Агрессияның психологиялық теориялық негізі


Ал, агрессиялы балалармен түзету-дамыту жұмысы төрт бағытта жүргізілуі қажет



бет6/8
Дата13.10.2019
өлшемі0,98 Mb.
#49768
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Мектеп жасына дейінгі балалар агрессиясы және оны психологиялық түзету-дамыту жолдары. ДИПЛОМ
акма апай ашык сабак

Ал, агрессиялы балалармен түзету-дамыту жұмысы төрт бағытта жүргізілуі қажет.

1. Агрессялы балаға ызасын көрсетуін ыңғайлы түрде, оны ойын арқылы затқа ауыстыру жолдары.

2. Әр түрлі жағдайларда баланы өзін-өзі ұстай білуге үйрету.

3. Дау-дамай жағдайында қатынастың мүмкін болатын жағымды дұрыс жолдарын қарастыру.

4. Эмпатия, адамға деген сенімділік қасиеттерін дамыту. Агрессиялы балалармен жүргізілетін түзету-дамыту сабақтар құрылымы мынандай:

1. Өзара жылы қарым-қатынас түзу;

2. Агрессия түрлерін (физиологиялық, вербальды) шығару шаралары.
3.3 Агрессиялы балалармен түзету-дамыту сабақтары

БАЛАЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭМОЦИЯЛЫҚ КҮЙ-ЖАҒДАЙЫН ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ТОПТЫҢ ТҮЗЕТУ-ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Оқу қызметі

Бағдарлама , мазмұны

Методикалық тәсіл

Қажетті жабдықтар

№1

1. Кері әсерлерден жеңілдетіп, агрессияны затқа аудару жолдарын үйрету.
2. Өзара жағымды қарым-қатынасты жақсарту. Жанашырлық, өзгейен бөлісу, өзгені түсіну сияқты сезімдерді дамыту.

1.Жаттығу: «Салемдесу,

«Танысу» мақсаты: зейінін тұрақтандыру, ойлауын, есте сақтауын дамыту.



2. Ойын «Күн»

мақсаты: вербальды агрессиядан жеңілдеу.



3. Ойын: «Мейірімді жануар»

Мақсаты: тікелей дене агрессиясын қимыл арқылы сыртқа шығару.



4. Жаттығу: «Құсты құтқар»

Мақсаты: кері әсерлерден жеңілдеп, өзіне сенімділігін арттыру.



5. Релаксация: «Мөлдір шар»

Үнтаспа, кассета

Кішкене жастықшалар

баяу жағымды әуен.


№2

1. Тіл мәдениетін дамытып, эмпатия, адамға деген сенімділік қасиеттерін дамыту.

1. «Сәлемдесу» жаттығуы

Мақсаты: достық қатынас орнату



Жаттығу:«Біздің эмоциялар»

Мақсаты: эмоцияларды айыра білуге, көрсете білуге үйрету.



2. Ойын: ««Сиқырды сөз»». Мақсаты: өйын анық,нақты айтуға үйрету.

3. Ойын «Менің сүйкімді тышқаным»

Мақсаты: кері әсерлерден жеңілдеу, сенімін арттыру.



4. Демалыс уақыты «Құс» Мақсаты: вербальды және дене агрессиясынан жеңілдеу.

5. Релаксация.

Шоқ гүл бумасы

үнтаспа, кассета баяу жағымды әуен.



№3

1. Топта достық қарым – қатынасты қалыптастыру, балаларды қол – қимыл, мимикамен білдіруін дамыту.

1. Жаттығу: «Амандасу-сәлемдесу». Мақсаты: балалардың өзара сенімін ояту, қарым-қатынасын жақсарту.

2. Ойын: «Күлкі сыйлаймыз». Мақсаты: достық қатынас орнату

3. Жаттығу: «Көңіл – күй неге ұқсайды?». Мақсаты: ішкі кері әсерлерден, қорқыныштан жеңілдету.

4. Релаксация.

Үнтаспа, кассета

Кішкене жастықшалар

Үлкен жастықтар жинағы

Бес түрлі темптегі әуен.



№4

1. Эмоционалды күйзелісті жою, өзі жайлы жақсы көзқарас қалыптастыру, өзінің жағымды жақтарын көрсету, Тұлғалық маңыздылығын арттыру.

2.Дұрыс тыныс алу арқылы дененің жиырылуын жазу, ішкі қаупін жеңілдету.




1. Ойын «Сиқырлы шарлар»

Мақсаты: баланың өзін-өзі бағалауын «мен» тұжырымын арттыру.



2. «Ауторелаксация: «Мен желмін!»мақсаты: денесін бағдарлауын дамыту, бейсана қызыметін арттыру.

3. Демалыс уақыты «Құс»

Мақсаты: денелерін босаиып, еркіндікке тәрбиелеу.



4. Релаксация«Мөлдір шар»


Үнтаспа, кассета

Үлкен жастықтар жинағы




№5

1.Агрессияны шығаруға көмектесі, әлеуметтік ортада білуге қажетті ережелерді үйрету, бір біріне сеніммен қарауға тәрбиелеу.

2. Эмоцияны, бет қимылы-мимика, пантомимиканы дамыту. Вербальды емес технологияны меңгерту.



1. Жаттығу «Ашумен танысу»

мақсаты: балаларды бір-біріне жақсы көңіл-күй сыйлауға үйрету.



2. Ойын «Асан мен Айша»

мақсаты: ойынның шартын бұзбай ойнауға, жауапкершілікке тәрбиелеу.



4. Ойын «Ашу»

мақсаты: өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейрімділікке тәрбиелеу.



5. Жаттығу «Еркін сурет». Мақсаты: психосезімдік ахуалдарын жақсарту, баланың өз сезімін, әрекетін түсініп, әсерлене білу қаблетін дамыту.


Үнтаспа, кассеталар

Жағымды ырғақты әуен.



Оқу қызметінің жалпы саны: 5, аптасына бір рет.

Оқу қызметінің өткізу уақыты: 30 минут.

Бала саны: 6-8 адам.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» атты бағдарламалық мақаласында, ұлттық жаңғыру ұғымы ұлттық сананың кемелденуін білдіретіндігі айтылған. Сондайақ, осы мақалада қазақ халқының «ұлттық салт-дәстүрі, тілі мен музыкасы, әдебиеті, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухы мәңгі қалуға тиістігі» атап өтілген. Ал бұл болса, балалардың ұлттық санасын дамытуға ықпал ететін қазақ халық шығармашылығын, олардың бойына ерте жастан сіңіру қажеттілігін көрсетеді [5].



Зерттеу кезеңдері. Ғылыми-зерттеу жұмысы бір-бірімен өзара байланысты үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде (2014-2015жж.) зерттеу мәселесінің тақырыбы нақтыланып, ғылыми аппараты мен теориялық негізі анықталды. Философиялық, филологиялық, педагогикалық, психологиялық әдебиеттерге және мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуге арналған бағдарламаларға, отандық, жақын және алыс шет елдік ғылыми зерртеулерге талдау жасалды. Ғылыми мақалалар дайындалып, басылым көрді. Ерте жастағы балалардың қазақ халық шығармашылығы құралдарымен танымдық белсенділігін дамытудың теориялық негіздері айқындалып, қазақ халық шығармашылығы материалдары жинақталып, талданды, педагогикалық жіктеме жасалды. Ерте жастағы балалардың қазақ халық шығармашылығы құралдарымен танымдық белсенділігін дамытудың моделі құрылып, өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері анықталды.
Екінші кезеңде (2015-2016жж.) ерте жастағы балалардың қазақ халық шығармашылығы құралдарымен дамуының деңгейі анықталып, педагогикалық эксперимент жұмыстарының мақсат-міндеттері, мазмұны айқындалды. Ерте 13 жастағы балалардың танымдық белсенділігін қазақ халық шығармашылығымен дамытужың кешенді бағдарламасы жасалды, тәжірибелік-эксперименттің қалыптастырушы кезеңі жүргізілді. Қазақ халық шығармашылығы құралдарымен ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігін дамытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер сұрыпталды. Бағдарламаның тәжірибелікэксперимент жүзінде тиімділігі дәлелденді. Зерттеу мазмұны бойынша ғылыми мақалалар жарияланды.
Үшінші кезеңде (2016-2017 жж.) диссертация материалдарын өңдеу жүзеге асырылып, эксперименттік жұмыс барысында алынған барлық мәліметтердің нәтижелері қорытындыланды. Зерттеу нәтижелері талқыланып, статистикалық өңдеу жұмыстары жүргізілді. Диссертация материалдары талапқа сай рәсімделді.
Осыған байланысты біз жасаған «Сәби танымы»эксперименттік кешенді бағдарламасы үш бағыттан тұрады: 1) Ерте жастағы балаларды тәрбиелейтін педагогтардың біліктілігін арттыруға арналған дәріс-семинарлар; 2) Ерте жастағы балаларды тәрбиелеуде ата-аналармен бірлестіктегі жұмыс; 3) Ерте дамыту орталықтарында балалардың танымдық белсенділігін дамытудың оқуойын іс-әрекеттерін ұйымдастырудың тақырыптық жоспары және іс-шаралары. Аталған бағдарлама «педагог – бала – ата-ана» жүйесімен жүргізіледі. Осы бағдарламаны жүзеге асыруда ата-аналармен біргелікте істейтін іс-шаралар бірінші орынға шығады. Ата-аналардың балаларымен бірге ұйымдастырылған іс-әрекетке қатысып отыруы, олармен бірге тапсырмаларды орындауы маңызды саналады. «Сәби танымы» кешенді бағдарламасында ерте жастағы балаларды тәрбиелеу мен дамытуда оқытудың ойын формасы мен дәстүрлі мәдениетті қолдануды басты назарда ұстанған ғалымдар еңбектеріне, балалар 93 психологиясындағы ғылыми білімдерге негізделген. Балалардың әлемді әртүрлі сезімдер арқылы танудың қажеттілігі туралы ой-пікірлерді ескере отырып, балалардың уайымдарын, сезімдерін білдірудің формаларын өздеріне ойлап табу ұсынылады, бұл шығармашылықтың тууына тікелей бастама болады. Баланың алғашқы жылдары өте өзекті болып табылатын: шапалақтау, секіру, қимыл – бәрі «өзін көрсету белгісі» екенін байқадық (Жак Далькроз). Баланың эмоциялық әсерленуі, мысалы күн сайын күшейе түседі. Ол өте маңызды, «тәрбие бәрінен бұрын жағымды әсер етуі керек (қуаныш, мақтаныш, сенімділік), жағымсыз әсер тудырмағаны жөн» (Гарри Шенфельдер). Бағдарлама жоғарыда аталып өткен мемлекеттік стандарт пен балаларды ертеден дамыту мемлекеттік бағдарламалары негізге алынды. Сондай-ақ, Н.Құлжанова, Б.Баймұратова, А.Әмірова, Ғ.Таубаева, А.Мамбетова, Н.Нұрмұхаметова, Ғ.Абаева,Қ.Матыжанов, Р.Ісламжанұлы, С.Ұзақбаева, Ұ.Әбдіғапбарова, Ф.Жұмабекова, Ж.Акпарова, Ұ.Төленова және т.б. зерттеулердегі қазақ халық шығармашылығының материалдары қолданылды. Бағдарлама төмендегідей мүмкіндіктер береді: - балалар мен олардың ата-аналарын дәстүрлі мәдениетке қатыстыру; - азақ халық шығармашылығының балаларға арналған түрлі жанрларын меңгерту; -педагогтардың бала тәрбиесінде қазақ халық шығармашылығын пайдалану біліктілігін арттыру; - ата-аналарды бала тәрбиесінде қазақ халық шығармашлығының негізгі қағидаларын пайдалана білуге үйрету. Бағдарламаның негізгі тұжырымдамалық идеялары: - баланың өзінің тарихи-мәдени тамырын генетикалық есте сақтауын ояту; - балада рухани-адамгершілік тұрғыда жеке тұлға ретінде дамуының іргетасын қалыптастыру - қазақ халық шығармашылық құралдары арқылы баланың өз халқының мәдениетіне сүйіспеншілігін тудыру; балалардың тілін және музыкалық қабілетін, қол әрекеттерін жетілдіру, физикалық және психикалық тұрғыдан дамуын қамтамасыз ету негізінде олардың танымдық белсенділігін дамытуды жүзеге асыру.
Бағдарлама төмендегідей халық педагогикасы мен гумандық педагогиканың кіріккен идеяларын ұсынады: - ұлттық рухани-адамгершілік нормаларына сүйенеді; - қазақ халық шығармашылғының алуан сипатты жанрларын қамтиды; - тәрбиелеудің ұжымдық және жеке-даралық тәсілін қолданады; - еңбек іс-әрекетіне үйретеді.

Педагогтің қызметі төмендегі принциптерге сүйенеді: - шығармашылық тәсіл; қолжетімділік; жеке-даралық тәсіл; белсенділік; сезімталдық; эмоция, мадақтау; еңбексүйгіштік. Нәтижесінде баланың іс-әрекетінде және ұжымда құрдастарымен толыққанды өмір сүруде маңызды орын алатын бастауыш нысандардың 94 қалыптасуына ықпал ететін өзін-өзі бағалау және өзін-өзі бақылау ұстанымдарын жүзеге асыруға жағдай жасалады.

Бағдарламаны табысты іске асыру үшін кем дегенде аптасына екі сағаттық сабақтар жүйесі қажет. Бағдарлама одан әрі мектепке дейінгі балалардың шығармашылық гуманитарлық бағыттарының дайындық сатысы болып табылады. Сонымен бірге, бағдарлама баланы мектепке дейінгі білім беру мекемесіне баруға дайындайды.



-Бағдарлама көпмақсатты болып келеді: -жеке тұлғаның ерте әлеуметтенуіне ықпал етеді; -танымдық белсенділікті дамытуға көмектеседі; -қимыл-қозғалыс, сөйлеу, шығармашылық қабілетті жетілдіреді. Психологиялық-педагогикалық және әдістемелік талаптар: -барлық назар балада болады, оның жеке-даралық қабілетінің пайда болуы және оны ұжымдық шығармашылық арқылы көрсете білуі; сабақтарда эмоциялық, шығармашылық жағдай туғызу; халық мерекелері, дәстүрлі мәдениет арқылы шығармашылық қабілетін жүзеге асыру; барлық сабақтарды ойын, халық шығармашылығының барлық жанрлары мен заманауи педагогикалық нұсқаулар негізінде жүргізу; оқытуда этнографиялық білім көздерін пайдалану.

Бағдарлама келесі білім беру салалары ықпалдасуын ұсынады: жалпы эстетикалық, шығармашылық; музыкалық; әлеуметтік-педагогикалық; психологиялық; этнопедагогикалық. Мақсаты мен міндеттері

Бұл бағдарлама дербес және білім беру мен мәдени мекемелерде, сондайақ дәстүрлі мәдени мектептерде, ерте жастан дамыту мекемелерінде, жеке мәдени орталықтарда, түзету мекемелерінде жүзеге асуы мүмкін. Ол әртүрлі типті мекемелерде ары қарай оқыту мен тәрбиелеу саласындағы алғашқы дайындық бөлігі болып табылады. Ерте балалық шақ – баланың әлеуметтенуінің, мәдени өмірге жалпы адамзаттық құндылықтарға араласудың, тіршіліктің басты салаларымен: адамдар әлемімен, құралдар әлемімен, табиғат әлемімен және өзінің ішкі әлемімен танысуды қалыптастырудың алғашқы кезеңі. Физиологиялық, психикалық, әлеуметтік-тұлғалық қайталанбайтын ерекшеліктер мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық іс-әрекетін дамытудың өзіндік тәсілдері мен формалары және олардың қабілеттерін құралдық-манипуляциялық, коммуникативтік іс-әрекеттерін ындаландыру арқылы пайда болады. Осыған байланысты бағдарламаның ерекшелігі қазақ халық шығармашылығы негізінде күнтізбелік-салттық жүйені қалыптастыратын балалардың ата-аналары мен педагогтар үшін бірыңғай коммуникативтік кеңістік құру болып табылады. Бағдарлама халық күнтізбесінің негізіндегі мерекелер мен салттарға, өзіндік бірлігі бар әрі оның мазмұндық және әдістемелік бөлігін қалыптастыратын шаруалар тіршілігінің заңдылықтарына сүйенеді. Бағдарламаның тірегі – белгілі ойындарды, әндерді, билерді, тақпақтарды, үйренуге, сондай-ақ мерекеде қолөнер түрлерін дайындауға негізделген күнтізбелік мерекелер. Барлық бағдарламалар дидактикалық жүйелілікпен жас ерекшеліктерін ескере отырып құрылған: ата-аналармен бірге қазақ халық шығармашылығының жеңіл жанрларын үйрену, ұлттық ойын құралдары арқылы жануарлармен, құстармен танысу. Күнтізбелік фольклор, ұлттық хореография, ән. Ертегілер бойынша халық театры. Сонымен қатар, сабақта қолданылатын барлық практикалық және аудиоматериалдар, ұлттық аспаптар сүйемелдеуіндегі музыкалық-әндер. Өткен материалды отбасылық-тұрмыстық жағдайында қайталауға, бекітуге және соның арқасында дәстүрлі мәдениетті толығымен қабылдауға мүмкіндігі пайда болады. Ата-аналар мәтіндер мен 96 әуендерді жаттау арқылы өздерінің тәжірибесін байытады, бұл алдағы уақытта педагогтің сабақ өткізу үдерісіне көмектеседі. Оқудың бірінші жылында балалар тақпақтарды, өлеңдерді, қарапайым саусақ ойындарын, қозғалмалы ойындарды меңгереді, дыбыстарды қайталауды, заттарды көлеміне, түсіне қарай сұрыптауды үйренеді, шеңберге ілесіп жүре бастайды, жеңіл ұлттық би қимылдарын жасауға талпынады, сазбен жұмыс істеумен, сурет салумен (алғашында саусақпен, кейіннен бояғышпен), жеңіл кестелік жапсырмалармен жұмыс істеумен танысады. Оқудың екінші жылында ән айтуға, шеңберде жүруге, рөлдік және театрландырылған ойындарға, саусақпен ойнайтын фигуралы ойындарға, шығармашылық сабақтарға, әсіресе, өздік жұмыстарға көп көңіл бөлінеді. Бірінші жылы өткен ойын түрлері қайталанады, күрделенеді, педагогтің назары ойын мәтіндерін балалармен қайталауға, айтуға бағытталады. Дамытушы әсерлер мен алынған нәтижелерді бағалауды болжау Бағдарламаның ғылыми-әдістемелік негізі «педагог – ата-ана – бала» арасындағы өзара іс-қимылдың жүйелі принципіне негізделген. Ата-аналардың көмегімен педагог бала дамуының диагностикасын жүргізе алады, сол арқылы балаға көбіне не ұнайтынын, үй жағдайында нені асқан қызығушылықпен қайталайтынын біледі. Ата-аналардың көмегімен әртүрлі жағдаяттардағы балалардың мінез-құлқына талдау жасауға қол жеткізеді. Ал халық шығармашылығының көп жанрлығы мен сан қырлылығы педагогқа атааналармен бірлесе отырып баланың мінез-құлқын түзетуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде біреуінде шыдамдылық, екіншісінде еркіндік, үшіншісінде өзін ұжымда көрсете білу мүмкіндігі, т.б. пайда болады. Бағдарлама ата-аналарға баламен жақын болуға, сенімділік қарым-қатынас орнатуға, мінез-құлқын тануға қажетті тәсіл табуға көмектеседі. Бірыңғай коммуникативті-тәрбие кеңістігінің әсері туындайды. Бағдарламада оқыту технологиясын ұйымдастыру топтың барлық мүшелерінің (ата-ана мен бала) және педагогтің үздіксіз байланысу принципіне құрылған. Ата-аналар педагогпен бірге ән шырқайды, ойынның мәтінін айтады, ойынның әр бөлігінен кейін шапалақ соғу арқылы балаларды марапаттайды, балалардың жетістігіне эмоционалды түрде өз сезімін білдіреді, сауалнама мен диагностика жүргізуге көмектеседі. Мерекелерде ата-аналар ертегілерді сахналауға, балалардың әкелері бейнелейтін кейіпкерлерді қарсы алуға, мерекелік дастарханға көмектеседі. Сондықтан ата-аналардың араласуы тәрбиелік-дамытушылық міндеттерді шешуде тиімді нәтиже көрстетінін байқатады. Тағы бір маңызды кезең – ата-аналардың өзара ынтымақтастығы, балалардың жетістіктері үшін жарысу, тек өз балаларының жетістігі мен жеңілісі үшін ғана емес, басқа балалар (топтағы) үшін де уайымдауы. Оқу сабақтарының табысты не табыссыз кезеңдерін бейресми жағдайда талқылау, тәрбие, тамақтандыру, баланың денсаулығы, отбасы ішіндегі қарым-қатынас туралы кеңесу. 97 Бағдарламада барысында жалғыз басты аналарды қолдау есепке алынады, ол толық емес отбасымен өте жағымды қарым-қатынас жасау арқылы көрініс табады. Оларға психологиялық қолдау, әртүрлі сұрақтар бойынша кеңес беру, материалдық көмек көрсетіледі. Ақыл-кеңес беру көлемінің, көтерілген мәселе мазмұнының тиімділігінің маңызды индикаторлары бар. Сабақ барысында жаңа балалар қосылуы мүмкін. Соған орай бағдарламаның әмбебаптығы сонда – жаңадан келген оқушы бағдарламаның кез келген кезеңінде қосыла алады. Үнемі қатысып жүрген балалрмен салыстырғанда бұл балаларда әдеттегідей бастапқы кезеңде эмоциналдық жетіспеушілігі, шығармашылық, қиялдау қабілетінің төмендігі байқалады, барлық қатысушылармен бірге жаңа ойындарды үйрену барысында «жаңа баланың» қабылдауында, түсінігінде, образға енуінде проблема туындайды. Бағдарлама бойынша оқу балаларда сапалы қасиеттерді меңгеруге мүмкіндік береді: ұжымда жұмыс істеуге үйренеді, ересектердің жағымды жақтарына еліктейді, бір-бірін құрметтейді, қолында барымен бөліседі, жеке ісқимылда өзін еркін ұстайды, қысылмайды және т.б. Дәстүрлі мәдениеттің бағдарламада қолданылған жалпы принциптері Дәстүрлі мәдениеттің ерте жастағы балаларды дамыту үшін қолданылған негізігі принциптеріне мыналар жатады: -балалар фольклоры жанрының ауызша сипаты; -салт-дәстүрлер жүйесінде күнтізбелік-дәстүрлі цикл жұмыс істеуі; -халық күнтізбесін тәрбиелік-дамытушылық үдерісті ұйымдастыру негізінде қолдану; -сабақтарда ойындарға, мерекеге, салт-дәстүрге барынша жағдай жасау; дәстүрлі мәдениеттің синкреттілігі сабақ үдерісінде халық шығармашылығы түрлі жанрлары арасындағы байланысты анықтайды; -тәрбиелік дәстүрлерді беру мен оны қабылдауда ұжымдық шығармашылық пен суырып айтудың сабақпен тығыз бірлігі; адамгершілікқұлықтық аспектіде үлгі-өнеге арқылы тәрбиелеу; -музыкалық жанрлардың, ауызша диалектілердің, ұлттық би қимылдарының түпнұсқалығы. Балаларды дәстүрлі мәдениет құралдары арқылы тәрбиелеуде қолданылатын әдістер: -ортаға эмоциялық сіңіру әдісі; -дәстүрдің халықтық аспектілері негізінде оқыту; -мәдени-көркемдік кешен ретінде оқытуды күнтізбелік-дәстүрлік цикл айналасында құру; -тәрбиелеу мен дамытуда отбасылық дәстүрлерді пайдалану; -оқытудың ойын негізі; -дәстүрлі және кәсіби-педагогикалық оқытудың арасындағы өзара байланыс әдісі. Отбасымен өзара тиімді байланыс орнатудың негізгі формалары: -сабаққа ата-ананың біреуінің міндетті түрде қатысуы; -мерекелерді бірлесіп дайындау және өткізу; 98 -ерте жастағы балаларды дамыту мен әлеуметтендіру мәселесі бойынша ата-аналарға жеке ақыл-кеңес беру; -отбасы мүшелерінің өз қалауы бойынша мерекелерге қатысуы; -сауалнама және әңгіме; -арнайы мамандардың ата-аналар үшін ай сайын дәрістер өткізуі (өткізетін дәрістердің жоспары төменде келтірілген). Оқу-ойын сабақтарын ұйымдастырудың оңтайлы құрылымы Бағдарлама балалардың академиялық жетістіктеріне емес, олардың танымдық белсенділігін дамытуды қамтамасыз етуге бағытталған, бұл педагогтер барынша шығармашылық белсенділікті талап етеді.

Балалардың жас ерекшелігіне байланысты жоспар жасауға қатаң талап қойылмайды.

Педагог топтағы балалардың даму ерекшеліктерін және алдыңғы сабақтың нәтижесін ескере отырып, нақты педагогикалық міндеттерді шешуге ықпал ететін дидактикалық материалдарды, ойындарды немесе қойылымдарды таңдайды (кесте 11). Кесте 11–Ұйымдастырылатын іс-әрекет (оқу-ойын Үлгерімді бақылау және есептеу Бала іс-әрекеті жетістіктерінің дамуы педагог пен ата-аналардың жеке бақылауы арқылы есепке алынады. Ол үшін ата-аналарға арналған сауалнамалардан тұратын диагностикалық кешен құрастырылған, онда атааналармен әңгіме өткізудің, халық мерекелерін ұйымдастырудың нітижесін байқаудың диагностикалық өлшемдері белгіленген. 100 Тақырыптың қысқаша мазмұны Әр тапсырма балаларға арналған халық шығармашлығының түрлі жанрларын қамтиды. Бұл жанрлар сабақтың тақырыбына сай іріктеліп алынады.

Сабақтың негізгі формасы – ойын. Ол саусақ жаттығуына, тақпақтарға, қуыршақ театрына және қолөнер сабағына құрылады. Ұлттық ойындар әмбебап, олар оқыту үдерісінде әр жыл сайын күрделеніп отырады. Сабақтың ойын формасының білімділік міндетінде бала ойын жағдайында жаңа сабақтан не игеру қажеттілігін және іс-әрекет тәсілдерін өзі түсіне алады. Ойын барысында педагог толығымен жеке тұлғаға бағыттаған, балаға деген жеке-бағдарлық қатынасқа негізделген ересектер мен балалардың арасындағы байланыс орнайды.



Ойынның маңызы сонда – бұл жерде нәтиже міндетті емес, ойын әрекетімен байланысты болған үдерістің өзі маңызды. Бала ойын барысында жеңіліске ұшыраса да, олардың соны бастан кешіру шындық болып табылады. Ойынның мазмұнын басқару және ойынның сюжетіне белгілі рөлдерді енгізу арқылы педагог ойынға қатысушы балалардың жағымды сезімдерін бағдарлай алады. Шағын тақпақтар– әр ата-ана өз баласына жеке айтады және кіші топтарда көп қолданылады. Бұл баланы тербеткенде, әлдилегенде арқасынан сипалай отырып арнайы мәтінмен айтылады. Баланың жалпы қимылын дамытуды, өзінің физиологиясымен таныстыруды және бала мен ата-ананың арасындағы тікелей байланыс орнатуды қамтамасыз етеді. Әндер– жануарлар немесе балалар туралы шағын әндер, оны ұжыммен не болмаса ата-анасының алдында отырып айтуға болады. Баланың қоршаған орта туралы түсінігін қалыптастырады, сөздік қорын молайтады, жағымды эмоция береді, қимыл үйлесімінің жақсаруына көмектеседі, вестибулярлық аппаратын нығайтады. Мазақтамалар (күлдіргі, әзіл өлеңдер)–қазақ фольклорының ауызша айтылатын өлең түріндегі шағын жанры, сабақта көбінесе саусақ жаттығулары ретінде қолданылады. Қолдың ұсақ моторикасын, тілді, есте сақтауды, шыдамдылықты, зейінді дамытуға көмектеседі. Жұмбақтар – сабақ барысында балаларды жануарлармен, құстармен, сондай-ақ ағаштармен, аспан белгілерімен т.б. «таныстыру» мақсатында кең түрде қолданылады. Жаңылтпаштар – балалардың тілін дамытуға көмектеседі, баланың өзін көрсетуіне, белсенділігін дамытуға ықпал етеді. Саусақ ойындары– шағын әзілдердің, әндердің, тақпақтардың, өтірік өлеңдердің мәтіні және саусақ жаттығуына арналған жинақтан алынған ойын мәтіні бойынша қолдың саусақтарын және қолдың өзін қозғалту. Қуыршақ театры– педагогтің балалармен қарым-қатынас жасауына көмектесу, баланың қиялын және коммуникативтік қызметін күшейту, ойлау қабілеті мен есте сақтауын дамыту үшін әр сабақта қуыршақтар қолданылады. Әндер– бұл педагогтің, сонымен бірге ересек топ балаларының немесе екінші жыл оқитын балалардың орындауындағы белгілі балалар жанры. Олар 101 да сабақ тақырыбына сәйкес болады. Салт әндері арнайы мерекелерде орындалады. Рөлдік ойындар– топ мүшелері арасында тактильді байланыс орнатуға көметеседі, бірігуге, қимылдың жалпы үйлесіміне ықпал етеді, көп жағдайда рөлдік ойындар алмастырады. Би ерте жастағы балалардың бейімделу үшін балабақшаларда балалайканың сүйемелдеуімен дамытушылық билер пайдаланылады


Ұйымдасқан оқу қызметінің технологиялық картасы

Бөлімі: Психология

Тақырыбы: Агрессияны азайтуға бағытталған бағдарлама бойынша оқу қызметі «Танысу»

Мақсаты: жағымды эмоционалды қалып орнату, өздерін жайлы сезінуге жағдай туғызу, топты ортақ мақсатқа біріктіру; топтағы балалардың бір біріне эмпатияға, яғни түсіністікпен қарауға үйрету.

Сабақтың түрі: шағын топпен

Қолданылатын көрнекіліктер:Қағаздар, фломастерлер, магнитофон, жақсы әуен.

Сөздік жұмыс: күн-солнце;

Күтілетін нәтиже.

Жасайды:Тапсырманы тиянақты орындаға жаттығады.

Түсінеді: ойын, оқу қызметі барысында үйренгендерін қолданады.

Қолданады: Тапсырманы орындау арқылы жаттығу нәтижелілігін көрсете білу;

Іc-әрекет кезеңдері

Психологтың оқу іс - әрекеті

Балалардың оқу іс-әрекеті

Ынталандыру

Сезімді ояту


Iкезең.Ұйымдастырушылық. «Сәлемдесу» жаттығуы

Мақсаты: достық қатынас орнату

Бірге біз амандасайық

Қайырлы күн

Күлімдеп бірге айтайық

Қайырлы күн

Оңға солға қараймыз,

Бір біріне бұрылып,

Достықпен біз айтамыз

Қайырлы күн Жұртшылық!



Балалар шеңберде қол ұстасып тұрып, бір бірімен амандаса отырып, жақсы тілектер тілейді.

Ұйымдастыру, ізденушілік


II кезең. Практикалық.

Салемдесу.

Балалар шеңбермен жіпті тарату арқылы, алдыңғы баланың атын және өз атын айтып отырады.



Ойын «Күн»

Психолог: Түрлі түрлі әдемі есімдерден сондай жылу келіп тұр. Қане, барлығымыз өзімізді күннің шуақтары деп сезініп, тобымызға жылу сыйлайық.

«Мен – кішкентай күнмін. Мен ұйқыдан тұрамын Мен жуынамын. Мен өзімнің шуақтарымды тараймын, күліп оянамын. Мен – үлкен шармын. Менде көп жарық әрі жылу бар. Мен – үлкен күнмін. Мен жылуымды баршаға: адамдарға, аспанға, бұлттарға, көлдерге сыйлаймын. Я дарю свое тепло всем: небу, тучка, рекам, полям, людям. Мен жылуды сезінемін. Мен кішкене шуаққа айналдым...мен жерге түсіп жасыл шөппен дем алып, теңіз толқынымен ойнаймын».

Ойын «Мейірімді жануар»

Балалар шеңберге тұрып қол ұстасады. Психолог жайлы сиқырлы дауыспен: «Шеңберге тұрып қол ұстасайық. Біз – үлкен мейірімді жануармыз. Қане оның қалай демалатынын тыңдайық. Ал енді бірге дем алайық! Демді алғанда алға бір қадам бассақ, демді шығарғанды артқа бір қадам басамыз. Енді дем алғанда алға екі қадам, шығарғанда артқа екі қадам басамызБұлай мейірімді жануардың демалғаны емес оның мейірімді жүректерінің соққанын да естиміз. Біз барлығымыз оның жүрек соғысын естідік».


Сәлемдеседі

Өздерін күн шуағындай сезінеді.
Психолг сөздерін қайталап айтады.

Шеңберге тұрып, көздерін жұмып, тапсырмаларды орындайды.



Рефлекстік, түзету кезеңі

III кезең. Ойын «Құсты құтқар»

Психолог: Алақаныңда шарасыз, қорғансыз құс бар деп елестет. Қолдарыңды алға соз, енді оны жылытып, ақырын бір саусақтан алақаныңды жұм, бірақ құс бар екенін ұмытпа. Оны өзіңнің жылы деміңмен жылыт, алақаныңды жүрегіңе апарып, өз дене жылуыңды сыйла...Ал енді алақаныңды жәймен ашсаң кішкентай құстың қуанып ұшып кеткенін көресің.

Тапсырмаларды орындайды



Қортындылау

«Мөлдір шар»

Психолог «сиқырлы» қорапшадан мөлдір шарды шығарып, балалардан оның айналасына тұруды және оқу қызметінен алған сезімдерімен бөлісуді сұрайды.



«Сау болыңыз!»


Ұйымдасқан оқу қызметінің технологиялық картасы

Бөлімі: Психология

Тақырыбы: Агрессияны азайтуға бағытталған бағдарлама бойынша оқу қызметі «Менің көңіл -күйім»

Мақсаты:топта бір біріне сенім орнату, эмоционалды күйзелісті жою, топқа бейімделу деңгейін көтеру. Басқалардың эмоционалды көңіл күйін ажыратуға үйрету, Басқаға деген сыйластық пен жанашырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: шағын топпен

Қолданылатын көрнекіліктер : адамның түрлі эмоционалдық жағдайы берілген суреттер карточкасы;

Сөздік жұмыс:сиқыр-волшебство;

Күтілетін нәтиже.

Жасайды:Тапсырманы орындау ережелірін;

Түсінеді: ойын, оқу қызметі барысында үйренгендерін қолданады.

Қолданады: Тапсырманы орындау арқылы жаттығу нәтижелілігін көрсете білу;

Іc-әрекет кезеңдері

Психологтың оқу іс - әрекеті

Балалардың оқу іс-әрекеті

Ынталандыру

Сезімді ояту


Iкезең.Ұйымдастырушылық. «Сәлемдесу» жаттығуы

Мақсаты: достық қатынас орнату

Бірге біз амандасайық

Қайырлы күн

Күлімдеп бірге айтайық

Қайырлы күн

Оңға солға қараймыз,

Бір біріне бұрылып,

Достықпен біз айтамыз

Қайырлы күн Жұртшылық!



Балалар шеңберде қол ұстасып тұрып, бір бірімен амандаса отырып, жақсы тілектер тілейді.

Ұйымдастыру, ізденушілік


II кезең. Практикалық.

Жаттығу «Біздің эмоциялар»

Жаттығу үшін эмоциалар берілген карточкалар алынады.

Карточкалармен жұмыс барысында тапсырмалар беріледі:

- Эмоцилналдық күйді атау (карточкада көрсетілген).

- тақтаны екіге бөліп, балалар өздеріне ұнаған карточкаларды бір жаққа, ұнамағандарды екінші жаққа жайғастырады. Болған соң не үшін ұнағанын немесе ұнамағанын түсіндіреді.

- Өз көңіл күйлерін айтырп береді. Не үшін көңіл күйінің жоқтығы не жақсы екенін түсіндіреді.

Талқылау барысында психолог баланың әңгіме барысындағы жағдайын бақылайды. Қайсысының бойында агрессия не мазсаыздық барын көріп, ойына алады.

Баламен әңгімелесу «Сиқырды сөз»

Ойынның жалғасы ретінде әңгіме жүргізіледі. Әңгімеде сөздің сиқыры жайлы айтылады. Басқаға сөйлеу барысында ауыр сөздер айту арқылы оның көңіл күйін қалай өзгертетіні жайлы. Ортада жаман адамдардың не жақсы адамдырдың әсері қандай болатыны жайлы.

Ойын «Менің сүйкімді тышқаным»

Балалар шеңберде тұрады. Психолог: «Балалар! Бізге қонаққа тышқан келді.Ол бізбен тнысып, ойнағысы келеді. Қалай ойлайсыңдар оған ұнау үшін біз не істеуміз керек? Балалар: «Онымен жылы сөйлесу, еркелету, ойынға үйрету» Психолог ойыншық тышқанды балаларға ұсынады. Бала,ойыншықты алып, оны еркелетіп, құшақтап, жылы сөздер айтады. Ойын әрі қарай жалғасады. Балалар барлығы тілек айтып, еркелетіп шығады.


Карточкалармен жұмыс жасайды, оларды топтастырады.


Әңгіме барысында сұрақтарға жауап беріп, белсенді қатысады.

Өз мейірімділіктерін көрсетіп, тышқанды еркелетеді.


Рефлекстік, түзету кезеңі

III кезең. Демалыс уақыты «Құс»

Балалар өздерін құстар сезініп, әуен ырғағымен аспанда қалықтағандай сезінеді.



Демалады.

Қортындылау

«Мөлдір шар»

Психолог «сиқырлы» қорапшадан мөлдір шарды шығарып, балалардан оның айналасына тұруды және оқу қызметінен алған сезімдерімен бөлісуді сұрайды.



«Сау болыңыз!»


Ұйымдасқан оқу қызметінің технологиялық картасы

Бөлімі: Психология

Тақырыбы: Агрессияны азайтуға бағытталған бағдарлама бойынша оқу қызметі «Менің көңіл -күйім»

Мақсаты: Топта достық қарым – қатынасты қалыптастыру, балаларды қол – қимыл, мимикамен білдіруін дамыту.
Сабақтың түрі: шағын топпен

Қолданылатын көрнекіліктер: Қағаздар, фломастерлер, магнитофон,

Сөздік жұмыс: достық-дружба;

Күтілетін нәтиже.

Жасайды: Бір- бірін сыйлауды, құрмет көрсетуді.

Түсінеді: Бір- бірімен достық қарым- қатынаста болу.

Қолданады: Ішкі эмоцияларын шығара білуді; оқу қызметі барысында үйренгендерін қолданады.

Іc-әрекет кезеңдері

Психологтың оқу іс - әрекеті

Балалардың оқу іс-әрекеті

Ынталандыру

Сезімді ояту


I кезең.Ұйымдастырушылық. «Күлкі сыйлаймыз» жаттығуы

Мақсаты: достық қатынас орнату

Балалар шеңбер айналып отырады, бір біріне шеңберді айнала күлкі сыйлайды.


Балалар шеңберде қол ұстасып тұрып, бір бірімен амандаса отырып, жақсы тілектер тілейді.

Ұйымдастыру, ізденушілік


II кезең. Практикалық.

1. Адамның көңіл – күйін қалай түсінуге болады?
- Балалар, біз қай кезде, неге қайғырамыз? 
- Көңілің жоқ кезде не істейсіңдер?
- Ал егер де анаңның, досыңның көңіл – күйі болмаса, қалай байқайсың?
- Көңіл – күйі жоқ адамның бет - әлпеті қандай болады?
- Көңіл – күйін қалай сұрауға болады?
- Қалай ойласыңдар, балалар, ауа – райы біздің көңілімізге әсер ете ма?
- Егер де үйде қонақтар көп болып, олардың көңіл – күйі күшті болса, ал сенің көңілің жоқ , сен үйдегі қонақтарға көрсетесің ба?
- Қалай ойлайсың сенің көңіл – күйің оларға әсер ете ма? 
- Ал қазір барлығымыз қолымызды ұстап бір – бірімізге қараймыз, және жақсы сөздер айтамыз.
Сөйтіп, көңілімізді көтереміз.
2. Көңіл – күй неге ұқсайды?
- Балалар, өздеріңнің көңіл – күйлеріңді қандай ауа – райымен, қай құбылыспен ұқсатасыңдар?
Балалар кезек – кезек айтып шығады, бірақ психологтың өзінің бастаған дұрыс: «Менің көңіл – күйім аппақ, үрпейген аспандағы бұлтқа ұқсайды, ал сенің?»
Соңында психолог қорытындылайды.
3. Өзіңнің көңіл – күйіңді салып бер. 
Ал қазір балалар, алдарыңда тұрған бұлттың ішіне көңіл – күйлеріңді салыңдар.

-Сұрақтарға жауап береді

Әркім өз ойымен бөліседі.

Сурет салады




Рефлекстік, түзету кезеңі

III кезең. Рефлексия.
- Балалар, біз бүгін қандай жаттығулар орындадық, қандай жаттығу ұнады?

Балалар еске түсіріп, бойынша әңгімлеп береді,

Қортындылау

Қошатасады.

«Сау болыңыз!»- дейді.

Ұйымдасқан оқу қызметінің технологиялық картасы

Бөлімі: Психология

Тақырыбы: Агрессияны азайтуға бағытталған бағдарлама бойынша оқу қызметі

«Мен еркінмін»



Мақсаты:эмоционалды күйзелісті жою, өзі жайлы жақсы көзқарас қалыптастыру, өзінің жағымды жақтарын көрсету, Тұлғалық маңыздылығын арттыру.

Сабақтың түрі: шағын топпен

Қолданылатын көрнекіліктер: түрлі түсті қағаз, бояулар;

Сөздік жұмыс: жел-ветер;

Күтілетін нәтиже.

Жасайды:Тапсырманы орындау ережелірін;

Түсінеді: ойын, оқу қызметі барысында үйренгендерін қолданады.

Қолданады: Тапсырманы орындау арқылы жаттығу нәтижелілігін көрсете білу;

Іc-әрекет кезеңдері

Психологтың оқу іс - әрекеті

Балалардың оқу іс-әрекеті

Ынталандыру

Сезімді ояту


Iкезең.Ұйымдастырушылық. «Сәлемдесу» жаттығуы

Мақсаты: достық қатынас орнату

Бірге біз амандасайық

Қайырлы күн

Күлімдеп бірге айтайық

Қайырлы күн

Оңға солға қараймыз,

Бір біріне бұрылып,

Достықпен біз айтамыз

Қайырлы күн Жұртшылық!



Балалар шеңберде қол ұстасып тұрып, бір бірімен амандаса отырып, жақсы тілектер тілейді.

Ұйымдастыру, ізденушілік


II кезең. Практикалық.

Ойын «Сиқырлы шарлар»

Балалар шеңбер болып отырады.  Психолог  оларға көздерін жұмуды сұрайды. Алақандарын ашып күтуді өтінеді, кейін ол әр баланың алақанына шар салады. Шарды алып алақнмен жылытуды сұрайды. Оны алақанда қысып, қозғап оған жылы дем беріп жылытады. Қолымызды ашып, шарды көреміз... Қандай сезімдер болғанын айтамыз. Не сездік?

Ауторелаксация: «Мен желмін!»

Мен - желмін. Мен жеңілмін. Мен нәзікпін.. Мен жылымын...Мен гулдермен ойнаймын, олардың жапырақтарынан есіп өтемін. Мен теректердің арасымен зулап ұшып, жасыл шөптің таза ауасын жұатмын...Мен одан да жылы әрі мейірімді бола түсемін.. Менің қанаттарым жеңіл, теңіз толқындармен ойнап, таудан биік самғаймын. Мен желмін, мен мейірімді, мықты, самал желмін!



Айтылған әңгімені көз алдарына елестетеді, қиялдайды.

Өздерін еркін жел секілді сезенеп, топта қалықтайды.

Сұрақтарға жауап береді.




Рефлекстік, түзету кезеңі

III кезең. . Демалыс уақыты «Құс»

Балалар өздерін құстар сезініп, әуен ырғағымен аспанда қалықтағандай сезінеді.



Музыка ырғағымен демалады.

Қортындылау

«Мөлдір шар»

Психолог «сиқырлы» қорапшадан мөлдір шарды шығарып, балалардан оның айналасына тұруды және оқу қызметінен алған сезімдерімен бөлісуді сұрайды.



«Сау болыңыз!»

Ұйымдасқан оқу қызметінің технологиялық картасы

Бөлімі: Психология

Тақырыбы: Агрессияны азайтуға бағытталған бағдарлама бойынша оқу қызметі «Мен ашулымен!»

Мақсаты:агрессияны шығаруға көмектесі, әлеуметтік ортада білуге қажетті ережелерді үйрету, бір біріне сеніммен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: шағын топпен

Қолданылатын көрнекіліктер: пиктограмма «Ашу», «Қуаныш».;

Сөздік жұмыс: ашу-злость;

Күтілетін нәтиже.

Жасайды: Топтағы балалармен қарым қатынас ережелерімен танысады.

Түсінеді: Достарды ренжітпеу керектігін түсінеді;

Қолданады: Ойын барысында ішкі сезімдерін көрсете біледі;

Іc-әрекет кезеңдері

Психологтың оқу іс - әрекеті

Балалардың оқу іс-әрекеті

Ынталандыру

Сезімді ояту


Iкезең.Ұйымдастырушылық. «Сәлемдесу» жаттығуы

Мақсаты: достық қатынас орнату

Бірге біз амандасайық

Қайырлы күн

Күлімдеп бірге айтайық

Қайырлы күн

Оңға солға қараймыз,

Бір біріне бұрылып,

Достықпен біз айтамыз

Қайырлы күн Жұртшылық!



Балалар шеңберде қол ұстасып тұрып, бір бірімен амандаса отырып, жақсы тілектер тілейді.

Ұйымдастыру, ізденушілік


II кезең. Практикалық.

Жаттығу «Ашумен танысу»

Пиктограммадағы «Ашу» сезімін келесі пиктограммадағы «Қуаныш» сезімімен салыстыру.

Балаларға сұрақтар: Қай кезде көңілді болады? Неге ашу келеді? Қай кезде адам ашуланады? Ашу неге ұқсайды? Сұрақтарына жауап беріп, психолог белігісі бойынша ашу не қуанышты сомдайды. Мысалы: ұйқың қанбады (ашу), балмұздақ жедің (қуаныш), тоңдың (ашу), ойнадың (қуаныш).

Ойын «Асан мен Айша»

Екі бала Асан мен Айша – ортада үстелде отырады. Олар өте ашулы. Гер Балалар кезекпен оларға келіп, жылы сөздер айтып, еркелетіп ашуланбауға шақырады. Бірақ олар әлі ашулы. Психлог балаларға Асан мен Айша ренжіспеу үшін білуі керек ережелерді айтуды ұсынады:

Ереже: Достықта өмір сүру; Достасу; ойыншықтармен бөлісу; Басқаларға көмектесу;ренжітпеу.

Балалар, егер де сендер біреуге ренжулі болсаңдар осы ережелерді естен шығармаңлдар, және өз ашуларыңды шығару үшін: қағазды мыжып, аяқпен жерді таптап, қатты айқайлап, пластилинді ұмаждап ашу шығаруға болады.



Ойын «Ашу»

Балаларжың біреуі үстелге отырады. Оның қолында орамал болады. Басқа балалар оны айналып жүріп келемеждеп, қытықтап ойнайды. Барлық балалар осылай үстелге отырып, өз ашуларын шығарады. Ал психолог оларды бір бірін қатты ренжітпеуін қадағалап отырады.


Екі сезімді салыстырады, айырмашылығын айтады;


Сұрақтарға жауап береді.

Ойынды белсенді ойнайды.

Бірігіп қарым-қатынас жасаудағы ескерілуі тиісті ережелерді түсініп, өз естеріне сақтайды.

Ойыне арқылы Ішкі сезімдерін көрсетіп үйренеді.



Рефлекстік, түзету кезеңі

III кезең. Жаттығу «Еркін сурет»

Балалар ойларындағ кез келген затты салады. Психолог қосымша сұрақтар қою арқылы суретті дамыта түседі.




Сурет салу арқылы әсерлерімен бөліседі.

Қортындылау

«Мөлдір шар»

Психолог «сиқырлы» қорапшадан мөлдір шарды шығарып, балалардан оның айналасына тұруды және оқу қызметінен алған сезімдерімен бөлісуді сұрайды.



«Сау болыңыз!»


1 сабақ

1. Тақырыбы: "Танысу".

Мақсаты: Зейінін тұрақтандыру, ойлауын, есте сақтауын дамыту.

Барысы: Қатысушылар дөңгелене шеңбер жасап тұрады. Бірінші бала көршісіне қарап өзінің атын және атының бас әрпінен келетін сүйікті көкөніс немесе жеміс-жидекті айтады. Көршісі "өте жақсы" деп жауап беріп, ол бірінші баланың атын, ұнататын көкөнісін (жемісін) қайталап барып, өзін таныстырады. Осылай әр ойыншы өзін таныстырмас бұрын – бірінші, екінші, т.т. осылай алдындағы балалардың атын, ұнататын жемісін қайталап барып, өзін таныстырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет