Ақырыбы: Қысқа мерзімді жоспар бөліктері


Тілдік дағдылар: тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым



бет2/2
Дата09.04.2022
өлшемі0,75 Mb.
#138584
түріСабақ
1   2
Байланысты:
жинақ
laser ppt
Тілдік дағдылар: тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым.

«Тыңдалым арқылы коммуникация (тыңдалым). Оқу бағдарламасы аясындағы түрлі тақырыптарға қатысты айтылған ауызша пікірлердің негізгі мазмұнын түсіну және олардан негізгі ақпаратты бөліп алу; сөйлеушінің пікірін түсіну; мәнмәтін бойынша сөздердің мағынасын анықтау; түрлі стратегияларды қолдану арқылы білім алушылардың деңгейіне сәйкес келетін әртүрлі мәтіндердің мазмұнын қабылдау және түсіну: тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, таныс сөздерге, фразаларға және сөйлемдерге сүйенумен қажетті/нақты ақпаратты, мәтіннің бөліктерін таңдау және түсіну.


Жазылым. Оқу бағдарламасы аясындағы түрлі тақырыптарға байланысты жазбаша жұмыстарды жоспарлау, жазу, редакциялау және түзету; нақты және ойдан шығарылған оқиғалар туралы жаза білу, оқылғаны туралы сыни пікірлер беру білігі; орфографиялық және грамматикалық қателер жібермей барынша сауатты жазу; белгілі стильді ұстану; түрлі байланыстырушы сөздерді қолдану арқылы параграфтағы сөйлемдерді байланыстыру.
Оқылым арқылы коммуникация. Оқу бағдарламасы аясындағы түрлі тақырыптардағы әдеби және ғылыми мәтіндердің негізгі мазмұнын түсіну және олардан негізгі ақпаратты белгілеу, ақпаратты іздеудің түрлі стратегияларын қолдану; мәнмәтін бойынша сөздердің мағынасын анықтау; автордың қарым-қатынасын және пікірін түсіну; сөздердің мәнін тексеру және оқығанды терең түсіну үшін қағаз және электронды тасымалдағыштардағы түрлі дереккөздерді қолдану.
Айтылым. Оқу бағдарламасы аясындағы түрлі тақырыптардағы сұхбаттасу барысында ресми және ауызша сөйлесу стильдерін қолдану; қажетті ақпаратты алу үшін неғұрлым күрделі сұрақтар қоя білу білігі; өз пікірін айту; күтпеген түсінікке жауап беру; тапсырманы орындау барысында құрдастарымен қарым-қатынас жасау; арнайы лексиканы сауатты пайдалану; хикаялар мен оқиғаларды мазмұндау» (2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы: Әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2017, 27-28 б.).

П
әнаралық байланыстар


Әдетте мұғалімдер мұнда жай ғана пән атауын көрсетіп қана қояды. Бұл жеткіліксіз, тек пәндерді көрсету аздық етеді.
Бүгінгі білім беру жүйесінің басты ерекшеліктерінің бірі мынада: оқу мақсаттары мен күтілетін нәтижелер тек танымдық-пәндік тұрғыда ғана қалыптастырылмай, тұлғалық және метапәндік (пәнаралық, үйреншікті пән ауқымынан тыс) деңгейлерді қамтиды. Бұл ұстаным оқушылар арасында кең таралған «клиптік санаға» қарсы бағытталған. «Клиптік сана» өмірді бүтін деп қабылдамай, оған деген үзік-үзік көзқарас құрастырады, Әлемді әр пәннің тар ауқымында ғана тануды қалыптастырады.
Ал метапәндік тәсілдеме оқушыларды әр пәнді Әлемді тану жүйесінің құрамдас бөлігі деп тануға жетелейді, өйткені мұнда оқыту пән ауқымынан шығып, өзге пәндермен байланыс құрап, әмбебап білім қалыптастыруға бағыттайды. Метапәндік түсінік оқушыларды өмірдің мәні мен мағынасы, құндылықтары мен қағидалары, адамның онда алатын орны мен міндеттері туралы ойлануға шақырып, олардың түсінігін, ойлауын, үйренуін, қарым-қатынасын, рефлексиясын, іс-әрекеттерін дамытады. Метапәндік тұрғыда оқушылар әр сабақта «Мен қалай үйренемін, дамимын? Білімімді қалай жақсарта аламын? Бұл білім маған не үшін керек? Ол маған қалай және қай жерде қажет болады?» деген сұрақтарға жауап іздейді.
Сабақтардағы метапәндік байланыс тек пәндердің кіріктілуі ғана емес. Бұл өмірге деген бүтін көзқарасты бірнеше пәннің тоғысуында қалыптастыру. Мұнда «Адам», «Өмір мәні мен мақсаты», «Өмір құндылықтары», «Бақыт», «Сана», «Білім», «Сөз», «Уақыт және кеңістік», «Қарым-қатынас», «Денсаулық», «Табиғат», «Экология», «Проблема шешу», «Табыс пен жетістік», т.б. секілді ортақ мақсаттар қарастырылады. Шәкәрім кезінде айтқандай, «Әңгімелесуде басты мәселелер: Отан, адам бойындағы Руханилық пен Адамгершілік туралы ой толғау керек».
Мәселен, 1-сынып математикасының «Геометриялық фигуралар және олардың жіктелуі» тақырыбы бойынша өтетін сабақта сынып бөлмесінің балаларға жайлылығы туралы, қала не ауыл ғимараттары мен үйлерінің қалай салынғаны туралы, ойыншықтар туралы әңгімелесуге болады.
Ал «Қазақ хандығының жерлерін Хақназар хан кеңейте алды ма?» тақырыбындағы сабақта тарихтағы тұлғалардың рөлі туралы, қазіргі қоғамдағы танымал тұлғалар туралы, сыныптағы көшбасшылық туралы мәселелерді көтеруге болады.
Сондықтан да ҚМЖ-ның бұл бөлімінде сабақтағы кіріктірілудің қандай пәндермен жүзеге асырылатынын ғана көрсетпей, ондай байланысты ортақ тақырыптың мазмұны арқылы көрсеткен орынды.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану
Бұл жерде оқушылардың сабақта қандай АКТ дағдыларын дамыта алатындығын көрсету керек. Бұл туралы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының әдістемелік нұсқау хатында былай деп жазылған: «Орта мектепте АКТ-ні, БАҚ және мультимедиялық құралдарды пайдалануға қойылатын талаптар:
- дерекқордан және интернеттен ақпаратты іздеу, табу;
- сандық, интернет жүйелері арқылы алынған ақпараттарды өңдеу және оның нақтылығын, сенімділігін, құндылығын бағалай алу;
- сандық, мәтіндік және визуалдық ақпаратпен және дерекқормен, оның ішінде гиперсілтемелерді, электрондық кестелерді, графикалық және басқа да қосымшаларды пайдаланып жұмыс істеу арқылы мәліметті жүйелеу;
- заңдылықтар мен үрдістерді зерттеу; модельдер мен модельдеуді пайдалану мүмкіндіктерін зерделеу, сонымен қатар жылжымайтын және қозғалыстағы бейнелерді, дыбыстарды және мәтіндерді мультимедиалық таныстырылымдар құру үшін біріктіру, басқа нұсқаларды зерделеуде, нақтылауда және нәтижелерді жақсартуда сандық ақпараттың икемділігін толығымен пайдалану;
- электронды байланыс арқылы басқа білім алушылармен және оқытушылармен ынтымақтаса онлайн форумдарға, виртуалдық оқыту орталарына қатысып, қарым-қатынас жасау және ақпарат алмасу;
- интерактивті тақтаны белсенді оқытуға техникалық қолдау көрсету мақсатында қолдану;
- аяқталған жұмыс бойынша мектептің шеңберінде немесе одан тыс жерде мультимедиялық таныстырылым жасау» (2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы: Әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2017, 19 б.).
Әдістемелік нұсқау хатта АКТ құзіреттіліктерін арттыру мақсатында мынандай ұсыныстар жасалады: «География, физика, химия және биология сабақтарындағы компьютерлік технологиялар:
- оқу материалын зерделеу барысында мультимедиа-технологияларды пайдалануды;
- білім алушылар мен мұғалімдердің күнделікті оқу жұмысында компьютерлерді құрал ретінде өнімді қолдануды;
- пәнаралық байланыс технологиясын жүзеге асыруды;
- оқу телекоммуникациялық жобаларды орындау барысында білім алушылардың өздігінен іздеу және зерттеу жұмыстары әдісін әзірлеуді;
- интернетті пайдалану арқылы оқу материалы аясындағы ақпаратты іздеу және өңдеуді;
- есептерді шығару үшін электрондық кестелерді пайдалануды;
- виртуалды практикалық және зертханалық жұмыстар жүргізуді қарастырады» (122 б.).


Бағалау – Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлаймыз?


Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдерді жазу керек. Бағалау дегеніміз оқушылардың үйрену деңгейін анықтау болғандықтан, мұнда мұғалім қалыптастырушы бағалауды сабақта қалай қолданғанын жазуы керек. Мұнда мұғалім мына мәселелерді есте сақтап, қадағалауы керек:
«Қалыптастырушы бағалаудың міндеттері:
• оқу мақсаттарын, бағалау критерийлерін анықтау, білім алушыларға ұсыну;
• білім алушының қай деңгейге жеткенін дәлелдеуге көмектесетін бірлескен (коллаборативті) оқытуға арналған орта құру;
• білім алушыларды дамытуға жағдай жасайтын сындарлы (конструктивті) кері байланысты қамтамасыз ету;
• білім алушыларды бірін-бірі бірлесе оқытудың сапалы көзі ретінде қатыстыру;
• білім алушыларға өзінің оқуын «құрушылар/жасаушылар» ретінде жағдай жасау болып табылады» (Бастауыш сынып мұғ алімдеріне арналғ ан критериалды бағ алау бойынша нұ с қ аулы қ: Оқ у -ә діст . құ рал /«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ /О.И.Можаева, А.С.Шилибекова, Д.Б.Зиеденованың редакциясымен. – Астана, 2016. – 48 б. – 14 б.).
М
ұғалім осы мәселелерді сабақта қалай жүзеге асырғандығын көрсетуі керек. Мысалы, оқушыларға табысты оқу үшін қандай жағымды жағдай жасағандығын, оқушыларға кері байланысты қалай бергендігін, олардың өзін-өзі және бірін-бірі бағалауын қалай ұйымдастырғандығын, оқушыларды қалай ынталандырып, көмектескендігін, оларға қандай жоғары деңгейдегі сұрақтар қойғандығын келтіргені дұрыс.

Сабақ бойынша рефлексия


Мұғалімнің ең басты міндеті – өзінің кәсіби біліктілігін тұрақты, жүйелі, шынайы түрде дамыту. «Кәсіби даму дегеніміз тәжірибе және рефлексия» деген ұстанымға сәйкес әр сабақтан кейін (тәжірибе) мұғалім сабақты талдау мен бағалау арқылы оның ұтымды жақтары мен жақсартуға қажетті тұстарын айқындап, өз тәжірибесін қалай дамытуға болатындығын айқындау дағдыларын қалыптастыруы керек.
Осы мақсатта сабақтан кейін өз сабағын талдау барысында мұғалім бұл бөлімге сабақ туралы өз пікірлерін жазады. Бұл үшін мынандай сұрақтарғаа жауап беру ұсынылады:
Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
Әрине, бұл сұрақтардың тізімін жалғастыра беруге болады. Пайғамбарымыз (ҒС) «Көркем сұрақ – ғылымның жартысы» деп айтқан екен, демек осы сынды сұрақтарды өзіне қойып, оларға шынайы түрде жауап беру арқылы мұғалімнің өз сабағын бағалап, кәсіби дамытуын жалғастыра түсетіндігі анық.
Рефлексиялық сұрақтарды құрастырғанда мына бір идеяны басшылыққа алу қажет: «Қалыптастырушы бағалау теориясы аясында білім алушыларды қолдау үдерісінің негізі төмендегідей үш сұрақтан тұруы қажет: «білім алушылар оқудың қай сатысында тұр?», «өз оқуында олар қайда ұмтылады?» және «соған жету үшін оларға қандай көмек көрсету қажет?», бұл сұрақтар оқудағы үш қатысушымен тікелей байланысады (мұғалім, сыныптас және білім алушы)» - (Өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық: Оқу-әдіст. Құрал /«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ /О.И.Можаева, А.С.Шилибекова, Д.Б.Зиеденованың редакциясымен. – Астана, 2016. – 46 б. /18 б.).
Б
арлық сұрақтар осы үш сауал ауқымында құрастырылғаны дұрыс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет