Адырбекова г. М.,Мамырова б. Ф. Химияны оқыту әдістемесі


Фенолдардың негізгі қасиеттері



бет27/35
Дата27.09.2022
өлшемі1,19 Mb.
#150893
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35
Байланысты:
ХОӘ
8 kl, Практикалық жұмыс 5, Лекция 2, eng 2022-2023 силлабус-ICT=
Фенолдардың негізгі қасиеттері
Фенолдар дегеніміз бензол ядросындағы сутегінің бір немесе бірнеше атомдары гидроксил топтарымен орын ауысқан аромат көмірсутектерінің туындылары. Жай фенол С6Н5ОН таза күйінде өзіне тән иісі бар, ақ кристалл зат. Ауада аздап тотығатындықтан түсі қызғылт болады. Фенол оңай балқиды. Қалыпты температурада суда нашар ериді (100 г суда 6 г), ал қыздырса оның ерігіштігі артады.
Жұмыстың мақсаты. Фенолдың касиеттерінің функционалдық топ әсерінен өзгеретіні туралы түсінік қалыптастыру.
Құрал-жабдықтар. Таза сынауықтар салынған штатив, стакандар, спирт шамы, көмір қышқыл газын алуға арналған Кипп аппараты.
Реактивтер. Кристалдық фенол, күйдіргіш натрдың 10%-тік ерітіндісі, 10%-тік тұз қышқылының ерітіндісі, бром суы, темір (ІІІ) хлоридінің 10%-тік ерітіндісі, калий перманганаты, бром суы.
Фенолдың суда ерігіштігі
Сынауыққа 0,5 г фенол салып, азырақ су қосып шайқаңдар. Фенолдың ерігіштігіне назар аударыңдар. Түзілген лайлау ерітіндіге шайқай отырып мөлдір ерітінді түзілгенге дейін су қосыңдар. 0,5 г фенолды қанша көлем суда толық ерітуге болатынын есептеп шығарыңдар. Фенол суда ерігенде екі қабат сұйық зат пайда болады: төменгісі - фенолдағы судың ерітіндісі; жоғарғысы -судағы фенолдың ерітіндісі. Қыздырған кезде екі қабаттағы ерітінді бір ерітіндіге айналып, салқындатқанда фенолдың артық мөлшері бөлініп шығады да, қайтадан қос қабат ерітінді пайда болады.
Фенолдың сілтілермен әрекеттесуі
Сынауыққа бірнеше түйір фенол салып, шамалы су құйып, шайқап араластырыңдар. Одан кейін штативке қойып тұндырыңдар. Біраздан кейін сынауықтағы ерітіндіде екі қабат пайда болады. Төменгісі судың фенолдағы ерітіндісі де, ал жоғарғысы - фенолдың судағы ерітіндісі. Енді осы сынауықтағы ерітіндіге тамшылатып, шайқай отырып сілтінің ерітіндісін құйыңдар. Феноляттың түзілуінен ерітінді түссізденеді. Фенолят суда жақсы ериді. Бұл реакцияда фенол қышқылдық қасиет көрсетеді. Егер бұл ерітіндіге қышқылмен әсер етсе, фенол бөлініп шығады. Реакция теңдеуін жазыңдар.

  1. С6Н5ОН + NaOH

  2. C6H5ONa + HC1

Фенолдың әлсіз қышқыл екендігін дәлелдеу
Сынауыққа немесе стаканға натрий фенолятының сұйылтылған ерітіндісін құйып, оның үстіне Кипп аппаратынан немесе арнаулы газ алатын құралдан көмір қышқыл газын жіберіңдер. Бұл кезде бос күйіндегі фенолдың бөлінгендігінен ерітінді лайланады. Реакция теңдеуін жазыңдар.
C6H5ONa +H23
Фенолдың бром суымен әрекеттесуі
Сынауықтағы фенолдың судағы мөлдір ерітіндісіне қаныққан бром суын құйыңдар. Ақ тұнбаның пайда болғанына назар аударыңдар. Мұнда үшбромфенол түзіледі, оның иісі жағымсыз болады. Үшбромфенолдың денеге, киімге тиюінен сақ болыңдар. Мұнда фенол бензолға қарағанда бром суымен әрекеттесетіндігін көруге болады. Бензол тек таза броммен әрекеттеседі. Фенолдағы гидроксил тобының бензол сақинасындағы басқа сутегі атомдарының броммен алмаса алуына ықпалын тигізе алатынын көреміз.
С6Н5ОН + Br2


Фенолдың темір (III) хлоридімен әрекеттесуі
Бір сынауыққа фенолдың мөлдір ерітіндісінен 1-2 мл құйып, үстіне
бірнеше тамшы темір (ІІІ) хлоридінің ерітіндісін тамызыңдар. Айрықша күлгін түске боялған темірдің күрделі комплексті тұзы түзіледі. Бұл фенолды басқа органикалық заттардан айыра білу үшін қолданылатын реакция деп аталады. Реакция теңдеуін жазыңдар.
21,22 жұмыс. Альдегидтер және кетондар
Спирттер әртүрлі тотықтырғыштардың осерінен оңай тотығып, альдегидтерге айналады. Соңында спирттің молекуласынан екі атом сутегі бөлініп, көміртегінің және оттегінің атомдарының арасында қос байланыс түзіледі. Молекуласында функционалдық тобы - С = О бар органикалық заттар альдегидтер деп аталады. Альдегидтердің негізгі қасиеттерімен танысып көрейік.
Жұмыстың мақсаты. Альдегидтерді алу және олардың өзіне тән реакцияларын жасау және карбонил тобындағы қос байланысты түсіндіру.
Құрал-жабдықтар. Сынауықтар, штатив, стакандар, электр плиткасы, спирт шам, құрал құрастыратын түтіктер, арнаулы колбалар, ұстағыш.
Реактивтер. Метил, этил спирті, 25%-тік аммиак ерітіндісі, калий перманганатының әлсіз ерітіндісі, тотияйынның, күйдіргіш натрдың 10% ерітінділері, концентрлі азот қышқылы, күміс нитратының ерітінділері, формалин ерітіндісі, мыс және сынап оксиді, кальций карбиді, сұйылтылған (1:5) және концентрлі күкірт қышқылы, фуксин ерітіндісі, мыс сым, мыс гидроксиді, кальций сульфаты, глицерин.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет