Ағылшын тілі сабағында ойын технологиясы арқылы оқушылардың ой өрістерін кеңейту, белсенділігін арттыру Мақсаты



бет2/4
Дата06.02.2022
өлшемі16,32 Kb.
#80299
1   2   3   4
Байланысты:
Ағылшын тілі сабағында ойын технологиясы арқылы оқушылардың ой өрістерін кеңейту
Ағылшын тілі сабағында ойын технологиясы арқылы оқушылардың ой өрістерін кеңейту
Теориялық негізі: еңбек, ойын және оқу ерте кезден-ақ адам тіршілігінің негізгі үш тірегі болып есептелінген. Ол балалар үшін кәмелетке келгенше жүріп өтетін өмір сатысы.

Қазақстан Республикасындағы ең бірінші кезекте тұрған тіл сая-саты туралы басты мәселе мемлекеттік тілді еркін меңгерту, шет тілін оқытудың сапасын халықаралық стандартқа сай көтеру. Қазақстанның білім беру жүйесінің әлемдік білім кеңістігіне біртіндеп өтуі жағдайында шетел тілдерін оқытудың рөлі артады. Әрине, 12 жылдық білім бе-ру жағдайында ағылшын тілін оқыту әдістемесінің бірі – ойын элементтері-мен іс-әрекеттер арқылы оқыту. Ойын технологиясы балалардың айналасын тану қызметіндегі белсенділігі мен шығармашылығының қалыптасуына жолды кең ашатын табиғи құбылыс. Атақты педагогтар В.А.Сухомлинский, Н.К.Крупская, К.Д.Ушинский ойынның балалардың ой өрісін дамытуда, дүние танымын қалыптастыруда практикалық маңызы зор екенін атап көрсеткен. К. Д. Ушинский баланың ойынға деген қызығушылығы жөнінде былай дейді: «Ойын- балалар үшін шындық. Ал шындық қоршаған ортадан да қызық, бала үшін қызықты болу түсінікті, өйткені онда өзіндік іс- әрекет көрінеді. Бала ойын әлемінде өмір сүреді, оның ізі шындық, өмірге қарағанда терең қаланады.»


Ойын өмірде пайдасыз көрінгенмен аса қажетті көрініс-құбылыс.


Ойын арқылы бала қоғамдық тәжірибені меңгереді, сондықтан әр сабақ үрдісінде
қандай ойын қолдануға болатынын сабақың мақсатына, жас ерекшелігіне сәйкес таңдау керек. Ойындар бес негізгі түрге бөлінеді:
1) стол үсті ойындары
2) дидактикалық ойындар
3) қозғалыс ойындары
4) іскерлік ойындар
5) интеллектуалдық ойындар

Кез келген ойынды қолданғанда келесі мәселелерді естен шығармау керек:


-мектепте әр-түрлі ойындарды ойнаған бала шығармашылыққа дайын
-ойын, оның түрі, мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуы
-жарқын көрнекілік ойынды талапқа сай өткізуге ықпал етеді
-ойынның қызықты материалы тақырыппен тығыз байланыста болуы

Ойын - қанағат алу үшін жасалатын іс-әрекет. Оқытудың түпкі мақсаты – оның сапалы болуы, яғни сабақтың түрлері мен әдістерін, мазмұнын жетілдіру, оның танымдық, білімдік, тәрбиелік жағынан сапалық жаңа деңгейдеге көтеру.


Баланы тәрбиелеуде ойын технологиясының берері мол. Ойын кезінде жеке тұлғаның өзін- өзі басқару қабілеті жетіліп, қалыптасады.
Ойынның дамытушылық қызметінің маңызы өте зор. Ойын үстінде бала өз еркімен, ықыласымен барлық зейінін аударып істегендері күннен күнге өрлеу, даму үстінде Балалар ойын кезінде өз жетістіктері мен кемшіліктерін біліп отыруы тиіс. Дұрыс орындалған ойында жақсы қатысқан оқушылардың атттары аталып отыруы керек. Ойын түрі белгіленген уақыт ішінде өтеді.
Ойын мен адам мәдениетінің өзара байланысы ғылыми түрде анықталды. Олардың тұлғаны дамытудағы маңызы анықталды, оның психологиялық және әлеуметтік факторлармен келісімі жөнінде кең қарастырылуда. Ойын технологиялары әлі де білім беру саласында жаңа инновация болып табылады.
Сабақтағы ойын түрі – ұжымдық еңбек, сондай-ақ тәрбиелік мәні зор тәсілдерге жатады. Ойын барысында жеке оқушының қабілеті, іскерлігі көрінеді. Мұғалім әр оқушының жұмысын бағалауға мүмкіндік алады. Ойын оқушыны бірігіп жұмыс істеуге үйретеді, іздендіру,іздену дағдыларын қалыптастырады.

Ағылшын тілі сабақтарында ойын түрлерін мынадай мақсаттарда қолданамын:


1.Алфавитті дұрыс меңгерту.
2.Дұрыс оқу дағдысын қалыптастыру.
3.Лексиканы меңгерту.
4.Грамматикалық құрылымдарды меңгерту.
5.Оқушының ойын дамыту, дұрыс айту, жазу оқи білу дағдыларын қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет