Ахметжанов о. Н. Жануарлардың КӨз аурулары оқу құралы семей, 2012 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет24/147
Дата06.02.2022
өлшемі7,92 Mb.
#79188
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   147
Байланысты:
7e7b7439-84b7-11e3-9ea3-f6d299da70eeкоз-3
7e7b7439-84b7-11e3-9ea3-f6d299da70eeкоз-3
Анизометропия бір жақ көздің рефракциясы қалыпты болғанда екінші жақ көздің жақыннан немесе алыстан дұрыс көрмеуі, яғни бір жақ көзде миопиялық, ал екінші жақ көзде гиперметропиялық ауытқулардың болуы. Көздің бұл кемістігі жануарларда өте аз зерттелген. Кейбір деректерге қарағанда анизометропия 10 % жануарлардың көздерінде кездеседі.
Астигматизм – көздің оптикалық ортасында сындырылған жарық сәулелерінің бір нүктеге (фокусқа) бірікпеуі. Бұл ақаудың негізгі себебі көздің қасаң қабығының бетінің тегіс болмауы. Ол туа біткен анатомиялық ауытқу болуы мүмкін немесе жүре пайда болады. Мысалы көздің қасаң қабығы жарақатының тыртық болып жазылуынан оның беті кедір – бұдырланады.
Рефракцияны жануарларда зерттеу не үшін қажет деген заңды сұрақ туады (жануарларға көзілдірік кигізіп көзінің рефракциясын түземейміз ғой!). Дегенмен оның үлкен тәжірибелік маңызы бар. Көздің бұл кемістігі көбіне тұқым қуалайды. Сондықтан көзінде мұндай ақауы бар асыл тұқымды малдарды сатып алуға, өсімге қалтыруға болмайды. Ал бәйге, спорт аттарын және цирк жануарларын іріктегенде үлкен тәжірибелік маңызы бар. Көзінің рефракциясы дұрыс емес жануарлар мұндай мақсаттарға пайдаланылмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   147




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет