Қайырлы күн, апай! Тобы: бб-п-16 Студент: Серік Нұрай тапсырма: Өздеріңіздің курстық жұмыстарыңыздың тақырыбын ғылыми аппартқа салыңыз



бет3/5
Дата13.05.2020
өлшемі71,5 Kb.
#67993
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
ғпз 12.05

Зерттеу жұмысының мақсаты: оқушының тілін дамытудағы сын тұрғысынан ойлау жобасынын қолданудың тиімділігін анықтау.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

- сын тұрғысынан ойлау технологиясының ғылыми теориялық негізін ашу;

- сын тұрғысынан ойлау технологиясын оқушылардың жан-жақты танып білуін қамтамасыз ететін шығармашылық жүйе жасау, әдістерін ұсыну;

- сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегияларын қолдану арқылы оқушылардың өз бетінше ізденудің және тілін дамытудың тиімді жолдарын анықтау;



Зерттеу жұмысының нысаны: мектеп бағдарламасы бойынша сын тұрғысынан ойлау жобасын әдебиеттік оқу сабақтарында қолдану процесі.

Зерттеу жұмысының пәні: мектептің оқу-тәрбие үрдісінде сын тұрғысынан ойлау жобасының стратегияларын пайдалану.

Зерттеу ғылыми болжамы: Егер бастауыш сыныпта әдебиеттік оқу сабақтарында «сын тұрғысынан ойлау» жобасымен оқытудың тиімді жолдарын қарастыру оқушының санасына, ақыл-ойына қозғау салып, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытуға, тілге деген сүйіспеншілік сезімін оятуға игі ықпалын тигізер еді. Сын тұрғысынан ойлау жобасын оқу-тәрбие үрдісіне енгізетін болсақ, онда:

- оқыту үрдісін ұйымдастырудың жаңа әдіс, тәсілдері мен формаларын тиімді пайдалануға;

- оқушыларды өз бетімен ізденуге, олардың ойлау қабілеттерін арттыруға;

- берілген оқу материалын толық меңгеруге, өз бетімен білім алуға, сөйтіп білім сапасын арттыруға және тілін дамытуға қол жеткізуге болар еді.



Зерттеу әдістері:Зерттеу мәселесі бойынша философиялық, педагогикалық, психологиялық, ғылыми және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау; бастауыш сыныптағы оқыту процесін бақылау; алдыңғы қатарлы үлгілі ұстаздардың озат іс-тәжірибелерін жинақтау, талдау, салыстыру, қорыту; педагогикалық эксперимент жүргізу және оның нәтижесін сұрыптау; диагностика жасау

Зерттеудің дереккөздері: Тіл туралы заң, «Қазақстан-2030» стратегиясы, бүгінгі білім мен тәрбие берудің өзекті мәселелері, озық технологиялық тәжірибелер негіз болып, педагогикалық, психологиялық, ғылыми - әдістемелік әдебиеттерге шолу жасалынды.

Зерттеу базасы: Қызылорда қаласындағы 3 ІТ-мектеп-лицейінің 4 «Г» сынып оқушылары.

2.Ғылыми жұмыстың құрылымына анықтама беріңіз.

Курстық жұмыстың құрылымы кіріспе, теориялық және әдістемелік бөлімнен, қолданылған әдебиеттер, қорытынды тараудан тұрады.



Теориялық бөлім

I тарау «Сын тұрғысынан ойлау технологияларының ғылыми- теориялық негізі»

1.1Сын тұрғысынан ойлау технологияларына сипаттама беру 1.2Сын тұрғысынан ойлау технологиясының ерекшеліктері

1.3Сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі

1.4Сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдіс-тәсілдері



Әдістемелік бөлім

II тарау «Сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдебиеттік оқу сабағындағы тиімділігі»

2.1 Әдебиеттік оқу сабағында сын тұрғысынан оқыту арқылы тілді дамыту

2.2 Әдебиеттік оқу сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу


Қолданылған әдебиеттер



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет