Ағылшынша


Үшінші қағида: жеңілгендер жоқ



бет4/7
Дата09.06.2020
өлшемі22,86 Kb.
#72789
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
дебат през
Бағалаудың өлшемді технологиялары тест 400 жана
Үшінші қағида: жеңілгендер жоқ

Дебаттың негізгі міндеті – білімалушының білімін байыту және сол арқылы ләззат сыйлау. Сондықтан, ойынның ең бастапқы міндеті – үйрету. Басқаша сөзбен айтқанда, үйрену жеңістен де маңызды. Егер дебатқа тек жеңіске жету үшін қатысатын болса, онда мақсат қате болады.

Неліктен оқу жеңістен де маңызды? Біріншіден, оқу және жетілуге деген талпыныс жол берілмейтін тәсілдерді қолдануды жоққа шығарады. Ал егер рұқсат берілмеген тәсілдер қолданылмайтын болса, қоршаған адамдар арасында құрметке бөленеді. Екіншіден, егер жалғыз мақсат – жеңіс болатын болса, ол уақыт пен күшті пікірталаста қолдануға кедергі келтіруі мүмкін.

Бұл қағидалар көшбасшылық қабілеттін дебат технологиясы арқылы қалыптастырушылар үшін міндетті болып табылады. Егер қағидаларды қабылдамайтын болса, онда дебатқа технологиясын қолданбай-ақ қойғаныңыз жөн.

Көне дәстүрлі дебат – әр алуан тақырыптағы ресмиленген талқылаулар жүйесі. Екі топ өзінің дұрыстығы мен риторикадағы тәжірибелілігін әділқазылар алқасы алдында дәлелдеу үшін өз аргументтері мен контраргументтерін келтіреді. Осылайша, дебатты жүргізу техникасын меңгеру қатысушылар үшін тіл байлығын молайтып, коммуникативтік дағдыларға ие болуға керемет мүмкіндік береді.

Келіссөзді жақсы жүргізе білу және пікірталастыра білу қабілеті көптеген лингвистикалық, зияткерлік және әлеуметтік дағдылардан тұрады.
Көшбасшылық қаблеттерді жастардың бойында дебат технологиялары арқылы қалыптастыру үшін алдымен дебаттың негізгі элементтерін білу маңызды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет