Ахметов Ғ. Б., Текжанов м-х. А., Ахмадиева А. Т., Иманқұлов Р.Қ. МҰсылман қҰҚЫғы Юриспруденция мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2009



бет3/3
Дата15.09.2017
өлшемі3,85 Mb.
#33416
1   2   3

Мешіт әдебі:

1) Мешіт бәйтолла деген қағбаның бөлімшесі, Аллаһ тағала

пендесінің құлшылық тілегін қабылдайтын қасиетті нұр, иман шашатын орын. Сондықтан мешітте құлшылық істеліп, діни-ғылым үйретіліп, бұдан басқа шариғат үкіміне сай жақсы мақсатқа пайдаланылады. «Мешіт мұсылманның қалқаны, кәпірдің зынданы», - делінген ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с.-нің хадисінде;

2) Ғибадат жасалатын Аллаһ үйі – мешіт болып саналады;

3) Мешіт қасиетті құлшылық үйі болғандықтан әрбір

кәмелетке толған мұсылман мешіт хұқын қорғап, патшаға дейін әдеп сақтап, Аллаһқа құлшылық етеді;

4) Мешітке әр уақытта жуыну (ғұсыл, бой дәрет) парызын

орындап, дене түктерін қысқартып келу кажет;



6 сурет – Абу Бакр Сыддық мешіті
5) Мешітке толық дәрет (парыз, сүндетін орындап алып) таза

киім киіп, хош иісті себініп келу міндетті;

6) Әрқашан Аллаһты еске алып пайғамбарымыз с.ғ.с.-ға салауат

айтып, жақсы ниет, ізгі тілекпен келу керек;

7) Кәмелетке толған қыз - әйелдердің сақтануы керек: басы,

тізелері, балтыры, тағы басқа да әуретті жерін ашып жұқа, қысқа киініп келуден;

8) Мешітке кіргенде, оң аяқпен аттап басып, дұға етіп, сәлем

беру қажет;

9) Мешіттен шыққанда, сол аяқпен шығып, ісінің оң болуын

тілеген абзал;

10) Киімінде, денесінде адамдарды жиіркендіретін жағымсыз

иіс болмауы керек;

11) Егер мәкрүһ уақыты болмаса, «Тахиятул» мешіт ақысы

намазын оқисың;

12) Мешітте азан шақырғанда, уағыз, құтпа, құран оқылып

жатқан уақытта ешкіммен сәлемдеспей, басқа іс-әрекет етпей, зейін қойып тыңдауы керек;

13) Мешітте тосын мінез, іс - әрекетке бармау (қатты күлу,

кекіру, есінеу, әдепсіз сөйлеу, зеку) өзгенің назарын аудармау,

құлшылық ғибадатын бұзбау парыз;

14) Пердесіз намаздағы адам алдынан жүрмеу, кісі жүзіне қарап

намаз оқымауы қажет;

15) Мешіт ішінде жүгірмейді, қалай болса, солай отырмайды;

16) Мешіт ішінде сауда жасалмайды, қоқыс тасталмайды, қайыр

сұралмайды;

17) Мешітте бос уақытта құран оқу, тасбих тартып, күнәлі ісіне

Аллаһтан кешірім сұрап, дүние және ахиретте жақсылық тілеу әркімнің міндеті;

18) Азан шақырғанда батасына, оқылып жатқан жамағат

намазына ұйымаудан сақтан;

19) Жұқпалы, қауіпті аурудан сауықпай мешітке келме;

20) Мешітте алдағы бос саптарды толтырып, кейін келген адамдарды баспай, аттамай әдеп сақта.

Жалпы Павлодар облысында 87 (сексен жеті) мешіт жұмыс істейді. Омбы – Павлодар трассасында Касым қажы мешіті 87 – ші болып есептеледі.
5 тақырып. Мұсылман құқығының жүйесі

Ислам құқығының құрылымын айқындау оның ерекше құқық жүйесінің түсінігіне себеп болады. Шариат өмірдің барлық салаларында мұсылманның жүріс – тұрысын реттейді, сондай-ақ олардың сезімімен ой - санасына әсер етеді және осы күшке 4 элемент кіреді: а) исламның дін нормалары; б) мұсылмандық мораль мен әдебі; в) абадат деп аталатын Алламен мұсылман қатынастарын реттейтін нормалары; г) мұсылман еместермен және мұсылмандар арасындағы жүріс-тұрыс ережелері; («Му*амалат»).

Мұсылмандық құқықшылар мұсылмандық құқық құрамында норма топтары бар деп есептейді. Бірінші топты Құран мен сүннаның заңды жазылымдары құрайды. Екінші топқа Ислам - құқықтық доктринасы, басқа да көздерге негізделе қалыптасқан, топтасқан нормалары жатады. Құранда 6 мыңнан аса аят жолдары бар және олардың ішінде 500-ін ғана мұсылмандардың өзара қарым-қатынастарына тән жүріс-тұрыс ережелері деп атауға болады, ал 150-і негізгі діни міндеттерді жүзеге асыратын тәртіптерін анықтайды.

Егер классификацияға негізделген нақтылық дәрежесін алатын болсақ, онда Құран мен сүннаның барлық ережелерін екі топқа бөлуге болады. Біріншіге екі мағыналық түсіндірмелерге жатпайтын ережелерді кіргізуге болады. Бұл негізінен діни табынушылық қағидалары, сондай-ақ кейбір ережелер адамдардың өзара қарым-қатынастарын реттеуге сүйенеді. Екінші топ көңіл аудармайтындар мен анық емес жазылымдардан тұрады. Бұл ережелер көп мағыналық және адамдардың жүріс-тұрысын бағалауға қолданылмайды. Адамның өзара қарым-қатынастарын реттейтін Құранның нормалары діни – моралдық нысан сипаты бар ережелерден тұрады, яғни оларды түсіндіру үшін қолданады. Мұсылмандық құқық жүріс-тұрыстың жалпы ережелерін орнатады, сонымен қатар мұсылмандардың өздерінің арасында жүріс-тұрыс нысандарын орнатуға мүмкіндік беретінін көптеген зерттеушілер қолдайды.

Уақыт өте келе дамыған қоғамдық қатынастарды реттеу үшін Құран мен сүннаның жазылымдарының жеткіліксіз екені анықталды. Сондықтан VIII ғасырдан бастап, мұсылман құқық мектебінің құқық-құрушылары осы мәселелерді жоюды өздерінің қолдарына алды.

Заңгерлер ғасырлар бойы жалпы діни – танымдық бағыттарға заңды түсінік бере алды және олардың талғағыш түсініктеріне негізделе нақты құқықты нормаларды қалыптастырды. Көптеген мұсылман құқығының нормалары Құран мен сүннаның жалпы жазбаларында доктриналды түсініктің нәтижесінде пайда болды. Бұндай істердің шешу мүмкіндігін нақты мәселелерге байланысты осы кездері белгілеген өкімдердің түсінігімен байланыстырады. Мұсылман құқықшылары құқық нормаларының негізгі бөлігін діни сырдың ашылуы нәтижесі деп ойлады, оларды мәңгілік деп санады. Ислам құқықшыларына осындай тәсіл казуальдық нормаларды түсіндіру кезінде белгілі шешімдерден қайтып кетуге жаңа жүріс – тұрыс ережелерін қалыптастыруға, мұсылман құқығының нормативтік мазмұнын дамытуға мүмкіндік берді. Бұл осы құқық жүйесі үшін қажет [3, б. 36].

Қазіргі ислам құқықшылары Құран мен сүнна жүзеге асқан «рух» мәңгілікте болады, ал жеке нормалар өмір жағдайларының өзгеруіне байланысты екенін мәлімдеді. Құқықшылар айтылған тәсілдердің көмегімен ислам құқығының басты нормалардың бөлігін қалыптастырды.

Мұсылман құқық жүйесі туралы айтқанда мұсылман құқығы ішкі және сыртқы нормаларға бөлінетінін білуіміз керек. Құран мұсылман құқығының басты көзі болып табылады, тікелей адамға назар аударады және өзінің қауымында, елінде әр түрлі жағдайларда оған белгілі жүріс – тұрыс нормаларын белгілейді. Адамның әлеуметтік мәртебесі қандай болсада, ол Құранға бағынады және онымен әрекет жасайды.

Мұсылман құқық жүйесі ішкі және халықаралық құқықты жорамалдайды, яғни бір-бірінен жеке өмір сүре алады, сондай-ақ бір-бірімен өрлейді. Мұсылман құқығының көздері жөнінде тақырыптар шиеленіс жағдайлардың мысалы бола алады. Құран, сүнна, иджма және кияс ішкі мұсылман құқығына және халықаралық мұсылман құқығына арналған негізгі көздер болып табылады. Ислам елдеріндегі Конституциялық құқық осы және басқа да мұсылман елдерінің ішкі мемлекеттік құқықтарындағы исламға әсер етуі мысал бола алады.

Көптеген мұсылман елдерінің конституция нормалары Құран нормалары және басқа да мұсылман құқықтарының арасында қарама-қайшылықтарын туғызады. Мұсылман құқық шығарушылары азаматтық құқықты «Му*амалат» деп атайды. Аталған мұсылман құқық саласының шекті ұсынылатын қарыздарды орындау үшін алынатын пайыздарға тыйым салынатын нормалардан тұрады. Мұсылмандық азаматтық құқық заңды тұлға туралы түсінікті құрастырмайды. Бұл құқық саласы сату-сатып алу, келісім шарттарын, қарыз, сақтау және т.б. ғана біледі. Мұсылман отбасын құру ерекшеліктерін көпшілік біледі. Бірақта, көпшілігі осындай отбасын құру тәртібі мен мұсылман елдерінде отбасылық құқық ерекшеліктерін реттейтін нормаларды біле бермейді. Әрине, отбасылық заң шығару барлық мұсылман елдерінде исламның әсерімен болады, ер адамды отбасы иесі, отбасылық құқық қатынастарында басты тұлға деп есептейді. Солай бола тұра, көптеген мұсылман елдерінің отбасы заңы отбасында және ажырасу процестерінде әйел адамдардың қызығушылығынан тұратын нормалары қарастырылады.

Мұсылмандық деликті (қылмыстық) құқық қылмыстық жазалар жүйесі өзінің қаталдығымен ерекшеленетінімен белгілі. Кейбір мұсылман елдері (Иран, Ирак) қылмыс жасағаны үшін ислам нормаларының әрекеттерін қолданады. Исламның қылмыстық-құқық жүйесінің ерекшелігі: алкогольдік сусындарды қолданғаны үшін жазаларға тартылады, ал біздің заңнамамызда мас күйінде ұсталғандар тек қана әкімшілік құқық бұзушылықтар қатарына жатқызылады.

Қылмыстық жазалаудағы қаталдылық (қолды, аяқты шауып тастау, құмға көму) біздің өркендеген заманымызда қолданылмайды.

Мұсылман құқығындағы халықаралық құқық «сийар» терминімен аталады. Сийарға соғыс пен бейбітшілік түсініктері, мұсылмандық қауым мен елдер және басқа да мемлекеттер арасындағы келісім-шарттар, дипломатиялық қатынастар, адам құқығы, мемлекет одақтары кіреді.

Мұсылмандық мемлекеттер жалпыға ортақ халықаралық құқықтармен басқарылады. Жалпы, мұсылман елдері халықаралық ислам құқық ерекшелігін құрайтын нормаларды (ережелерді) ұстанады.


6 тақырып. Мұсылман құқығының қайнар көздері

Мұсылмандық құқық іліміне қатысты қайнар көздер зерттеліп өзіне тән қайнар көздер ерекшеліктері арқылы екі топқа бөлінеді [3, б. 43]:

1) Құран және сүнна;


  1. Иджма және қияс (осы иджмаларға және қиястарға әдет

ғұрып та жатады).

IX–X ғасырда мұсылман құқығының нормалары жасалынып бітті. Оны Фикһ немесе Шариат деп атайды. Мұсылмандық құқықтың құрылысын сипаттауда оның нормаларына мұсылмандық құқықтың мәні мен құрылысы әсер ете алмайды. Бұл нормаларды да екі топқа бөлуге болады:

1) кез келген адамның (іс әрекетіне) баға беруі жатады. Бұл іс -әрекеттер бес топқа бөлінеді:

- Міндет;

- Рұқсат ету;

- Шектелген;

- Кеңес беру;

- Тиым салу;

2) белгілі бір жағдайларға немесе іс әрекеттің салдарына байланысты реттейтін нормалар жатады. (Есі дұрыс емес адамдармен келісім шарт жасаудың жойылуы).

Өз кезегінде адамдардың қарым - қатынастарын реттейтін нормалар:

- жеке адамдар мәртебесінің құқықтары;

- қылмыстық құқықтар;

- әкімшілік нормалар;

- соттық құқықтар;

- халықаралық құқықтар.

Жеке адамдар мәртебесінің құқықтары діни қағидаларға негізделеді. Бұл нормалардың негізгі институттары:

- неке;

- ажырасу;



- туыстық жөнінде;

- отбасын мүліктік тұрғыдан қамтамасыз ету;

- бала тәрбиелеу міндеттері;

- қамқоршы;

- мұрагерлік.
7 тақырып. Мұсылмандық мектептердің құқығы

Ислам діні 67 мемлекетке тараған. Дін екі бағытта дамыды: сүнниттер (90 %) және шииттер (10 %). Исламның барлық қағидалары құран және ардақты Пайғамбарымыздың Хадистерінен тұрады. Сүннитер бағыты мұсылман мемлекеттерінің басшыларын, үкіметті сайлау арқылы басқаруды жақтайды. Ал шииттер жоғарғы билік үкімет басшыларының тағайындалуын мұрагерлік құқығы арқылы берілуін жақтайды. Себебі: ақсүйектер мен дін басшыларының бір болуын қалайды.

XX ғасырдағы сүннитер мектептерінің бағыттары [3, б. 54]:

Маликит, Ханифит, Ханбалит, Шафиит.

Маликиттер. Малик ибн Анас (713–795). Олар Мәдинеде пайда болды. Мектептері: Марокко, Алжир, Тунис, Ливия, Кувейт, Бахрейн елдеріне тарады.

Ханифиттер. Бұл мұсылман әлемінде құранды мағыналы түрде түсіндіруге арналған. Парсы имамы Абу Ханиф (699–767). Осы мектеп Балқан, Солтүстік Кавказ, Қара теңіз, Еділ, Орталық Азия, Үндістан, Индонезияға тарады.

Ханбалиттер. Бағдат оқымыстысы Ахмад Ибн Ханбала (780–855) Мектептері: Сауд Аравиясы, Сирия мен Ливанда тараған.

Шафиитер. Бұл мектептің мақсаты Ханифид пен Маликид мектептерін қорғау. Иман Мухаммед Али Шафи (767–820). Мектептері: Сирия, Ливан, Палестина және Иордания мемлекеттерінде тараған.


8 тақырып. Шығыс және Африка континенті мемлекеттеріне ислам құқығының әсері

Ислам ұрандарының әсерінің арқасында дүниежүзі жағрафиялық карталарында жаңа мемлекеттер пайда болды. Осы мемлекеттер жаңа конституциялар қабылдады. Осы конституцияларда заңды түрде ислам дінінің қағидалары мен нормалары бекітілді. Шығыс елдеріндегі конституциялық құрылымдарға исламның мемлекеттік құқықтық концепциялары әр түрлі әсер етеді. 67 мемлекет ислам дінін қабылдап отыр [3, б. 60].

Пәкістан 1962 жылы 2 - ші конституциясын қабылдады. Сол конституциясының 7-8 баптарында барлық мұсылмандық мемлекеттермен қарым қатынасын нығайту керектігін және сол мемлекеттердің басқару органдары осы баптарды қолдануы керектігін ескерткен. Ислам дінін қолдауға шақырған. Ал, 1973 жылғы конституциясында құранды оқытуды алға қойды және исламдық өмірді өркендетуді басты міндеттері деп санады.

Сауд Аравиясының елбасы ислам үкіметін құруға қатысады. 1958 жылғы заң бойынша шейхтер мен ақсақалдар үкімет құрамына кіргізілмеді. Ислам мемлекеттерінде мемлекет басшысын премьер - министр тағайындайды.

Африка мемлекеттерінің ішіндегі келесі тоғыз ел мұсылмандық мемлекет елдер қатарына жатады:

1) Буркино – Фасо;

2) Сиерра – Мион;

3) Заир;


4) Камерун;

5) Кения;

6) Уганда;

7) Танзания;

8) Зимбабвэ;

9) Нигерия.

Соттардың аталымы (немесе есімі) - Қади. Азаматтық істерге мұсылмандық және ежелгі құқықтар қолданылады:

1) некеге тұру;

2) некені ажырату;

3) қорғаушы;



  1. мұрагерлік.


9 тақырып. Му*Амалат мұсылмандық (азаматтық) жеке құқық

Жеке адам мәртебесі - нормалары мұсылмандар ортасында мұрагерлік өсиет айту және оқулық қабілеттілігін шектеу мәселелері қаралып, жүзеге асырылады [3, б.74]. Бұл нормалар: мысалы, мұсылман әйелдерге, мұсылман еместерге тұрмысқа шығуға тыйым салынады. Неке қию кезіндегі куәлардың мұсылман болуын талап етеді. Мұсылман азаматтық құқықтарымен жеке меншікті реттей отырып, мұндағы бұл меншіктің ең жоғарғы иесі тек Алла деп санайды. Мұсылмандар сот процессуалдық құқықта сот лауазымын тек қана мұсылман дініндегі ислам талаптарын бұлжытпай орындайтын иманды адам иеленуі тиіс. Осы секілді талаптар куәлерге де қойылады. Бұл тарауда ант беруге зор маңыз беру арқылы сол адам істің ақ қарасын дәлелдейді. Бұл жерде сот кез келген мұсылман адамының дін алдында таза болатынын, өйткені, Алла бәрін біледі оның азабынан сақтануды бірінші орынға қоятынын ескереді.



10 тақырып. Мұсылмандық мемлекеттердегі ислам және отбасы құқығы

Дербес заң институттары отбасы қатынастарының мұсылман құқығын реттейді. Отбасылық құқыққа ислам қамқоршы және тәрбиешілерден келіп түскен сұрақтарды белгілі уақытта тәртіпке келтіру, мұрагерлік өсиеттер, сыйлық түрлері жатады [3, б.79]. XIX ғасырдың аяғында Дербес заң құқығы мұсылмандық құқықтың нормаларын кодификациялау процестерімен бірге дамыды.

Шариат. Мұсылмандарға төрт әйел алуға рұқсат етіледі. Егер әйел өмірге нәресте әкеле алмаса, онда оның жұбайы тағы үйленуге мүмкіндігі бар. Ал, бірінші әйелі ол үйден кетуге құқылы. Ер адамның бесінші рет үйленуіне мүмкіндігі бар. Араб елдерінде мұсылман қыздары мұсылман еместерге тұрмысқа шықпайды. Егер әйелі немесе күйеуінің біреуі діннен безсе, олардың некесін сот бұзады. Сирия мен Иракта күйеуі әйеліне өзінің туыстарын бірге тұруға шақыртқызбайды; тек қана жас балаларды ғана әкелуіне құқылы. Иорданияда күйеуі өзінің туыстарын күтуге міндетті.
11 тақырып. Мұсылмандық қылмыстық құқық

Исламның деликті құқығы мұсылман елдерінің қылмыстық заңына, қоғамдық дамуына маңызды әсер етті [3, б.88].

Алланың еркімен анықталған мұсылманның ойы және барлық қылмыстары құқық бұзушылық теориясын құрастырады. Сонымен қатар, Құранда ұсынылған жазылымдар мен басқа да қасиетті мәтіндер ұстанымсыз болып табылады, сондықтан мұсылмандарда өзіндік жүріс-тұрыс варианттары бар. Сондықтан әбден ойланып істелген қылықтар мұсылмандық тыйым салу туралы жазылымдарда бұзушылық ретінде бағаланады. Бұл тыйым салулар дін, өмір, ұрпақ сүю, ақыл-ой, меншік сияқты исламның негізгі құндылықтарын қорғауға бағытталған.

Исламның заңгерлері құқық бұзушылықтың классификациясын ұсынды. Осы классификацияның анализі исламның деликті құқық мәнін жақсы түсінуге мүмкіндік береді. Құқық бұзушылықтың классификациясы екі негізгі критерийге бөлінеді: жазалаудың нақтылық дәрежесі мен қызығушылық бұзықтың сипаты. Барлық құқық бұзушылыққа сәйкес классификация үш топқа бөлінетін классификациялардың бірі болып табылады: 1) Аллаға қарсылық пен қастандық; 2) қылмыс істегені үшін белгіленген жаза тағайындау;

3) қылмыс істегені үшін нақты жаза белгіленбеген.

Біз айтқандай, бірінші топтағы жаза: бұл біреудің өміріне қастандық ойлау және мұсылмандық қауымға қызығушылығы. Бұл қылмыстық топтар нақты жазамен жазаланады, яғни мұсылмандық құқықта «хадд» деп аталады. Екінші топтағы қылмыстық жазаға белгіленген терминдар «кисас», «кавар» және «дия». Үшінші топтағы құқық бұзушылық пен қылмысты исламдық құқықта «тазир» деп атайды. Нақты жаза әлі де белгіленбеген, бірақ бұл жаза оларға жұмсақ болуы мүмкін, яғни осы топтар Аллаға қарсы қылмысты болғандықтан. Нақты осы топтағы көрсетілген жазалар, қылмыстың құрамына кіретін мұсылмандық қызығушылық жеке біреудің өміріне қастандық жасау.

Ислам ішімдік қолдануға үзілді-кесілді қарсы, былайша айтқанда Аллаға деген сенімін және шындығын анық айтпау. Бірақ құранда жазаға қарсы нақты жоба жоқ, бұл қылмыс жасаған топта қарастырылады, бірақ нақты жаза сүннада көрсетілген. Аңызда, пайғамбар ішімдікке қарсы шығып дене жазасын және өлім жазасын көрсетті, егер бұл мұсылмандық қылмыс төрт түрлі жазада аяқталса.

Маскүнемдерді пальманың бұтағымен соғып жазалады. Соңында халиф Омар ішімдікке салынғандардың көрсеткішін тоқтатуын тілеп, жазаны күшейтіп, қылмыс бұзғандар үшін 80 соққы беруін қабылдады.

Егер ішімдік абайсыздан ішілсе және соңында күштеу көрсетпесе, онда ішімдік ішуші жауапкершіліктен босатылады.

Келесі қылмыстың түрлері – ойнас (зина), бұл мұсылман моралында қол салу қылмысы болып саналады. Қылмыс бұл некеге тұрмағандарды «надд» сыртқы бойынша жазасын береді. Мұндай қылмыстың жазасын отбасы мен моралды құрады, ойнас қылмыстың куәгерлік өтініші төрт куәгерден болуы керек. Куәгерлер нақты қылмыстың болғанын анықтайды, яғни белгіленген қылмыстың фактісін дәлелдеп көрсетуі қажет. Егер төрт куәгер өтірік сөз айтса, оларға 80 соққы беріледі және екінші рет куәгер болдырмайды.

Ұрлық қылмыс түріне жатады, яғни нақты жазаның белгісі. Құранда айтқандай ұрлықшылардың ұрлық жасағаны үшін қолын кеседі. Мұндай қатыгездікті түсіндіріп айту, бұл исламда жалғыз басты меншікті құндылық болып саналады, яғни құқықты сақтау тиіс. Ұрлықтың объективті және субъективті жағына қылмыстың нақты жасалынғаны жеткілікті. Кәмелетке толғандар мен сау кезінде болған адам қылмысты өз жауапкершілігіне алады.

Осындай барлық жиынтық қылмыскердің оң жақ қолын кесу, ұрлық екінші рет қайталанса сол аяғын, үшінші ұрлық жасалса, сол қолын кесу және де төртінші рет ұрлық жасалса, оң аяғын кесу жағдайы қаралған. Егер де үшінші рет ұрлық жасалса, ұрлықшы ұрлығын тоқтатпаса, ол түзелмесе, соттың ұрыны өлім жазасына кесуге құқылы. Егер де ұрлық жасаушылар көп адам болса, олардың барлығында біркелкі жазалайды. Ұрлықшыны тірідей құмға көму жазасыда қолданылады. Мәскеудің ұрылары Біріккен Араб Эмиратында алым-салық түрінде өздерінің «нәрсеге барған» отандық жерлестерінен жүздеген мың доллар жинауларына тырысты. Осы қылмыскерді шөлді далаға апарып, құмға тірідей көмген. Енді өз өмірлерін шөл даладағы құмдарда өлуге қиятын әуесқойлар жоқ.

Мұсылмандық құқыққа келісім доктринасы ұрлық куәгердің дәлелі мен қылмыскердің өзінің қателерін мойындайды. Егер де жәбірленуші қылмыскерді кешірсе, онда қылмыскер жауапкершіліктен босатылады. Бірақта жәбірленуші қылмыскерді кешірсе де, оның қолын заң бойынша кеседі. Аштық жылдарында да сот шешімі қылмыскердің қолын кеседі. Халиф Омар аштық жылдары мұндай шешім қолданылмасын, мұсылманның ортақ түріне өзінің қызығушылығын танытты.

Исламды сатып кету - бұл діннен алыстау қылмысы болып есептеледі, яғни өлім жазасына кесу қаралады. Бұл логикалық факты, шариаттың дұрыстығын көрсетудің негізі болады. Сондықтан бұл діни табандылықтың сақталуын көрсетеді. Бірақ Құранда нормалар жоқ: нақты қарастырылған жазалар діннен алыстау, яғни мұнда қысқаша өлеңдер де құдайларды және тілдерді қарастырады. Алла біреудің көмегін қажет етпейді: «Шындығында, Алла сатып кеткендерді кешірмейді».

Шығыс елдерінде Сауд Аравиясында исламды сатып кету - бұл адамдардың іс-әрекетіне тең, яғни дұшпандар жағына ауысып отандарын сатып кетумен пара-пар.

Қарақшылық ең ауыр қылмыс санатына жатады. Қылмыстың басты жауапкершілік түрі: мұсылмандық еркек, кәмелетке толғандар, ақыл - есі толылар. Сол сәттегі жағдайда мүлікті тартып алу фактісі, яғни мұсылмандық меншікті және заңды білуі қажет.

Шафиттер, егер ашық дүние-мүлікті тонап, өліммен аяқталса, қылмыскерге өлім жазасы беріледі,-деп есептейді. Дүние мүлікті тонамай, өліммен аяқталса да, өлім жазасы беріледі.

Егер ұрлық жасаушы дүние-мүліктен айырылып, бірақ өлім жасалмаса, қылмыскерді кескілеп жазалайды. Егер дүние-мүлікті алмай және өлім жасамай жай ғана қорқыту болса, онда қылмыскер жер аударылады немесе бас бостандығынан айырылады.

Барлық мұсылман мектептері қылмыс тонау мен өліммен аяқталса, оған байланысты өлім жазасы берілетін болса, онда осындай қылмыстар мұсылман қауымының қызығушылығын бұзу болып табылады.

Қылмыскер ұсталғанға дейін өзінің жасаған қылмыстарына өкінсе, онда оны жазадан босатады. Егер ол жасаған қылмыстары үшін полицияға ұсталғаннан кейін өкінсе, онда ол жауаптылықтан босатылмайды.

Қаза болған адамның мұрагерлері өлім жазасын жүргізуге құқылы, бірақта осы жағдайда өлген адамның әлеуметтік және субъективтік сапасы ұсынылған талаптарға сәйкес болуы қажет. Басқа сөзбен айтқанда, қаза болғанмен және өлтірушінің арасында әлеуметтік жағдайы, сенім, жынысына байланысты тепе-теңдік болуы қажет. Көптеген құқықшылар мұсылман әйелін немесе құлын өлтірген мұсылманды өлім жазасын беруге көндірді. Барлық мұсылман құқық мектептері (шафиттерден басқа) кәмелетке жетпегендер мен есінен ауысқандар өлім жасағаны үшін тек қана «дия» (төлеп алу) жазасы қолданады.

Көптеген мұсылман мектептері, егер өлімге бірлесіп бірнеше орындаушылар қатысса, онда олардың барлығына да өлім жазасы беріледі. Егер де орындаушылардың ішінде біреуі өзінің жеке мінезіне байланысты дарға асылмаса немесе ол абайсыз әрекет жасаса, онда осы өлімге қатысқандардың барлығы ережеге сәйкес осы жазаның жазаларынан босатылады және ол әдетте төлем алумен ауыстырылады. Мұндай санкциялар өлтірушінің жеке мінезі күмәнсіз болған жағдайларда қолданылады.

«Тазир» 11 әр түрлі жазаларды бере алады. Оның ішінде мынадай санкциялар бар: өтірікші куәгерлердің басын қыру, қаланың көшесінде адамның жасаған қылмыстарын айту және жарты денесін ашық ұстап жүргізу, үш күн керіп тастап тамақ бермеу сияқтылары бар. Бас бостандығынан айыру, материалды санкциялар немесе тән жазалары (ұру,соғу) мұсылман құқығында жалпы қылмыстық жазалар ретінде қолдану өзгешеліктері бар.

Ислам соттарында бостандығынан айырылған қылмыскерлер арнайы түрмелерде қамалмай, өздерінің үйінде немесе мешітте қамалып ұсталынады. Бір жылдан артық мерзімді қамтитын жер аударулар ешкімге берілмейді. Жазалар шаралары ретінде айыппұл төлеу, дүние мүлікті құрту (арақ-шарап сатушы дүкендерді) кеңінен қолданылады. Осылардың қатарына шафит және ханбалит мектептері, көптеген маликиттер қылмыскер жасаған қылмысына өкінген уақытына дейін дүние мүлкісінің бәрін немесе жартылай бөлігін алуларына мүмкіндіктер беріледі. Сот шешімі бойынша дарға кесілгендердің толығымен дүние мүлкін тәркілеу қажет деген көзқарастар бар. Ханифиттер «Тазирдің» осындай түрін жүзеге асыру құқықсыз деп санайды.

«Тазирдің» осындай түрі әр түрлі түсіндіріледі, сондықтан оны қолдануды реттейтін әр түрлі нормалар бар. Мәселен, ханбалит мектептері денені жазалауды жүзеге асыру кезінде 3-тен 10-ға дейін таяқпен ұруды жүргізуге болады деп есептейді. Аңыздарға келетін болсақ, пайғамбар «хадд» категориясының қылмыстарына жатпайтын қияңқылықтар үшін 10-нан асатын соққы жасатпады. Ханифиттік мектептер «тазир» жазасы «хадд» санкциясының аз болуы қажет деп есептейді. Осыған байланысты денені жазалаудың максималды шегі бостандықтағы мұсылман үшін 39 соққы және құлдар үшін 19 соққы деп құрастырған. Шафииттік мектеп барлық мұсылмандар үшін 19 соққыны құрастырған. «Тазир» өте қатерлі қылмыс үшін дене жазалаудың мөлшерін 100 соққыдан асырмауы керек деп есептейді. Ұрлық жасаған тұлғаларға дене жазалаудың мөлшері 99 соққы делінген.

Ислам заңгерлері «тазирдің» әр түрінің арасында болатын өлім жазасына аса көңіл бөледі. Осы жазалаудың шаралары ауыр қылмыстарда қолданылады. Маликиттік мектеп жауына қарсы тыңшылдық жасаған, яғни осының салдарынан мұсылмандар соғысқа душар болатын қылмыстарда өлім жазасын қарастыруды талап етеді. Шафииттер мен ханбалиттер мұндай жазалаудың шаралары тәртіпсіздікке Құран мен сүннада тыйым салынған ислам сенім принциптерінен бас тартуға арналған деп ойлайды. Ханифиттер «тазирдің» бөлігі бойынша тұтасынан өлім жазасына қарсы, бірақ рецидивистік-қылмыскерлердің қарым-қатынасына жазалаудың осындай түрлерін қолдануға қолдау көрсетеді. Мұсылман құқығында рецидивистердің қарым-қатынасына өмір бойы бас бостандығынан айыру үшін қолдануы мүмкін. Мұсылман қауымының қызығушылығына әсер еткен жағдайда өлім жазасын белгілеуі мүмкін. «Тазирді» қолдану кезінде дәлелдік базасы бұзақының мойындауынан немесе куәгерлердің берген жауаптарынан тұрады. «Тазирдің» айырмашылығы «Хадда» немесе «қисаса» сонда, ол әр тұлғаға, соның ішінде кәмелетке толмағандарға қолданылады, сондай-ақ әр құқық бұзушыларды бағалау кезінде «күмән» тудыратын жағдайларға да қолданылады. «Тазирдің» ерекшелігі – нақты құқық бұзушылықты жасағаны үшін белгілі қатал санкциялар жүйелері болып табылмайды және сот органы өзінің қалауы бойынша қылмыскердің тұлғасы мен қылмыстың сипатына байланысты жазалаудың мөлшерімен нақты түрін таңдай алады. Егер қылмыскер өз кінәсін мойындаса «Тазир» жазалауы тоқтатылады.



12 тақырып. Ислам заңнамасындағы дәлелдеу теориясы

Мұсылмандық құқық заң алдында барлық теңдіктің қағидасын уағыздайды [3, б.107]. Мысалы, Пәкістан Республикасының Мұсылмандық Конституциясының 5 бабында (1956 ж.) «барлық азаматтар заң алдында бірдей және заңның барлық қорғанысына құқықты» деп бекітілген.

Әрбір адам қылмысқа айыпталуы мүмкін болғандықтан, оған белгілі құқықтарды қамтамасыз ету керек. Дегенмен бұл құқықтар қоғам құқығымен әділ жазаның қолдануымен өлшенуі керек. Бұл баланс факті дәлелдеудің және қылмыс құрамының бекітілген жүйесімен жетіледі. Сонымен қатар, қылмыстық құқықтың қазіргі заманғы жүйелері ақырғы сот үкімін шығаруды қажет етеді. Факт және құқықтық қорытынды арасындағы барлық қарама - қайшылықтарды минимумға дейін төмендетуді, ал негізінде мүлдем жоғалатын дәлелдемелер жүйеленуі қажет.

Конституцияда бекітілген және мұсылмандық құқықтың дәлелдеме жүйесінің негізі болып айыпталуының кінәсіздігінің презумпция принципі болып табылады. Бұл қылмыс фактісінің дәлелдемесінің ауырлығын және оны нақты адаммен жасалғаны шындықта жатыр деген мағынаны білдіреді.

Бұл ереже құранның келесі бөлігіне негізделеді.

«Егер де кімде - кім өзінің айыпсыздығына төрт куәгерді көрсетпесе, онда оны сексен соққысымен жазаландар», - делінген.

Мұхаммед Пайғамбар: «Дәлелдеме ауырлығы айыбына жатады, айыптыға өзінің кінәсіздігі үшін ант беруі де жеткілікті», - деген.

Мұсылман заң қызметкерлері арасында сот шешімін шығарғанда, дәлелдемелердің қандай түрлеріне сүйенуі керегі жөнінде көптеген соттаудың түрлері бар.

Шафиит, ханифит және ханбалит мектебінің заңшылары куәгер жауаптары дәлелдеме болғандықтан деп есептейді, өйткені Құран көп жағдайда осындай көрсетулер негізгі дәлелдемелерді сипаттайды.

Келесі заң қызметкерлері (Ибн Тайлимя, Ибн ал – Кайум және Ибн ал-Гарс): «Дәлелдемелер тек куәгерлер жауаптарымен шектелмеуі керек», - деп айтады. Олардың ойынша, осындай шектеулер анықталмаған. Олар «дәлелдеу» деп Алла мен Пайғамбардың шындықты айқындауға көмегі бар», - деп ойлайды және солай деп санайды. Сондықтан, айыпшы оның барлық айыптау шындығын (объективті дәлелдеу, заттық дәлелдеу) бекітетін барлық дұрыстықты келтіруі керек.

Бірінші көзқарас жақтаушылары басқа дәлелдеу құралдары тек әкімшіл сипатты құжаттарда қолданылатынын айтады. Осы заң қызметкерлерінің көзқарасы бойынша, осы қылмыстың іс жүзінде дәлелделуі тек айыпталушының кінәсінің мойындағанымен және куәгерлердің жауаптарымен шектеледі.

Мұсылмандық құқықтың дәлелдеу теориясының даулы сұрақтарының бірі боп сот қабілеттігінің дауласуы бойынша өзіндік алдын ала білім негізінде шешім шығаруы болып табылады.

Әкімшілік және жалпы құқық аумағында сот шешімі куәгер жауаптарының және расталған құжат дәлелдеуіне негізделуі тиіс. Бұл соттың ойлауы мен оның өзінің білімдерімен негізделген шешім қабылдауды рұқсат етпеу талпынысымен түсіндіреді. Әкімшілік және жалпы құқықта кейбір кездерде сотқа сотта бейнеленбеген мәліметтерді қарастыру сипатымен және қатысты істерді білгені үшін істі қарастырудан бас тартуды ұсынады. Бірақта бұл принцип барлық мұсылмандық заңгерлерімен қарастырылады. Заң қызметкерлерінің кейбір бөлігі әділдік пен шындыққа жету үшін сотқа оған белгілі осы іс бойынша алдын ала алынған, қосымша мәліметтер негізінде шешім шығаруға тыйым салу тиіс емес деп есептейді.

Осы тақырып бойынша мұсылмандық заңгерлер үш көзқарасты топқа бөлінеді:

1) соттың ісі бойынша (қылмыстық, азаматтық) басқа алынған мәліметтерін қолдануына тыйым салынуы керек;

2) соттың қылмыстық және азаматтық іске негіз болатын алдын ала алынған мәліметтерге сүйенуі керек. Осыған байланысты мынадай тезис пайда болады: егер сот бір жақтың кінәлі екенін білсе, онда оны жазасыз қалдыру әділетсіздік болар еді;

3) құранда тек қана алдын ала алынған мәліметтерге сүйене отырып, арнайы көрсетілген қылмысқа үкім шығаруға тыйым салады. Әдетте, жұбайылық опасыздық бойынша мәселелерді қарастырғанда жеке тұжырымға тыйым салынады. Бұның негізі мынамен түсіндіріледі, Пайғамбар былай деп санаған: күдіктінің осы қылмысты істегені жөнінде күдік туса, онда оны жауапкершіліктен босатуын қалаған. Сонымен қатар, егер күдікті кісі барлығын теріске шығарса, онда сот осы тектес қылмыстарға өзінің білімі негізінде үкім шығара алмайды.

Осы тұжырымдарды талқылай отырып, мынадай қорытынды шығаруға болады: исламдық құқықтану сотқа қылмыстық істер бойынша шешім қабылдауға тыйым салынатын тенденция бекітіледі. Исламдық құқық мына шарттар ретін бекітеді, онда айып тағудың негізі болып дәлелдемелер табылады.

Екінші шарт: дәлелдеме өзінің күшін үкім шығарғанға дейін сақтау керек. Егер куәгер өзінің берген жауабынан немесе айыпталушы өзінің мойындауынан бас тартса, онда делелдеме және соның негізінде шығарылған шешім нақты болып табылмайды.

Үшінші шарт: дәлелдемелердің кейінге шегерілуі, не болмаса кешіктірілмеуі керек, я болмаса олардың нақты болып саналмауы тиіс. Осы шарттарды сақтамау дәлелдемелерді жоққа шығаруы мүмкін.

Исламдық заңгерлер істің ұзаққа созылуы жөнінде үш түрлі көзқараста: 1) дәлелдемелер өзінің күшін жойып алмау үшін немесе шүбә келтірмеу үшін, бұл мерзімді бір ай, не жарты жылға созуды құптайды. Ал үшінші жақ: сот алқасы қабылдауға болатын мерзімді өзі анықтайды деген көзқарас пысықталуы мен орын алған дәстүрді еске алып, дәлелдемелердің кешігуіне рұқсат етеді.

Бұл мерзімдер Құранда қарастырылған. Ішімдік ішуден басқа барлық негізгі қылмыстың түрлеріне қолданылуы мүмкін.

Құқықтанушы мектептер ханифиттер мен шафииттер бөлігі былай деп санайды, яғни соттың дәлелдемелерді өзі бағалап және өзі жинауы керек, сонымен қатар оған басқа сот бағыттаған дәлелдемелерді қабылдауға рұқсат етілмейді.

Барлық құқық мектептері сот өзінің сот үрдісінде беретін дәлелдемелеріне сенімді болу керек деген бір пікірде. Сотқа келесі өкілеттілік берілген: дәлелдемелердің сенімділігіне куәгердің жауабын және айыпталушының мойындауына, оның шыншылдығы мен сенімділігіне сенбесе, оларды елемеуге хақысы бар. Үлкен мағыналы дәлелдемелердің түрлері қылмыстық тәжірибеде қолданылады. Исламдық құықтанушылардың көбі дәлелдемелердің басым бөлігімен куәгерлердің жауабына сенеді. Сонымен қатар, дәлелдеме ретінде айыпталушының жеке мойындауы да ескеріледі. Басқа дәлелдемелердің түрлері презумпция деп аталатын жорамалды құрайды.

Исламдық әділ сотта куәгердің жауабы былай басталады: «Куәгерлік, жасаймын... », яғни ол куәгер болып табылатыны және барлығын өз көзімен көргендігі жайында баяндайды. Куәгерге жауап беруіне мәжбүр етпеу керек, бірақ жауап беруден себепсіз бас тартуы діндік міндеттемелерді бұзу болып табылады. Бұл ретте әлеуметтік жағдайда және дінге жатқызылмайтын тәуелсіз құқықтанушы адам шақырылады. Бірақ, басқа діндегі адам дін жайында куәгерлік ете алмайды. Шындықты анықтау үшін куәгер бас бостандығы бар екі еркек адам жеткілікті. Еркек адамның жауабы екі әйел адам немесе екі құл жауаптарымен теңестіріледі. Баласының тууы туралы куәлік ететін жағдайда бір ғана құл әйел ғана куәгер бола алады. Жалған куәгерлік айыбы ашылған куәгер, жалған жауап бергені үшін жауапқа тартылады, ал оның куәгерлік етуі енді бұдан былай тыңдалмайды.

Қоғамдық өмірде куәгер - әр түрлі қоғамдық өмірдегі көріністерді өзіне міндеттеме ретінде мойнына алатын жеке тұлға. Оның отандастарының істерінде сенімді адамы болуы мүмкін, істі қалай жүргізу керек екендігіне кеңес беруіне мүмкіншілігі бар. Ең бірінші барлығы келіскен және ортада сенімге ие адамдар куәгер бола алады. IX-X ғасырлардан бастап куәгерлерге үлкен талап қойыла бастады. Біреулердің айтуы бойынша, куәгерде кади қасиеттері болу керек, басқалары оның қасиеттерімен қатар адамгершілігі болу керек деп санайды. Ал кемшіліктер әр жеке істе назарға алынады, мысалы, соқыр адам бір жағдайларды көргендігі жайында, ал сауатсыз адам оқығандығы жайында айта алмайды. Бірақ барлық куәгер адамдар берік қоғамдық жайдағы адамдар болуы керек деген ойға келеді. Сол уақыттардан бастап, куәгерлер тізімі билік басындағылармен жасалып тұжырымдалды.

Теория мен тәжірибеде куәгердің жауабына келесі талаптар қойылады:

1) куәгер ересек кісі болу керек. Көбінесе, жас баланың жауабы назарға алынбайды, бірақ кейбіреулері кісі өлтіру оқиғасы үрдісінде басқа куәгерлер болмаған жағдайда, жас балалардың жауаптары ескеріледі;

2) куәгер ақылды, дені сау болуы керек;

3) куәгердің жақсы жады болу керек, өйткені ол түсініп және оқиғаларды есте сақтауы керек. Есте сақтай білу қабілеті нашар болса, онда ол куәгер бола алмайды;

4) куәгер сөйлей алатын болуы керек. Кейбір мектептер керең мылқаулардың жауаптарын ескереді, егер ол жауабын қағаз бетіне түсіре алатын жағдайда болса; кейбіреулері мұндай жауаптарды мүлдем жаратпайды;

5) куәгердің көзі көре білуі керек, яғни куәгер болып тұрған адамының жағдайын көре білуі керек;

6) куәгердің көрегенді болуы керек, яғни өзіне құдайшылдық пен ақылын біріктіре алуы керек;

7) куәгер анық жауаптарын беру керек, яғни басқалардың сөзін емес, өз көзімен көрген қылмыстарды айтуы керек.

Куәгерге деген келесі негізгі талаптар: оның ислам дініне жатуы керек, бірақ ханифиттік мектеп мұсылман еместің мұсылманға куәгер болуына рұқсат етеді. Басқа мектептер мұндай тәжірибеге қарсы.

Исламдық құқықта куәгердің берген жауабын жарамсыз деп тануына негіз бар. Олардың арасында қан бойынша туыстарға куәгер болу, дұшпандық қарым қатынастарда болған жағдайда жарамсыз деп жарияланады.

Процессуалдық құқық ерлі-зайыптылық опасыздық ісі бойынша берілген жауаптарға ерекше көңіл бөледі. Біріншіден, кем дегенде төрт сенімді куәгерлер болуы. Егер төрт куәгер болмаса, онда куәгерлер өтірік үшін айыпты болады. Сонымен қатар, барлық айыптаушы куәгерлердің еркек жынысты болуы керек. Бірақ екі куәгер әйел жауаптары бір еркек куәгер мен теңестіріледі.

Сонымен бірге, куәгерлердің жауаптарымен қатар дәлелдің екінші түрі болып, айыпталынушының өзі істеген қылмысын мойындауы арқылы іске асады:

1) мойындау өз еркімен және зерделі нормасына сай өзінің ойын дұрыс жеткізе алатын болуы керек;

2) мойындау тек бірмағыналы, анық, түсінікті және ешқандай күдік туғызбайтындай болуы керек; ол соттық үрдіс кезінде айтылуы керек.

Жеке құқықтанушылар былай деп санайды, яғни айыпталушы мойындауын осы іске қанша куәгер керек болса, сонша рет қайталауы керек.

Мойындау сыбайластарына емес, тек қана айыпталушының өзіне қатысты болады. Мысалы, егер еркек адам жұбайлық опасыздық істегенін мойындаса, сонымен қатар, басқа әйелмен қатысы болса, ол әйел кінәлі болмайды. Өйткені, ол әйелге қарсы айып жоқ. Бұл жағдайда тек қана еркек адам кінәлі болады.

Мойындау кінәні білдіреді, егер сот оның шыншылдығына сенген жағдайда, жазаға алынады. Бұл үшін мойындау басқа да пысықтаулар мен сәйкес болуы керек.

Кінәлі әр жағдайда өзінің мойындауынан жалтаруы мүмкін, егер сот шешімі тек қана мойындау негізінде қабылданған болса, мұнда соттың шешімі жарамсыз деп табылады.

Кейбір исламдық құқықтанушылар презумпция деп аталынатын айқын көрсеткіштерге дәлел түрінде рұқсат етіледі.

Презумпция логикалық қорытындыны білдіреді, ол әрекеттен және сонымен қатар пысықтаулардан жасалады. Ол әлсіз (тұрлаусыз), және әлді (негізгі) дәлелдемелер болуы мүмкін. Бірақ дәлелдеме сапасы ретінде ол тек қана жеткілікті сендірерлік болған жағдайда ғана қабылданады. Бұл айқындылық істі анық және белгілі болдыру керек.

Исламдық заңгерлер арасында осы мәселе бойынша әр түрлі көзқарас қалыптасқан. Кейбіреулері презумпцияны жоққа шығарады, демек, дәлелдемені тек қана куәгер жауабы ретінде және мойындау ретінде қабылдайды.

Басқалары айқындылықты қолдануды оқиға ретінде рұқсат етеді. Мысалы, жүктілік ол зорлықтың дәлелі болып табылады, егер әйел адам тұрмыста болмаған жағдайда. Ішімдіктің иісі - адамның ішкендігінің дәлелі.

Сонымен, исламдық қылмыстық құқықта дәлелдемелер жүйесі айыпталушының құқығы мен қоғамның құқығы арасында тепе теңдікке жетуге бағытталған. Қоғам қылмысты түп тамырымен құрытуға мүдделі, екінші жағынан, бір де бір кінәсіз адам азап шекпеуін қарастырады. Адамның құқықтары дәлелсіз кінәлі болуы емес, дәлелдердің нанарлық және анық болуын болжайды.

Исламдық құқық соттың өзіне дәлелдемелерді бағалауына құқық береді. Бірақ нық критерийлерді құрастыру керек. Бүгінде исламдық құқықтың жүйесі, негізгі жаза қағидалары және дәлелдемелер теориясы өзінің логикалық ретін және бағытын қарастыруда. Исламдық ілімді және онда құрылған құқықтық ғылымды әлемнің ғалымдары мен құқықтанушылары әр түрлі қабылдайды. Бұрынғы уақыттарда демократиялық дамыған елдерде және кеңес одағынан кейінгі кеңестік кеңістіктегі елдерде қылмыстың өсуіне жол бермеу мақсатында үлкен іскерлік көрсетеді. Әсіресе, ауыр қылмыстық істерді және әр түрлі пайдақорлықтарды болдырмау үшін ислам елдерінің құқық қорғау органдарының тұрақтылықты болуы қоғамға қарсы көріністердің санын азайту болып табылады. Батыстың қоғамдастығымен қаталдық және цивилизациялық емес көрінулер қабылданады. Бұл жәйттерге қай жағынан келсек те, қоғамның құқықтық қатынастарының кез келген жүйесіне сыйластықпен қарауымыз керек. Минималды түрде білу және зерттеу, ал соңында мүмкіндігінше және түсіну.


13 тақырып. Мұсылман мемлекеттерінің халықаралық құқық субъектілігі

Жер бетінде Ислам дінін ұстанатын 1 млрд – артық адам тұрады. Егер ғаламшарымызда 6 млрд 500 млн - астам адам өмір сүретінін ескерсек, мұсылмандар Жер бетіндегі халықтың бестен бір бөлігін құрайды деген сөз.

Қай мемлекетте қанша Ислам дінін ұстанатын адам тұратынын есептеп көрсе де қызық. Мұсылман халықтарын, олардың санына қарай келесі топтарға бөлуге болады [3, б. 116]:

а) мұсылман мемлекетінің негізін құрайтын, мұсылман халықтары (олар барлық жиынының 70 % – 100 % құрады);

б) мұсылман халықтары, мемлекет халқының шамамен тең жартысын құрайтыны;

в) әртүрлі елдерде ислам диаспорасы ретінде өмір сүретін мұсылман халықтары.

Бірінші топқа халқының 99 % мұсылмандар құрайтын, Ауғанстанды жатқызуға болады; Албания – 70 %, Бангладеш – 82 %, Бахрейн – 93,3 %, Египет – 91,1 %, Гамбия – 87 %, Газа – 98 %, Индонезия – 80 %, Иран – 98 %, Ирак – 96 %, Кувейт – 96 %, Ливия – 98 %, Мальдивы – 100 %, Мали – 80 %, Мавритания – 99 %, Марокко – 99 %, Нигер – 87 %, Оман – 99 %, Пакистан – 97 %, Катар – 95 %, Сауд Арабиясы – 99 %, Сенегал – 91 %, Сомали – 99 %, Судан – 72 %, Сирия – 87 %, Тунис – 99 %, Түркия – 99 %, Біріккен Араб Эмираты – 90 %, Йемен – 99 %.

Екінші топқа келесі мемлекеттерді жатқызуға болады: Чад – 51 %, Эфиопия – 35 %, Гвинея -69 %, Гвинея – Биссау – 38 %, Нигерия – 45 %, Танзания – 30 %, Буркина – Фасо – 44 %, Малайзия – 49 %.

Үшінші топқа халқының 0,1 % – нан 21 % - ға дейін мұсылмандар құрайтын әртүрлі мемлекеттер жатады: Аргентина, Австрия, Австралия – 2 %, Бельгия – 0,7 % , Бенин 16 %, Бразилия, Гондурас – 0,1 %, Бирма – 3,6 %,Бурунди, Франция, Габон, Вьетнам, Замбия – 1 % дан , Канада – 0,6 %, Орталық – Африка Республикасы – 8 %, Қытай – 1,4 %, Кипр – 18,5 %, Экваторлық Гвинея – 0,7 %, Гана – 15 %, Израиль – 12,5 %, Ямайка – 0,2 %, Либерия – 21 %, Мадагаскар – 2 %, Малава – 16 %, Маврикий – 17 %, Моңғолия – 9 %, Мозамбик -13 %, Непал – 5 %, Панама – 4 %, Филиппины – 5 %, Румыния – 1,2 %, Цейлон – 8 %, Суринам – 14 %, Тайвань – 0,5 %, Тайланд – 4 %, Того – 16 %, Тринидад және Тобаго – 6 %, Уганда – 6 %, Ұлыбритания – 1,4 %, АҚШ – 0,6 %, Заир – 1,4 %, Зимбабве – 0,9 %.

Мұсылман халықтары және диаспоралары 118 мемлекетте және әлемнің әр бөлігінде де өмір сүріп жатыр. Азияда мұсылмандар 50 мемлекетте өмір сүрсе, Африкада – 45, Америкада – 11, Еуропада -10, Австрия мен Мұхит елдерінде – 2 мемлекетте мұсылман халықтары тұрады. Азияда планетадағы мұсылмандардың басым бөлігі тұрады.

Мұсылман халықтары деген түсінік нақты анықтаманы қажет етеді. Мұсылман халқы бұл – барлық азаматтары, немесе басым бөлігі мұсылман дәстүрлерін сақтап, күнделікті мешітке баратын және ислам нормасы мен тәртібіне бағынатын халық.

Қазақ, Қырғыз, Түркімен, Тәжік, Өзбек халықтарын мұсылман халықтары деп атау жағымды. Орталық – Азия аймағындағы халықтар аталған анықтамадағы талаптарға сай ма? Аймақ халықтарының аздаған бөлігі ғана мұсылман дәстүрлерін толық сақтайды, бірақ тарихынан бастау алған факторлар мен ислам дінін қабылдануын ескерсек, бұл халықтар да мұсылман халықтарының қатарына жатады.

Әрбір мемлекет халқы өзінің өмір сүру мөлшерін құрайды, оған қоса халық сайлау немесе революциялық төңкеріс жолымен өз мемлекетін де құра алады. Осы себепті де мұсылман халықтары әртүрлі елдерде өз мемлекетін құрады және оның бағытын анықтайды. Әрине, кейбір жағдайларда, басқару режимі мен мемлекет қалыбы және мемлекеттің орнауы бөлек әскери топтың әскери төңкерісі нәтижесінде өзгеруі мүмкін.

Бірақ халықтық белгісі болғаныменен ол халықаралық құқық субьектісі болып табылмайды, өйткені ішкі істерге көбірек көңіл бөлінеді, ал сыртқы, халықаралық істермен күнделікті және үздіксіз мемлекеттік аппараттарда жұмыс істейтін анықталған бөлімшелердегі анықталған кәсіби даярланған мемлекеттік қызметкерлер айналысады. Міне осы себепті де мемлекет халықаралық құқық субьектісі болып табылады. Мұсылман халықтарымен мұсылман мемлекеттері турасында да осылай деуге болады.

Әлемде Ислам Конференциясы Ұйымы құрамына кіретін 40 - тан кем емес мемлекеттер өмір сүреді. «Мұсылман мемлекеті» деген терминді естігенде, біз негізін мұсылман дінін ұстанатын азаматтар құрайтын мемлекет деп түсінеміз. Осы тұрғыдан, Ислам діні мемлекеттік дін деп мойындалуы міндетті емес. Аталған 40 мемлекеттің ішінде тек кейбіреулерінде ғана Ислам мемлекеттік дін деп жарияланған (Сауд Аравиясы, Бахрейн), дегенмен олардың барлығы мұсылман мемлекеттері деп аталады, себебі бұл мемлекеттердің халқы мұсылман.

Мұсылман мемлекеттері халықаралық құқық субьектісінің мынадай элементтерін қамтиды. Мұсылман мемлекеттері халықаралық шарт жасасуға және оны іске асыруға құқылы. Мұсылман елдері екіжақты, аймақтық және әмбебап шарттарға қол қояды. Әрбір мұсылман мемлекеті ХХ ғасырда орташа есеппен 5 тен 10 мыңға дейінгі әртүрлі шарттар, келісімдер мен конвенцияларға қол қойған. Мұсылман мемлекетінің халықаралық құқық субьектісі ретіндегі келесі бір элементі, халықаралық билікаралық ұйымдарға мүше болу және осындай халықаралық ұйымдар қызметіне қатысу. Мысалға, мұсылман мемлекеттерінің барлығына жуығы БҰҰ мен оның мамандандырылған мекемелеріне мүше болып табылады. Мұсылман мемлекеттерінің барлығына жуығы Ислам Ұйымы Конференциясының үлескерлері, қатысушылары және мүшелері болып табылады. Азия мен Африка континенттерінің әртүрлі аймақтарында орналасқанымен, олар аймақтық мұсылман мемлекетаралық ұйымдардың көп бөлігін құрамайды.Бұдан басқа, осы мұсылман мемлекеттері басқа жалпыконтиненттік халықаралық, билікаралық ұйымдарға кіреді. Міне осылай олар мұнай экспорттаушы және т.б. – елдер ұйымының мүшесі болып табылады. Дипломатиялық және елшілік қатынастарға түсу, дипломатиялық және елшілік, өкілдік қатынастармен алмасу ислам елдерінің халықаралық құқық субьектісі ретіндегі элементі болып табылады. Мұсылман мемлекеттері өзара дипломатиялық елшілік және өкілдіктерімен алмасады; бұдан басқа мұсылман мемлекеттері дипломатиялық елшілік және өкілдіктерімен мұсылман емес мемлекеттермен де алмасады. Мысалға, Иран, Түркия, Ауғанстан, Сауд Аравиясы, Ливия, Марокко және басқалары өзара дипломатиялық елшілік және өкілдіктерімен алмасады; осы және басқа мұсылман елдері өздерінің дипломатиялық қатынастарымен елшілік өкілдіктерін басқа мелекеттерге Ресейге, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Канада және т.б. ұсына алады. Осындай жолмен, әрбір мұсылман мемлекеті қазіргі заманғы халықаралық құқықтың толыққанды және толық құқылы субьектісі бола алады.


14 тақырып. Халықаралық мұсылман құқығының (сийяр) дүниежүзілік халықаралық құқықпен арақатынасы

XVIII ғасырдан бастап Қазақстан Ресей империясы құрамында, ал 1917 жылдан – негізі Ресей болып табылатын Кеңес одағы құрамында болды. Ресей Еуропалық өмір салтына бейімделе бастағандықтан Қазақстан да Ресеймен бірге еуропалық білім мен ғылымға мойын бұра бастады [3, б. 121]. Осы себепті қазіргі таңда Қазақстанның құқықтық, халықаралық құқықтық ғылымы мен ғылымды әлемдік қабылдауы еуропалық мінезге ие. Мұндай үрдіс, еуропалықтардың одан кейін азиялықтардың Жаңа әлемге эмиграциясынан АҚШ пайда болуынан, ал испандықтар мен португалдықтардың латынамерикандық мемлекеттерді құрудағы белсенді әрекетінен көрініс табады. Еуропалықтар (француздар, бельгиялықтар, ағылшындар, германдар) өздерінің ғылыми әлемдік дамуын Африканың колониялық территорияларына және Азияның бірқатар аймақтарына сіңірді. Мұның бәрі жалпы алғанда бізге құқықтың ерекше жүйесі, ғылым ретінде халықаралық құқықты еуропалық ғылыми түсінікпен қарауға басым көңіл бөлетін, еуроорталықтағы, бүкіләлемдік халықаралық құқық түсінігін береді.

Оған қоса мұсылман әлемі – адамзат тарихына, оның ғылыми әлемді түсіну және әлемді сезіну, аймақтық және әмбебап халықаралық құқыққа маңызды әсер ететін ерекше әлем. Бұл арабтардың жаулап алушылығы нәтижесінде құрылған, территориясы Сауд Аравиясы мен бүкіл Таяу және Қиыр Шығысты, Азия континентіндегі Орта Азияны, және Ислам діні құдайды танудағы, идеология, құқық, ғылыми әлемдік көзқарас болып табылған Еуропаның Перенейлік жарты аралы мен Африканың солтүстік территориясына дейінгі аймақты қамтыған ірі мемлекеттің құрылуы кезінде орын алған еді. Тіпті еуропалықтардың араб тілін білуі мен Халифаттың университеттерінде оқуды абырой санаған кезеңі де болған. Қайта өрлеу дәуірінде Ислам діні едәуір уақыт үстемдік құрған Испания және Италиядан шыққан жалпы халықаралық құқықтың негізін салушылар Виттория, Джентили өмір сүрген. Бұл елдерде соғыс құқығы ислам философиясының әсерінен құрылған, және осы авторлардың еңбектері халықаралық мұсылман құқығы (сийяр) теориясының джихад туралы сауалдарына әсер етеді десек артық айтқанымыз емес. Өз кезегінде Ислам құқығы да екі бірдей күшті еуропалық мәдениеттің, Ежелгі Греция және Ежелгі Румның әсерін анық сезінді. Кейінірек ислам орталығы Осман империясына ауысқанда, аталған империяның күшіне және ислам идеологиясына деген құрмет, оның еуропалық аулаларда, оның «Ғажайып Порт» деп аталуына әкеп соқты.

Қазіргі кезде көптеген діндердің, оның ішінде ислам дінінің де қайта өрлеу үрдісі орын алуда. Осы себепті де, әлемде ислам діні мен оның құндылықтарының, ислам құқығының, оның ішінде сийяр - халықаралық мұсылман құқығының қайта өрлеуі жүріп жатыр.

Сийяр бұл – ислам халықаралық құқықты білдіретін термин. Мұсылман елдерінде және исламтану ғылымның дамыған саласы болып табылатын кейбір мемлекеттерде бірқатар оқымыстылар (М. Гунайми, М.Хамидулла, М.Хаддури және т.б.) халықаралық мұсылман құқығы туралы салиқалы монографиялар мен оқулықтар жазған. Мысалға, Мухаммед ибн – Хаван Шайбанидың «Халықтардың ислам құқығы: сийяр шайбанидың көзқарасымен» деген кітабын Мадшид Хаддури аударып, 1966 жылы Балтиморда (АҚШ) жарыққа шығарды. М. Гунайми 1969 жылы Гаагада « Халықаралық құқықтағы ислам концепциясы және батысқа жақындауы» деген кітапты жарыққа шығарды. М. Хамидулла өзінің халықаралық мұсылман құқығы туралы түсінігін 373 – беттен тұратын аты өте ұзақ « Мұсылмандық биліктегі мемлекет сийяр туралы оқулық сияқты яғни бебітшілік пен соғыс және нейтралитет нормаларынан тұратын халықаралық құқықты исламдық түсіну туралы..» деген кітабында халықаралық құқықты өзінің қалай түсінетіні туралы мазмұндайды. 1991 жылы Мәскеуде жарыққа шыққан «Әлемдік тәртіптегі Ислам концепциясы» деген кітаптың авторы И.В. Жданов та жақсы еңбек жазған.

Әртүрлі елдерде жарық көрген сийяр туралы кітаптар мен өзгеде еңбектер, халықаралық мұсылман құқығының әлі де терең зерттеулерге лайықты екенін айтып тұрғандай.

Батыстық мамандар халықаралық құқықтың табиғатын анықтау үшін ішкі құқықтың қағидаларын анықтауға тырысады, осыдан кейін де халықаралық құқықтың мәнін анықтау қиын іс болып қала береді. Ал бұлай істеудің тіпті қажеті жоқ. Қажет емес, өйткені мемлекеттің ішкі құқығы және халықаралық құқық екеуі екі бөлек жатқан дүние. Олардың бір – бірінен айырмашылығы бар, әсіресе субьектісінде: егер халықаралық құқықтың субьектісі негізінен мемлекет болса, ішкі құқықтың субьектісі азаматтар болып табылады.

Келесі ерекшелік мазмұнында: халықаралық құқық бұл – тәуелсіз әрекеттер координациясының құқығы, ішкі құқық бұл – мемлекеттің өз азаматтары арасындағы субординация құқығы. Халықаралық құқық ішкі мемлекеттік құқықтың бір бөлігі болып табылмайды; оған қоса, ол барлық мемлекеттер құқығы жүйесінің арифметикалық қатынасын да қарастырмайды. Ішкі және халықаралық құқық бұл бірдей құқық саласы олардың арасында айтарлықтай айырмашылық жоқ деп санайтын, дуалистік теорияға қарсы монистикалық теорияда бар.

Егер халықаралық мұсылман құқығын батыстық халықаралық құқықпен салыстырсақ, мұсылман құқығы – діни бағыттағы құқық, ал батыстық халықаралық құқық қазіргі кезде зайырлы құқық екенін ескеруіміз керек. Халықаралық құқықтың осы екі бағытының арасындағы айырмашылықты түсіну үшін ислам табиғатынан жалпы көлемді болып табылатынын, оның мұсылман адамның діни, зайырлы және діни емес өмірін реттейтінін ескеруіміз керек. Бұдан шығатын қорытынды: исламдық құқық, дін және адамгершілік екеуі арасында нақты айырмашылықты ережелерге бағындыру.

Егер батыстық халықаралық құқық өзінің негізгі қайнар көзі ретінде халықаралық келісім шарт мемлекетаралық шарт деп таныса, халықаралық мұсылмандық құқықта да халықаралық шарт қайнар көзі деп танылады, бірақ бұл құқықтық жүйеде ең бастысы тек ішкі ғана емес сонымен қатар халықаралық құқықта да негізгі қайнар көз болып Құран саналады.

Мұсылман құқығын зерттеушілердің бірі Хамидулла халықаралық мұсылман құқығы деген түсінікке мынадай анықтама береді: «Бұл – өзге мемлекеттермен арақатынас кезінде мұсылман мемлекеттері қатаң түрде сақтайтын келісім – шарттық міндеттемелер, құқық және дәстүр». Оның ойынша мұсылман мемлекеттері халықаралық мұсылман құқығы жүйесін және түсінігін қабылдайды. Халықаралық мұсылмандық құқық тек конвенциялық міндеттемелерден ғана емес, сонымен қатар шариаттан тарайтын міндеттемелерден де тұрады.

Тағы бір мұсылман құқығын зерттеуші Хаддури «халықтар құқығы» деген термин исламға қатысты ережелер мен тәжірибелердің өзге халықтармен арақатынасын білдіреді деп есептейді. Бұл анықтама исламдық және исламдық емес деп екіге бөлінген, әлем талқылаған исламдық доктринада да қаралды. Себебі халықаралық мұсылман құқығы тек мұсылман мемлекеттерінің мұсылман емес мемлекеттермен арақатынасын ғана емес, ол мұсылман мемлекеттері арасындағы өзара қатынастарды да реттейді. Басқаша айтқанда, халықаралық мұсылман құқығының халықаралық қатынастарда ислам дінімен реттелетін нормалардың қатынасын суреттейді.

Екі теорияға сәйкес халықаралық құқықтың негізгі міндеттемелерін мыналар құрайды:

а) мемлекеттердің табиғи немесе фундаментальды құқығы;

б) мемлекеттердің өзара қатынасы доктринасы.

Табиғи құқық доктринасы мына қағидаға сүйенеді: құқықтың ішкі және сыртқы салаларын да табиғатынан мемлекеттің өзі басқарады, ешкім оған құқық сыйламайды, ол пайда болған кезден бастап болады және анықталған құқықтары болуы тиіс. Екінші доктрина бойынша, мемлекеттер өзара келісім бойынша құқыққа ие болады, және өзіне міндеттер жүктейді. Осы екінші доктрина халықаралық шындыққа көбірек сәйкес келеді.

Себебі: кез келген мемлекеттен міндеттемелердің орындалуын талап ету немесе өзінің құқықтарын жүзеге асыру үшін, оның міндеттемелерін лайықты түрде орындауын күтетін, сол мемлекетпен өзара келісім жасалуы тиіс.

Егер батыс елдерінде халықтық тәртіп ретінде негізгі құрылысы халықпен сайланған ешқандай өзге мемлекеттер немесе басқада халықаралық құқық субьектісі бұза алмайтын ішкі конституция танылады, ал ислам халықтық тәртіп ретінде бұзуға және қол сұғуға тыйым салынатын Аллаһтың өзі қолдаған жоғарғы ережелер мен құндылықтарын таниды.

Сийярдың негізі оның нормаларының мұсылман мемлекеттерінің өзге елдермен бейбітшілік пен соғыс туралы мәселелеріне және мұсылман қоғамының өзге дін өкілдеріне қатынасынан көрініс табады.

Қазіргі кездегі мұсылман халықаралық құқығы бүкіл әлемдік халықаралық халықтың жалпы жұрт таныған принциптері мен институттарын қабылдайды. Мұсылман мемлекеттері жалпы жұрт таныған халықаралық құқықтың принциптерін басшылыққа алады, қабылдайды және халықаралық келісім – шарттардан туындайтын, тәуелсіз теңдікті, басқа мемлекеттердің ішкі ісіне араласпау, күш қолданбау және күш қолдану туралы қоқан – лоқы жасамау, территориялық бүтіндікті бұзбау, шекараны бұзбау міндеттемелерін қалтқысыз орындауға келіседі.

БҰҰ мүшесі ретінде мұсылман елдері толығымен халықаралық құқықтың жалпы стандарттарын қабылдайды және орындайды.

Бірақ қазіргі кезде де кейбір мұсылман мемлекеттері тарапынан халықаралық ислам құқығының ережелерін сақтамауы да кездеседі, атап айтсақ, банктік пайыз туралы сұрақтарды, басқа барлық елдерде міндетті түрде өтелетін, ал берілген несие пайызының төленбеуі. Ал әмбебап халықаралық құқықта осындай банктік операцияны шешудің аталған екі амалы да қабылданады. Мұсылмандық халықаралық құқық мемлекеттерді бір діни негізге біріктіруде қиындыққа ұшырап отыр.

Оның негізгі шарты көптеген тәуелсіз, еркін мемлекеттердің бір ғана Ислам мемлекетінің құрамында болғандығында. Сол өткен кезеңнің көрінісі болып, панисламизм доктринасы танылады.

Панисламизм бұл – ұлтына, нәсіліне, әлеуметтік жағдайына, мемлекеттілігіне қарамастан, бүкіл салиқалы мұсылман қоғамын бір ғана мұсылмандық – теократиялық мемлекет құрамына енгізуді қажет деп танитын діни – саяси идеологияны көздейді. Бұл теорияның негізінде барлық мұсылмандар Аллаһтың алдында тең деген қағида жатқан еді. Панисламизм теориясын XIX ғасырдың 70 жылдары түрік ағартушысы Намык Кемаль дамытқан еді. Бұл доктрина негізінде исламның қоғамдық, рухани өмірдегі басшылық рөлі деген идея болды. Ал Халиф барлық мұсылмандардың басшысы болуға тиіс еді. Антиколониялық мақсаттарына бағытталған идеяны өз еңбектерінде Джемаль ад – Дин аль – Афгани дамытты.

XX ғасырдың екінші жартысында бұл идеялар «Ынтымақтастық Ислам» қозғалысының негізі болды.

Сәл кейінірек еуропа елдерінде мемлекеттердің тәуелсіздігі, олардың бір – бірінен бостандығы теориясы дами бастады. Бұл тәуелсіз теңдік идеялары мемлекеттердің тәуелсіздігінің теңдігі қағидасы ретінде бүкіл әлемдік халықаралық құқық қағидасының құрамына енді. Панисламизм теориясы қазіргі кездегі халықаралық құқық теорияысының құрамдас бөлігі болып танылмайды. Бірақ жоғарыда айтқанымыздай осы теорияның идеясы антиколониялық насихат жасауда қолданылып, нәтижесінде басқа да факторлармен қатар XX ғасырдың аса маңызды халықаралық құқықтық құжаты болып танылған колониялық елдер және халықтардың тәуелсіздігін беру туралы БҰҰ Бас Ассамблеясының Декларациясын қабылдауға әкеп соққанын баса айтуымыз керек. Оған қоса аталған доктринаның идеялары өз ішінде мемлекетаралық Ислам Конференциясы Ұйымдарында басты орын алатын бірқатар халықаралық Ислам ұйымдарын құруға әсер ете алмады.

Дәстүрлі Ислам доктринасы халықаралық қатынастарға баса назар аударады. Шариғатта бейбітшілік пен соғыс, достық туралы бейбіт келісімдер, дипломатиялық өкілдер, келіссөздер және қауіпсіздікке кепілдік туралы жағдайлар көптеп кездеседі.

Мұсылман халықаралық құқығы мен қазіргі кездегі халықаралық мемлекеттер арасында белгілі бір айырмашылықтар бар. Шынында да алғашқы кезеңде мұсылман заңгерлері мұсылман мемлекеттерінің мұсылман емес мемлекеттер арасындағы бейбіт қатынастарды мойындаудан бас тартып, джихадты дар аль –харб (мұсылмандық емес теория) басып алу құралы ретінде қарап, оның дар аль -ислам(мұсылмандық территориялық, мұсылман мемлекеттерінің территориясы) құрамына енуін қолдамады. Бұл қазіргі кездегі халықаралық құқыққа қарсы болып танылады. Бірақ еуропалық халықаралық құқықта да XX ғасырдың ортасына дейін мемлекеттердің соғысқа құқығы болғанын ұмытпағанымыз жөн. Сонымен қатар, бұл құқық ең әуелі Еуропаны қамтыған адамзат тарихындағы ең қантөгісті екінші дүниежүзілік соғыста жүзеге асты. Ислам тарихының қай кезеңінде болмасын, ислам діні тараған елдер ішіндегі сонымен қатар халықаралық қатынас саласында өзгерген шарттарға көндігуге тырысты.

Ислам жалпы адамзат өркениеті, рухани даму мен материалдық прогресте келіспеушіліктерді туындатпауға тырысты. Мұсылман құқығының мақсаты болып, бейбіт қатынаспен қауіпсіздікті және бейбітшілікті сылтау еткен мемлекеттердің өзімшілдік әрекеттеріне қарсы күрес болып танылады. Осы тұрғыдан мұсылман және батыстық халықаралық құқық бір – біріне ұқсамайды. Бейбітшілік пен қауіпсіздік туралы ойлар Құранда да дәстүрде де айтылған.

Осыны басты назарға ала отырып, мұсылман оқымыстылары көптеген жорықтар жасаған арабтардың Парсылармен және Грециямен тығыз байланыста бола тұра, олардың ұлы мәдетиетінің ислам өркениетіне әсер етпеуі мүмкін емес екенін ескере отырып, мұсылмандық халықаралық құқық араб мемлекетінің идеологиясына толық ұқсамайтынын айтады. Және бұл әсер әлі күнге дейін сезілуде.

Арабтардың «Халықтардың құқығы» күштеу шаралары сияқты бейбіт әрекеттерді де қолдануға болады дегеннен шыққан.Тайпалар арасындағы су және жайылым тұрғысындағы келіспеушіліктер әдетте соғыстың көмегімен шешіліп отырған. Бейбітшілік тек ешкімге қатынасы жоқ делдалдар көмегімен қайта орнаған. Ал шығынға ұшыраған тайпа төгілген қан үшін міндетті түрде айып төлеген. Жеңгендердің жеңілгендерге шығын өтеу амалы қандай да бір әділдік элементін көздеген.



Раззиа - ру немесе тайпаны керек – жарақпен қамтамасыз ететін экономикалық шара болған. Қазіргі кездегі мұсылмандық халықаралық құқықта сапаға лайықты кадрлар дайындау, өндіріс, мемлекеттер арасындағы сауда саласындағы қатынастарды терең дамыту, мұсылман мемлекеттері арасындағы тең құқықты қаржы – экономикалық қатынастарды дамыту, экономикасы күшті және әлсіз мемлекеттер арасындағы тең құқықтық емес қатынастарды жою туралы африкандық, азиялық мемлекеттердің мұсылман халықтарымен экономикалық байланысты қайта орнату қозғалысын қамтитын « Исламдық жаңа экономикалық тәртіп » деген түсінік бар. Аталған қозғалыс жинақталған ортақ стратегияға ие болмаса да, әлемдік экономикалық тәртіпке, бүкіл әлемдік халықаралық жария құқықтың бір саласы – халықаралық экономикалық құқыққа үлес қосуда. Исламдық экономикалық тәртіптің құрылуы екі кезеңнен өтті. Бірінші кезеңінде (60 жылдардың аяғы 70 жылдардың ортасы) тек ислам ғана халықтар мен мемлекеттердің, бірінші кезекте мұсылман мемлекеттерінің материалдық жағдайын жақсартатын ерекше жолға түсіре алады деген насихатты теріске шығарды; Зекет пен Рибе туралы ережелерден кейін бұл насихатқа мүлде назар аударылмады. Зекет (салық) барлық мұсылмандардың материалдық жағдайын көтеруге арналған құрал ретінде қарастырылды. Рибеде қысым көрсетуге және қанауға қарсы тұра алатын шараны қарастырды.

Құран және сүннада қарасытырылған құндылықтар, адамдар арасындағы теңдік пен әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ете алатын кепілдік ретінде қарастырылды. Бірқатар мұсылман мемлекеттерінің форумында осы қозғалыстың әрі қарай дамуына көп көңіл бөлінді. Осы байланыспен екінші кезеңде аталған қозғалысты құқықтық – ұйымдық рәсімдеудің анықталған механизмдері құрыла бастады. 1978 жылы Алжирде экономикалық және әлеуметтік зерттеу, статистикалық Орталығы, Карачиде (1978 жылы ) Исламдық сауда өндіріс палатасы, Хартумда - өзара сақтандыру мәселелеріне байланысты институттар құрылды. 1974 жылы ашылған Ислам даму банкіне осы жаңа исламдық экономикалық тәртіпті күшейту жүктелді. Осы және басқа ұйымдар мұсылман мемлекеттерінің экономикалық интеграциясын қамтамасыз етуге шақырды.Бұл интеграция нарықтық экономика қағидаларына сай іске асырылып жатқанын айта кетуіміз керек.


15 тақырып. Ислам, құқық және елшілік

Мұсылман халықтары мен мемлекеттері ежелден өздерінің қатынастарында, елшілік байланыстарында, ежелгі нормаларында елшілердің дербестігінің сақталынуын көздеді. Әрбір мұсылман құран сүрелері мен аяттары арқылы елшіліктерге дұрыс қызмет көрсетуге үйретті [3, б.132]. Мысалы, отыз бірінші сүренің он жетінші аятында: «Аллах кез келген өркөкірек және мақтаншақ адамдарды ұнатпайды», - делінген. Елшілер адал және әділ болуы керек. Құранның елу сегізінші сүресінің оныншы аятында: «Сіздер жасырын түрде сөйлескенде, кінә туралы айтпаңдар, жауласу және елшіні бағындыру туралы әңгіме болмасын. Әңгімелеріңіз адамгершілік, рақымшылық және құдайды сыйлау туралы болсын. Екі жүзділермен опсыздарға сенбеу керек», - делінген. Қырық тоғызыншы сүренің он үшінші аятында: «Адамдар! Біздер... сіздерді халықтар мен тайпалар ретінде жасадық, Сіздер бір - бірлеріңізді білулеріңіз керек», - делінген.



16 тақырып. Мұсылман мемлекеттерінің халықаралық ұйымдары. Олардың құқықтық мәртебесі

Көптеген мәліметтер бойынша жер бетінде 3000-нан 4000-ға дейін әр түрлі нысандағы халықаралық ұйымдар қызмет етеді. Жүздеген ұйымдар халықаралық, үкіметаралық ұйымдарға, мемлекетаралық ұйымдарға жатады. Олардың негізгі бөлігін халықаралық үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік емес, әр түрлі діни, кәсіптік, спорттық және басқа деңгейдегі мекемелермен, сондай-ақ жеке тұлғалардан құрылған ұйымдарды құрайды. Үкіметтік емес ұйымдар ұжымдық және жеке мүшелікке ие болады, ал мемлекетаралық ұйымдардың мүшелері болып тек мемлекеттер ғана бола алады. Сондықтан да тек мемлекеттер ғана халықаралық құқықтың субъектілері бола алады. Осындай үкіметаралық ұйымдарға жалғыз үкіметаралық ұйым болып табылатын Ислам Конференциясы Ұйымы жатады (ИКҰ). Өзінің мәртебесіне сай үкіметаралық ұйым ретінде ол қазіргі кездегі халықаралық ұйымның толыққанды субъектісі болып табылады [3, б.137].

Әр түрлі елдердің мұсылман қауымдарынан құрылған басқа ислам халықаралық ұйымдары халықаралық үкіметтік емес ұйымдарға жатады, сондықтан да олар халықаралық құқықтың субъектілері бола алмайды. Бірақ олар халықаралық-құқықтық қатынастардың субъектілері бола алады, яғни халықаралық құқықпен реттелген қатынастарға түсе алады.

Көріп отырғанымыздай, мұсылман әлемінде бір мемлекетаралық және бірнеше үкіметтік емес ұйымдар құрылған, ол бүкіл дүниежүзіндегі барлық халықаралық ұйымдардың жалпы санына қатысты өте аз пайызын құрайды.

Сонымен, біз халықаралық ислам ұйымдарының ұйымдық-құқықтық мәртебесін және қызметін қарастыруды ұсынамыз.

Ислам Конференциясы Ұйымы (ИКҰ) 1969 жылы құрылған. Оны құру туралы шешімді Рабат қаласында (Марокко) өткен мұсылман мемлекеттері мен үкімет басшылары конференциясында қабылдайды. Осы конференцияға 43 мемлекеттің өкілдері қатысты. Кипр, Филиппин және тағы басқа мұсылман қауымының өкілдері конференция жұмысына бақылаушылар ретінде қатысқан.

1972 жылы қабылданған Жарғы Ислам Конференциясы Ұйымының жоғарғы органы болып 3 жылда 1 рет өткізілетін мемлекет пен үкімет басшылары конференциясы болатынын анықтады. Ұйымның саяси органы болып сыртқы істер министрлері конференциясы болып табылады. Ұйымның атқарушы органы болып Бас Кеңсе табылады, кеңсе Бас хатшымен басқарылады. ИКҰ тұңғыш Бас хатшысы Тунку Абдул Рахман (Малайзия) болған. Бас кеңседе мына келесі бөлімдер қызметін жүзеге асырады: әлеуметтік-экономикалық бөлім, ғылым және техника бөлімі, ақпарат бөлімі, адам құқықтары мен діни бірлестіктер ісі бойынша бөлім, үкіметтік емес мұсылман ұйымдары ісі бойынша бөлім, халықаралық мәселелер бойынша бөлім, Азия істері бойынша бөлім, Африка істері бойынша бөлім.

Ислам даму банкі мұсылман елдерінің сыртқы істер министрлері конференциясы шешімі бойынша құрылған.

Ислам Конференциясы Ұйымы Біріккен Ұлттар Ұйымымен тығыз байланысқа ие. 1975 жылдан бастап ИКҰ БҰҰ – ның бақылаушысы мәртебесін иеленеді. БҰҰ Бас Ассамблеясының 36-шы сессиясында «БҰҰ мен ИКҰ арасындағы ынтымақтастық туралы» резолюция қабылданды.

Ислам Конференциясы Ұйымы (ИКҰ) кеңес әскерінің Ауғаныстанға басып кіруіне қарсы шықты. Ол өзінің заңи мәнін 1980 жылдың 27-29 қаңтарында өзі қабылдаған резолюциясында көрсетілген. Бұл құжаттың кіріспесінде ИКҰ «Ауғаныстанға кеңес әскерінің басып кіруі, оның тәуелсіздігіне қол сұғушылықты, оның халықтарының бостандығына қарсы агрессия және халықаралық қағидаттар мен нормаларды қатаң бұзуын, сондай-ақ, аймақтық және бүкіл дүниежүзілік қауіпсіздік пен қауіп-қатерді білдіреді. Бұл резолюциямен ИКҰ Ауғаныстаннан барлық әскерлерді шығаруды және бүкіл мемлекеттерді бұл мәселені қолдауға шақырады. Ауған халқының әрекеттерін ИКҰ сенім ісі үшін, ұлттық тәуелсіздік үшін, өз елінің аймақтық тұтастығын сақтап қалуда және өз тағдырын шешу құқығын қалпына келтіру жолындағы әділетті күрес ретінде сипаттады.

1996 жылы Қазақстан Ислам Конференциясы Ұйымында өзінің бақылаушы мәртебесін осы халықаралық ұйымның тең құқылы мүшесі мәртебесіне алмастырды. Қазақстан ИКҰ - ның толыққанды мүшесі болып өзінің экономикалық, ғылыми және мәдени мәселелерін өте сәтті шешеді.

Ислам Конференциясы Ұйымы мемлекетаралық ұйым бола отырып, халықаралық құқықтың субъектісі (құқықтар мен міндеттемелер сақтаушы) болады. Бұл ұйымның мемлекетаралық болуы, оның мемлекет пен үкімет басшыларымен ұсынылуында. Шешімдер мемлекеттік деңгейде қабылданады және жүзеге асырылады. Бұл шешімдерді қабылдау мен шешу аймағы адамның барлық қызмет ету аяларына әсер етеді. Мемлекетаралық деңгейде тек бір ғана халықаралық ұйым – Ислам Конференциясы Ұйымы қызмет етеді.

Ислам даму банкі 1974 жылдың 12 тамызында Джидда қаласында (Сауд Аравия Патшалығы) қол қойылған келісімді жүзеге асыру үшін 29 мемлекетпен халықаралық қаржы ұйымы ретінде орнықтырылған. Мұндай мұсылман елдері мен мұсылман қауымының экономикалық және әлеуметтік дамуын қолдау үшін шариат нормаларына сәйкес негізделген халықаралық қаржы институтын құру қажеттілігі туралы ой тіпті 1973 жылдың 18 желтоқсанындағы Ислам Конференциясы Ұйымына мүше-мемлекеттері Министрлерінің бірінші конференциясында талқыланған. Ресми түрде Банк өз қызметіне 1975 жылдың 20 желтоқсанында кіріскен.

Банкті құру кезінде оның төленген жарғылық капиталы Ислам даму Банкінің 2 мың акциясына бөлінген 2 млн ислам динарларын құрды.

Казіргі кезде Банктің мүше-мемлекеттері салымдарының (банк капиталы) жалпы сомасы 4 млрд-қа жуық ислам динарын құрайды. Қарапайым ресурстарынан басқа Ислам Банкінің иелігінде Ислам Банктерінің Портфелі, Экспортты қаржыландыру схемасы және Ислам даму Банкінің Пайлық қоры сияқты арнайы қорлары бар. Банк бұл қорлармен Ислам даму Банкі органдары құрастырған Ережелер мен Нұсқаулықтарына сәйкес иелік етеді.

Ислам даму Банкінің мүшелері болып Ислам даму Банкінің Құрылтай жарғысына қол қойған негізін қалаушы мемлекеттер және Ислам даму Банкіне кешірек қосылған мемлекеттер де табылады. 1998 жылы Ислам даму Банкінде 53 мемлекет бас қосқан. 1974 жылдың 12 тамызында Джидда қаласында «Ислам даму Банкінің Құрылтай келісімін заңдастыру туралы» Заңға қол қойылғаннан кейін 1996 жылы Қазақстан Ислам даму Банкінің құрамына кіреді.

Ислам даму Банкі келісім-шарттар жасау, жылжымалы және жылжымайтын мүліктерді сатып алу және сату құқығына ие, сондай-ақ, сот органдарына жүгінуге құқылы тәуелсіз халықаралық ұйым болып табылады. Құрылтай келісіміне сәйкес, Ислам даму Банкі өзінің өкілеттіктерін бағалы қағаздарды сатып алуда, сатуда және кепілді сатуда пайдаланылатын жағдайларды қоспағанда, Банктің мүше - мемлекеттерінде сот қуғындау иммунитетіне ие. Мұндай жағдайларда Банкке қарсы Банк қызметтерді қабылдауға арналған агенті бар мемлекеттің территориясында немесе Банк бағалы қағаздарды шығаруға немесе шығаруды кепілдендірген мемлекетте сәйкес сотта сот ісі қозғалуы мүмкін. Банктің не бір мүшесінің де, не заңды, не жеке тұлғаның да Ислам даму Банкіне қарсы іс қозғауына құқығы жоқ. Құрылтай келісімінің 64 бабына сәйкес Ислам даму Банкі мен мүше-мемлекеті немесе оның өкілі арасындағы кез келген даулар мен келіспеушіліктер арбитраждық тәртіпте шешіледі. Арбитраждық сотты үш арбитр жүзеге асырады – біреуі Ислам даму Банкінен, екіншісі – дауды ұсынушы болып табылатын мүше-мемлекет, ал үшінші арбитр болып Банкті Басқарушы Кеңестің қолдауы және тараптардың келісуімен халықаралық сотпен немесе сәйкес шешім қабылдай алу құқығына және өкілеттігіне ие болатын тұлға бола алады. Шешім көпшілік дауыспен қабылданады, яғни үшінші арбитрдың дауысы ерекше мәнге ие болады және тараптардың орындауына міндетті болады.

Ислам даму Банкінің меншігін және активтерін, олардың қайда орналасқанына, кімнің иелігінде екеніне қарамастан Банкке қарсы соңғы айып тағылғанша тәркілеуге, камауға алынуға және тыйым салуға жол берілмейді. Ұқсас шарттар Банк қызметіне, оның мұрағаттарына және қызметкерлеріне де қатысты көзделген.

Ислам даму Банкі төменгі өкілеттіктерге ие болады және функцияларды атқарады: а) мүше-мемлекеттердің акционерлік капиталына қатысады; ә) мүше-мемлекеттерде тікелей қатысу немесе тағы басқа қаржылық тәсілдер арқылы экономика және әлеуметтік инфрақұрылым салаларының жобаларын қаржыландырумен айналысады; б) мүше-мемлекеттерде әр түрлі жобаларды, өнеркәсіптерді және бағдарламаларды қаржыландыру үшін жеке немесе мемлекеттік секторларға несиелер ұсынады; с) Ислам даму Банкінің мүше-мемлекеттеріндегі мұсылмандар қауымдастығына жәрдемдесу қорын қоса алғанда, ерекше мақсаттарға арналған арнайы қорларды құрады және оларды үйлестіреді; д) трастық қорларды басқарады; е) салымдар қабылдайды және басқа әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы қаржылық түсімдерді қалыптастырады; ж) мүше-мемлекеттер арасында, әсіресе, өндіріс тәсілдері арқылы сауда-саттықтың дамуына септігін тигізеді; з) қорларды қаржыландырады; и) мүше-мемлекеттерге техникалық жәрдем көрсетеді; к) мүше-мемлекеттерде дамыту саласында қызмет ететін кадрларды оқытуды қамтамасыз етеді; қ) мұсылман елдеріндегі экономикалық, қаржылық және банктік істі Шариат қағидаттарына сәйкес етуге бағытталған зерттеулер жүргізеді; л) Банк халықаралық экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін қажетті деңгейде ұқсас мақсаттары бар барлық ұйымдармен, органдармен және институттармен қарым - қатынаста болады; м) өзінің мақсаттарына жету үшін жәрдемдесетін кез келген басқа қызметпен айналысады.

Ислам даму Банкінің басқару Кеңесі, Атқарушы директорлардың Кеңесі, Президенті және оның үш орынбасары, сондай-ақ, өз қызметінің түрлі салаларына бағытталған бірнеше бөлімшелері бар. Әр қатысушы- мемлекет Басқару Кеңесінде бір басқару кеңсесімен және басқарушы қызметінің бір альтернативті үміткері ретінде қарастырылған. Әрбір Басқарушы және Басқарушылыққа үміткер бұл қызметке тағайындаған мемлекеттің қолдауымен ие болады және Басқарушы қызмет орнында болмаған жағдайларды қоспағанда, Басқарушылыққа үміткердің дауыс беру құқығы болмайды. Басқарушылар Кеңесі жылына бір рет жиналады. Алайда, қажет болған жағдайларда, басқарушылар Кеңесі төтенше отырыстарға жиналады. Биліктің толыққанды иесі болып басқарушылар Кеңесі табылады.

Президенттің басқаруындағы атқарушы Директорлар Кеңесінің құрамына, Басқарушылар Кеңесінің мүшесі болып табылмайтын бірнеше тұлғалар кіреді. Олар басқарушылар кеңесі шығарған Ережелер мен Нұсқаулықтарға сәйкес сайланады. Атқарушы директорлар қызметінің қызмет ету мерзімі – 3 жыл.

Президент басқарушылар Кеңесінің көпшілік дауысымен ұсынылған сайлау құқығына ие мүшелердің жалпы санының 2/3-нен кем емес болған жағдайда сайланған болып есептеледі. Президент мүше-мемлекеттердің бірінің азаматы болуы керек және қызметін жүзеге асыру барысында бір мезгілде не Басқарушы, не Атқарушы директор бола алмайды. Президенттің бұл қызметте болу мерзімі 5 жыл және де ол бұл қызметке қайтадан сайлана алады. Президентке оның қызметін жүзеге асыруға Президенттің ұсынуымен Атқарушы Директорлар Кеңесімен тағайындалатын вице-президенттер көмектеседі. Вице-президент қатысушы-мемлекеттердің біреуінің азаматы болуы керек.

Ислам банкінің штаб-пәтері Джидда қаласында орналасқан. Ислам даму Банкінің 3 аймақтық офистері бар: біріншісі Куала-Лумпурде (Малайзия), екіншісі – Рабатта (Марокко), үшіншісі – Алматыда (Қазақстан).

Екінші топты үкіметтік емес халықаралық ұйымдар құрайды. Мұндай халықаралық ұйымдарға ислам әлемінің Лигасы, Дүниежүзілік ислам ұйымы, Оңтүстік-Шығыс және Тұнық мұхит елдерінің Аймақтық ислам ұйымы, Дүниежүзілік ислам конгресі жатады. Бұл халықаралық ұйымдарға жататын мұсылман мемлекеттерін негізінен ірі қауымдастықтың көшбасшысылары немесе үкімет мүшелері, сондай-ақ ірі қоғамдық немесе саяси қайраткерлер ұсынады. Шешімдер өте кең ауқымдағы мәселелер бойынша шығарылып, көбінесе, ұсыныс беруші мазмұнға ие болады. Саясат пен дін салаларындағы шешімдерді орындау, негізінен, ұлттық аймақтық ұйымдардың арқасында жүзеге асып жатады.

Мұсылман әлемінде құрамына мемлекеттер емес, тек жекелеген діни бірлестіктер мен қауымдастықтар кіретін халықаралық ұйымдар да бар. Олардың да шешімдері ұсыныс беруші мазмұнға ие болады және орындалу кеңістігі де шектелген болады. Халықаралық ислам ұйымдарының бұл тобына келесі ұйымдар жатады: Еуропаның Исламдық Кеңесі, ислам миссияларының Дүниежүзілік федерациясы.

Мұнайды экспорттау - елдерінің ұйымы құрамында (ОПЕК) мұсылман емес елдер болғанымен және бұл ұйымның мүшелері діни емес, тек сауда-саттық, іскерлік негіздер бойынша ғана біріккенімен, берілген халықаралық ұйымның қызметі мен мәртебесін оның негізгі мүшелері, мұнайды қайта өңдеуші болып табылатын мұсылман мемлекеттері тұрғысынан қарастыруды жөн көрдік. ОРЕС (Organization of Petroleum Exporting Countries) – Мұнайды экспорттау – елдерінің ұйымы (МЭЕҰ) - 1960 жылы құрылған. МЭЕҰ-ның мүшелері болып: Иран, Ирак, Ку­вейт, Сауд Аравиясы, Венесуэла, Катар, Индонезия, Ли­вия, Абу-Даби, Алжир, Нигерия, Экуадор, Габон мемлекеттері табылады.

Аталған ұйым саясаттың мұнай құны саласындағы қағидаларды анықтайды. Бұл ұйымның мүшелері мұнайды өте кең көлемде өндіру және оны сыртқа экспорттаумен айналысатындықтан, сәйкесінше, олар халықаралық аренадағы көптеген мәселелерді шешуде айтарлықтай рөл атқарады.

Қазақстанға осы қаржы-экономикалық тұрғыдан күшті ұйымның қызметіне, оған мүшелікке кіру мүмкіндігі туралы мәселені шешу үшін ерекше назар аударған абзал.

Ислам әлемі лигасы 1962 жылы Меккеде құрылған. Лиганың Басқару органы болып Бас хатшысы басқаруындағы Кеңес болып саналады. Осы ұйымның қызметі мұсылман мемлекеттері мен қауымдары орналасқан аймақтардың аймақтық Кеңестері арқылы жүзеге асады. Лига исламды таратуға, мешіттердің құрылысына, мұсылмандардың Меккеге қажылыққа баруына жәрдем көрсетеді. Ислам әлемі Лигасы өз қызметін Ислам Конференциясы Ұйымына сәйкестендіреді.

Дүниежүзілік Ислам Конгрессі – Сауд Аравиясы патшасының қолдауымен 1926 жылы құрылған халықаралық ислам конференциясы. Ұйым құрамына шамамен 40 мемлекет кіреді. Конгрестің орталық органы болып, жыл сайын Меккеге қажылық аяқталғаннан кейін жиналатын Жоғарғы Кеңес болып табылады. Бұл ұйымның ислам тарихы мен оның философиясын зерттеумен айналысатын бірқатар ғылыми – зерттеушілік орталықтары бар. Осы зерттеулердің нәтижелері көптеген ислам баспаларында, соның ішінде, «Мұсылман әлемі» журналында жарық көреді немесе «Ислам дауысы» радиобағдарламаларында шығады.

Афро-азиаттық ислам ұйымы 1964 жылы Джакарта (Индонезия) қаласында құрылған. 1970 жылы ол Дүниежүзілік ислам ұйымы болып аталуын өзгертеді. Бұл ұйымның негізгі шарттарының бірі - негізінен, Азия мен Африкада қызметін жүзеге асыратын барлық мұсылман ұйымдарын біріктіру болып табылады.

1973 жылы Лондонда құрылған Еуропаның Ислам Кеңесі еуропа континентінің 10 – нан астам мемлекетінде қызметін жүзеге асыратын 30-дан аса ислам мекемелерінің атқарушы органы болып табылады. Ұйымның жоғарғы лауазымды тұлғасы болып бас хатшысы саналады.

1978 жылы Джидда қаласында Сауд Аравиясының ханзадасы бастамасымен Ислам Банктерінің Халықаралық Ассоциациясы құрылған. Бұл Ұйымның алдына қойған мақсаты – ислам қағидаттарының банк ісіне таралуы және ұлттық ислам банктеріне көмек көрсету болып табылады.

Оңтүстік-Шығыс Азия және Тынық мұхиты елдерінің аймақтық ислам ұйымы 1980 жылы ислам әлемі Лигасының ұсынуымен жұмысына Азия мен Океанияның 16 мемлекетінен 40 мұсылман ұйымының өкілі қатысқан Конференцияда құрылған. Бұл халықаралық ұйымның мақсаты аймақтың елдерінде исламның таралуына және мұсылман емес мемлекеттердегі мұсылмандарға жәрдемдесу болып табылады.
17 тақырып. Мұсылман мемлекеттерінің келісім-шарт құқығы

Келісім-шарт жасасу құқық қабілеттілігі кез келген мемлекеттің, соның ішінде, мұсылман мемлекетінің де халықаралық құқық субъектілігі элементтерінің бірі болып табылады [3, 146-б.]. БҰҰ Жарғысының 107- бабына сәйкес, мұсылман елдері өздерінің келісім-шарттарын Біріккен Ұлттар ұйымында тіркейді. Көптеген мұсылмандық мемлекеттер 1969 жылғы халықаралық келісім-шарттар құқығы туралы Венск Конвенциясының, 1978 жылдың келісім-шарттарына қатысты мемлекеттердің құқық мирасқорлығы туралы Конвенцияның және тағы басқа келісім-шарттардың қатысушылары болып табылады.

Келісім-шарттар ішкі және халықаралық құқықтық аспектілерге ие болады. Ішкі құқықта мемлекеттер келесідей азаматтық-құқықтық мәндегі келісім-шарттар жасалуы мүмкін: сатып алу-сату шарты, айырбас шарты, сақтандыру шарты және тапсырма шарты. Еңбек қатынастары саласында да ұжымдық, сондай-ақ, жеке келісім-шарттар жасалады.

Егер мұсылман мемлекеттерінің ішкі құқығында ішкі құқықтың салаларындағы келісім-шарттар екінші сатыдағы құқық қолданушылық рөлін атқарса, халықаралық мұсылман құқығында осы шарттар ерекше, бірақ басты рөлді атқармайды. Ислам құқығының негізгі қайнар көзі болып, мұсылмандардың қасиетті кітабы Құран болып есептелінеді.

Ислам халықаралық құқығындағы шарттар субъектілері бойынша екіжақты аймақтық және көпжақты болып екі топқа бөлінеді.

Айта кететін бір жайт, мұсылман мемлекеттері аталып кеткен шарт түрлерінің барлығын тек өзара ғана жасаса қоймай, сондай-ақ, ұқсас шарттарға мұсылман емес мемлекеттермен де отырады, ал көпжақты шарттарды олар БҰҰ шегінде және одан да тыс барлық мемлекеттермен де жасайды, жетілдіреді және заңдастырады.

Авторлар мұсылман мемлекеттерінің аймақтық, көпжақты шарттарына осы мемлекеттердің БҰҰ-на берген мәліметтері бойынша анализ жасайды.

БҰҰ-ның қызмет ету мерзімі ішінде (1945 жылдан бастап) әрбір мұсылман мемлекеті орта есеппен алғанда бес мыңға жуық екіжақты келісім-шарттар жасасқан.

Ислам құқығы келісімдер мен шарттардың орындалуына ерекше назар аударады. Мысалы, Құранда: «Аллаһ көпқұдайшылдардан бас тартады», - деп айтылғанымен, Құранның 9 сүрресінің 4 аятында «Сендермен көпқұдайшылдардан одақ құрып, оны еш уақытта бұзбағаны керек», - деп те көздеген.
18 тақырып. Мұсылман құқығындағы соғыс және бейбітшілік мәселелері

Құранда сатқындарға (кәпірлер-кафирлер, гәуірлерге) қарсы соғысқа үндеу деген шынымен де бар. Алайда, тек осы тұжырыммен шектелген дұрыс емес, себебі бұл Құранды зерттеудегі біржақты көзқарас болып қалады. Айта кететін бір жәйт, Құранда сондай-ақ әскери қақтығыстар мен дауларды шешудің оң, бейбіт, әділ нормалары да бар. 8 сүренің 62 аятында исламның дұшпандарына қарсы соғысќа шақыру көзделген: «Оларға қарсы шамаларың келгенше ат әскері мен күшін дайындаңдар, онымен сендер Алла мен өздеріңнің дұшпандарыңды қорқытасыңдар», - делінген. Бітімгершілік келісімін жасау қажеттілігі туралы норма Құранның 63 аятында бекітілген: «Ал егер олар бейбітшілікке бет бұрса, сен де оған бетіңді бұр» [3, б.150].

Бірақ Құранның кейбір аяттарында соғысқа үгіт-насихаттар да келтіріледі, 4 сүренің 79 аяты қарама-қайшы мазмұндағы шақыруға ие: «Күш қолданбаңдар (яғни, соғыстан бас тартыңдар), Аллаға сиыныңдар, оны ардақтап, саналарыңды тазартыңдар», - делінген.

Құранның осы және басқа да нормаларынан ислам бейбітшілікті сүю, басқаларға деген сабырлылық пен шыдамдылық қасиеттеріне негізделетінін көрсетеді. Құран мен сүнна бейбіт, қолайлы жағдайларда мұсылмандар мен мұсылман еместер арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін кейбір негізгі қағидаттардан тұратыны, олардың араларындағы дау-жанжалдарға ерекше мән берілмейтіндігі күмән тудырмайды. Құранда мұсылмандар мен мұсылман еместер араларындағы қарым - қатынастардың негізгі және тұрақты мазмұны болып, олардың арасындағы соғыс пен жанжал емес, керісінше, бейбітшілік пен өзара ынтымақтастық екендігін көрсететін аяттар да бар. Құран мұсылмандарға нейтралитет сақтап отырған адамдарға қарсы қару көтеруге болмайтындығын, оларға бейбіт өмір сүруді ұсыну қажеттілігін жариялайды. Тіпті, Құран мұсылмандарды мұсылмандармен қақтығыстарға түспеген және оларға әділетсіздік білдірмегендерге мейірімді және жомарт болуға шақырады. Осындай ұсыныстардың мысалдары хадистерде кездеседі.

Соғыс пен бейбітшілік мәселесі әрқашанда мұсылман әлемі тарихы үшін өзекті болған. Арабтарда исламды тарату мақсатымен жүргізген соғыстар болды. Алайда, исламды тарату жергілікті дәстүрлер мен әдет нормаларын сақтай отырып, жүзеге асырылғанын айта кеткен жөн. Бұл ислам дінінің кең көлемде әрі сәтті таралғандығының бір себебі болды. Осман империясы жүргізген соғыстар да исламның көк байрағы астында жүзеге асқан.

Исламды енгізу – мұсылман мемлекеттерімен жүргізілген соғыстардың жалғыз себебі емес. Араб халифаты, кейіннен Османдық Түркия соғыстарды басқа мемлекеттердің жерлерін жаулап алу үшін жүргізген. Түркияның балкан мемлекеттеріне, таяу шығыс мемлекеттеріне қарсы жүргізген соғыстары сәтті болды, бірақ олар Ресейден жеңіліс тапты. Бірнеше мәрте жүргізілген соғыстар бітімгершілік келісімдерімен де аяқталатын.

Арабтардың тәжірибесі соғыстар мен қарапайым даулы мәселелерді шешкенде, бітімгершілікке келуді білдіретін «тахким» әдет нормасына сүйенгендерін куәландырады. Шартты түрде «тахкимді» қазіргі кездегі заң тілімен айтқанда «арбитраж» деп атауға болады. Осындай арбитражды жүзеге асыру үшін жоғары мәртебеге ие болатын тұлғалар тағайындалатын.

Түркия сол кезеңдерде мықты флотқа ие болып, Жерорта теңізінде билік орнатқан. Осыған олар испан, португал, венецаялық эскадраларды жеңу арқылы жетті. Бітімгершілік келісімін Түркия еуропалық мемлекеттерге қатысты жасалған мейірімділік белгісі ретінде, ал олардан жиналған ақша сомалары («харадж») сатқындар мұсылмандармен бейбітшілік сатып алған сый ретінде тұжырымдаған.

1606 жылы Ситваторокте Түркия мен Австрия арасындағы соғысқа нүкте қойған және бұл христиан мемлекеті оның халықаралық құқық қабілеттілігі бойынша тең құқылы серіктес ретінде танытқан бітімгершілік келісіміне қол қойылды.

Біраз уақыт өткен соң Австрия Түркияда белгілі бір сауда артықшылықтарына ие болды. 1193 жылы Түркия Ресеймен оған әскери көмек көрсету туралы келісімге қол жеткізді, ал Түркия өз кезегінде Ресей қауіпсіздігіне қарсы бағытталған әскери жүктерді өткізбеу үшін Босфор мен Дарданелла сарқырамаларын жауып тастауға міндеттенеді.

Алғашқы кезеңде мұсылмандар мен христиандардың ара қатынасы қақтығыстарсыз болмады. IX – XIII ғасырларда Таяу Шығыстағы жерлерін қайтарып алуға бағытталған бірнеше крест жорықтары ұйымдастырылды . 637 жылы мұсылмандар Иерусалимді жаулап алды. Мұсылмандар басқа діндерге қатысты сабырлылық танытып, Еуропамен ара қатынастарын үзбеген. Түрік-селджұқтар XI ғасырдың басында Мысырдан Иерусалимді жаулап алады. Христиандарға деген көзқарас өзгеріп, бұл Шығыс Рум империясының императорын Рум папасына жүгінуге әкеліп соқты. Еуропаның христиандарына Иерусалимге барып, қажылық етуге бөгеттер қойылды. Осы кезеңге Византия Империясының бәсеңдеуі мен Еуропада нормандардың күшеюі дәл келді. Соның салдарынан Иерусалим қолдан қолға ауысып отырды.

Мұсылмандар пен христиандар арасындағы соғыс көптеген ғасырларға созылды. Бұл соғысты 4 кезеңге бөлуге болады: 1) араб экспансиясының Батысқа қатыстылық кезеңі; 2) Испанияға христиан жорығы кезеңі; Испанияның христиандыққа қайтып келуі; 3) түріктердің күшею кезеңі, олардың Константинопольді жаулап алуы, Балкан және Орта Еуропаны уақытша басып алуы; 4) түріктерді еуропалық иеліктерден аластату кезеңі .

Ислам құқығының тарихын зерттеушілер соғыс құқығына ғана емес, сондай-ақ, бейбітшілік құқығына да ерекше назар аударған. XIII ғасырдың 70 жылдарында крест жорықтары тоқтатылады.

Ертедегі мұсылман зерттеушілері, әсіресе, Аббасидтер билік еткен кезеңдегілер бізге деген негізгі алғы шартты ойы халықаралық құқықтың кешенділігі мен белсенді діни соғыс ойы болған бірқатар халықаралық мұсылман құқығына қатысты жұмыстар қалдырған.

Кешенділік дәрежеде мұсылман мемлекетінің құрылымымен байланысты болған, негізінен, жаулап алушылық жорықтары нәтижесінде өзінің шекараларын кеңейту арқылы кешенділікке жетуге талпынған. Халифтер өз кезегінде соғыстарын көптеген мемлекеттерде ислам дінін және оның идеологиясын кеңейту үшін жүргізген. Исламның кешенділік туралы талаптары, оны дүниежүзілік дінге айналдыру туралы ойлар джихад доктринасына күш бере отырып, оның көмегімен ислам мемлекеттерінің қолында көптеген халықтардың санасына ислам діни ойларын ендіру құралы болған. Арабтар көп нәрсеге қол жеткізгенімен, исламның дін ретіндегі кешенділігі, дүниежүзілілік ойы бірқатар ислам мемлекетгерінің жеңілістері салдарынан тәжірибе жүзіне аспайды. Осыған байланысты белгілі мемлекеттер алдында екі мәселе пайда болды: мұсылман емес араб әлемімен қарым-қатынас орнату және ислам мемлекеттері ішінде мұсылман емес халықтармен өзара қарым-қатынас орнату мәселесі. Сондықтан да әлемді ислам құқығына сенуші және себеушілерге бөлу; соңғыларымен мұсылмандар соғыс жағдайында болу керек деп тапқан.

«Дар аль-ислам» термині ислам билік ететін территорияны білдірген. Бұндай территорияларға қарама - қарсы ислам билік етпейтін, ал оның территориясында өмір сүретін мұсылмандар қуғынға ұшыраған «Дар аль-ислам» территориясы да болған. Осылай болған жағдайда мұсылмандардың мүдделерін қорғау джихад – сенім үшін қасиетті соғыс қажет деп танылатын.

Этимологиялық тұрғыдан алғанда «джихад» сөзі «джахада» - «мүмкіншілік, күштілік» деген сөзбен пара-пар болып келеді. Осыдан «джихад» нақты мақсатты, яғни, бұл жағдайда дұшпаннның және албастының көзін жоюға бағытталған іс-әрекетті білдіреді. Джихад құдайға сенбеушілермен күресті білдіреді.

Мұсылман заңгерлері «джихад» терминін құқықтық тұрғыдан тар мағынада талқылайды. Джихадқа сенушілер мен сенбеушілер арасындағы күресу әрекеті және бұл күрес барысында міндетті түрде исламды таратудың бейбіт әдістерін ғана қолдануы шарт емес деп қарастырады. Халықаралық мұсылман құқығы жою джихады және келісу джихады болып екі типке бөлінген болатын. Исламның ерте кезеңінде джихад политеизмді (көп дінділік) ұстанған адамдарға қарсы бағытталатын.

Мұсылман доктринасы басынан бастап, оның көзқарасы бойынша, әділетті болған соғыстарды ғана қолдайтын.
19 тақырып. Ислам және адам құқықтары

Мұсылман құқығының теоретиктері исламды қабылдау, адамдарды олардың әлеуметтік жағдайына, тіліне, тері түсіне қарамастан теңдестіреді деп есептейді. Бұл теңдік сондай-ақ барлық адамдардың заң және сот алдындағы теңдігін де көздейді [3, б.156]. Кез-келген білімді мұсылман Құран мен Сүннаны талқылауға хұқылы. Осылай модернистер есептеп исламға өзгерістер енгізуге болады деген қорытынды шығарған. Теңдік туралы ислам нормалары белгілі көлемде әйелдерге де тараған.

Ислам тұлғаның құқықтық мәртебесіне ерекше назар аударады және оған құранда шамамен 70 аят арналған.

Адамның негізгі құқықтары туралы ислам теориясының бастапқы нүктесі болып, құранның әркім өзінің іс-әрекетіне жауап береді деген 70 сүресі және Мұхаммедтің: «Мен адамдардың барлығы бір-біріне ағайын деп жариялаймын»,- деген пікірі қызмет етеді. Бұл мұсылман мемлекетінен өзінің негізгі құқықтарын талап етуге құқылы дегенді білдіреді. Сонымен қатар, ислам теориясы ислам мемлекеттері конституцияларында бекітілген құқықтар мен бостандықтар ислам қағидаларына сәйкес келеді, сондықтан мемлекет мұсылмандар құқықтарын қамтамасыз етуге міндетті деп есептейді. Алайда бұл құқықтар абсолютті ретінде қарастырылмайды. Үкімет қажет болған жағдайда, жеке меншікті шектеп, оны барлық мұсылман қауымы пайдасына аударуы мүмкін. Сондай-ақ, ол қорғаныс қабілеттілігін күшейтіп, жалпыға міндетті әскери борышын енгізуге де құқылы.

Исламды зеттеушілер (танушылар) құқыққа сенушілер біркелкі тең деп санайды, олардың құқықтарына намыс бостандығымен қоғам мен жеке тұлғаның өзара жауаптылығы жатады. Арабтың «диафах» әдеті «қонақжайлылықты» білдіреді. Бұл әдет Аравияның қатал жағдайларында жалпыға көмек көрсету қажеттілігі ретінде пайда болған.

«Диафахтың» кейбір элементтері гректің «проксениясына» ұқсас болып келеді. Білуімізше, гректің «проксениясы» екі аспектіге ие болған: бұқаралық және жекелік. Бұқаралық проксения «қонақжайлылық». Ежелгі Грецияда белгілі бір грек қаласына ұлттық мейрамдар мен жәрменкелерге қатысуға келген шетелдіктерге көрсетілетін сый. Жекелік проксения дара келген жат елдіктердің мүдделерін қорғауға және олардың мүдделерін сот отырыстарында білдіруге бағытталған.

Ислам құқығы жеке тұлғаға (индивидке) халықаралық құқықтың субъектісі мәртебесін бермейді. Ол индивидті халық бұқаралық құқықтың объектісі ретінде де танылмайды, бірақ кейбір зерттеушілер индивид халық құқықтың объектісі бола алады, себебі ол құл иеленушілікті индивидтің еріксіз жағдайы ретінде біледі деген пікірлерді ұстанады. Мұсылман заңгерлері бұл тұжырымға қарсы, «бұл тіпті олай емес», - дейді. Ислам құқығында құл иеленушілік құл жүзеге асыратын міндеттемелер жиынтығы ретінде ғана қарастырылған жоқ. Құл белгілі бір құқықтарға да ие болатын. Жекелеп қарастырсақ, ол өзінің белгілі бір шарттары мен талаптарын орындаған жағдайда бостандықты талап етуге құқылы болған. Бір жағынан ислам халқының құқығы индивид белгілі бір халықаралық құқық қабілеттілікке ие болатынын жоққа шығармайтын. Осыған дәлел ретінде Құранның аяттарының көбі индивидке арналғанын қарастыруға болады. Индивид нақты халықаралық мұсылман құқығының шығатын құқықтарды иеленеді. Мысалы, Мұсылман ислам үкіметінің алдын-ала рұқсатынсыз шетелдікке пана бере алады. Сонымен бірге, ислам мемлекеті территоиясында тұрып жатқан шетелдіктерге мұсылман ие болатын құқықтар мен міндеттер жүктеледі. Ислам индивидті халықаралық құқықтың ерекше субъектісі деп есептемейді. Халықаралық құқықтың толық құқықты субъектісі ислам мемлекеті болып табылады.

Мұсылман әйелдерінің құқықтары белгілі бір кезеңдерден өтті. Алғашында олар хиджаб, чадра немесе паранджа - бет перде киюлері керек болды. Бұл киімді мұсылман әйелдері қалаға шыққанда киюі керек болған және ол әйелдің бетін әрі пішінін жауып тұруы керек еді. Оны негізінен мұсылмандық қалаларда қолданатын, ал ауылда ол еңбек етуге ыңғайсыз болғандықтан кимейтін.

Хиджабтан бас тарту алғаш рет XΙX ғасырдың 70 жылдары Мысырда көрініс тапқан. Содан кейін паранджадан бас тарту 20-шы жылдары Орта Азиялық республикаларда болған. 70-80 жылдары Ауғанстанда әйелдердің жас ұрпақтары хиджаб кимейтін. Бірақ қазіргі кезде талибтер бет пердені тағу Ауғанстанның барлық әйелдеріне қатысты әрекет ретінде енгізген.

Қазіргі кезеңдегі көп тарапты конвенцияларда ислам дүниесіндегі мұсылман құқығының адам құқықтары мәселесіне қатысты ережелер кездеседі. 1989 жылы бала құқықтары туралы Конвенцияда уақытша немесе тұрақты өз отбасынан айырылған немесе оның өзінің жағымды мүдделері үшін мұндай қоршаған ортада қала алмайтын бала, мемлекет тарапынан көрсетілетін ерекше қорғау көмекке ие болуға хұқылы деп бекітілген (20 бап). Бұл халықаралық құқықтық құжат ислам отбасы құқығының ерекшеліктерін ескереді. Осы 20 баптың 3-ші тармағында «мұндай отбасынан аластату ислам құқығы бойынша негізінен тәрбиеге беру кафала, яғни асырап алу немесе қажет болған жағдайда, балаларға қамқор етуге байланысты мекемеге беруді білдіреді. Ауыстыру мәселелерін қарастырғанда міндетті түрде бала тәрбиесінің жан-жақтылығы мен оның шығу тегі, қандай дінге және мәдениетке жататындығы, ана тілі сияқты белгілерге ерекше мән берген жөн».


20 тақырып. Халықаралық ислам банктерінің құқығы

Ислам даму банкі 1974 жылы Джидда Сауд Аравиясының патшалығында болған. Бұл халықаралық қаржы институты [3, б.160]. Шариат нормасына сәйкес негізделген банк өзінің жұмысын 1975 жылы қазан айында жүзеге асыра бастады. Капиталы 2 миллион исламдық динар. Қазіргі уақытта осы банктің капиталы млдр.- динарға жетті. 1998 жылы ислам даму банкінің мүшелері 53 - ке жетті. 1996 жылы Қазақстан осы банкке мүше болды. Ислам даму банкінің атқару қызметі 13 тармақтан тұрады. Ислам даму банкінің басқару кеңесі орындаушы кеңестің директорлары, президенті және президенттің үш орынбасары, әр түрлі бөлімшесінің бастықтары. Басқару кеңсесі жылына бір рет жиналады. Президенті 5 жылға сайланады, ал сайлану үшін 2/3 дауысқа ие болу керек. Ислам даму банкінің 3 аймақта 3 офистері бар.


21 тақырып. Ислам әлеміндегі елдердің құқықтық жүйелерінің ерекшеліктері

Мысыр құқықтық жүйесі. Мысыр (мемлекеттің ресми атауы – Мысыр Араб Республикасы) солтүстігінен Жерорта теңізімен шайылып, оңтүстігінде – Суданмен, шығысында – Палестина және батысында – Ливиямен шекараласып жатыр. Мысыр халқының саны шамамен 58 млн адамды құрайды.

Басқару нысаны. 1971 жылдың Конституциясы Мысыр Араб Республикасын демократиялық, егеменді мемлекет және араб әлемінің біртектес бөлігі деп жариялады. Сондай-ақ, Конституция: «ислам мемлекеттік дін, шариат – құқықтың негізгі қайнар көзі, ал араб тілі – ресми тіл» болып табылады деп бекітеді. Биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінуі Конституцияда көзделгенімен, тәжірибеде көбінде-көп жүзеге асырыла бермейді.

Заң шығарушы орган болып Халықтық жиналыс (Ассамблея) табылады; оның мүшелері жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Жиналыс Республика Президенттігіне үміткерді ұсынады, заңдар мен тағы басқа құқықтық актілер қабылдайды, келісім-шарттар мен келісімдерді ратификациялайды.

Конституцияның ережелеріне сәйкес мемлекет басшысы жалпы дауыс беру құқығы негізінде 6 жыл мерзімге сайланады.

Қазіргі кезде мемлекеттің атқарушы билігін жүзеге асыру Мысырдың Ұлттық Партиясына жүктелген. Ал тәжірибеде Президент Кабинеттің көмегімен атқарушы билікті білдіреді. Президент президенттің орынбасарын, Премьер-министрді және Кабинетті тағайындайды және орнынан босатады. Президент қарулы күштердің бас қолбасшысы болып табылады; Кабинетпен кеңесе отырысып, мемлекеттің жалпы саясатының бағыттарын анықтайды. Президент Халықтық жиналысты таратып жіберуге немесе оның кезектен тыс сессиясын шақырып алуға, соғыс, төтенше жағдайды немесе жалпы жұмылдыруды; амнистияны жариялауға құқылы; референдумға мемлекеттің жоғарғы мүдделеріне қатысты мәселелер шығара алады. Сонымен қатар, Президент Халықтық жиналыс сессиялары арасындағы мерзімде заң шығару билігін де жүзеге асыра алады.

Қолданыстағы мысыр құқығы тарихи даму нәтижесінде қалыптасқан. Ежелгі Мысыр территориясында мысыр фараондары, Рум империясы, ислам цивилизациялары сияқты көптеген ұлы цивилизациялар болған.

Ежелгі ислам кезеңі кезінде мұсылман-арабтар екінші халиф Омар ал-Хаттаб иелігіндегі Мысырды жаулап алған мысырдың бас қолбасшысы болып Амр Ибн ал-Ас тағайындалған. Осы кезден бастап бүкіл мысырдың құқықтық жүйесіне әсерін тигізген, ислам құқықтық жүйесі қолданысқа ене бастаған. Айтылып кеткендей, аш-Шафии атақты имам Мәліктің ізбасары мен оқушысы болған. Ол Иракқа барып, бірінші кезекте ұқсастыққа негізделген ирак заңтанушыларының әдістемесін зерттеумен айналысқан. Кейінірек ол Мысырға жер аударылып, заңтану бойынша «Ал-Рисаля» деп аталатын әйгілі кітабын жарыққа шығарады және жаңа мектептің негізін қалайды. Оның қызметі жалпы бүкіл ислам әлемінің және соның ішінде, ерекше түрде Мысырдың құқықтық жүйесіне орасан зор әсерін тигізеді. Белгілі бір кезеңде Мысырды Фатимидтер, бұрыңғы шииттер басқарған; олардың кезінде Мысырда уақытша пайдаланыла бастаған шииттік құқықтану мектебі оқытылатын. Нәтижесінде Мысырдағы ислам кезеңі кезінде жоғарыда аталған екі мектеп қолданылған. Кейінірек сүнниттік құқықтану оқытылатын ең беделді мекеме – мысырлық университет ал-Азхар болды [3, б.175].

1453 жылы Түркияда негізі қаланған Оттомандық мемлекет Сирияны жаулап алады және 1516-1517 жылдары Мысырды да бағындырады. Осыған сәйкес, Мысырдағы құқықтанудың дамуы Оттоман империясы құқығының жалпы дамуы шегінде жүзеге асады. Оттоман империясы билігінің ерте кезеңінде ислам құқықтануында ханифииттер мектебі билік еткен.

Атақты «Маджаллят ал-Ахкам ал-Адлийяны» құрастырушылар (Азаматтық кодексті) 1876 жылы, олар ең әйгілі заңтанушы-ханифииттердің сол кезеңнің талаптарына жауап беретін түрлі мәмілелер мен міндеттемелерге қатысты барлық көзқарастары мен пікірлерін жинақтадық деп жазған. Бұл кодекс сатып алу – сату , аренда, кепілдік, тапсырма, мүлікті сенімгерлікпен пайдалану, сыйға тарту, меншікке заңсыз ие болу, ортақ меншік, талап – арыз және әділ сотты жүзеге асыру сияқты мәселелерді қарастырған.

1798 жылы Мысыр француздардың оккупациясына түседі. Исламның әсері Мысырда аса маңызды болғанымен, Францияның кейінгі мәдени экспансиясы жаңа идеялар мен концепцияларын кіргізді. Осыған қатысты Рум құқығына негізделген азаматтық заңнама мысыр құқығының дамуына елеулі әсерін тигізгенін атап өткен жөн.

Теңіз тасымалдаулары дамуымен бірге пайда болған көптеген мәселелер еуропалық заңдарды қолдану негізінде шешіліп отырған. Құқықтық жүйеге ерекше әсер еткен Наполеон кодексі болды. Мысалға, Стамбулдағы Британия өкілі сауда-саттық және теңіз тасымалдауымен байланысты барлық мәселелерді шешуде мұсылмандар да, мысырлықтар да Наполеон Кодексін басшылыққа алатынын байқаған.

Түріктердің билік етуі кезеңінде Азаматтық және Сауда-саттық кодексімен қатар, тағы басқа, 1863 жылға Қылмыстық кодекс және 1879 жылғы азаматтық іс жүргізу кодексі сияқты заң жинақтары да қолданылған. Мысырдағы британ әкімшілігі кезінде (1882 жылдан бастап) ағылшын жалпы құқығы және әділеттік құқығы жүйесін енгізуге талпынады, алайда, олар сәтсіздікке ұшырап, одан бас тартып, нәтижесінде мысыр заңнамасына әсерін тигізе алмайды. Бұл Мұхаммад Әли династиясы басынан бастап француз заңнамасына бағыт алғанымен түсіндіріледі. Мысырдың заң шығарушы құқықтық жүйесіне француздық әсер ету процесі екіжақты болды. Біріншіден, француз әкімшілігі кезінде француз заңдарын тікелей пайдалану жағдайы. Екіншіден, заңнаманы реформалау кезінде франко-германдық дәстүрлерге негізделген жанама түрдегі әсері. Осылай, мысырлық заң шығарушылар француз кодекстерінің (азаматтық, сауда-саттық, әкімшілік, қылмыстық) көп бөлігін, сондай-ақ, тағы басқа заңдардың қатарын қабылдаған, ал, кейбір жағдайларда тіпті көшіріп те алған. Жалпы, мысыр құқықтық жүйесі, негізінен, оның көп бөлігін исламға бағыттау арқылы, француз үлгісі бойынша құрастырылған деген қорытынды шығаруға болады.

Қарастырылған мысыр құқығының тарихы, оның қайнар көздерін жақсырақ түсінуге мүмкіндік береді.

Кей кезде Мысырдың қоғамдық өмірін қалыптастыру саласына қолданған әдіс-тәсілдердің барлығы Франциядан келді деген ойлар айтылады. Алайда бұл өте үлкен қателік. Қазіргі кездегі Мысырдағы жағдайды дұрыс түсіну үшін, мемлекетке әсер еткен негізгі мәдени және тарихи фактыларды тану және бағалай білу қажет. Ислам және арабтық ұлтшылдық – қазіргі кездегі Мысырды қалыптастырған екі ерекше күш міне осылар. Ислам құқығы мысыр заңнамасы француз кодекстерінен көшірілгенімен, тарихи тұрғыдан алғанда мысыр заңнамасының негізгі теориялық қайнар көзі болып саналады.

Мысыр құқығының негізгі қайнар көздері: 1) заңнама (яғни, бекітілген заңдар мен ережелер); 2) әдет - ғұрыптар; 3) ислам құқығы, 4) әділеттік және табиғи құқығының қағидалары.

Құқықтың бұл қайнар көздері, әсіресе, заңнама мен әдет – ғұрыптар заңның өзімен танылады. Олар жалпыға бірдей міндетті күшке ие. Екінші жағынан, ислам құқығы тарихи себептерге және жалпы қабылдаған дәстүрге байланысты, мысыр құқығының ең алғаш қайнар көзі болып табылады және өзінің бастамасын діннен алады.

Мысыр құқығының басты қайнар көзі заңнама болып табылады. Мысыр франко-германдық үлгідегі азаматтық құқық жүйесін ресми қабылдаған және оны басшылыққа алады. Қолданыстағы 1948 жылғы кодекс француз үлгісімен жасалғанымен, соңғысынан екі ерекшелігімен ажыратылады:

1) мысыр кодексінен азаматтық ахуалмен байланысты мәселелер алынып тасталған;

2) мысыр кодексіне шуфа, яғни, келісім-шарт институтында сатып алу құқығындағы артықшылық сияқты кейбір ислам ұғымдары енгізілген.

Мысырдың азаматтық құқығы бұл – қоғам мүшелері арасындағы қарым – қатынастарды реттейтін құқықтың ерекше саласы. Бұл мағынада мысыр азаматтық құқығы жеке құқықтың негізгі қайнар көзі ретінде айқындалады, сондықтан, келісім – шарттық және сауда – саттық заңнама, құқықтарды қорғаудың азаматтық әдістері туралы заңдар, халықаралық жеке құқық, меншік туралы және ауылшаруашылық туралы заңдар азаматтық құқықтың құрамдас бөлігі болып табылады. Осы себептен жеке құқықтың басқа салаларында арнайы нормалар болмаған жағдайларда Азаматтық кодекстің ережелеріне жүгінуге болады.

1948 жылғы Мысыр Азаматтық кодексі кіріспе және екі негізгі бөлімдерден тұрады. Кіріспе бөліміне: а) заңдарды қолданудың негізгі қағидаттары, кеңістік және орны бойынша құқықтық нормалардың даулары; б) меншік құқығының субъектілері; в) меншік құқығының объектілері.

Кодекстің бірінші негізгі бөлімі жеке құқықтар мен міндеттемелерден тұрады. Екінші бөлімі меншік құқығына қатысты.

Мысыр құқығының маңызды саласы – отбасы құқығы. Мысыр отбасы құқығының азаматтық ахуал мәселелері ислам шариаты өкілеттігіне жатады. 1920 жылғы азаматтық ахуал туралы № 25 Заңмен, сондай-ақ, 1929 жылғы Заңмен реттелетін отбасы қатынастары шариатқа негізделген. Берілген заңға 1979 жылғы № 44 Заңмен және 1985 жылғы № 100 Заңмен өзгерістер енгізілген. Осы заңдарға сәйкес қазіргі кездегі Мысырда бірнеше рет некеге отыру теріс қылық болып есептеледі. Тіпті, 1958 жылғы Заң бойынша ер адамның екінші әйелімен некеге тұру бірінші әйеліне ажырасу туралы іс қозғауға негіздеме болып табылады.


22 тақырып. Мұсылмандық құқықтың даму перспективалары

Малайзияның Куаларумпура, Марокконың Рабад қаласында, ОПЕК (MЭЕҰ) - мұнайды экспорттау - елдерінің ұйымы 1960 жылы құрылды [3, б.189]. Осы ұйымға 13 мемлекет қатысты ( Иран, Ирак, Венесуэла, Кувэйт, Сауд Аравиясы, Катар, Индонезия, Ливия, Абу- Дави, Алжир, Нигерия, Эквадор, Габон). ОПЕК (МЭЕҰ) 65 % мұнайды өндіреді, 90 % экспортқа шығарылады, оның штаб квартирасы Венада орналасқан. Ислам әлемінің лигасы Мекке қаласында 1962 жылы құрылды. Осы ұйымның мақсаты - мешіттер салғызу және қажылыққа шақыру. Бүкіл әлемдік ислам конгресі 1926 жылы құрылған. Осы ұйымға 40 мемлекет қатысады. Осы ұйымды Сауд Аравиясының патшасы құрған. Жыл сайын қажылық аяқталғаннан соң Меккеде жиналыстар басталады. 1978 жылы Лондон қаласында Еуропадағы исламдардың кеңесі болды. Оған 10 Еуропалық мемлекеттердің 30 ислам ұйымы қатысқан. 1964 жылы Индонезияның Джакарта қаласында Афро-Азия ислам ұйымы құрылды.



Қорытынды
Қазақстан Республикасының мұсылмандарына елімізде жеке тәуелсіз мемлекет құрылған уақытынан бастап халыққа дін туралы ойлауларына және мешітке қатынасуына толық түрде бостандық берілді. Мемлекетіміз ислам дініндегі елдермен қатынасын нығайтты. Қазақстан Ислам даму банкінің (ИДБ) мүшесі және осы банктің үш офистерінің бірі Алматы қаласында орналасқан.

Астана қаласында 2009 жылдың 1-3 шілде күндері «Бүкіл әлемдік және дәстүрлі діндер» басшыларының үшінші съезіне қатысулары және олардың диалогтары.

Қазақстан мемлекеті 2010 жылы ЕҚЫҰ (Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымын) басқарса, ал 2011 жылы Қазақстан Республикасы Ислам Конференциясы ұйымының басқармасына басшылық етеді және Еуропа өздерінің позицияларын ислам әлемімен әртүрлі көптеген мәселелерді реттеуге мүмкіндік алады.

Емтихан сұрақтары
1. Мұсылман құқығының пәні

2. Мұхаммед пайғамбардың - дін және қажылық туралы өсиеті

3. Шариат жайлы түсінік

4. Құран тарихынан мағлұмат

5. Ислам дінінің терминдері

6. Құранның аудармашылары туралы

7. Мұсылман құқығының қайнар көздері

8. Мұсылман құқығының нормалары

9. Ислам дінінің бағыттары

10. Мұсылмандық дін мектептері

11. Құқықбұзушылық теориялары

12. Хадд және Тазир сөздерінің түсінігі

13. Ислам ұрандарының әсері

14. Африка континентіндегі мұсылмандық мемлекеттер

15. Дербес заң институттары

16. Елшілердің дербестігінің сақталынуы

17. Елшілердің сүре мен аяттарға жүгінуі

18. Ислам даму банкі (ИДБ)

19. Қазақстанның Ислам даму банкіне қатысы

20. ОPEC (МЭЕҰ) мұнайды экспорттау - елдерінің ұйымы

21. Бүкіл әлемдік ислам конгресі

22. Жеке адамның мәртебесі

23. Азаматтық құқықтың жеке меншікті реттеуі

24. ИДБ – ережелері

25. Му* амалат – жеке мұсылмандық құқық

26. Мұсылмандық қылмыстық кұкық

27. Ислам және адам құқығы

28. Ислам, құқық және дипломатия туралы

29. Мұсылмандық құқықтың даму бағыттары

30. Мұсылмандық мемлекеттердің келісім құқықтары

31. Ислам банкінің халықаралық құқығы

32. Ислам заңгерлерінің теорияларды дәлелдеулері

33. Мұсылмандық мемлекеттердің халықаралық субъективті

құқықтары

34. Мұсылмандық құқықтың жүйелері

35. Шығыс мемлекеттеріне исламның әсер ету құқығы

36. Мұсылман мемлекеттеріндегі ислам және отбасы құқықтары

37. Мұсылман мемлекеттерінің халықаралық ұйымдарының

құқықтық мәртебесі

38. Африка континентіндегі мемлекеттерге ислам дінінің әсері

39. Намаз тағылымы туралы

40. Қасиетті құран туралы

41. Жебірейіл періште туралы түсінік

42. Құрандағы ғибадат пен әділдік мәселесі

43. Мәңгілік асыл құндылықтар

44. Құран және ғылым

45. Құран Кәрімді оқудың қасиеттілігі
Реферат тақырыптары

1. Мұсылман құқығының пәні

2. Мұсылмандық құқықтың жүйесі

3. Мұсылмандық құқықтың қайнар көздері

4. Мұсылмандық мектептердің құқығы

5. Мұсылмандық мемлекеттердегі ислам және отбасы құқығы

6. Мұсылмандық қылмыстық құқық

7. Исламның заң ғылымдарындағы теорияларды дәлелдеуі

8. Мұсылмандық мемлекеттерінің халықаралық құқық субъектілігі

9. Мұсылмандық құқықтың (сийяр) халықаралық құқықпен қатынастары

10. Мұсылман құқығындағы елшілік және құқық

11. Мұсылман мемлекеттерінің халықаралық ұйымдарының құқықтық мәртебесі

12. Мұсылман мемлекеттерінің келісім-шарттар құқығы

13. Мұсылмандық құқықтағы соғыс және бейбітшілік мәселелері

14. Ислам және адам құқықтары

15. Халықаралық ислам банктерінің құқығы

16. Ислам әлеміндегі елдердің құқықтық жүйелерінің ерекшеліктері

17. Мұхаммед - пайғамбар және Мұхаммед мемлекет қайраткері

18. Мұсылмандық құқықтың негізгі теориялары

19. Мұсылмандық құқықтың тарихы

20. Му*Амалат - мұсылмандық (азаматтық) жеке құқық. Домана қағидасы

21. Қазақстанда ислам дінінің таралуы

22. Қазақстанда бүкіләлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының үшінші съезіне қатысулары (2009 жылдың 1-3 шілдесі)

23. Астана қаласы әртүрлі діндер бағытының кездесу орталығы

24. Әлемдегі бейбітшілік үшін діндер басшыларының рухани диалогтары

25. Ислам және әйел мен бала

26. Мұсылман құқығының нормасының белгілері. Діни міндеттерді орындау тәртібі

27. (MЭЕҰ) мұнайды экспорттау - елдерінің ұйымы.



Әдебиеттер
1 Народы Казахстана. Энциклопедический справочник. – Алматы : Изд – во «Арыс», 2003. – 352 с.

2 Назарбаев Н.А. Сборник докладов на 1–10 сессиях Ассамблеи Народов Казахстана (на казахском и русском языках). – Астана : Елорда, 2005. – 440 с.

3 Мусульманское право : учебник / под ред. М.А.Сарсембаева. – Алматы : Изд-во Института «Данекер», 1999. – 256 с.

4 Құран кәрім. – Алматы : Жазушы, 1991. – Қазақшасы. – 578 б., арабшасы. – 585 б. / Аударғандар: Рәтбек қажы Нысанбайұлы, Уаһап Қыдырханұлы.

5 Құран Кәрим қазақша мағына және түсінігі / Аударған Халифа Алтай, 1991. – 604 б.

6 Дербісәлі Әбсаттар қажы. Қасиетті Құран. – Алматы : «Көк жиек» баспасы, 2008. – 36 б.



7 Саблуков Г.С. «Корань. Переводь съ арабского языка». 3 изд. – Казань : Центральная Типографiя, 1907. – 1169 с.

Мазмұны

Кіріспе........................................................................................... 3

1 тақырып. Мұсылман құқығының пәні.........................................4

2 тақырып. Мұхаммед - пайғамбар және Мұхаммед

мемлекет қайраткері................................................................. 5

3 тақырып. Мұсылман құқығының

негізгі теориялары..........................................................................6

4 тақырып. Мұсылман құқығының тарихы................................... 6

5 тақырып. Мұсылман құқығының жүйесі...................................20

6 тақырып. Мұсылман құқығының қайнар көздері.....................23

7 тақырып. Мұсылмандық мектептердің құқығы........................24

8 тақырып. Шығыс және Африка континенті мемлекеттеріне ислам құқығының әсері .............................................................24

9 тақырып. Му*Амалат - мұсылмандық (азаматтық)

жеке құқық....................................................................................25

10 тақырып. Мұсылмандық мемлекеттердегі ислам және

отбасы құқығы............................................................................26

11 тақырып.Мұсылмандық қылмыстық құқық............................26

12 тақырып. Ислам заңнамасындағы

дәлелдеу теориясы.................................................................... 31

13 тақырып. Мұсылман мемлекеттерінің

халықаралық құқық субъектілігі..............................................37

14 тақырып. Халықаралық мұсылман құқығының (сийяр)

дүниежүзілік халықаралық құқықпен арақатынасы.............. 39

15 тақырып. Ислам, құқық және елшілік.....................................46

16 тақырып. Мұсылман мемлекеттерінің

халықаралық ұйымдары. Олардың құқықтық

мәртебесі ....................................................................................46

17 тақырып. Мұсылман мемлекеттерінің

келісім-шарт құқығы ................................................................53

18 тақырып. Мұсылман құқығындағы соғыс және

бейбітшілік мәселелері .............................................................54

19 тақырып. Ислам және адам құқықтары...................................58

20 тақырып. Халықаралық ислам банктерінің құқығы...............60

21 тақырып. Ислам әлеміндегі елдердің құқықтық

жүйелерінің ерекшеліктері .......................................................60

22 тақырып. Мұсылман құқығының даму перспективалары.....64

Қорытынды.................................................................................65

Емтихан сұрақтары....................................................................66

Реферат тақырыптары................................................................67

Әдебиеттер..................................................................................69






Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет