Ағылшын тілі сабағында ойын технологиясы арқылы оқушылардың ой өрістерін кеңейту, белсенділігін арттыру Мақсаты



бет3/4
Дата06.02.2022
өлшемі16,32 Kb.
#80299
1   2   3   4
Байланысты:
Ағылшын тілі сабағында ойын технологиясы арқылы оқушылардың ой өрістерін кеңейту
Ағылшын тілі сабағында ойын технологиясы арқылы оқушылардың ой өрістерін кеңейту
Қорыта келгенде, ойын – балаларды жан-жақты тәрбиелеудің, жеке ерекшелігін зерттеудің құралы. Ойын – баланың сезім мектебі, баланың өмірін ұйымдастырудың белсенді формасы.
Ол әдістемелік тұрғыдан алғанда мынадай бөліктерден тұрады: ойынның өтілетін сабақтарының мазмұны мен тақырыбына сай болуы; ойынға берілген уақытты нақты белгілеу; ойынның ойналу түрі, топ болып ойнау; ойынға қажетті материалдардың түгел дайындалып қойылуы; қолданылған сөздер, сөз тіркестері, өлең таңдау; ойындардың өту барысының жоспарын жасау. Мұғалім алдымен оқушының оқуға қызығушылығын ояту қажет. Оқушының қызығу жәрдемімен оқып-үйрену барысында қабілеті ашылып, дарыны ұшталады, өз күшіне, мүмкіндігіне сенімі артады, кісілігі қалыптасып, дара тұлғалық сипаттарға ие бола бастайды.
Мұғалім сабаққа әзірленгенде жаттығулар түрінің санын, оларға берілетін уақытын айқындауы керек. Көптеген әдіс, тәсілдерге елігіп, ойынды өткізуге керекті уақытты шектеуге болмайды. Мұнан ойынға ылғый 10 - 12 мин беріп отыру керек деген сөз тумаса керек. 5 минуттық ойындар өткізуге де болады.

Ойын оқу процесін ширатады, баланың оқуға деген ынтасын арттырады, сабақ қызықты өтеді. Ойын белгілі бір қабілеттердің қосындысы, оны былай көрсетуге болады: зейін + қабылдау + ес + ойлау + пайымдау.


Ойын әдісі мына бағытта жүргізіледі:
- үйретудегі оқушының міндеті ойын арқылы шешіледі;
- оқушыларға жаңа ұғымдар меңгертуге қажетті оқу материалы ойын құралы ретінде пайдаланылады;
- үйрету де, үйрену де ойын – жарыс түрінде жүргізіледі;
Мұғалімнің қарауында көптеген граматикалық ойындар болуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет