Аѓылшын тілін оќытудыњ ќазіргі замандыќ єдістемесі


Көптілділікке оқытудың әдістемелік міндеттерін шешу жолдары



бет8/18
Дата13.11.2022
өлшемі0,66 Mb.
#157895
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
Байланысты:
stud.kz-6502
этнопедагогика 2020, Әлеуметтік лингвистика, 1508385473214, 1508385473214, Д рістік кешен 1 Д ріс мектепке дейінгі йымда ы т рбиеші ж мысы, stud.kz 6334
Көптілділікке оқытудың әдістемелік міндеттерін шешу жолдары
2.1 Ағылшын тілін оқытудың қазіргі замандық әдістемелік принциптері
Осы замандық ағылшын тілін оқыту әдістемесінде негізге алынғандарды түсіну үшін осы әдістердің методикалық принциптерін жан-жақты қарастыру қажет.
Коммуникативті әдіс құрылымына оқушыны тәрбиелеуге бағытталған танымдық, дамыту және оқыту аспектілері кіреді. «Коммуникативті» ұғымының мазмұнын, сондай-ақ оқыту жүйесінің көпқырлылығын ескере отырып, коммуникативті әдістің мынадай методикалық принциптерін тұжырымдауға болады:
Қарым-қатынас жасау арқылы шет тіл мәдениетінің барлық аспектілерін игеру принципі. Коммуникативті әдісте алдымен қарым-қатынас жасау негізінде ғана оқуды қадағалайтын ережені ұсынды. Бұл жағдайда қарым-қатынас тәрбие, таным және даму арнасы ретінде қолданылды.
Қарым-қатынас - материалдық және рухани мәдениеттегі нақты тәжірибелер мен іс-әрекет алмастырылып тұратын әлеуметтік процесс. Қарым-қатынас барысында азаматтардың эмоциональды және рационалды әрекеттестігі мен бір-біріне жасаған ықпалы іске асады.
Осылайша, қарым-қатынас коммуникативті оқыту әдісіндегі тәрбиелеу, таным-түсінігін қалыптастыру, дамыту және оқыту функциясын атқарады.
Шет тілімен қарым-қатынас жасауға оқыту процесі - негізгі параметрлер бойынша нақты қарым-қатынас жасау процесінің моделі: дәлелдеу, мақсаттылық, қарым-қатынас процесінің мәлімделуі, жаңашылдық, ситуациялық, функциональдық, қарым-қатынас жасаушылардың өзара әрекеттестік сипаттамасы мен сөйлеу құралдарының жүйесі.
Шет ел мәдениеті аспектілерін өзара байланыстыра оқыту принципі.
Шетел тілдері мәдениетінің кешенді сипаттамасы - оның тәлімдік, танымдық, тәрбиелік және даму аспектілерінің өзара байланынысы мен бірлігінің көрінісі. Осы аталған аспектілердің бәрінің де құндылығы бірдей.
Оқу процесіндегі кез келген жаттығу мен кез келген жұмыс түріне шетел мәдениетінің төрт аспектісі кіріктіріледі.
Бұл принципке аралық аспектілік және ішкі аспектілік өзара қарым-қатынас қатысты. Мәселен; оқу процесіндегі ішкі сөйлеу әрекетінің төрт түрінің (оқу, айту, аудиоқұрылғы және жазу) өзара шарттастығы мен өзара байланысы ұйғарылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет