Аѓылшын тілін оќытудыњ ќазіргі замандыќ єдістемесі


Аудиокітаптар ағылшын тілін үйрену құралы ретінде



бет7/18
Дата13.11.2022
өлшемі0,66 Mb.
#157895
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
Байланысты:
stud.kz-6502
этнопедагогика 2020, Әлеуметтік лингвистика, 1508385473214, 1508385473214, Д рістік кешен 1 Д ріс мектепке дейінгі йымда ы т рбиеші ж мысы, stud.kz 6334
1.5 Аудиокітаптар ағылшын тілін үйрену құралы ретінде
Еліміздің әлемдік интеграцияға шоғырлануы жағдайында ағылшын тіліне сұраныс күн сайын өсе түсуде. Осыған сай ағылшын тілін меңгеру арқылы ғана беделді қызметке қабылданып, мансабыңыз ілгерілей түсетіні анық.
Ол үшін мектеп қабырғасынан алған білім тілдік дағдының негізін нықтауға әрдайым сай келмейтіні заңдылық.
Шетел тілін үйренгісі келетіндердің басым бөлігінің кейбір қажеттіліктерге қолы жете бермейді. Олардың жеке үйретуші (репетитор) жалдауға да қалтасы көтермейді. Сөйтіп, тәжірибелік сөйлеу дағдысын жоғалту салдары білімнің де таяздануына алып келеді. Сол үшін, яғни, тілді ұмытуға жол бермеу үшін ағылшын сөзін үнемі тыңдап жүрген абзал. Осындай тыңдау тәсілінің арқасында көптеген үйренушілер басқа елдің тілін қысқа мерзім ішінде меңгеріп жатады. Егер де кімде-кім үйреніп жатқан тілін сол елге арнайы барып, тілді жетік меңгеруге мүмкіндігіне ие бола алмайтын болса, оған сүйеніш – аудиокітаптар.
Аудиокітаптар – жазылған және айтылған мәтіндердің синтезі. Тыңдаушы диктор сөйлеген сәттен бастап бір мезгілде экрандағы мәтінді тыңдайды әрі оны бақылап отырады.
Аудиокітаптар – жазылған және айтылған мәтіндердің синтезі. Тыңдаушы диктор сөйлеген сәттен бастап бір мезгілде экрандағы мәтінді тыңдайды әрі оны бақылап отырады.
Кәсіби диктордың оқуындағы аудиокітапты тыңдау, олармен бірлесе оқу тіл үйренуді барынша жеңілдетеді. Американдық және британдық ғалымдардың әр алуан зерттеулеріне сүйенсек, осыған ұқас тәсіл оқу материалында ұсынылған жаңа сөздерді жаттауға бөлінетін уақытты 30% дейін қысқартады. Бұған түрлі факторлар ықпал етеді, олардың ең маңыздысына мидің оң және сол жақ шарының синхронды жұмысы жатады. Бұл қабылданған білім мөлшері мен сөйлеуге дағдыландыруға жарамды қосымша тәсілдерді ұлғайтуға жол ашады.
Сөйтіп, аудиокітаптар тыңдаушының сөздік қорын кеңейтумен қатар, оның ауызша және жазбаша сөздерді түсінуін жеңілдетеді. Олар сөз дикциясы мен оның айтылуындағы жетістіктерге арналған құрал сипатында пайдаланылады. Аудиокітаптар – бұл ақпаратты игеру мен жылдам түсінуге ықпал ететін құрылым, қуатты да икемді жүйе. Аудиокітаптардың көмегімен ағылшын тілі қарым қатынас құралы болып қалыптасты. Бүгінгі оқытушылардың басым бөлігі оқыту процесіне аудиокітаптарды енгізудің маңыздылығын жете сезінуде.
Аудиокітаптарды қолданудан күтілетін нәтижелер:
Аудиокітаптар тілдік дағды мен сауаттылық сапасын көтереді. Олар сөздік қорды қалыптастырып, ойда елестетуге ынталандырады, оқу шапшаңдығын арттырады. Аудиокітаптардың көмегімен айтылу үлгілерімен, сөйлем құрылымдарымен танысуға болады.
2. Аудиокітаптар оқушылардың оқуға деген ықыласын оятып, уақыт бірлігіне қарай қабылданатын мәліметтер көлемін көтеруге септігін тигізеді.
3. Аудиокітаптар аудиториядағы тыңдармандарға тең мүмкіндік жасайды. Олар жеке адамның бойындағы қабілетіне қарамастан ұғынуға ынталандырып, осы замандық тіл мәнері мен тіл айналысын жетілдіреді. Нәтижесінде оқушылар бірлесе оқуға қабілетті болып, бірлескен мәдени іс-шараларға белсенді қатысуға ниеттенеді.
Сондай-ақ аудиокітаптар жете талдап қарауға және негізгісін ажырату шеберлігін арттыруға ықпал етіп, тілдік өзгерістер мен сөйлемдердің жинақылығын, жатықтығын және қалыптылығын құрылымдық безендіру дағдысын әрі қарай жетілдіреді.
Аудиокітаптармен жұмыс әдістемесі кәдімгідей, бірақ, берер жемісі берекелі.
Бастамас бұрын мәтіннің жалпы ұғымын жинақтау керек. Мұндағы негізгі ойды жете түсінуге танпыныңыз. Егер әңгіме не жөнінде жүріп жатқанын ұқпасаңыз, онда сөздіктегі әрбір сөздің мағынасы арқылы нақтылауға болады.

- Тыңдаған кезде әрбір сөздің бұлжытпай айтылуына зейін қойыңыз.


«Қанша көп болған сайын, ол үстіртін келеді, дұрысы аз, бірақ мұқият» принципін ұстаңыз. Сонда ғана, сөздік қорды толықтыру мақсатындағы мәтініңіз түсінікті болады, ал түсініксіз сөздердің мағынасын нақтылайсыз. Ол үшін кез келген шығарманың үзіндісін таңдап, оны толығымен қазақ тіліне тәржімалаңыз. Сізге көптеген жаңа сөздер: эпитет, синонимдердің барлығы таныс болып қалады.


Жүйелі түрле шұғылданыңыз. Сабаққа арнайы уақыт бөліңіз әрі күн сайын айналысыңыз. Көп болып, әр кез оқығанға қарағанда, аз болса да, жиі-жиі болғаны нәтижелі екенін есте сақтау керек.


- Сабаққа дайындалуға қанша көп уақыт жұмсасаңыз, оқуыңыз соншалықты терең әрі тиімді болады.



- Пассив сөздер қатарындағы сөздер мен сөйлемдерді аудару үшін келесілерді істеген игілікті: дауыстап оқу, синтаксистік сөйлем құрылысын есте сақтау, диктор тарапынан айтылған сөздерді өз сөзіңмен салыстырып көру мақсатында аудиожеткізгішке сөздерді жаздырту.
Аудиокітаптар - ағылшын тілін меңгертуді жетілдірудің берден бір тиімді (эффектілі) құралы. Әрине, оқу процесі әрдайым уақыт пен күшті қажет етеді. Дегенмен, тіл меңгеруде де әркімнің өзі жетер биігі бар!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет