Ағылшын тілі сабағында ойын технологиясы арқылы оқушылардың ой өрістерін кеңейту, белсенділігін арттыру Мақсаты



бет4/4
Дата06.02.2022
өлшемі16,32 Kb.
#80299
1   2   3   4
Байланысты:
Ағылшын тілі сабағында ойын технологиясы арқылы оқушылардың ой өрістерін кеңейту
Ағылшын тілі сабағында ойын технологиясы арқылы оқушылардың ой өрістерін кеңейту
Біріншіден, ойын баланың жас шамасына байланысты ерекшеліктерін жақсы білуге көмектеседі. Бұл арқылы баланың психологиясына жете үңіліп, мінез-құлқын білуге болады. Екіншіден, ойын баланың жауапкершілігін арттырады, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Кез келген бала ешуақытта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды. Топқа бөліп жүргізілетін ойындарда оқушы өз тобының жеңіп шығуына өзінің тікелей қатысы барын ұғынады. Басқалардың алдындағы жауапкершілігін сезінеді де, берілген тапсырманы ынтамен, зейін сала ықыласпен орындауға тырысады. Сонымен бірге олардың бойында бауырмалдық, жанашырлық, ізеттілік, үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық сияқты жақсы қасиеттер қалыптаса бастайды. Үшіншіден, ойын арқылы бала оқу материалын жеңіл түсініп, терең меңгереді және оны ұзақ уақыт бойы есте сақтайтын болады, сабаққа қызығушылығы арта түседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет