Көрнекілігі: слайд Мұғалімнің кіріспе сөзі



Дата27.02.2020
өлшемі111,54 Kb.
«Ана тілі – жүрек үні»

Мақсаты: Оқушыларды өз халқын, тілін, туған жерін сүюге, қадірлеуге, бағалап мақтан етуге тәрбиелеу.Оқушылардың ой - өрісін тілін дамыту, мәнерлеп оқуға, айтуға машықтандыру, жетілдіру. Көрнекілігі: слайд

Мұғалімнің кіріспе сөзі
Сүйемін туған тілді анам тілін
Бесікте жатқанымда берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген тыныс үнін. –
деп С. Торайғыров жырлағандай бізге бесікте жатқан күннен бастап
құлағымызға сіңген қандай үн?
Бұл әрине, бесік жыры, бізді әлдилеген анамыздың үні, анамыздың тілі. Біздің ана тіліміз – қазақ тілі.

Мұғалім: - Балалар, тіл туралы біз не білеміз? Ойларымызды ортаға салайық.

-Халық бар жерде тіл бар.

- Тіл бар жерде өнер бар.

-Өнер бар жерде жанкүйер бар.

-Әр халықтың анатілі - оның бақыты, оның қуанышы.

-Туған тілің мақтан ету, оны таза сақтау, оның өрлеп, өсе түсуіне еңбек сіңіру - әрбір қазақ отбасының жүрегі.

-Халықтың қуаты - тілдің қуаты.

-Біз ана тілімізді ең айтқыш, ең білгір, ең бай тілдердің біріне айналдыруымыз керек.
Барысы:

1-жүргізуші: Ана сүті бой өсірсе, ана тілі ой өсіреді. Олай болса, ата өсиетіне құлақ асып, ананың тілі арқылы бабалар аманатына адал болайық.

3 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар!

«Ана тілі – жүрек үні.»атты сайысын ашық деп жариялаймыз. Ана тілі-халықтың өткен ұрпағын,қазіргі және келешек ұрпағын біріктіретін ең сенімді құралы.

2- жүргізуші:Ана тілі-әрбір ұлттың ұлы мақтанышы , көзінің қарашығындай көретін казынасы , асыл мұрасы , ел егемендігінің көрінісі.

Ана тілім қазағымның каймағы

Тілің сенің өміріңнің айғағы

Бүгін міне тіл туралы сайысқа

2 сынып білгірлері шығады


1-жүргізуші: «Өнер», «Білім» топтарының сайысына келіңіздер! Біз бастайық! «Өнер» тобының мүшелері: Топ басшысы: Ләйлә, Анель,Толқын, Оразхан,Дияз,

«Білім»тобының мүшелері: Топ басшысы: Азиза,Эльмира,Анель,Жандос,Еркін

Сайысты бастамас бұрын сіздерді әділ бағасын беретін қазылар алқасымен таныстырып өтейік. Сайыстың шарттарымен таныстыру : Сайыста тыныштық ,әдептілік сақтаймыз әр кім өз тобының мәртебесін қорғағысы келсе қол котеріп жауап береді. Егер ұрықсатсыз бұрын жауап берген жағдайда екінші болып айтқан балаға ұпай саны қосылады. Сайыс шарты түсінікті болса сайысымызды бастайық

Бүгінгі сайысымыз 9 айналымнан тұрады. 1. Таныстыру. 2.Мақал- мәтел мәйегі

3 Ойласаң табарсың 4.. Ана тілі туралы мәнерлеп оқу 5. Жұмбақтар шешу. 6.Сөз тапқанға қолқа жоқ 7. Сөз жұмбақ 8.Ұшқыр ой-жылдам жауап.( команда басшылар сайысы ) 9.Ана тілім- жыр әнім» тіл туралы әндер сайысы Ендеше барлықтарыңызға сәттілік тілейміз! 1. Таныстыру. Екі топ өздерін таныстыру керек. 2.«Мақал-мәтел мәйегі» Әр топқа 5 мақал беріледі келесі жолын оздері толықтырады Берілген сұрақтарға тез жауап беру. 3- кезең: «Ойлансаң табарсың» «Өнер» тобы Сөздің бірінші түбірі-сан есім,

екіншісі-адамның мүшесі,

үшіншісі- тағам аты.

Ол қай өндірістің аты? «Білім тобы» Біріккен сөздің бірінші

түбірі –тағам сөзімен

синонимдес, екіншісі- тағам

пісіретін ыдыс. Ол қай сөз?

. 4- кезең: Оқушы тақпақтары:       

5-кезең: Жұмбақтар шешу.

6- кезең:»Сөз тапқанға қолқа жоқ»

1. Көзді ашып жұмғанша

2. Төбе шашы тік тұру

3. Қой аузынан шөп алмас

4. Төбесі көкке жету

7-кезең:Сөз жұмбақтар сайысы 8- кезең: Ұшқыр ой-жылдам жауап» топ басшылар сайысы

1-жүргізуші: Тіл – халық тарихы, тіл – ұлттық қазына, тіл біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз.   

2-жүргізуші: Қазақ тілі – дүние жүзіндегі ең бай, беделді де бейнелі тілдердің бірі.Өткірдің жүзі,Кестенің бізі,Өрнегін сендей сала алмас – деп ұлы Абай атамыз таңырқап тағзым еткен де осы қасиетті тіліміз. Халық байлығы- әр елдің мақтанышы. Ол атадан-балаға мирас болып қалған баға жетпес мұра

1-жүргізуші: Үш кемеңгер дүлдүлім, Сақтаған ел бірлігін! Қазақта қара қылды қақ бөлген Төле, Әйтеке, Қазыбек билердің сөз үлгілеріне зер салайық

Төле би:  Жасыма!Уа, халқым!Көсіле шабар жерің бар,Тай көтерген елің бар,Қол бастайтын ерің бар.Атадан қалған сара жолың бар,Сөз қадірін біліңдер!

Қазыбек би: Налыма!Біз қазақ деген, мал баққан еміз.Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзаға  үкі таққан елміз.Ешбір дұшпан басынбаған елміз.Басымыздан сөзі асырмаған елміз 

Әйтеке би: Тамыры суда тұрса да.Уақыты жеткендеҚурамайтын құрақ жоқ.Тек жақсыдан өлмейтін сөз қалады. 

1-топ: «Зерделі болсаң , биік шыңға жетесің»

(сұрақ-жауап) топ басшылар сайыс І-топ:

1. Тәуелсіздік күні қашан тойланады ?

2. Қазақ әліппесінде неше әріп бар?

3.Білім күні қай айда?

4. Тіл тазалығы дегеніміз не?

5. Дүниеде не ащы?

6. Дүниеде не тәтті?

7. Тіл мерекесі қашан тойланады?

8. Бес дұшпанды ата:

9. Тұңғыш мектеп ашқан кім?

10. Халықаралық қатынас тілі?

2- топ: ІІ-топ:

1. Біз қай мемелекетте тұрамыз?

2. «Кел балалар, оқылық» кімннің өлеңі?

Қазақстан Республикасының мемелекеттік тілі?

4. Өлең жазатын адамды кім дейміз?

5. Бес асыл істі ата:

6. Дүниеде не тәтті?

7. Тіл мерекесі қашан тойланады?

8. Қазақша жыл басы?

9. Тұңғыш әліппе оқулығын жазған кім?

10. Халықаралық қатынас тілі?

1-ж: Біз бүгін тіл тағдыры – ел тағдыры екенін нақты мойындадық, сондықтанда елімізде ана тіліміздің жан – жақты дамуына бар мүмкіндік жасалуда. 

3-ж: Тіл- мәдениет , тіл- әдебиет, тіл-тарих. Енді бір сәт әдебиетімізге көз салайық.

 Ұлылардан қалған ұлы сөздерге құлақ салайық.

 3-оқушы: «Түрлі-түрлі байлық бар. Солардың таңдауын берсе , мен тіл байлығын таңдар едім. Өйткені тіл байлығы – бәрінен де сеніді байлық»Ғабит Мүсірепов 

4-оқушы: «Анамыздың ақ сүтімен  бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата – бабамызды, тарихымызды  ұмыту»Бауыржан Момышұлы 

5-оқушы: «Ана тілін ұмытқан адам, өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді»Ғабит Мүсірепов 

6-оқушы: «Тіл деген – бізге өткен дәуірлерден қалған асыл мұра. Ол тіл атамыздаң ақылынан, анамыздың сүтімен  жаралған. Қазақтың өз тілі – қазақ үшін алтын бесік»Шерхан Мұртаза  
2-Жүргізуші:Ана тіліміз қазірде үлкен өріске жол тартты. Дегенмен «Ана тілі – қазақ тілі» деген сөзді қағазға емес көкірегімізге жазатын уақыт жетті. Олай болса, біздің мақсатымыз – Ана тілімізді қадірлеу! Мемлекеттік Тіл мәртебесін көтеру!

Марапаттау:«Қош демейміз әлі талай сайыстар бар Өнерлерің өрлей берсін қайыспаңдар Ойлы орта кеңейсін күннен күнге Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар!» дей отырып бүгінгі сайыс кешімізді аяқтаймыз. Амандықпен жүздескенше күн жақсы болсын!

Жалтыр №2 орта мектебі

Орындаған: Семья М.

1. Қыс айларын ата. Желтоқсан, қаңтар, ақпан. 2. 16 - желтоқсан қай күн? Тәуелсіздік күні 3. Біздің Президентіміз кім? Н. Ә. Назарбаев 4. Бізге білім беретін кім? Мұғалім. 5. Сен қай аспапта ойнайсың? Домбыра «Жұлдыз»тобы 1. 1 - қыркүйек қандай күн? Білім күні 2. Жаз айларын ата маусым, шілде. тамыз. 3. Білім ордасы мектеп 4. Күй атасы кім? Құрманғазы. 5. 30 тамыз қай күн? Конституция күні. Ана тілім қазақ тілім туған тіл. Қасиетті тіліміздің мәнін біл. Ана тілді құрметтеңдер адамдар заманға сай өзге тілдің бәрін біл. 3. Тіл өнері Бұл бөлімде орыс тіліндегі сөздерді қазақ тіліне аударып айту керек. «Жалын» тобы. Тетрадь – қалам Школа – мектеп Спасибо – рахмет Я учусь - мен оқимын

Он пошел в школу - ол мектепке барды «Жұлдыз»тобы Дневник – кұнделік Учитель – ұстаз До свидания - сау болыңыз Я собираюсь спать - мен ұйықтайын деп жатырмын Она любит петь - ол ән айтуды ұнатады. «Қазақтар шешен келеді; олар мақалдап сөйлейді, жәй сөзінің өзі өлең болып құйылып жатады» деп В, Радлов айтқандай енді мақал - мәтел сайысын бастайық!

4. мақал - мәтелдер сайысы Әр топ 4 мақалдан айту керек. 5. Жұмбақтар шешу. Ал, балалар мен әр топқа 3 жұмбақтан жасырамын, сендер шешуін табуларын қажет. «Жалын» тобы. 1. Тілі бар, үні жоқ Өзін адам түсінген Жүрегі бар да қаны жоқ сөйлеп тұрған ішінен кітап 2. Өшірді. Сүртті Өзін де құртты өшіргіш 3. Тарыдай боп кіресін Таудай боп шығасын мектеп «Жұлдыз»тобы 1. Аяғы біреу, қолы жоқ Шиыр-шиыр жолы көп Өзі сөйлей білмейді Салған ізі сөйлейді Бор 2. табаныма байладым Қос аяқпен айдадым шаңғы 3. Үй бағады үрмейдіт Аяғы жоқ жүрмейді Рұқсатсыз ол иттен Адам үйге кірмейді құлып 6. Поэзия минуты. Әр топ басшысы өзінің сүйікті ақын жазушыларының шығармаларынан үзінді оқуы қажет. Үш бақытым М. Мақатаев. «Жалын» тобы. Бисембаев М. Туған тілім. Дихан Әбілов. «Жұлдыз» тобы Абдразаков Тимур



Әділ қазы алқасы өз шешімін шығарғанша біз қатысушыларымыздың өнерін тамашалаймыз! «Өнер - адамның бойындағы қабілеттің ең биік көрінісі» деп орыс жазушысы Лев Толстой айтқандай: Бойларында от бар екен байқадым, Жүректерде шоқ бар екен байқадым Әрқашанда осы шоқты өшірмей Жалындатып шарықтаңдар әрдайым! Әділ қазылар шешімі Марапаттау. «Қош демейміз әлі талай сайыстар бар Өнерлерің өрлей берсін қайыспаңдар Ойлы орта кеңейсін күннен күнге Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар!» дей отырып бүгінгі сайыс кешімізді аяқтаймыз. Амандықпен жүздескенше күн жақсы болсын! Рахмет! Сау болыңыздар!
Каталог: public -> files -> 2019
public -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
public -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
public -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
public -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
2019 -> Қазақстан халқының тілдер күні мерекесіне арналған 5-18 кыркүйек аралығында өткен онкүндік аясындағы іс-шаралар есебі
2019 -> Жаңа оқу жылына арналған негізгі міндеттер
2019 -> Оқу жылында «Жылымды негізгі мектебі» кмм І жартыжылдыққа оқу-тәрбие үрдісі бойынша есебі 2018 жыл 2018 -2019 оқу жылында «Жылымды негізгі мектебі»
2019 -> «Ел тірегі-тіл» тілдері күніне арналған онкүндікті өткізу жөніндегі іс-шараның қорытынды есебі


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет