Білім беру саласында жеке тұлғаның коммуникативтік мәдениетін, тұлғааралық қарым-қатынасын қалыптастыру маңызды мәселелердің бірі болып табылады



бет1/6
Дата12.12.2023
өлшемі81,11 Kb.
#196406
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Серік Нұргүл
4-сынып-кмж 1, 7505153014430 RUS, АЛГОРИТМ, сож глав (копия) (копия), P6.01 - kk - 10100598725656, 10 сын 1 тоқс Динамика БЖБ2, Есиркенов Токсанбай Жай және құрама сан, 161701, Қысқа мерзімді Жалған дүние романы, Қожа Ахмет Ясауи, бжб 5 1т, 5 сынып 1 токсан, Заттың тығыздығы, 2 5429562600356593432

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті



Факультеті «Филология»
Кафедрасы «Екі шет тілі» 1курс

БӨЖ
Тақырыбы: Тұлғааралық қарым-қатынастың практикалық аспектісін талқылау-реферат
Орындаған: Серік Нұргүл
Тексерген: Лиясова А.А.

КІРІСПЕ
Білім беру саласында жеке тұлғаның коммуникативтік мәдениетін, тұлғааралық қарым-қатынасын қалыптастыру маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Қазіргі қоғамның қарқынды дамуы әлеуметтік, экономикалық құндылықтарды, оның ішінде қарым-қатынас және адам мәдениетінің деңгейін түбегейлі жетілдіруді керек етіп отыр. Әсіресе, әлемдік деңгейде қарым-қатынас мәселелерінің шиеленісіп отырған шағында тұлғааралық қарым-қатынасты ізгілендіру, оны жоғары мәдениеттіліктің деңгейіне көтеру қажеттігі айқындала түсуде.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін, бәсекеге қабілетті ұлт үшін» деген Жолдауында «ұлттық бәсекелестің қабілеті бірінші кезеңде білімділік деңгейімен айқындалады» деп атауы білім беру саласында жаңаша көзқарас, кәсіби қарым-қатынас қалыптастыруды міндеттейді.
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің басты міндеті – «ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» екендігі атап көрсетіліп, онда білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді. Осындай міндеттерді жүзеге асыру үшін Елбасы Н.Назарбаев «Интеллектуалды ұлт – 2020» ұлттық жобасын ұсынды. Интеллектуалды ұлт болу үшін тұлғаның ғылыми, кәсіби, мәдени ақпаратына, білімі және біліктілігіне, психологиялық, моралдық ерекшеліктері мен әлеуметтік ұжымда өзін-өзі ұйымдастыра, басқара алуына баса назар аудару қажеттігі туындап отыр.
Тұлғааралық қарым-қатынас – білім мен тәрбиенің нәтижесі болып қана қоймай, бүгінгі күннің өте маңызды әрі күрделі де ұзақ мерзімді қажет ететін көкейкесті мәселелерінің бірі. Қарым-қатынасқа түспей тұрып жеке адамды толық түсіну, оның адами қасиеттері мен дамып-жетілуін талдау мүмкін емес. Педагогика ғылымының кез келген мәселесі адамдардың жан дүниесімен, қоғам мен әлеуметтік өмірдің сан алуан сырларымен тығыз байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет