Ақыл-ой лексикасының абай мен шәКӘрім шығармаларындағЫ Қолданыс ерекшелігі әбілбек Г., «Тұран-Астана»



бет1/4
Дата07.02.2022
өлшемі65,5 Kb.
#91237
  1   2   3   4
Байланысты:
Абилбек Г. макала Абай Шакарим параллелизм
Эссе жинағы

АҚЫЛ-ОЙ ЛЕКСИКАСЫНЫҢ АБАЙ МЕН ШӘКӘРІМ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ҚОЛДАНЫС ЕРЕКШЕЛІГІ
Әбілбек Г., «Тұран-Астана» университеті
«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының
білім алушысы, Нұр-Сұлтан қ.
Ғылыми жетекшісі: «Тұран-Астана» университеті
доценті, ф.ғ.к С.О. Симбаева

Ақылдың адамның дүние құбылыстарын тануға ұмтылған саналы іс-әрекетін басқару орталығы іспетті күш екенін танып-бағалай отырып, оның өзге де таным баспалдақтарымен байланысын сипаттайтын күрделі құрылымды құрастырушы тұтастықтар екені тіліміздегі Ақыл ойдан артық емес, Ой ақылдан жүйрік емес деген деректерден көрінеді.


Ақыл адамға тән жоғарғы қабілет-күш болғандықтан, дүние болмыстың қыр-сырын тануға жетелеп, білімге, білуге талпындырады. Ол қарапайым қабылдау мен түйсінуден күрделі. Сондықтан да халықтық ұғымда ақыл-ой мен білім – әр адамның сәулесі болуы – оның қоғамдық-әлеуметтік ортада Адам деген ұлы атқа лайық болуы, оған ішкі жан-жүйенің жоғарғы деңгейде қызмет етуі интеллектінің жоғарлығы.
Интеллект дегеніміз (латын сөзі intellectus – зерде, ақыл, парасат) адамның ойлау қабілеті, интеллект тұлғаның мәліметтерді саналы түрде саралап, оған баға берудегі қабілеттің тұрақты ерекшелігін көрсететін ұғым [1, 122].
Интеллекті негізіне жасалған зерттеулердің нәтижесін жинақтап сипаттама берілген философиялық, логикалық сөздіктерге жүгінсек, оның құрлымының сан қырлы болып келетін, адамның күрделі танымдық әрекеті екені көрінеді. Атап айтқанда: «Философия тарихындағы идеалистік ағым өкілдері интеллекті - танымның белсенді, «таза» күші, ол саналы тіршілік иесі адамға ғана тән қасиет болып табылады десе, ол диалектикалық материализмде интеллекті – ойлау деп саналады Отандық философ ғалым С. Мырзалы интеллект жөнінен: «Бірінші мән»- белсенді ақыл, ол өзі тудырған дүниеде төрт негізгі интеллект ( ақыл-ойды) тудырады. Олар – әлеуетті, өзекті, игерілген және іс-әрекеттік ақыл» 2, 135] - деп интеллектіні төрт түрге жіктейді де, әр түріне төмендегідей анықтама береді:

  • әлеуетті интеллект – ол жеке пенденің жандүниесінің болмыстағы заттардың бітімін танып-білу мүмкіншілігі;

  • өзекті интеллект – болмыстағы заттардың бітімін тану-білу мүмкіншілігі;

  • игерілген интеллект – жеке пенденің дүниені, заттарды танып, олардың мән-мағынасын өзінің жандүниесінің ажырамас бөлігіне айналдыру;

  • іс-әрекеттік интеллект – потенциалдық интеллектінің ақыл-ойдың шындыққа айналуы [2, 135].

Сонымен қатар, XX ғ француз ғалымы Анри Бергсон (1859-1941ж.ж): «Интеллект – это орудие оперирования с материальными, пространственными объектами, тогда как интуиция дает человеку возможность схватывать суть «живой целостности» вещей, явлений» - деген анықтама береді [3, 179].
Демек, инттеллектіні танудағы философ-ғалымдардың пікірлерін карастырғанда, адамның саналы іс-әрекетінің жалпы негізін анықтаудың күрделі мәселе екендігін аңдауға болады.
Сонымен, «интеллект дегеніміз (латын сөзі intellectus – зерде, ақыл, парасат) – адамның ойлау қабілеті, интеллект тұлғаның мәліметтерді саналы түрде саралап, оған баға берудегі қабілеттің тұрақты ерекшелігін көрсететін ұғым [1, 122] Қазақ тілінің сөздігі бойынша «интеллект» - 1) адамның ойлау қабілеті: сана сезім; 2) түйінді ой, пайдалы кеңес [4, 28]. С.И Ожеговтың «Словарь русского языка» атты еңбегінде: «Интеллект – мыслительная способность, умственное начало у человека. (Высокий интеллект. Низкий интеллект)» [5, 204]. Келтірілген анықтамаларды саралай отырып, интеллект - адамның ойлау қабілеті, сана-сезімінің өлшемі деген қорытынды жасауға болады.
Тілімізде қалыптасқан «Ханда қырық кісінің ақылы бар, биде қырық кісінің білімі мен ары бар» дейтін ой-пікірдің өзектес болып келіп, бір адамның бойында ақыл, білім, ардың тоғысуы – халқына үлгі сөз айтар бидің ой-таным әлемінің қаншалықты терең болуы керектігін аңдатады. Хандағы қырық кісінің ақылы қасындағы қырық уәзірін меңзесе, бидегі қырық кісінің ары мен білімі –
өзінің даналық қасиеті.
Адамның осындай күш-қуатын халқымыз өз бағалауында рухани және заттық мәдени байлығымыз деп танылған өлшемдермен сипаттайтын сөздермен өреді. Бұл жолдағы ақылдың сипаты адамды адам деген ұлы атына сай ұстап тұратын жан азығы, адамдық болмысының жоғарғы деңгейден табылуына дем беретін ішкі қуаты ретінде: Ақыл адамды аздырмайтын ем; Ол жақсы жолға бастайтын ізгі қасиет: Адамның басшысы – ақыл, ақылдың айладан асып түсетін күш екені: Айла – алтау, ақыл - жетеу; оның өмір сапарының ызғарлы, қиындықты жолдарында жан жылуын сақтайтын мәңгілік күш екені. Ақыл - тон, аңдағанға тозбайтұғын деген тілдік деректер арқылы танылады. Сонымен қатар ақыл болмыс дүниенің ең биік өлшемдерімен салыстырылып, тілде туған мына тұжырымдар арқылы көрсетіледі. Ақыл – дария, жер – қазына; Ақыл көпке жеткізер, өнер көкке жеткізер; Ақыл – алдыңда тұрған асқар тауың (Шал ақын) т.б. түрінде халықтың өмір сүру ортасындағы қалыптасқан биіктік, асқақтық, тереңдік, мәңгілік ұғымдармен астастырылып, этностың дүниетанымы тұрғысынан жоғары бағаланады.
Қазақ әдебиетінде адамның ақыл-парасатына Абай мен Шәкәрім айырықша мән берді. Олар қазақ поэзиясында философиялық лириканың бұрын өріс алмаған жаңа түрлерін қалыптастырып, бұл салада жаңалық тапты. Екі ақын да адамның сезу, сезіну, дүние болмысты, өмір құбылыстарын сезім арқылы қабылдау, әсерленгіштік қабілеті мен не нәрсенің болсын ішкі сырын көзге көрінбейтін, қолмен ұстауға келмейтін нәрселердің қасиет-сипаттарын оймен, ақылмен, логиканың күшімен танып-білу қабілетінің арасын ажыратып, болмыстың, дүниетану мен моральдың негізі ақыл деп санайды. Таза, парасатты ақыл әр затты, құбылысты дұрыс түсінуге, заттың ақ-қарасын айыра білуге мүмкіндік береді, сондықтан қос ақын: «ақылмен сыналмаған іс бұлдыр» «ақылға билетпеген пенде - айуан», «пайғамбар қыл ақылды», «адаспайсың ақылды, арлыға ерсең», «ақылды сол ынсап пен ар сақтайды, арсыз сол – арамдықпен жан сақтайды», «таза ақылмен таппаған дін, шын дін емес - жындылық», «ақылдың кей ісі - жауы, кей ісі - досы», «жас баланы ұрғанмен шырылдатып, ойы толмай тұрғанда ақылы енбес», «кәріде ақыл күш болмас» - деген сияқты мәтел сөздерін қалдыра отырып дүниетанымның, ғылымның да негізгі тірегі – ақыл-ой, ойлану қабілеті деп ой тұжырымдайды. «Көз, құлақ, қол, мұрын, тіл-бәрі алдайды, тетігі – таза ақыл мен өлшеп сынау», «Адам ақиқатты бас көзімен көрмейді, ақыл көзімен көреді», - дейді Шәкәрім адам мен қоршаған орта арасындағы қарым-қатынас мәселесіне ерекше назар аудара отырып. Өйткені адамның жан-жақты дамып, материалдық және рухани жағынан өсуіне, керек десеңіз оның мақсат- мұратына бірден-бір негіз болатын факторлар ол - айнала дүние.
Абай метафораның бейнелі көркемдік сипатын шебер қолдана отырып, интеллектіге басшылық етуші ретінде жүоекті алып, оны былай береді:
Көздің жасы жүректің қанымен


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет