Ағымдық бақылау тапсырмалары (3 кредит 8 тапсырма)


Task 7 1960 – 2000 жылдардағы балалар әдебиетінің көрнекті өкілдері



бет5/5
Дата21.03.2020
өлшемі98,55 Kb.
#60628
1   2   3   4   5
Байланысты:
5, тапсырма, тапсырма, тапсырма, 5, 5, Листовка для водителей, Конвенция ООН о правах ребенка, Конвенция ООН о правах ребенка

Task 7

1960 – 2000 жылдардағы балалар әдебиетінің көрнекті өкілдері
Тапсырма:

  1. М.Иманжанов, Т.Айбергенов, С.Жиенбаев, Ш.Мұртаза, Х.Бекхожин, О.Бөкеев, М.Шаханов, А.Асылбеков т.б. шығармаларындағы ауыл адамдарының өнегелі өмірі, танымдық және тәрбиелік ойлары.

СОӨЖ бақылау түрі – конспект

М.Иманжанов өз шығармаларында мектеп жұмысын өндірістік оқумен, өмірмен тығыз байланыстыра жүргізу мәселесін көтереді. «Алғашқы айлар» повесінің(1950) әдебиет әлемінде принциптік жаңалығы болды. Шығарма бастапқыда «Ауыл мұғалімі» деген атпен «Пионер» журналында басылды. М.Иманжанов «Алғашқы айлар» повесінде ауыл мұғалімінің өмірі туралы жазды. Мектеп мұғалімерінің әр алуан мінезін бейнеледі. Жақыпбек мұғалімнің іскерлігін, табандылығын үлгі етеді. Жақыпбектің белсенді іс-әрекеті ауыл мәдениетін көтеруге, мектептегі оқу-тәрбие жұмысын жақсартуға жұмсалады. Ол мектеп пен өмірдің байланысын көтеру, балаларды еңбекке баулу ісіне бастамашы болды. Мектеп пен отбасы, мектеп пен колхоз арасындағы байланыс жайы әңгіме етіледі. Автор мектеп жұмысының өмірмен тығыз байланысты болуы оқушылардың білімін тиянақты, тұрақты ететінін және оларды іскер азамат етіп шығаруға баулитынын дәлелдеп берді. Оқу процесімен қатар балалық шақтың алуан түрлі сәттері, бала психологиясындағы ерекшеліктер шынайылықпен көрсетіледі.

4. М.Иманжанов өз шығармаларында адам деген ұлы атты ардақтауды, оның бай сезім күйін жазды. Жазушылық пафосы мен шығармашылығының өміршең рухы жағынан М.Иманжанов Саттар Ерубаев пен Баубек Бұлқышевке ұқсайтын еді.
Task 8

Орыс және шет ел балалар әдебиеті

Тапсырма:


  1. А.С.Пушкин ертегілерінің тәрбиелік мәні.

  2. Л.Толстой шығармаларының даналық ой-көріністері.

  3. В.Жуковский, Г.Державин, И.Тургенев, С.Маршак шығармаларының тәрбиелік мәні.

СОӨЖ бақылау түрі – конспект

Орыс балалар әдебиеті сынын қалыптастыруға Н.И.Новиков, Л.Н.Толстой, К.Д.Ушинский сынды орыс педагогтары мен жазушылары мол үлес қосты. Олардың балалар кітаптарының тәрбиелік мәні, балалар әдебиетінің ерекшеліктері жайындағы ой-пікірлері үлкен мәнге ие болды. В.Г.Белинский, Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов, А.И.Герцен, Д.И.Писарев қалдырған мол мұра да аса қымбат қазына санатында. Ол мұра орыс балалар әдебиеті сынының негізін қалады. Орыс балалар әдебиеті мен сыны дамуында дәстүр мен жаңашылдық мәселесі басты орын алды. Орыс балалар әдебиеті сынының профессиональды деңгейге жетуі – ХХ ғасырдың 20-жылдары. 1921 жылы балалардың кітап оқу институты(институт детского чтения) ашылды.

1922 жылы Ленинградта пединститут жанындағы балалар кітапханасында үйірме жұмыс істей бастады. Үйірмеде сыншылармен қатар С.Маршак, Б.Житков, В.Бианки және т.б. жазушылар қоян-қолтық қызмет атқарды. 1932 жылы «Балалар мен жасөспірімдер әдебиеті» бюллетені шыға бастады. Ол 1935 жылы «Балалар әдебиеті» журналына айналды. Балалар әдебиеті сыны саласында өнімді еңбек еткен дамдар шоғыры пайда болды. Баспасөз беттерінде Н.Крупская, А.Луначарский, М.Горький, Д.Фурманов, А.Фадеев, А.Макаренко, К.Федин, Ю.Олеша, Ю.Тынянов сияқты қоғам қайраткерлері мен жазушылар балалар кітаптары жөніндегі ой-пікірлерімен бөлісті.

Балалар әдебиетінің есейіп, өзіндік үлкен дәстүрге ие болғанын көреміз. Бұл дәстүрдің басында орыстың көрнекті жазушылары Аркадий Гайдар, Самуил Маршак, Корней Чуковский, Сергей Михалков, Валентин Катаев, Борис Житков, Лев Кассиль, Агния Барто, Виталий Бианки, тағы басқалары тұрады. Орыс әдебиеті біздің ұлттық балалар әдебиетіміздің дамуына жаңа бағыт сілтеді. Н. А. Некрасовтыц «Мазай атай мен қояндары», В. В. Маяковскийдің әр алуан кәсіп туралы, еңбек сұлулығын жырлаған атақты «Кім боламыны» мен С.Я.Маршактын «Балмұздағы», К.Чуковский, С. Михалков, А. Бартоның өлеңдері — айта берсе, классикалық орыс және кеңес балалар поэзиясының бұл сияқты тамаша үлгілері қаншама!

Қазақ балаларына арнап қазақ әдебиетінің негізін салушы классик жазушыларымыз С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, М.Әуезов, С.Мұқановтар шығармалар жазды. Сәкеннің жастарды жаңа заман кұруға үндеген отты өлеңдері, Бейімбеттің «Хан күйеуі», «Өтірікке бәйге» сияқты өлеңмен жазылған ертегілері, Ілиястың балаларды өмір тануға үйрететін табиғат жырлары, Мұхтардың «Көксерегі» мен Сәбиттің «Бақташының баласы», «Менің мектептерім» атты кітаптары қазақ балаларының алғашқы кезінен бүгінге дейінгі ұрпағына талмай қызмет етіп келеді. Бүгінгі қазақ балалар әдебиеті осы бір құнарлы топыраққа дән тастап, содан нәр алып өсті.

1941 жылы маусым айында «Балалар әдебиеті» журналының соңғы саны шықты. Соғыстан кейінгі жылдары балалар әдебиеті саласында ғылыми-зерттеу жұмысы кең қанат жайды. Балалар әдебиеті баспасы жанынан Балалар кітабы Үйі ашылды. Бұл лаборатория әдістемелік және библиографиялық құралдар шығаруды жүзеге асырды. 1952 жылдың сәуір айында балалар әдебиеті бойынша Бүкілодақтық мәжіліс(совещание) өткізілді. Кеңес балалар әдебиеті сыны дамуындағы жаңа кезең 50-жылдардың ортасынан басталды. 1953 жылдан бастап Балалар кітабы Үйі кеңес балалар жазушылары жайында сын-библиографиялық очерктер сериясын шығара бастады. 1966 жылы «Балалар әдебиеті» журналы өз жұмысын қайта жандандырды. 1941 жылы маусым айында «Балалар әдебиеті» журналының соңғы саны шықты.Қолдарына қару алып майданға аттанған қаламгерлер А.Гайдар, Л.Кассиль, С.Михалков, Л.Пантелеев, В.Катаев т.б. болды. 1941 жылдың күзінде А.Гайдар қаза тапты.Отан соғысын балаларға арналған кітаптарда бейнелеу принциптері А.Толстойдың, А.Фадеевтің, Н.Тихоновтың, И.Эренбургтің әдебиет жөніндегі мақалалары мен баяндамаларында, С.Маршактың, К.Чуковскийдің, В.Смирнованың балалар әдебиеті туралы сын мақалаларында ұсынылды. Аталмыш принциптер біртіндеп әдебиет практикасында орнықты.

Балалар әдебиеті дамуы мәселелеріне баспасөз үлкен мән берді. Соғыс кезіндегі баспасөз балалар әдебиетінің тәрбиелік мәніне баса назар аударыды. Партия Басқармасының Х пленумына 1945 жылдың мамырында «Балалар әдебиеті соғыс жылдарында» деген тақырыпта А.Кононов баяндама жасады.

Балалар әдебиеттінің негізгі мәселелері жайындағы мақалалар мен ой толғаулар «Правда», «Комсомольская правда», «Учительская газета», «Литература и искусство» газеттерінде және «Новый мир», «Знамя», «Звезда», «Октябрь» журналдарында жарық көрді. Бұл жарияланымдарда балалар шығармаларындағы өмірлік шындық пен көркемдік шындық нақты мәселе ретінде қойылды.

Балалар әдебиетінің соғыс кезіндегі халықтың шынайы өміріне бет бұруы, жас оқырманның халық тәжірибесіне иек сүйеуі оны үлкендер әдебиетімен жақындастырды. Үлкендерге арналып жазылған, соғыс туралы ең жақсы кітаптардың көпшілігі(толықтай немесе үзінділері) балаларға арналып басылды.

Балалар үшін ең жақсы классикалық туындылар мен кеңестік дәуірдегі кітаптар, бірінші кезекте кеңестік Ресейдің өткені жөніндегі кітаптар бірнеше мәрте басылып шықты. Соғыс кезінде орыс аңыздары, Пушкиннің «Полтавасы», Лермонтовтың «Бородиносы», Гогольдің «Тарас Бульбасы», Л.Толстойдың «Севастополь әңгімелері», Фурмановтың «Чапаевы», Серафимовичтің «Железный поток», Н.Островскийдің «Құрыш қалай шынықты?» және т.б. кітаптар жарық көрді.

Қиын-қыстау кезеңдегі халықтың күрделі қат-қабат өмірі әдебиеттің барлық жанрлық түрлерінде көрініс тапты: лирикалық өлеңдермен, публицистикалық мақала, очерк, қысқа әңгімелермен қатар, соғыстың басында поэма, баллада, повесть, ал кейіннен тіпті романдар пайда бола бастады. Бір жанр элементінің екіншісінен көрінуі, әр қилы әдеби жанрлардың өзара кірігуі байқалды. Лирика публицистік сипатта көрінсе, эпос лирикалық қасиетпен ерекшеленді.

Соғыс кезіндегі туындылардың арасынан тарихи жанрдағы кітаптар, «жеңгендігіміз туралы ғана емес, біз кімбіз және біз неліктен жеңуіміз керек» дегенді түсіндіретін кітаптар басты орынға ие болды.

Балаларға арналған драматургия, фантастика, ғылыми-көпшілік әдебиет, жасы кіші балаларға арналған түрлі кітапшалар - осының бәрімен де балаларды балалар баспасы қамтамасыз етіп отырды.

Балалар мерзімді баспасөзі ел өміріндегі маңзды оқиғаларға ұйымшылдықпен үн қосып отырды, мектеп, пионер өмірі жайында хабарлаумен болды. «Пионер», «Дружные ребята», «Мурзилка» журналдары шығып тұрды. Біраз үзіліспен Ленинградтық «Костер» журналы шықты. Свердловскіде 1942 жылдан балаларға арналған «Боевые ребята» альманағы шыға бастады.

Соғыс кезіндегі балалар әдебиеті жас ұрпақты ерлік істерге баулу, тәрбиелеу жолында көп шаруа атқарды. А.Гайдардың, С.Маршактың, А.Бартоның, М.Пришвиннің, В.Катаевтың, Л.Кассильдің, В.Кавериннің және тағы басқа көптеген ақын-жазушылардың шығармалары балалар әдебиеті тарихына теңдессіз ерлік куәгерлері ретінде енді.

Соғыстан кейінгі жылдары балалар әдебиеті саласында ғылыми-зерттеу жұмысы кең қанат жайды. Балалар әдебиеті баспасы жанынан Балалар кітабы Үйі ашылды. Бұл лаборатория әдістемелік және библиографиялық құралдар шығаруды жүзеге асырды. 1952 жылдың сәуір айында балалар әдебиеті бойынша Бүкілодақтық мәжіліс(совещание) өткізілді. Кеңес балалар әдебиеті сыны дамуындағы жаңа кезең 50-жылдардың ортасынан басталды. 1953 жылдан бастап Балалар кітабы Үйі кеңес балалар жазушылары жайында сын-библиографиялық очерктер сериясын шығара бастады. 1966 жылы «Балалар әдебиеті» журналы өз жұмысын қайта жандандырды.

2.Орыс әдебиеттанушылары балалар әдебиеті ерекшеліктері жайында. Ересектер әдебиеті мен балалар әдебиетінің жалпы міндеттері мен принциптері, көркемдік әдістері мен тарихи тағдыры бірдей. Бірақ балалар әдебиеті әдебиеттің жеке бір саласы болып есептеледі, оған ерекше қасиеттер тән. Балалар әдебиетінің ерекшелігі жайындағы мәселе талай рет талас өзегіне айналды. Көбінесе бір-біріне кереғар пікірлер легі толастамады. Кейбір сыншылар балалар әдебиетінің басты ерекшелігі – оның тематикасында, басқалары – оның ұғынықтылығында, үшіншілері – оның балаларға лайықталған ерекше тілінде деп түсінді.

1971-1973 жылдары «Детская литература» журналы беттерінде балалар кітаптарының өзіндік ерекшеліктері жайында жазылған мақалалар жарық көре бастады. Мақала авторларының паймдауынша, жазушының ерекше таланты, яғни дүниені бала көзімен көре білетін тума қабілеті, оның алдын-ала ойластырылған педагогтік және көркемдік ішкі есебі болуы керек. Ол өз идеяларын белгілі бір жас мөлшеріндегі бала оқырманға жеткізе білуге ұмтылуы қажет.

Балалар әдебиетінің ерекшелігін бала оқырманның жас өзгешелігін есепке алу да айқындайды.«Әйтпегенде, - дейді М.Горький. – жазушы қаламынан балаға да, ересек адамға да қажетсіз, адрессіз кітап тууы мүмкін». Балалар әдебиеті баспасы жұмысының күрделілігін С.Маршак оның үш тілде кітап шығаруымен байланыстырады, өйткені бес жастағы бала бір тілде, он жастағы бала екінші тілде, ал он бес жастағы бала үшінші тілде сөйлейді. «Жастан-жасқа толуымен өзгеретін бала табиғаты дәуірден дәуір, ұрпақтан ұрпақ ауысқан сайын да өзгеріске түседі. Адамзат та есейеді. Кезінде үлкендердің өздері үшін шығарылған көне мифтер қазіргі уақытта балаға арналған ертегіге айналған» - дейді И.Мотяшов.

Балалар жазушысы болу үшін оған білім қажет. Жазушы білімді қайдан алады? Өз балалық шағынан алады. Балалармен арадағы қарым-қатынастан, оларды бақылау нәтижесінен тірнектеп жинайды. Балалар кітаптарының тематикасына шектеу қоюға болмайды, онда адамның бүкіл қоғамдық және жеке өмірі қамтылады. А.Макаренконың айтуы бойынша, бұл жерде «не туралы?» деген сұрақ блмауы тиіс, «қалай?» деген сұрақ қойылуы керек. Балалар әдебиетінің тағы бір қасиеті – юмор. Онсыз ол балалар әдебиеті болмақ емес. Бұның өз балалар табиғатымен белгіленеді.

Балада К.Чуковскийдің айтуы бойынша, «күлуге деген үлкен қажеттілік»(есть великая потребность смеяться) бар. Осы қажеттілікті өтеу үшін жарамды материал ұсынылуы қажет. Көркем шығарма балаларды көңілдендіру үшін ғана күлдірмейді, олардың бойында юмор сезімін тәрбиелеу үшін күлдіреді. Өйткені юмор сезімі бала өскенде оның кез келген қолайсыз ортаға қарсы қорғаныс қабілетін арттырады және ұсақ-түйек қажетсіз кикілжіңдерден жоғары тұруға үйретеді. Ашықжарқындылық балалық шаққа тән болатыны сияқты юмор балалар әдебиетіне тән.

Балалар әдебиеті – балалар өмірінің энциклопедиясы. Бала кітап арқылы өзін, өз өмірін танып біледі. Балалар өмірінің энциклопедиясы халық өмірінің энциклопедиясын да танытады, өйткені бала тағдыры халық тағдырынан ажырағысыз. Бұның өзі балалар әдебиетінің халық әдебиетімен органикалық бірлікте екендігін байқатады.

3. Орыс балалар әдебиеті шығармалары. Орыс ғалымы Ф.И.Сетин орыс балалар әдебиеті даму кезеңдерін төмендегіше бөледі: 1.Балаларға арналған ежелгі орыс әдебиеті(ІХ-ХҮІІғғ.) 2. ХҮІІІ ғасырдағы орыс балалар әдебиеті.3. ХІХ ғ. Орыс балалар әдебиеті. 4. ХХ ғасыр орыс балалар әдебиеті. Ал басқа зерттеушілердің(Н.В.Чехов, А.В.Бабушкина) пікірінше, орыс балалар әдебиеті ХҮІІІ ғасырда қалыптаса бастады. ХҮІІІ ғасырда орыс балалар әдебиеті үлкендер әдебиетінің бір саласы есебінде бой түзей бастады. Алғашқы онжылдықта алфавитке реформа жасалды, кириллица графикасы жеңілдетілді. І Петр тұсында оқулықтар көптеп шыға бастады. Бұл кезеңде үлкендер мен балалар әдебиеті арасындағы айрым-белгі анық байқала қоймады.

ХҮІІІ ғасыр әдебиеті классицизм және сентиментализм бағыттары арнасында дамыды. Кезең тынысына қарай ағартушылық әдебиеттер – ғылыми-көпшілік, энциклопедиялық әдебиеттер пайда бола бастады. Чех педагогы Я.А.Коменскийдің «Сурет әлемі» кітабы Ресейдегі балалар энциклопедиялық басылымдарының жарық көруіне жол салды. Д.Дефоның «Робинзон Крузо» романының ықпалы болды. Немістің уағыздық әдебиетінің әсері де біліне бастады. Н.М.Карамзиннің(орыс сентиментализмінің негізін салушы), В.А.Жуковсийдің, А.С.Пушкиннің, П.П.Ершовтың ертегілері пайда болды. А.Погорельскийдің «Қара тауық және жер асты тұрғындары», В.Ф.Одоевскийдің «Табакеркадағы қалашық» шығармалары ертегілік шығармалар қатарынан саналды.

ХІХ ғасырдың екініш жартысы – орыс балалар әдебиетінің гүлденген кезеңі. Л.Толстой, Н.Некрасов, К.Д.Ушинский, С.Аксаков, Н.Гарин-Михайловский балаларға арнап жаза бастайды. Кезең соңында баланың қоғамдағы, отбасындағы орны мен жағдайына назар аударыла бастады. 80-90 жылдары авторлар түрлі тақырыптарға(теңіз, зауыт жұмысшыларының өмірі) құлаш сермеді. ХІХ ғасыр соңында, ХХ ғасыр басында А.Н.Куприн, А.Н.Толстой, И.А.Бунин, А.П.Чехов, А.М.Горький, К.М.Станюкович, Д.Н.Мамин-Сибиряк балаларға өз шығармаларын ұсынды.

ХХ ғ. 20-30 жылдардағы балалар әдебиетіне К.Г.Паустовский, М.М.Пришвин, В.П.Катаев, Б.С.Житков, К.Чуковский, С.Я.Маршак, А.Гайдар, А.Платонов өз шығармаларымен үлес қосты. К.Чуковскийдің түгелге жуық ертегілері(«Мойдодыр», «Тараканище», «Муха-Цокотуха», «Бармалей», «Айболит» т.б.)20-30 жылдары жазылды. Бала бойына адамгершілік дәнін егу ақынның басты мұраты болды. С.Маршак фольклордың шағын формалары мақал-мәтел, частушкаларды қайта жаңғыртады. Бұл кезең орыс балалар әдебиеті лирикалық өлеңдермен толыға түседі. 40-50 жылдардағы орыс балалар әдебиетінің өкілдері С.В.Михалков, Л.А.Кассиль, А.Л.Барто, Н.Н.Носов болды. 60-80 жылдардағы орыс балалар әдебиетінің өкілдері есебінде В.В.Медведев, С.А.Баруздин, В.Ю.Драгунский, В.К.Железниковты айтуға болады. В.В.Медведевтің «Баранкин, будь человеком» шығармасы Г.Х.Андерсен атындағы халықаралық конкурс дипломын алды.

Шығармасын балаларға арнаған драматургтердің ескеретін тағы бір міндеті — балалардың жастық ерекшеліктеріне байланысты өзіне тән өзгеше қасиеттерін жете меңгеріп, дұрыс түсіну қажеттігі. Орыс дра-матургиясында С. Михалковтың «Үйге қайтқым келеді», Л. Гераскинаның «Кәмелеттік аттестат», В. Розовтың «Оның достары» сияқты тартымды жазылған бірнеше шығармалардың аттарын атауға болады.

Орыс және қазақ мәдениетінің өзара байланысы ерте замандардан басталған еді. В.Бартольд, В.В.Радлов, А.Н.Веселовский, И.Березин, А.Алекторов, Н.Потанин, Ф.Достоевский, В.И.Даль, А.В.Васильев, П.М.Мелиоранский, В.Катаринский, Н.Пантусов, Мамин-Сибиряк т.б. жазушылар мен шығысты зерттеушілер орыс пен қазақ арасындағы өзара әдеби және мәдени байланыстар мен қатынастарды күшейтуге мейлінше мол еңбек сіңірді.

Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, С.Көбеев аударған Крылов мысалдарынан бастап, 1889 жылы А.Пушкиннің “Балықшы мен балық хақында”, “Салтан патша туралы ертегісі” Орта Азия халықтары ішінде ең бірінші болып қазақ тіліне аударылған еді. Сол кездің өзінде-ақ бұл қазақ балалар жазба әдебиетінің ірге тасын қаласқан теңдесі жоқ мол мұра боп қала берді. М.Әуезовтің сөзімен айтқанда мұның өзі “Ол(Пушкин) мәдениет қазынасынан жаңа бір заманды бастап келіп кірді… Оның ықпалымен жаңа бір орта қалыптасты және бұл ықпал әрдайым тарихи перспективалы болды, белгілі бір әдебиеттің бұжан былайғы бүкіл даму жолы үшін құтқарушы ықпал болды” – дейді. Д.Дефоның “Робинзон Крузо”, Ч.Диккенс пен М.Твеннің повестері, Ж.Верннің романдары, Сетон Томпсонның әңгімелері қазақ тіліне аударылып, балалар әдебиетінің қорын молайта бастады.

1936 жылдан 1957 жылға дейін К.Чуковскийдің “Доктор Айболиті”, Н.Некрасовтың “Генерал Топтыгині”, С.Маршактың “Бұл не деген жаңғалағы”, А.Бартоның “Ормандағы жұлдыздары”, В.В.Маяковскийдің “Жақсы деген немене, жаман деген немене?”, “Кім болам?”, Гайдардың “Тимур және оның командасы” кітаптары қазақ тіліне аударылып басылды.

Қазақ кеңес балалар әдебиеті өзбек, қырғыз, татар, башқұрт, азербайжан, түрікпен, тәжік, қарақалпақ, дағыстан және т.б. халықтар әдебиеті шығармаларының қазақ тіліне аударылуымен да толығы түсті. Қазақ балалары өзге халықтар әдебиеттерін оқып, олардың өмірімен танысуға мүмкіндік алды. Тәжік жазушысы Садриддин Айнидің “Мектеп” атты өмірбаянық повесі, М.Миршакардың “Алтын қыстақ” атты поэмасы, өзбек ақыны Қуддус Мухаммадидің “Мектеп балалары және көктем”, Эрназар Рузиматовтың “Достық” өлеңдер жинағы, 1960 жылы “Жазушы” баспасынан өзбек жазушыларының балаларға арналған “Сахара самалы” атты әңгімелер жинағы басылып шықты.

1973 жылы түрікпен ақыны Каюм Тангрукулиевтің балаларға арналған өлеңдер жинағы шықты. Қырғыз жазушысы Ш.Айтматовтың “Менің алғашқы мұғалімім”, “Ақ кеме” повестері, “Солдат ұлы” әңгімесі қазақ тіліне аударылып, үлкендермен қатар балалардың да сүйіп оқитын шығармаларына айналды. Қазақ балалары басқа халықтар әдебиетін оқу арқылы олардың тарихымен, әдет-ғұрып салтымен, мәдениетімен танысуға мүмкіндік алды.

Негізгі әдебиеттер:

1. Ахметов Ш. Қазақ совет балалар әдебиеті. А., 1976.

2. Советская детская литература. М. Просвещение. 1978. Под ред.

В.Д.Разовой.



3. Дет. литература. М. Просвещение. 1989. Под ред. Е.Е.Зубаревой.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет