А.Ә.Әлімхан Х. Б. Ахметова М. М. Абдрахманова


Мәтіннің көріктеуіш құралдары



бет5/65
Дата27.10.2023
өлшемі371,15 Kb.
#188549
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
Байланысты:
А.Ә.Әлімхан Х. Б. Ахметова М. М. Абдрахманова-emirsaba.org
МАТЕМ КТП (Автосохраненный), №3 нұсқа, Әліппе қоштасу 1 с 22, Баешова Айгерим экологиялық мониторинг, 1 ҚЫРКҮЙЕК ОФОРМ, 1 қыркүйекке оформление, 855384c9b22c0a2ebfa0e44694c5bf69, Cтудент, Материктер мен мухиттар тест
Мәтіннің көріктеуіш құралдары 
Мәтінді оқырманға әсерлі ету үшін көріктеуіш құралдарды пайдаланады.
Теңеу – құбылысты басқа нәрсемен салыстыру арқылы сипаттау тәсілі.
Мысалы: Ержан басын бүркеңкіреп алып, іргеге қарап, тышқан аңдыған 
мысықтай тынып жатқалы бірқауым уақыт өтті. 
Эпитет – заттың не құбылыстың айрықша сипатын, сапасын, белгісін
білдіретін суретті сөз. Мысалы: Әлгіндей долы нөсерден кейін жер беті 
шалшық суға толып, лайсаң батпақ болып қалған. 
Метафора – суреттелген затты не құбылысты айқындау үшін оларды
сөздеріне ұқсас затқа не құбылысқа балау. Мысалы: Абай әлгі сөзді тыңдап 
бола бере, әуелі бір қысқа ғана мысқыл айтты: - Ауыл – дарбаза, сөз – самал, - 
деп қойды да, - есесің де бөсесің ғой, Тобықтының сотқары! – деді. 
Инверсия – сөздердің орындарын ауыстырып, өзгеше тіркестер құру.
Мысалы: Осы сен не боп барасың күннен- күнге? Бұл не сұмдық? Жүрген 
жеріңе шөп шықпағыр боп барсың ғой! Ұялмайсың ба бір мезгіл елден-
жұрттан? Қу жалғыз-ау, айтшы, не болды мұнша саған бұзылып? Өлтірдің 
ғой мына сорлы анаңды! 
Кейіптеу – табиғат құбылыстарын жандандырып, адам кейпінде
суреттеу. Мысалы: Ай жарық. Аспанның тұп-тұнық көк жібек шатыры бар 
жиһазын тағынып мөлдіреп тұр.
Кейіпкер мінезі 
Кейіпкер – көркем шығармада суреттелетін оқиғаға қатысушы адам,
көркем образ.
Мінез – адамның ішкі болмысы. Белгілі қоғамдық жағдай
қалыптастырған қоғамдық құлқы, барлық психологиялық ерекшеліктерінің
жиынтығы.
Мінездеу – әдеби кейіпкердің таным-түсінігі мен мінез-құлқын
таныта даралай суреттеу. Түрлі тәсілдер арқылы жасалады. Тура мінездеу
кейіпкердің мінез-құлқын айнытпай, сол қалпында баяндаса, жанама мінездеу
оған қатысты құбылыстар мен заттарды суреттеу арқылы қаһарман бейнесін
ашып көрсетеді. Адамның сезімдік көңіл-күйін, күйініш-сүйінішін, қимыл-
әрекеті мен кескін-кейпін бейнелеу үшін оның өз сөзі мен өзгемен арадағы
әңгімесін келтіру, сондай-ақ түрлі табиғат құбылыстарын суреттеу – осының
бәрі әдебиеттегі адамның ішкі әлемін тануға, сырт пішінін анықтауға аса
қажетті тәсілдер. Бұл әдістер бірін-бірі толықтырып, айқындай түседі, мінездеу
үшін маңызды рөл атқарады.
Мәтіндегі кейіпкерлердің мінезі жағымды немесе жағымсыз болып
келеді. Жағымды мінездерге қарапайымдылық, ұяңдық, жомарттық,



9
мейірімділік, сыпайылық, қамқорлық, адалдық т.б. жатады. Жағымсыз


мінездерге сұмдық, арамдық, сараңдық, тәкаппарлық, паңдық, мақтаншақтық,
еріншектік, т.б. жатады.

Мәтін құрылымы 
Мәтіннің тақырыбын ашу үшін және негізгі ойды оқырманға жеткізу
үшін мәтінде қолданылған әрбір сөйлемнің өз орны болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет