2

Жамбыл

0,9096

0,9313

0,9031

0,7874

0,7791

0,7296

0,7372

0,9341

3

Алматы қ.

0,8948

0,923

0,8495

0,919

0,9004

0,9443

0,9138

0,9251

4

Түркістан

0,7895

0,7713

0,8241

0,8444

0,8711

0,8711

0,8888

0,9220

5

Шығыс Қазақстан

0,8874

0,877

0,8776

0,8885

0,8612

0,9203

0,8554

0,8708

Орта

6

Шымкент қ.
















0,8941

0,899

0,8508

7

Солтүстік Қазақстан

0,7979

0,8198

0,8262

0,8775

0,8774

0,8941

0,896

0,8508

8

Ақмола

0,8419

0,8548

0,8518

0,847

0,8354

0,8348

0,8688

0,8173

9

Павлодар

0,8443

0,8717

0,8024

0,8092

0,7959

0,836

0,8414

0,8166

10

Қостанай

0,7794

0,7938

0,8557

0,858

0,8486

0,8621

0,8557

0,8110

11

Ақтобе

0,5209

0,6083

0,7156

0,7384

0,7217

0,7595

0,7518

0,7692

Төмен

12

Қызылорда

0,0364

0,0482

0,1565

0,1974

0,331

0,3697

0,4682

0,7649

13

Астана қ.

0,6903

0,6847

0,7183

0,7356

0,7077

0,6438

0,7015

0,7388

14

Қарағанды

0,7674

0,8685

0,7753

0,7997

0,806

0,7793

0,7374

0,7343

15

Атырау

0,1866

0,1792

0,1881

0,1997

0,1904

0,1459

0,1352

0,1678

Өте төмен

16

Батыс Қазақстан

0,0936

0,1002

0,0763

0,1086

0,0941

0,0797

0,0873

0,0904

17

Маңғыстау

0,0513

0,0945

0,0618

0,092

0,0735

0,2043

0,0409

0,0737

Ескертпе [] дереккөз негізінде автормен құрастырылды

Жоғарыдағы кестенің көрсеткіштерін графикке түсірсек Батыстағы 3 облыс пен Қызылорда өңірлері экспортның әртараптану дәрежесі аса төмен дәрежеде, бұл дегеніміз экспортының шоғырлану дәрежесі өте жоғары болғанын көрдік. (11 сурет). Дегенмен, еліміздің экспортында құны тұрғысында осы өңірлердің үлесі басым, ол шикі мұнай экспортының басымдығын көрсетеді.
Кестеден байқағанымыздай соңғы уақытта Қызылорда облысының экспортында әртараптану дәрежесі артуда. Соңғы жылдары 0,96 - дан 0,66 - ға шейін тұрақты түрде төмендеген серпін аңғардық. Шоғырлану дәрежесі жоғары қалған 3 өңірде әртараптану дәрежесінде айтарлықтай өзгеріс жоқ.



Сурет 11– Қазақстан аймақтары бойынша ННІ индексі көрсеткіші

Бұл облыстардың әртараптанудың өте төмен дәрежесін өңірлердің шикі мұнай саласына мамандануымен байланыстырамыз (16 кесте). Аталған аймақттардың экспорты құрамына тоқталсақ, мысалы Маңғыстау өңірі экспортының 96% астамы шикі мұнай мен газ өндіруге жатады. Аймақта ауылшаруашылығы өнімдерінің экспорты 0,1%, өңдеуші өнеркәсіп 3,5%, басқа салалар 0,1% шамасында []. Бұл аймақтарда өңдеу саласын дамыту маңызды. Тау-кен өндірісі жанынан шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту арқылы өңдеу өнеркәсібін жандандыру мүмкіндіктерін қарастырған жөн.


Кесте 16 – Экспорттың әртараптану дәрежесі өте төмен өңірлердің экспортының құрылымы




Өңір

Тау-кен өнеркәсібі экспорты

Экспорттағы үлесі

Экспорт млн.АҚШ доллары

1

Атырау

15652,7

92,9

18 863,7

2

Батыс Қазақстан

4475,9

95,2

4 703,2

3

Маңғыстау

4060,4

96,2

4 218,7

4

Қызылорда

520

83,7

621

Ескертпе – [] дереккөз негізінде автормен құрастырылды

Атырауда жалпы экспортта табиғи газ өңдеу мен шикі мұнайдың үлесі шамамен 93% құрап 15 653 млн.АҚШ долларына жетті. Бұл аймақ экспорттың жоғары шоғырлану дәрежесін көрсетті. ННІ индексі көрсеткішеріне сәйкес 0,8096 тең, бұл оңтайлы шамадан (0,1000-0,1800) әлдеқайда жоғары. Аймақ экспорты 5 тауар тобына аса ірі мөлшерде шоғырланған. Аймақ өнімдерінің негізгі импорттаушы елдер Франция, Италия, Нидерланды, Испания, Үндістін және Оң.Корея болып табылады. Атырауда шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау арқылы өндіруші кәсіпорындардың жанынан өңдеуші кәсіпорындарды жандандыру маңызды.


Батыс Қазақстанда жалпы экспорт көлемі Атыраумен салыстырғанда әлдеқайда төмен болғанымен үлес бойынша Атыраумен шамалас. Яғни, жалпы экспортта мұнай және газ өндірісі 95% асып, құндық мөлшерде шамамен 4,5 млрд.АҚШ долларын құрады. Аймақтың негізгі импортерлары Атыраумен ұқсас: Испания, Италия, Нидерланды, Хорватия, Грекия, Оң.Корея. Бұл аймақта Херфиндал-Хиршман индексі 0,9059 көрсетті. Аймақ экспортының 98%-ы 5 қана тауар тобына шоғырланған.
Қызылордада жоғарыдағы аймақтармен шамалас көрсеткіштерді байқадық. Мұнай мен газ өндірісі аймақ экспортының 81% құрайды. Дегенмен, Херфиндал-Хиршман индексі бойынша оң серпін жүруде. Негізгі экспортталатын сыртқы нарық Қытай болып табылады. Сыртқы сауда экспортының 571 млн.АҚШ доллары осы елге тиесілі және аймақ экспортының 92%.
Аталған 4 аймақтың экспорты мұнай және газ өндірісіне шоғырлануы жоғары. Қалған 6 амақта шоғырланудың орта деңгейі бар. Жалпы орта деңгейдегі 11 аймақта тау-кен өндірісімен қатар өңдеуші өнеркәсіп пен АӨК тауарларының экспортын ілгерілетуге, экспортталатын тауар ассортиментін арттырып аймақтарда экспортты әртараптану дәрежесін жақсартуына мүмкіндіктері бар.
Сонымен, бұл зерттеудің нәтижелері Қазақстанның өңірлеріндегі экспортының жағдайын ашық әрі жан жақты көрсетеді. Аймақтардағы экспорттық стратегиялық саясатты әр өңірдің өзіне сай ерекшеліктеріне қарай жүргізу маңызды. Әсіресе экспорттық қоржыны бірнеше ғана тауар тобына шоғырланған аймақтарда экспортты әртараптандыру қажеттілігі басым. Зерттеуде қолданылған индекс нәтижелері адекватты, оған себеп бұл төрт өңірде өңдеуші саланы одан әрі дамыту мүмкіндіктері жоғары. Дегенмен, әр аймақ мысалында экспорттық мүмкіндіктерді жеке дара талдау жүргізу қажет. Бұл алынған зерттеу қорытындылары өңірлерде экспорттық саясатты жүргізуде тиімді шешімдер қабылдауда қажетті құрал болып табылады. Сондықтан зерттеу нәтижелері ҚР Сауда және интеграция министрлігіне жолданады.
Заманауи инфрақұрылым, адами капитал мен институционалды құрылымның тиімді жұмыс істеуі – экспортты дамытуда оң ықпал етеді. Экспорттық түсімді өңдеуші салаға бағыттау, технологиялық трансферт жасап жаңғыру арқылы экспортты әртараптандыруға талпынуда. Сонымен қатар инвестиция тарту, инфрақұрылымды жетілдіру, ішкі өндірісті әртараптандыру, сыртқы нарықта келісім-шарттарды арттыру, логистикалық шығындарды төмендету, тауар түріне қарай субсидиялау, ішкі өндірісі бар сала тауарлары импортына квота қою, аймақтардың географиялық орналасу ерекшеліктерін пайдалы қолдану маңызды.
Өңдеуші өнеркәсіптің экспортын ілгерілету үшін салаға қаражат салу да септігін тигізеді. Алайда, мемлекеттік бюджет шығысында өңдеуші салаға бар-жоғы 0,2% қарастырылған, тау-кен саласына шығын 1,1 %, ауылшаруашылық саласына берілген шығын - 3,8 %, демалыс пен өнер саласына қарастырылған шығындар 3 пайыздан асады [].
Экспортты әртараптандыруда сыртқы жеткізілетін нарық санының көбеюі өндірілетін тауар санының артуына қарағанда маңыздырақ . Дегенмен, жаңа өнім түрін ескі ескі өніммен салыстырғанда 1,44 есе сыртқы нарықта өткізу мүмкіндігі көп []. Еліміз мұхит тасымалдау жолына шыға алмағанымен көрші мемлекеттермен дұрыс қарым-қатынас орнатып, оларды транзиттік тасымал ретінде тиімді пайдалану қажет. Шекарадағы өңірлердің байланысы елдердің жақсы араласуына ықпал жасайды []. Азия мен Еуропаны байланыстырушы ел ретіндегі құрлықтық географиялық артықшылықтарын тиімді пайдалануы шарт. Көлік логистикалық дәліздерді әртараптандыру қажет. Батыс Қытай Батыс Еуропа жолы мысалында Ресей мен Орталық және Оңтүстік Азия елдерімен байланыс, Каспий теңіз жолымен Еуропаға шығу, Түркіменстан арқылы Парсы шығанағына шығу мүмкіндіктерін қарастыру керек. Бұл логистикалық әртараптану тасымалдау шығындарын төмендетіп, отандық өнімдерді әлемнің көптеген еліне жеткізу уақыты мен құнын азайтады
Қазақстан қазіргі әлемдегі дүрбелең кезінде әлемдік нарықта жаңа ойыншы ретінде шығуға әлеуеті бар. Оған өндіріс пен экспортты әртараптандыру арқылы қол жеткізе алады. Себебі, экспортты әратаптандыру тек кризис кезіндегі қысқа мерзімді іс-шара емес, экономиканы тұрақты және үдемелі дамытудың құралы.
Енді жоғарыда аталған көрсеткіштердің көмегімен экспортты әртараптандырудың кешенді интегралдық индексі есептеледі. Мұнда үш индекстің ортақ арифметикалық қосындысы аймақтардың экспорттық әлеуетін кешенді бағалауға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижесі ретінде осы бағалау көрсеткіштері қорғауға шығарылады. Индекс нәтижесі бойынша жоғары аймақтар Жамбыл (1,05), Қарағанды (0,96), Шымкент (0,94) және Шығыс Қазақстан мен Түркістан облыстарында (0,93) байқалады. Жамбыл облысының өғдеу өнеркісібі экспортының номиналды құны басқа аймақтармен салыстырғанда төмен болғанымен біздің бағалауымызда жоғары мәнге ие болып тұр. Себебі Жамбыл облысы жалпы экспортында өңдеу саласы экспортының үлесі 89% құрайды. Ауылшаруашылығы 5,9%, тау-кен өндірісі 3,2%, басқа салалар 2,1%. Сондықтан бұл аймақтық өңдеу саласында экспорттық әлеуеті жоғары көрсеткішке ие. Дегенмен соңғы жылдары Жамбыл облысының өңдеу өнеркәсібі экспортында төмендеу динамикасы байқалады. 2020 жылдың құрытындысы бойынша өңдеу саласының негізгі тауарлары: химиялық және минералды тыңайтқыштар, фосфор қышқылы, табиғи уран, партланд цемент және цианид. Темір жол локомотивтері сияқты тауарларды жеткізу-100% - ға немесе 7,5 млн. АҚШ долларына, бидай мен меслинді - 61,6% - ға немесе 17,4 млн. АҚШ долларын (28,3 АҚШ долларынан 10,9 млн. АҚШ долл. дейін), қара металдардан
Кесте 17 – 2013-2020 жж. Қазақстан аймақтары бойынша экспортты әртараптандыру мүмкіндігінің кешенді индексі




Аймақтар

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

Деңгейі

1

Жамбыл

0,9207

0,8195

0,7022

1,0155

1,0351

1,0188

1,0193

1,0529

Жоғары

2

Қарағанды

0,9781

0,9279

0,9957

1,0223

0,9960

0,9879

0,9571

0,9699

3

Шымкент қ.
















0,9733

0,992336

0,9494

4

Шығыс Қазақстан

1,1358

1,1168

1,1752

1,2428

1,1963

1,1214

0,9693

0,9341

5

Түркістан

0,8449

0,9181

0,9624

0,9761

0,9179

0,9431

0,8298

0,9322

6

Алматы қ.

0,7572

0,8356

0,7203

0,7863

0,6756

0,7128

0,7761

0,8994

Орта

7

Алматы обл.

0,9531

1,0167

1,0106

1,0023

0,9752

0,9547

1,0605

0,8724

8

Павлодар

1,1134

0,9769

0,9292

0,8436

0,6936

0,8874

0,8879

0,7951

9

Ақмола

0,6247

0,6374

0,6585

0,6605

0,5347

0,5888

0,5703

0,7088

10

Ақтобе

0,3803

0,4649

0,5920

0,7001

0,7233

0,6316

0,6630

0,7042

11

Қызылорда

0,0266

0,0363

0,1142

0,1392

0,2387

0,2899

0,3774

0,6912

12

Солт.Қазақстан

0,5623

0,5594

0,5627

0,7352

0,6397

0,6439

0,6149

0,5453

13

Қостанай

0,4254

0,4595

0,5537

0,5974

0,5271

0,5342

0,4730

0,5004

14

Астана қ.

0,3154

0,4761

0,5874

0,6322

0,4565

0,3726

0,4206

0,4847

Төмен

15

Атырау

0,1289

0,1245

0,1182

0,1201

0,1200

0,0948

0,0949

0,1124

16

Батыс Қазақстан

0,0719

0,0790

0,0503

0,0782

0,0635

0,0563

0,0589

0,0621

Өте төмен

17

Маңғыстау

0,0386

0,0721

0,0450

0,0673

0,0537

0,0774

0,0254

0,0503

Ескертпе – автор ұсынған әдістеме бойынша есептелді

жасалған металл конструкциялар - 77,6% - ға немесе 6,7 млн. АҚШ долл. (8,6-дан 1,9 млн. АҚШ доларына дейін) төмендеді. Республиканың өңдеу өнеркәсібі .экспортында Жамбыл облысының үлесі – 2,7% құрайды.
Өңдеу саласы экспортының көшбасшысы ретінде Қарағандыны айтуға болады. 2020 өңдеу өнеркәсібі экспортының жалпы көлемдегі жоғары үлесі Қарағанды облысына – 8,1%, Шығыс Қазақстан облысына – 4,0%, Алматы қаласына – 3,9% және Павлодар облысына тиесілі – 3,9%. Жалпы экспорттағы ең төмен өңдеу саласының үлесі Маңғыстау – 0,6%, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары тиісінше 0,2% құрады.
Қарағанды біздің бағалау әдістемемізге сәйкес жоғары көрсеткішке ие, өндірісі әртараптандырылған, негізінен өңдеу саласына мамандану байқалады және экспорттық әлеуеті жоғары. 2020 жылғы мәліметтерге сәйкес өңдеу өнеркәсібі саласының экспорты Республика бойынша номиналды құны бойынша ең жоғары 3,9 млрд.АҚШ долларын құрады. Жалпы экспортында өңдеу өнеркәсібі саласының үлесі 87,4%, тау-кен өндірісі 11,4, ауылшаруашылығы 0,2%, басқа салалар 1% құрайды. Өңдеу саласы экспортында металлургия өндірісінің үлесі 84%. Темір, күміс, мыс шартылай фабрикат күйінде экспортталады. Аймақта мол шикізат қоры жеткілікті, шағын орта кәсіпкерлікті дамыта отырып металлургия саласында өңдеу саласын одан әрі дамыту мүмкіндігі бар.
Шығыс Қазақстан облысында өңдеу саласы біршама дамыған. Өндірістің 42% осы өңдеу саласына тиесілі. Өңірдің өңдеу өнеркәсібінің салалық экспорты негізінен металлургия өнімдерінен (өңделмеген мырыш, жартылай өңделген күміс, тазартылған мыс) (91,6%), Тамақ өнімдерінен тұрды (күнбағыс майы, өзге де дәнді дақылдардан жасалған ұн т.б.) (3,5%), машина жасау саласы (1,6%) және химия өнеркәсібі (1,0%) [].
Сонымен біз ұсынған әдістемені пайдалану арқылы бағаланған аймақтардың экспортты әртараптандыру мүмкіндігінің деңгейін ескере отырып әр аймаққа жеке-жеке дамыту жолдарын жүргізу маңызды. Яғни, әр аймақтың географиялық, өндірістік, қаржылық ерекшеліктеріне сәйкес өндіріс саласын дамыту қажет. Әлеуеті жоғары аймақтарда қажетті ресурстар жеткілікті, өндіріс орындары бар, ол аймақтарда тиімді ұйымдастырушылық іс-шараларын арттыру қажет. Әлеуеті төмен аймақтарда өңдеу саласы кәсіпорындарын құру, жаңа жұмыс орындарын қалыптастыру, жаңа салаларды дамыту қажеттілігі бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет