Адилханов олжас шайзандаевич



бет7/28
Дата27.02.2023
өлшемі1,79 Mb.
#170278
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28
Байланысты:
adilhanov-o-povtor-phd-s-sp
2-дәріс. Бейнелеу өнерінің даму тарихы
Тік әртараптандыру дегеніміз кәсіпорынның өндіріс тізбегіндегі «жоғары немесе төмен» қозғалысын қамтиды. Яғни, кәсіпорын қазіргі өндірістік циклінің келесі кезеңіне өтеді. Мысалы, кәсіпорын өзінің тауарларын басқа нарық қатысушылары арқылы өткізуді тоқтатып, өзінің бөлшек және көтерме сауда орындарын ашады. Өнімдер өндіріс орнынан тұтынушыларға дейін делдалсыз жеткізіледі. Немесе кәсіпорын өз тауарларын өндіру үшін ресурстар мен шикізат жеткізушісін сатып алады.
Көлденең әртараптандыру қазіргі тұтынушыларға немесе кәсіпорын клиенттеріне жаңа өнімдерді ұсыну. Мұндай жағдайда кәсіпорын қолданыстағы сату деңгейіне және өндіріс технологиясына сүйенеді. Мысалы, сүт кәсіпорынының сату номенклатурасына ірімшіктің жаңа түрін қосу. Әртараптандырудың көлденең стратегиясындағы тәуекелдерді өнімнің алуан түрлілігін көбейту арқылы төмендетеді. Қандайда бір өнім сұранысы төмендеген жағдайда, басқа өнім түрлерін көбейту арқылы кірісті төмендетпей ұстауға мүмкіндік береді.

Кесте 2 – Экспортты әртараптандыру бағыттарын жіктеу






Қазіргі өнім

Жаңа өнім

Қазіргі нарық

Интенсивті

Тауарлық әртараптандыру
(Тік әртараптандыру)
Экстенсивті

Жаңа нарық

Географиялық әртараптандыру
(Шоғаырландырылған әртараптандыру)


Экстенсивті

Географиялық әртараптандыру


Тауарлық әртараптандыру


(Конгломераттық әртараптандыру)
Экстенсивті

Ескерпе – [38] дереккөзі негізінде құрастырылды



Шоғырландырылған әртараптандыру - қазіргі тауарлар ассортиментін өзгертпей жаңа клиенттерді тартуды қарастырады. Мұның артықшылығы кәсіпорын немесе мемлекет осы уақытқа дейінгі базасын жетілдіру арқылы сапалалы өнім шығарып, саланың көшбасшысына айналады. Барлық капитал бір салаға шоғырланады, әртараптандыру тек географиялық жолмен жүреді. Әртараптандыру туралы айтқанда, көбінесе экспорттық тауар баптарын кеңейту туралы ғана емес, географиялық бағыттарды әртараптандыру туралы да сөз болып отырғанын атап өту қажет.
Конгломераттық әртараптандыру – жаңа нарыққа жаңа өнім түрін шығаруды қарастырады. Осылайша жаңа технология арқылы тәуекелдерді төмендетуге, табысты тұрақтандыруға, келешегі жоқ салаларды қысқартуға тырысады.
Әртараптандыру терминінің тарихы тереңде жатқанымен «экспортты әртараптандыру» ұғымын экономикалық терминдер қатарына 1950 жылдары аргентиналық және британдық ғалымдар Р.Пребиш пен Х.Сингер қоса бастады [39]. Оған дейін экономикалық байланыста 1776 жылғы А.Смит және 1817 жылғы Э.Рикардо мен Д.С. Милльдің классикалық сауда теориясы бойынша салыстырмалы артықшылыққа, мамандану және халықаралық еңбек бөлінісіне негізделген еркін сауда терминдерімен түсіндірілетін.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Р.Пребиш пен Х.Сингер «дамушы елдердің шикізат өнімдерін өндіруде шектеу болды. Ол дамыған елдерде өндірілген тұтынушылық және инвестициялық тауарлармен алмасу кезінде тәуелділік сипатын тудырды. Сондықтан да экспорттық табысты тұрақтандыру, кірістердің өсуін арттыру үшін дамушы елдер өздерінің экспорт қоржынының әртүрлілігін арттыруға мәжбүр болды»,- деп сипаттайды.
1980-жылдардан бастап экспортты әртараптандыру тақырыбын ғалымдар жан-жақты зерттей бастады. Оған себеп әлемнің көптеген мемлекеттері соңғы 30-40 жылда экспортты дамытуға талпынып, шетелдік нарыққа бейім даму стратегияларын ұсынып, халқаралық сауда кедергілерін азайтуға тырысты.
Ғалымдардың бір тобы экспорттың әртараптандыруы экономикалық өсімге, жалпі ішкі өнімнің көлеміне тағы басқа макроэкономикалық көрсеткіштерге ықпалын зерттеуге тырысса, келесі бірі экспортты әртараптандырудың өзіне қай факторлардың ықпалы жоғары екенін анықтаған. Ғалымдар кей тұжырымға келіссе, кей мәселелерде келіспей, сан түрлі пікірлер айтылған.
Осы саланың зерттеушілері ретінде Альванг және Зигель «соңғы 60-70 жылда дамушы елдердің өсуіндегі экспортты дамыту және әртараптандырудың рөліне айтарлықтай көңіл бөлінді. Экспортты әртараптандыру елдің экспорттық өнімдерінің құрылымын немесе экспорттаушы елдердің құрамын өзгерту сияқты іс шаралар»,-деген түсініктеме берген.
Сонымен қатар көп жағдайда экспортты әртараптандыру жұмыссыздық проблемаларын шешуге және экономикалық өсуді қамтамасыз ету құралы ретінде қарастырылады. Экспорттың айтарлықтай ұлғаюы, тиімді диверсификациясы экономикалық өсудің қозғалтқышы ретінде қарастыруға болады. Экспорттың ауқымын кеңейту арқылы валюталық кірістің тұрақтылығын қамтамасыз ете отырып экспорттық табысты арттыруға мүмкіндік болады [40].
Экономикалық даму теориясының ең алғашқы идеяларының бірі, тұрақты экономикалық өсу үшін сол мемлекеттің өндірістік және сауда құрылымының әртараптандыру және мамандандыру дәрежесі маңызды рөл атқарады. Алайда, дамушы елдер экономикалық өсімді қамтамасыз етуі үшін алдымен өздерінде қазір бар өндірісті дамыта отырып, сол өндіріске мамандану арқылы салыстырмалы артықшылыққа жеткен соң осы саланы әртараптандыру керек [41] деген пікір айтады. Яғни, әр мемлекет өзінің маманданған саласында әртараптандыруды жүргізуі қажет.
Бұған дейінгі түсінікте экономикалық өсімді қамтамасыз етуде әртараптандырудың рөлі маңызды болды. Алайда бертін келе ғалымдар мамандану да экономикалық өсімді қамтамасыз ете алады деген пікірге келді. Қазіргі уақытта Еуропалық Одақта «ақылды мамандандыру» (Smart Specialization) саясаты басым саясат ретінде мәлімделді. Экономиканың өсу бағыты ретінде маманданудың артықшылықтары ғылыми зерттеулерде расталады [42]. Ал Френкен және т.б. ғалымдар Экономикалық даму үшін маңызды мамандандырудың жалғыз түрі – тек білімге негізделген қызмет саласындағы мамандандыру екенін дәлелдейді [43]. Жапонияның мысалында, ол ел барлық тауарларды шығармайды. Білімге негізделген жоғары технология өндірісіне маманданып, сол саланың өнімдерін өздері өндірмейтін басқа сала өнімдеріне айырбастау арқылы мықты экономика құра білді.
Ж.Сач пен А.Уарнердің пайымдауынша мол шикізатқа ие елдер голланд ауруына ұшырап, экспорт қоржыны бірнеше тауар тобына шоғырланады []. Нәтижесінде әлемдік шикізат бағасының тұрақсыздығынан макроэкономикалық тұрақсыздыққа әкелуі мүмкін. Сондықтан да экспорты табиғи қазбай-байлықпен байланысты мемлекеттер мұндай теріс экономикалық жағдайды болдырмау үшін барынша экспортын әртараптандуруыға күш салуы керек. Табиғи қазба-байлық экономикалық өсімнің алғышарты және ол оң әсер етеді, дегенмен экспорттық қоржынды шоғырландыруы мүмкін []. Тиімді институционалдық басқаруы бар табиғи шикізатқа бай елдер институционалды басқаруы төмен мемлекеттермен салыстырғанда жылдам дамиды []. Сондай-ақ бұл зерттеулерде мұнай өндіруге маманданған мемлекеттерде әлсіз басқару институттарының қалыптасатыны айтылған.
Д.Ферранти т.б ғалымдардың зерттеуінше мол шикізат қорына ие елдерде экспорттың шоғырлану деңгейі өте жоғары болады және бұл экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз етуде кедергі келтіреді [].
Экспортты әртараптандыру арқылы халықаралық саудада мұнай бағасының төмендеуінен болатын әртүрлі қауіптерге төтеп беретін стратегиялық құрал. Экспортты әртараптандыру тақырыбы қазба-байлығы мол елдерде күн тәртібінде тұрған мәселе, өйткені валюталық кірісті арттыруға мүмкіндік болады [44]. М.Корен мен С.Тенрейроның пайымдауынша экспортты әртараптандыру нәтижесінде экономикалық қолайлы климат қалыптастыруға болады [45].
Ашықтық елдің саяси басқару режиміне қарай әртараптануға да, сондай-ақ мамандануға да ықпал жасайды. Мысалы, демократия жоғары елдерде ашықтық көп жағдайда әртараптануға алып келсе, ал автократиялы елдерде ашықтық көбіне шоғырлануға алып келеді []. Адам капиталы да экспортты әртараптандыруға алып келуі мүмкін [46] деген пікірді айтады. Әрбір ел өзінің логистикалық, географиялық, өндірістік, технологиялық ерекшеліктерін ескере алуы керек. П.Лектардың пікірінше шетелдің инвестициясын қолдану нәтижесінде салыстырмалы артықшылықты елемеу стратегиялық перспективада зиянды болуы ықтимал []. Ал С.Милнер мен Д.Гринуэй өңдеуші өнеркәсіп өнімдерінің елдің экспортындағы үлесі төмен болса, онда ол әлемдік шикізаттық бағасына тәуелділігі арта береді[]. Р.Хаусманн ел күрделі, қосылған құны жоғары өнімдер экспорттын арттыра отырып мықты, қуатты елге айнала алады [].
Дамушы елдерде дамыған елдермен салыстырғанда экспорттық валюталық кіріс көлемінің тұрақсыздығы үлкен болып келеді [47]. С.Самен экспорттық қоржынды арттыру нәтижесінде валюталық кірістің тұрақтылығын қамтамасыз етіп, экспорттық кірісті арттыруға болады деген көзқарасын алға тартады [].
Академик С.Сатыбалдинның айтуынша әртараптандыру дегеніміз – экспортталатын салаларды оңтайландыру, яғни олардың үлесінің тиімді балансын табу [48]. Сонымен қатар экспортты әртараптандыру арқылы импорттық төлем қабілеттілікті арттыруға болады.
Академик О.Сәбден әртараптандыруды шикізаттық экономикадан шығатын бірден-бір жол ретінде сипаттайды [49]. Алайда, экспортты әртараптандыруды жүзеге асыру оңай іс шара емес. Экспорт нарығын әртараптандыру да маңызды, ол ұзақ уақытқа созылған келіссөздер мен келісім арқылы жүргізілетін процесс.
ҚР Ұлттық банктің департамент басшысы М.Алмағамбетова экспорттың әртараптандыру деңгейі төмен болған жағдайда экономиканың өсімін тежейді және әлемдік нарыққа тәуелді келеді деген пікірді айтады. Әлемдік шикізат бағасының төмендеуінен болатын теріс әсерді экспортты әртараптандыру арқылы жоюға болады. Шетелдік инвестицияның басым бөлігі тау-кен өндірісі және шикі мұнай қазу саласына құйылады. Ал өңдеу саласына өте аз болғандықтан бұл сананың өсу қарқыны баяу жүреді.
Осылайша экспортты әртараптандыруға байланысты ғалымдардың зерттеулерін зерделедік. Қарастырған барлық жұмыстың ғылыми теориялық жаңалықтары бар. Ғалымдар тақырыпты әр қырынан қарап зерттеулер жүргізуде.
Зерттеулер нәтижелері көрсеткендей экспортты әртараптандыру тақырыбын зерттеу әсіресе дамушы елдерде соңғы уақытта өзектілігін арттыра бастады. Шетелдік және отандық экономист ғалымдардың еңбектерін зерделей келе экспортты әртараптандыру ұғымына түсініктердің әралуандығын байқадық. Қазақстанда экономикасы өндіруші салаларға, ең алдымен мұнай мен газ өндірісіне және осы салалардың экспортына тәуелді
Осы тұста экспортты әртараптандыру ұғымына толықтыру енгізіп, өзіміздік авторлық көзқарас ұсынбақшымыз. Сонымен, экспортты әртараптандыру – шикізат экспортын төмендете отырып неғұрлым қосылған құны бар өңдеу өнеркәсібі экспортын арттыру, яғни экспортқа шығатын өнімдер үлесін оңтайландыру арқылы экспорттық түсімді тұрақтандыру, экономикалық өсімді қамтамасыз ету.
Экспортты әртараптандыру ұғымына түсіндірмелердің бір бірінен айырмашалығы көп. Сондықтан ғалымдардың теориялық зерттеулерінің нәжижелерін зерделей отырып экспортты әртараптандыру ұғымына нақты түсінік жоқ екенін аңғардық. Ол әлемдік даму үдерісімен байланысты толықтырылып және өзгеріп отырады. Ғалымдардың пікірлерін ескере келе Қазақстандағы экспортты әртараптандыру ұғымына келесідей көпвекторлы көзқарас ұсынып отырмыз (3-кесте).

Кесте 3 – Әртараптандырудың көпвекторлы мәні



Экспортты әртараптандыру

Анықтамасы

Стратегия

Экспортты әртараптандыру арқылы халықты жаңа жұмыс орындарымен қамту
Экспортты әртараптандыру – әлемдік мұнай бағасының төмендеуінен болатын әртүрлі қауіптерге төтеп беретін маңызды стратегия

Деңгейі

Жоғарғы деңгей
Орта деңгей
Төменгі деңгей

Үрдіс (процесс)

Экспортты әртараптандыру – жаңа нарыққа шығу процессі
Экспортты әртараптандыру – экспортқа шығатын тауар түрін көбейтуге алып баратын экономикалық процесс

Нәтиже

Экспортты әртараптандыру арқылы экономикалық өсімге қол жеткізу
Экспортты әртараптандыру - макроэкономикалық тұрақтылыққа әкеледі
Әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті болу

Құрал

Экспортты әртараптандыру – экономикалық өсімнің құралы
Экспортты әртараптандыру - жұмыссыздық проблемаларын шешу құралы

Ескерпе – автормен құрастырылды

Қорыта келе, қазргі жаңа технологиялардың дамуымен қатар экспортты әртараптандыру тақырыбы тереңдей түсері анық, ол өз кезегінде әрі қарай зерттеу қажеттілігін тудырады. Қазір әлем елдері өзінің экономикалық даму жолында бұрын соңды болмаған бәсекеге түсуде. Кез келген мемлекет экономикалық өсімді экспортты әртараптандырмай жасауы мүмкін емес. Қазіргі уақытта әлемнің дерлік барлық елінде экспортты әртараптандыру ел экономикасын дамытуда мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты болып отыр.
Бұрын айтылғандай, Қазақстан экономикасын әртараптандыру экспортқа немесе импортты алмастыруға бағытталуы тиіс. Қазақстан да экспортты әртараптандыруға ынталы. Себебі, біріншіден қызмет түрлері мен секторлардың кең спектріне инвестициялардың ұлғаюы кіріс көздерін арттырады және экспорт тұрақсыздығы мен саудадағы ауытқулардың теріс салдарын азайтуға көмектеседі.
Елдерді экспортты әртараптандыруға шабыттандырған бірқатар факторлар бар, олар өсу мен дамуға оң үлес қоса алады. Біріншіден, қызмет түрлері мен секторлардың кең спектріне инвестициялардың ұлғаюы кіріс көздерін арттырады және экспорт тұрақсыздығы мен саудадағы ауытқулардың теріс салдарын азайтуға көмектеседі.
Екіншіден, экспортты әртараптандыру валюта түсімдерінің ауытқуының төмендеуімен, жұмыспен қамтудың артуымен, қосылған құнның артуымен және өндірілетін өнім сапасының жақсаруымен де байланысты. Үшіншіден, экспорт есебінен әртараптандыру арқылы экономикалық өсумен байланысты, мұны әлемдік нарықтардағы бәсекелестік ынталандырады. Төртіншіден, экспортты әртараптандыру Үкіметке тұрақты экономикалық өсу, төлем балансының қолайлы жағдайы және кірістерді қайта бөлу сияқты кейбір макроэкономикалық мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет