«Ақжар жалпы орта білім беретін мектеп»мм көркем әдебиет Тақырыбы: Түлкі мен ешкі Топ: Ортаңғы



Дата03.02.2020
өлшемі18,58 Kb.
#57112
Байланысты:
Әке мен бала көркем әдебиет

«Ақжар жалпы орта білім беретін мектеп»ММ


Көркем әдебиет

Тақырыбы:Түлкі мен ешкі

Топ: Ортаңғы

Тәрбиеші: Мусина Асия Мухамедкалиевна

Білім беру аясы: Қатынас.

Білім көздері: көркем әдебиет

Тақырыбы: «Әке мен бала» әңгімесі

Мақсаты: Жаңа сөздерді қатыстырып , сөз тіркестері және сөйлемдер құрату арқылы сөйлеу тілін дамыту. Есте сақтау қабілеттерін дамыту. Грамматикалық жағынан жүйелі түрде сөйлемді толық, анық айтуға, өз ойын жеткізе білуге үйрету.

Іс әрекет бөлімдері

Педагогтың іс-әрекетті

Балалар іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық


Шаттық шеңбері:

Балаларды шеңбер бойына тұрғызып,төменгі өлең жолдарын айтқызады:

Бала, бала, баламыз

Мектепке біз бармыз.

Күні бойы қызыққа,

Батамыз да қаламыз!


Балалар бір-бірінің қолын ұстап,жылу сезімдерін білдіреді



Ұйымдастырушылық-ізденістік

Оқу: Әке мен бала.
Бір адам баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп баласына айтады:
- Анау тағаны, балам, ала жүр, - деді.
Бала әкесіне:
- Сынып қалған ескі тағаны алып не қылайын, - деді. Әкесі үндемеді, тағаны өзі алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол ұш тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бір – бірлеп алып жеп, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала тым – ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма – жан жерден алып, аузына салды. Біраздан соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие сонымен әр жерде әкесінің қолынан түскен шиені оншақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып, баласына шиені орамалымен беріп тұрып айтады:
- Көрдің бе, мана тағаны жамансынып, жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мұнан былай есіңде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң – көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең – көптен де құр боласың, - деді.

Сұрақ-жауап:

-Ертегі қалай аталады?

-Баласы нені алмай қояды?

-Әкесі неше тиынға сатады?

-Үш тиынға не алады.

-Әкесі баласына не дейді?


Жұмбақтар.:

1.Жүгіріп келе жатып,


Шақшам түсті.
(Таға)

2.Бір күмбездің ішінде мың күмбез.


(Таға)

3.Ирек-ирек әкесі бар, Желбіреген шешесі бар, Тәттібике деген қызы бар. (Шие)


Тақпақ:
Мен шиемін, шиемін, 
Күннің көзін сүйемін. 
Қышқыл шырын менде бар, 
Төмен басты иемін. .


Мұқият тыңдайды.

Сұрақтарға толық, жүйелі жауап берді.

-Әке мен бала

-Тағаны


-үш

-шие


- Мұнан былай есіңде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң – көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең – көптен де құр боласың, - деді.
Жұмбақтарды белсенділікпен шешті.

  1. Таға

  2. Таға

  3. Шие

Тақпақтарын өте жақсы, жылдам жаттап алды.




Рефлексиялық-түзетушілік

Қорытынды:

Сұрақ-жауап:

-Біз бүгін қандай тақырып өттік?

-Баласы нені алмай қояды?

-Әкесі неше тиынға сатады?

-Үш тиынға не алады.

-Әкесі баласына не дейді?
Жақсы қатысқа балаларды мақтау марапаттау.


-«Әке мен бала» әңгімесі

- Тағаны

-үш


-шие

- Мұнан былай есіңде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң – көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең – көптен де құр боласың, - деді.





Күтілетін нәтиже:

Білуі: тиіс: Тақырыпты толық меңгере білуі тиіс.

Түсінігі: «Әке мен бала» әңгімесі

Көрсете білуі: Ұйымдасқан оқу іс-әрекетінің нәтижесін көрсете білуі тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет