Адилханов олжас шайзандаевич


Экспортты әртараптандырудың әдіснамалық негіздері және деңгейін бағалау әдістері



бет8/28
Дата27.02.2023
өлшемі1,79 Mb.
#170278
түріДиссертация
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28
Байланысты:
adilhanov-o-povtor-phd-s-sp
2-дәріс. Бейнелеу өнерінің даму тарихы
1.2 Экспортты әртараптандырудың әдіснамалық негіздері және деңгейін бағалау әдістері
Экономика салаларын және оның экспорт құрылымын дамыту перспективаларын талдау және бөліп көрсету үшін елдің экономикасын әртараптандыру мен экспорттық әлеуетін бағалау жөнінде әдістемелік тәсілдерді айқындау қажет. Бұл мәселе бойынша отандық және шетелдік ғылымда белгілі бір тәжірибе жинақталған, бірақ әмбебап әдіс әлі жоқ екенін атап өткен жөн.
Шетелдік зерттеулерде негізгі көрсеткіштер жұмыспен қамту және жалпы қосылған құн (ЖҚҚ) болып табылады. Бұл тәсілдің артықшылығы - ол экономикадағы қазіргі тенденцияларды дәл көрсетеді және сонымен бірге құн мәндеріне тәуелді емес. Алайда, бұл көрсеткіштер әртараптандыру мәселелерін зерттеуге бейімделмеген ақпараттық-статистикалық базаның жеткіліксіздігіне байланысты нақты экономикалық жағдайды көрсетпейді, бұл өз кезегінде жүргізілген есептеулердің сенімді және сенімді нәтижелерін алуға мүмкіндік бермейді [50].
Алайда, әртараптандыру деңгейін анықтауда туындайтын барлық қиындықтарға қарамастан, қазіргі уақытта әртүрлі ғалымдардың зерттеулерінде оны анықтауға келесі тәсілдер ұсынылады.
Еуропалық зерттеулерде пайдаланылатын ақпаратты жинау және өңдеу әдістері, әртараптандыру деңгейін бағалаудың қолданылатын критерийлері біздің елдің аймақтары немесе салалары мысалында бағалауда біршама кедергілер кездеседі. Себебі, әртараптандыру мәселелерін зерттеуге бейімделген ақпараттық - статистикалық базаның жеткіліксіздігі, ол өз кезегінде зерттеу қорытындысында сенімді нәтижелерді алуға мүмкіндік бермейді. Әртараптандыру деңгейін есептеудің бәріне ортақ тәсілінің жоқтығы бұл саланың зерттеушілері тарапынан көптеген бағалау әдістемелерін ұсынуға негіз болды.
Кәсіпорын деңгейінде Гребенкова О.А. [51] әртараптандыру деңгейін анықтау үшін әртараптандыру деңгейінің дисперсиясын жалпы түсімдегі белгілі бір өнім түрі түсімінің нақты салмағын қолдана отырып есептейді. Кофанов А. [52] және Дуженко Т.И. [53] аймақтық экономиканың әртараптандыру деңгейін бағалау үшін экономикалық қызметтің белгілі бір түріне қосылған құн салымының құрылымдық коэффициентін пайдалануды ұсынады. Сонымен қатар, аймақтық экономиканы әртараптандыру немесе мамандандыру дәрежесін бағалау үшін Кофанов А. және Дуженко Т.И. дисперсиялық талдау арқылы анықталған құрылымдық коэффициенттер мәндерінің біртектілігі ұғымын қолдануды ұсынады.
Әртараптандыруды бағалаудың тағы бір әдісі - елдердің экономикалық күрделілігін анықтау әдісі. Бұл әдісті Рикардо Хаусман (Гарвард университеті) және Цезарь Хидалго (МТУ) жасаған (http://atlas.cid.harvard.edu/) [54]. Бұл тәсіл дәйектілік принципіне негізделген. Басқаша айтқанда, ел өзінің экспорттық қоржынына экспортталатын өнімдерге жақын тауарларды қосуы керек, өйткені неғұрлым күрделі тауарларды өндіру белгілі бір ингредиенттердің болуын талап етеді. Мысалы, егер ел тек ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге маманданған болса, оған экспорттық қоржынына машина жасау саласынан тауарлар қосу қиынға соғады, өйткені соңғыларын шығару үшін экономика неғұрлым күрделі өндірістік ингредиенттерді жинақтауы тиіс (инженерлік құрамды дайындау, арнайы инфрақұрылымды қалыптастыру және т.б.). Осылайша, Атлас әлем елдерінің экономикалық күрделілігін бағалайды, әлемде экспортталатын тауар түрлерінің, олардың технологиялық жақындығы байланыстарының көмегімен көрсетілетін визуализациялауды қамтиды. Сонымен қатар, Атлас қандай экспорттық тауар арқылы қай экономиканы әртараптандыруға болатындығы туралы түсінік береді [55].
Осы әдіске сүйене отырып, халықаралық сауда орталығы (ITC) әзірлеген тағы бір әдіснамалық тәсілге тоқтап өтуге болады. Әдістеме кешенді индикаторды құру үшін экспорттық әлеуеттің үш өлшемін ескереді. Біріншісі - экспорттаушының әлемге қатысты ағымдағы экспорттық көрсеткіштерін көрсететін ұсыныс жағын өлшеу. Екіншісі - әлемге қатысты импорттық нарықтың ағымдағы сыйымдылығын көрсететін сұраныс жағын өлшеу. Үшіншісі - елдер арасындағы сауда өзара іс-қимылының ағымдағы сипаттамаларын көрсететін өзара іс-қимыл өлшемі. Үш өлшем сандық статистиканы қолдана отырып бағаланады [56]. Елдер деңгейінде ХСО сауда тиімділігінің индексінің есебін жүргізеді, мұнда сыртқы сауданың ағымдағы жай-күйін сипаттайтын негізгі индикаторлар мыналар болып табылады: таза экспорттың көлемі; халықтың жан басына шаққандағы экспорт; ел экспортының әлемдік нарықтағы үлесі; тауарлық әртараптандыру және шоғырландыру; нарықтық әртараптандыру және шоғырлану.
Жоғарыда баяндалған әдіснамалық тәсілдерді аймақтардың даму болжамдарын, оның ішінде олардың экономикалық өсу қарқынын, экспорттың көлемі мен құрылымын құруда, сондай-ақ индустриялық даму және экономиканы әртараптандыру стратегияларын жасау шеңберінде пайдаланылуы мүмкін. Әдіснамалық тәсілдерге шолу жасай отырып, экономиканы әртараптандыру деңгейін және оның экспортқа бағдарлануын бағалау әдістемесін жасау кезінде шығарылатын өнімнің инновациялылығы, өндірістік ингредиенттерді оқшаулау, базалық технологиялардың болуы және т. б. сияқты факторлар пайдаланылады деген қорытындыға келуге болады.
Экспортты әртараптандыру деңгейін бағалау кезінде түрлі статистикалық ұйымдардың (Әлемдік банк (Worldbank), Халықаралық сауда орталығы (International trade center, ITC), Дүниежүзілік сауда ұйымы (WTO), БҰҰ-ның деректер базасы (UNComtrade) деректері бойынша көбіне сандық бағалау қолданылады. Сонымен қатар кейбір зерттеулерде индекстік әдіспен де бағалайды.
Кесте 4 – Экспортты әртараптандыруды бағалаудың тәсілдері







формула

анықтамасы

1

Херфиндаль Хиршман коэффициенті



экспортталған сала үлесінің квадраттарын қосу арқылы есептеледі

2

Энтропия коэффициенті



экономика құрылымдарының тепе-тең бөліп салыстыруға мүмкіндік береді

3

Баласса индексі

RCA =

саланың сауда көрсеткіштерін орташа әлемдік мәнмен салыстыруға негізделеді

4

Экспорттық бәсекеге қабілеттілік индексі

XCI =

RCA индексінің модификацияланған түрі. Одан айырмашылығы әлемдік экспорт пен әлемдік өңдеу саласының орнына импорт көрсеткіштері пайдаланылады

5

Экономикалық күрделілік индексі

Өндіріс білімін 2 көрсеткіш арқылы бағалайды: diversity – әралуандық, ubiquity – жеткізу деңгейі.

Әрбір елдерді салыстыра отырып экономикадағы өсу және жалпы ішкі өнімнің айырмасын көрсетеді
Әралуандық – экспортталатын өнім саны, жеткізу деңгейі – географиялық нарықтағы мемлекеттер саны.

6

Хаусман - Клингер әдісі

PRODY, EXPY

Келешекте ел экспортының белгілі бір тауарға мамандануын болжайды

7

Тейл индексі

𝑇=1𝐾Σ{𝑥𝑘𝑥̅∙ln(𝑥𝑘
𝑥̅)}

Тейл индексін белгілі бір тауар түріне немесе салаға пайдалануға болады. Тейл индексін есептеуде төменгі мәндерді жақындастыру және жоғары мәндерді жою үшін логарифмдік шкала қолданылады.

Ескертпе – автормен құрастырылды

Әртараптандыру деңгейін анықтау кезінде туындайтын барлық қиындықтарға қарамастан, қазіргі кезде түрлі ғалымдардың зерттеулерінде оны анықтаудың келесідей тәсілдер кездеседі.


Қазіргі уақытта әртараптандыру деңгейін сандық бағалау үшін көптеген ғалымдардың зерттеулерінде экономикалық жүйелердің әртараптандырылуын талдауға немесе оларды өзара салыстыруға мүмкіндік беретін индекстер ұсынылған. Оларға энтропия коэффициенті және Херфиндаль- Хиршман коэффициенті жатады [57].

Энтропия коэффициенті келесі формула бойынша есептеледі:


(1)
мұнда m-экономика секторларының жалпы саны,
Yi - жалпы көлемдегі әрбір сектордың үлес салмағы.
Бұл коэффициент экономика құрылымдарының тепе-тең бөліп салыстыруға мүмкіндік береді. Көрсеткіштің жоғары мәні әртараптандыру деңгейінің жоғаралығын, ал төмен мәні – экономиканың маманданғанын білдіреді. Барлық қызмет бір сектордың үлесінде болған жағдайда энтропия коэффициентінің ең аз мәні (нөл) болуы мүмкін. Ал экономикадағы секторлар барынша тепе-тең бөлінген жағдайды коэффициенттің ең жоғарғы мәніне қол жеткізіледі.
Сонымен қатар шоғырлану (немесе әртараптандыру) деңгейін бағалау үшін ұсынылған Херфиндал-Хиршман (Export Diversification Index) коэффициенті немесе «шоғырлану индексі» экономиканың әртараптандырылуын бағалау үшін ғылыми әдебиетте кеңінен қолданылады. Индекстік есептелуі өте қарапайым, экспортталатын салалардың жалпы экспорттағы үлесінің квадраттарын бір-біріне қосу нәтижесінде бағаланады.
(2)
xi - белгілі бір саланың жалпы экспорттағы үлес салмағы,
N - нарықтағы барлық саланың саны.
Индекстің қорытындысы 0 және 1 ортасын көрсетеді. Херфиндал-Хиршман шоғырлану дәрежесін көрсететіндіктен 1-ге жақындаса шоғырлану деңгейінің, керісінше 0-ге жақындаған сайын әртараптандыру деңгейінің жоғары екенін көрсетеді.
Бұл коэффициенттердің максималды мәні көп жағдайда қарастырылатын секторлардың жалпы санына байланысты. Бұл есептеулердің тиімділігі қарапайымдылығында, ал кемшілігі – сектор ішіндегі әртараптандыру деңгейін ескермейді. Мәселен машина жасау секторы аймақтың немесе ел экспортының 60% құраса, сәйкесінше экспорттың шоғырлану деңгейі жоғары болады. Өйткені экспортта бір саланың үлесі жоғары. Дегенмен мұнда машина жасау саласының ішінде экспортталатын тауар түрі өте көп болып әртараптандыру деңгейі жоғары болуы мүмкін. Сондықтан мұнда салалық зерттeу қолдану қажет [58].
Экспорттың әлеуетті бағалауда әртүрлі көрсеткіштер пайдаланылады, солардың құрамында елдің халықаралық қатынастарға қосылу көрсеткіші (жалпы өндірістегі экспорттың үлесі); ел экономикасының ашықтығы (елдегі импорттың үлесі); сауда сальдосының көрсеткіштері (экспорт пен импорт); сала экспортының әлемдік деңгеймен салыстыру (экспортталатын саланың әлемдік экспорттағы үлесімен тепе теңдігі).
Көптеген зерттеулерде елдің мамандану деңгейін бағалайтын Баласс коэффиценті. Америкалық экономист Белла Баласс 1965 жылы әзірлеген «Анықталған салыстырмалы артықшылық» индексі (Revealed Comparative Advantage, RCA)» немесе Баласса индексі – елдің өңдеу өнеркәсібі саласы экспортының жалпы экспорттағы үлесін әлемдік деңгейдегі қатынасымен өлшенеді, яғни саланың сауда көрсеткіштерін орташа әлемдік мәнмен салыстыруға негізделеді. Белгілі бір саланың экспорттық мүмкіндіктерін бағалау үшін ең танымал және кеңінен қолданылатын көрсеткіш. Индекстің есептелуі:
RCA (Revealed Comparative Advantage) = (3)
xi - аймақтың өңдеу өнеркәсібі экспорты;
Х - аймақ экспортының жалпы көлемі;
xwi - өңдеу өнеркәсібінің элемдік экспорты;
Xw - жалпы әлемдік экспорт.
Индекстің мәні мамандану (артықшылық) болмаған кезде 0-ден 1-ге дейін, ал бәсекелестік артықшылық болған кезде 1-ден шексіздікке дейін өзгеруі мүмкін. Егер RCA индексі 1-ден қаншалықты жоғары болса, онда соншалықты сала бәсекеге қабілетті, яғни ел бәсекелестік артықшылыққа ие деп есептеледі, ал RCA индексі 1-ден аз болса, онда саланың бәсекеге қабілеттілігі төмен, бәсекелестік артықшылыққа ие емес. Индекс елдің салыстырмалы артықшылықтары бар саласын анықтауға, экспорттық мүмкіндіктерін бағалауға мүмкіндік береді.
Келесі индекс – «экспорттық бәсекеге қабілеттілік» индексі (Export Competitiveness Index, XCI). Бұл индекс жоғарыдағы «Анықталған салыстырмалы артықшылық» индексінің модификацияланған түрі болып табылады. Одан айырмашылығы әлемдік экспорт пен әлемдік өңдеу саласының орнына импорт көрсеткіштері пайдаланылады. Есептелуі төмендегідей:
XCI (Export Competitiveness Index) = (4)
xij – өңдеу өнеркәсібі саласының экспорты;
Xit – елдің жалпы экспорты;
mkj - өңдеу өнеркәсібі саласының импорты;
Mkt - елдің жалпы импорты.
Индекстің мәні нөлден шексіздікке дейін болуы мүмкін. Индекс 1-ден қаншалықты жоғары болса, онда саланың экспорттық бәсекеге қабілеттілігі соншалықты жоғары, ал индекс 1-ден аз болса, онда саланың экспорттық бәсекеге қабілеттілігі төмен деп есептеледі.
Келесі индекс Р.Хаусман мен С.Идальго 2009 жылы әзірлеп ұсынылған «экономиканың күрделілік индексі» (Economic complexity index, ECI) кейде Гарвард индексі деп те атайды. Аталған индекс негізінен жалпы елдердің экономикалық өсімі және ЖІӨ-нің айырмасын негізге алады.
Хаусман – Клингер әдістемесі белгілі бір мемлекет экспортының келешекте қандайда бір өнімге қабілетін көрсетеді. Сонымен қатар бұл тәсіл елдегі экспорттың мүмкіндігі жоғары саласының артуын болжауда пайдаланылады. Экспорттық өсімнің төмендеуіне экспорттық қоржынның шоғырлануы әсер етеді [].
Херфиндал-Хиршман және Энтропия коэфиценттері нақты экспорттың әртараптандыру дәрежесін көрсетсе, соңғы үш индекс Анықталған салыстырмалы артықшылық, Экспорттық бәсекеге қабілеттілік және экономикалық күрделілік индекстері көбіне экспорттың әлеуетті есептейді. Экспорттық әлеует дегеніміз – шетелдік нарықта баға және сапа арқылы бәсекеге қабілетті өнімді экспорттау қабілеті. Экспорт әлеуеті қаншалықты жоғары болса экспортты әртараптандыру деңгейі соншалықты жоғары болады.
Экспорттық әлеуетті бағалауда В.Мовчан, Р.Кирхнер Халықаралық сауда орталығының әдістемесін пайдаланады. Бұл кешенді әдіс үш өлшемнен тұрады []. Біріншісі - экспорттаушының әлемге қатысты ағымдағы экспорттық көрсеткіштерінің ұсыныс тарапының өлшемі (Экспорттың жалпы құны, Әлемдік нарықтың үлесі, Экспорттың жалпы өсімі (құндық мәнде), Анықталған салыстырмалы артықшылық индексі (RCA), Салыстырмалы сауда балансы).
Екіншісі - әлемге қатысты импорттық нарықтың ағымдағы сыйымдылығын көрсететін сұраныс тарапын өлшеу (Импорттың жалпы құны, Импорт өсімі (құндық мәнде)).
Үшінші - сауда арасындағы өзара іс-қимылдың ағымдағы сипаттамаларын көрсететін өзара іс-қимылды өлшеу (Нарықтағы үздік бәсекелестермен салыстырғанда орташа тарифтік артықшылық, Салыстырмалы анықталған салыстырмалы артықшылық (RCA), Нақты елге экспорт үлесінің жалпы экспорттың үлесіне қатынасы, Нақты елден импорт үлесінің жалпы импорт үлесіне қатынасы, Құн бірлігінің салыстырмалы мәні) [59].
Әрбір өлшем бірнеше индикаторлардан тұрады. Олар әртүрлі өлшенгендіктен, оларды қалыпқа келтіру үшін 0-ден (ең төмен рейтинг) 100-ге (ең жоғары рейтинг) дейінгі ұпайлар қолданылады. Әрбір өлшем үшін орташа балл бағаланады. Содан кейін үш өлшем бойынша орташа көрсеткіш алынады.
Осыған ұқсас «Экспортты әртараптандырудың кешенді интегралды индексі» деп аталатын әдістеме негізінде есептеуді ҚР БҒМ ҒК Экономика институтының ғалымдары ұсынды (О.Сәбден т.б.) Бұл кешенді әдіс үш индекстік өлшемнің орташа арифметикалық бөлінідісі арқылы келесі формулада есептеледі.
(5)
Мұнда әр индекс өзіндік бірнеше көрсеткіштерді топтастырады. Біріншісі - экспорттық бәсекеге қабілеттілік XCI (өңдеу өнеркәсібі саласының экспорты, елдің жалпы экспорты, өңдеу өнеркәсібі саласының импорты, елдің жалпы импорты).
Екіншісі – инновациялық белсенділік индексі IAI (Index of Innovative Activity) (өңірдегі инновациялары бар кәсіпорындар саны; өңірдегі кәсіпорындардың жалпы саны).
Үшінші – экспорттық әлеуеттің өмір сүру индексі EPI (Indexing of export potential) (өңірдің жалпы пайда көлемі, жалпы өңірлік өнім).
Аталған индекстің артықшылығы – зерттеу объектісін кешенді зерттеуге мүмкіндік береді. Алайда аталған әдістемемен Қазақстанның аймақтары мысалында есептелген мәндерін қарайтын болсақ, мұнда EPI индексін қосып есептеудің қажеттілігі жоқ. Себебі, XCI және IAI индексінің мәні ондық, ол EPI индексінің мәні жүздік көрсеткіште. Сондықтан қорытындыға оның әсері өте төмен. Сонымен қатар бұл экспорттық әлеуетті өлшеу әдістемесі болғандықтан IAI индексінің орнына ННІ индексін қолданған жөн деп есептейміз. ННІ индексі экспорттың шоғырлану индексін бағалау көрсеткіші болғандықтан, біз бұл әдісте оның кері мағынасын қолданамыз. Мәселен Атырау облысында ННІ индексінің көрсеткіші 0,8096 болса, бұл өңдеу саласының жоғары шоғырлануын білдіреді. Біз бұл көрсеткіштің 10 мыңнан кері мағынасы, яғни әртараптандырылу деңгейі ретінде 0,1904 көрсеткішін пайдаланамыз.
Осыларды ескере келе келесідей есептеуді ұсынамыз.


(6)
EPI индексінің орнына анықталған салыстырмалы артықшылық RCA индексін (аймақтың өңдеу өнеркәсібі экспорты, аймақ экспортының жалпы көлемі, өңдеу өнеркәсібінің әлемдік экспорты, жалпы әлемдік экспорт) қолданған жөн деп есептейміз. Белгілі бір саланы жалпы әлемдік орташа деңгеймен салыстыру арқылы өлшеу маңызды. Сонымен қатар бұл 3 көрсеткіш те экспорттық көрсеткігшерді өлшеуге жақын болғандықтан формула атын да «экспортты әртараптандыру мүмкіндігі» (ExDO (Export diversification opportunities)) деп қолданған жөн. 10 субиндекстен құралған бұл әдістемені қолдану біршама қарапайым, сонымен қатар нәтижесі сенімді.
Бұл ұсынылып отырған әдіс арқылы біз аймақтардың экспортты әртараптандыру әлеуетін нақты бағалауға мүмкіндік аламыз. Себебі әрбір үш индекстің ішіндегі субиндекстердің барлығы аймақтың экспорттық мәліметтерінен құралған.
Бұл ұсынып отырған әдістеменің үш негізгі артықшылығы бар. Біріншісі, қажетті статистикалық ақпараттардың қолжетімділігі, екіншісі аймақтардың экспорттық жағдайын нақты әрі ашық бағалауға мүмкіндік беруі және есептеу әдістемесінің қарапайымдылығы, кез-келген экспортталатын салаға қолдануға болады.
Дүниежүзілік банк, Дүниежүзілік сауда ұйымы сияқты халықаралық ұйымдардың деректерінде елдер мысалында, соның ішінде Қазақстан бойынша түрлі есептеулер табуға болады. Ал бұл есептеу арқылы біз Қазақстанның аймақтарындағы көріністі көре аламыз. Мұның артықшылығы да осында. Бұл зерттеу нәтижелерін Қазақстанның өңірлерінде экспортты ілгерілету саясатын жүзеге асыру мен ұзақмерзімді стратегиялық жоспарлар әзірлеуде пайдалы құрал болады. Ұсынылып отырған индекстік әдістің модификацияланған түрімен есептеулерді диссертацияның екінші талдау, бағалау бөлімінде жүргіземіз.

Кесте 5 – Бәсекеге қабілеттілікті анықтауда қолданылатын сандық көрсеткіштер



Бəсекеге қабілеттілік динамикасы

Ұлттық экономиканың сыртқы бағалық бəсекеге қабілеттілігін сипаттауға арналған көрсеткіштер





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет