Қайрат Сағатханұлы, соңғы жылдары қара жолдың бойында қаза табатындар санының күрт арту мәселесі, тіпті Елбасы қатысуымен өткен Қауіпсіздік кеңесінде қаралғанын білеміз


Бағдаршамның және реттеушiнiң сигналдары



бет5/36
Дата26.03.2022
өлшемі0,7 Mb.
#136852
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
ЖҚҰ - жол ережеси
Жай сөйлемнің толықтауыш арқылы жайылмалануы

5. Бағдаршамның және реттеушiнiң сигналдары


5. Бағдаршамның және реттеушiнiң сигналдары
Бағдаршам сигналдары мен реттеушiнiң кескiндемелерi 1-суретте келтiрiлген.
5.1. Бағдаршамның сигналдары
5.1.1. Жол қозғалысын реттеу үшiн көлденең және тiгiнен орналасқан бағдаршамдар қолданылады.
Бағдаршамдарда жасыл, сары, қызыл және ай түстес ақшыл жарық сигналдары қолданылады.
Сигналдары тiгiнен орналасқан бағдаршамдарда қызыл түс жоғарыда орналасады, ал жасыл — төменде; сигналдар көлденеңiнен орналасқанда қызыл сол жақта, жасыл — оң жақта орналасады.
Бағдаршам сигналдары белгiлi мақсатында байланысты дөңгелек, бағыттаушы түрiнде (көрсеткiшi), жаяу жүргiншi немесе велосипед кескiнiнде және Х-үлгiсiнде болуы мүмкiн.
Дөңгелек сигналды бағдаршамдардың бiр немесе екi, дөңгелек жасыл сигналдың деңгейiнде орналасқан жасыл бағыттаушы (көрсеткiш) түрiндегi сигналдары бар қосымша секциялары болуы мүмкiн.
5.1.2. Бағдаршамның дөңгелек сигналдарының мынадай мәнi бар:
жасыл сигнал қозғалысқа рұқсат етедi;
жасыл жыпылықтаған сигнал қозғалысқа рұқсат етедi және оның қолданылу уақыты өтiп барады және тыйым салатын сигнал iске қосылатындығын хабарлайды (жүргiзушiлер мен жаяу жүргiншiлердi жасыл сигналдың жануына дейiн уақыт туралы секундпен хабар беретiн сандық табло қолданылуы мүмкiн);
сары сигнал Ереженiң 5.6-тармағында көзделгеннен басқа жағдайларда қозғалысқа тыйым салады және сигналдардың ауысқалы тұрғанын ескертедi;
сары жыпылықтаған сигнал бағдаршаммен реттелетiн көше қиылысын немесе жаяу жүргiншi өтпесiн бiлдiредi, қауiптен сақтандырады;
қызыл сигнал, оның iшiнде жыпылықтайтыны, қозғалысқа тыйым салады. Қызыл және сары сигналдардың қосыла жануы қозғалысқа тыйым салады және жасыл сигнал жанғалы тұрғанынан хабар бередi.
Көлiк сигналдары
5.1.3. Қызыл, сары және жасыл түстi бағыттаушы түрiнде орындалған бағдаршам сигналы тиiстi түстердегi дөңгелек сигналмен бiрдей мағыналас, бiрақ олардың күшi бағыттаушы көрсеткен бағытқа (бағыттарға) ғана қолданылады. Мұндайда солға бұрылуға рұқсат беретiн бағыттаушы, егер бұған тиiстi жол белгiсiмен тыйым салынбаса, керi бұрылуға да рұқсат етедi. Қызыл және сары бағыттаушылардың орнына осы мағынада қара контурлы бағыттаушылар кескiнделген дөңгелек қызыл және сары сигналдар пайдаланылуы мүмкiн.
Қосымша секциясы бар жасыл бағыттаушы да осындай мәнге ие болады. Қосылмай тұрған қосымша секцияның сигналы осы секциямен реттелетiн бағыттағы қозғалысқа тыйым салынғанын бiлдiредi.
5.1.4. Егер бағдаршамның негiзгi жасыл сигналына қара контурлы бағыттаушы (бағыттаушылар) салынған болса, онда ол жүргiзушiге бағдаршамның қосымша секциясын және қосымша секцияның сигналына қарағанда өзге де рұқсат етiлген қозғалыс бағыттарын хабарлайды.
5.1.5. Егер бағдаршам сигналы жаяу жүргiншiнiң (велосипедтiң) кескiнi түрiнде орындалса, онда күшi тек жаяу жүргiншiге, (велосипедшiлерге) ғана қолданылады. Мұндайда жасыл сигнал жаяу жүргiншiнiң (велосипедшiнiң) қозғалысына рұқсат бередi, ал қызыл тыйым салады.
Велосипедшiлердiң қозғалысын реттеу үшiн сондай-ақ кiшiрейтiлген өлшемдегi дөңгелек сигналы бар, 300х200 мм өлшемдi, қара түстi велосипед кескiнделген тiк бұрышты ақ түстi табличкамен толықтырылған бағдаршам пайдаланылуы мүмкiн.
5.1.6. Соқыр жаяу жүргiншiлердi жүрiс бөлiгiн кесiп өту мүмкiндiгi туралы ақпараттандыру үшiн бағдаршамдардың жарық сигналдары дыбыстық сигналмен толықтырылуы мүмкiн.
5.1.7. Көлiк құралдарының жүрiс бөлiгiнiң қозғалыс бағыты қарама-қарсы бағытқа өзгеруi мүмкiн жол жолақтары бойынша қозғалысын реттеу үшiн Х үлгiсiндегi қызыл сигнал және төмен бағытталған бағыттаушы түрiндегi жасыл сигналы бар реверстiк бағдаршам қолданылады. Бұл бағдаршамдар тиiсiнше олар үстiнде орналастырылған жол жолағы бойынша қозғалысқа тыйым салады немесе рұқсат бередi.
Реверстiк бағдаршамның негiзгi сигналдары бағыттаушы түрiндегi, төмен қарай оңға немесе солға қиғаштай еңкейтiлген, iске қосылған сигналдың ауысатындығын және бағыттаушы нұсқаған жолаққа қатар ауыстыру қажеттiгiн хабарлайтын сары сигналмен толықтырылуы мүмкiн.
Реверстiк бағдаршамның екi жағынан 1.9. таңбалауымен белгiленген жолақтың үстiне орналастырылған сигналдары iске қосылғанда осы жол жолағына шығуға тыйым салынады.
5.1.8. Трамвайлардың, сондай-ақ олар үшiн бөлiнген жолақпен қозғалатын басқа маршруттық көлiк құралдарының қозғалыстарын реттеу үшiн "Т" әрпi түрiнде орналасқан төрт ай түстес ақ дөңгелек сигналдары бар бағдаршамдар қолданылуы мүмкiн. Бiр мезгiлде төменгi сигналмен бір немесе бiрнеше жоғарғы сигнал iске қосылған кезде ғана олардың сол жақтағысы — солға, ортадағысы — тiке, оң жақтағысы — оңға қозғалуға рұқсат етедi.
5.1.9. Темiр жол өтпесiне орналасқан дөңгелек, жыпылықтап тұратын ай түстес ақ сигнал көлiк құралдарының өтпе арқылы қозғалысына рұқсат бередi. Ай түстес ақ және қызыл жыпылықтайтын сигнал iстемей тұрған кезде көз жетер жерде өтпеген жақындап қалған поезд (локомотив, дрезина) болмағанда, қозғалысқа рұқсат етiледi.
5.2. Реттеушiнiң сигналдары
Оның денесi мен қолдарының, оның iшiнде мынадай мәндердi бiлдiретiн жезлмен жасаған қимылдары, реттеушiнiң сигналы болып табылады:
қолдары екi жаққа созылған немесе төмен түсiрiлген:
сол және оң бүйiр жақтарынан — қозғалыс трамвайға тiке, рельссiз көлiк құралдарына тiке және оңға қозғалуға рұқсат етiледi, жаяу жүргiншiге жүрiс бөлiгiн кесiп өтуге рұқсат етiледi;
кеуде және арқа жағынан — барлық көлiк құралдарының және жаяу жүргiншiнiң қозғалысына тыйым салынады.
оң қол алға созылған:
сол бүйiр жақтан — қозғалыс трамвайға солға, рельссiз көлiк құралдарына барлық бағыттарға рұқсат етiледi;
кеуде жағынан — барлық көлiк құралдарына қозғалыс тек қана оңға рұқсат етiледi;
оң бүйiр және арқа жағынан — барлық көлiк құралдарына қозғалыс тыйым салынады;
жаяу жүргiншiлерге жүрiс бөлiгiн кесiп өтуге реттеушiнiң арт жағынан рұқсат етiледi.
Қол жоғары көтерiлген:
Ереженiң 5.6-тармағында көзделгеннен басқа жағдайларда барлық көлiк құралдары мен жаяу жүргiншiлердiң барлық бағытта қозғалысына тыйым салынады.
Реттеушi қол қимылдарымен жүргiзушiлерге және жаяу жүргiншiлерге түсiнiктi басқа да сигналдар беруi мүмкiн.
Сигналдар жақсы көрiнуi үшiн реттеушi жезлдi немесе сигналды дискiнi (жарық қайтарғышты) қолдануы мүмкiн.
ҚР Үкiметiнiң 2005.12.10. № 1021 қаулысымен 5.3.-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5.3. Көлiк құралының аялдауын талап ету қатты дауыстау құрылғысымен немесе бip мезгiлде ысқырып сигнал бере отырып, көлiк құралына бағытталған қол қимылымен көрсетiлуi мүмкiн. Жүргiзушi оған нұсқалған орында аялдауы тиiс. Көлiк құралын тоқтатқан iшкi iстер органдарының қызметкерi (полиция) 2.3.2-тармаққа сәйкес жүргiзушiге кiдiрмей келiп, тоқтату себебiн айтуы тиiс.
5.4. Ысқырықпен берiлген қосымша сигнал қозғалысқа қатысушылардың назарын аударуға берiледi.
5.5. Бағдаршамның (реверсивтiден басқа) немесе реттеушiнiң тыйым салатын сигналы кезiнде жүргiзушiлер тоқтау-сызығының (5.3.3-белгiсiнiң) алдында, ал олар болмаған кезде:
жол қиылысында — кесiп өтетiн жүрiс бөлiгiнiң алдында (Ереженiң 13.8 бөлiгiн ескере отырып), жаяу жүргiншiлер үшiн кедергi тудырмай;
темiржол өтпесi алдында — Ереженiң 15.4-тармағына сәйкес;
басқа жерлерде — қозғалыс рұқсат етiлген көлiк құралы мен жаяу жүргiншiлерге кедергi туғызбай тоқтатуға мiндеттi.
ҚР Үкiметiнiң 2005.12.10. № 1021 қаулысымен 5.6.-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5.6. Реттеушi қолын көтерген немесе сары сигнал жанған кезде, егер бағдаршам сигнализациясының жұмыс режимi жасыл сигналдың тiкелей сөнер алдындағы жыпылықтауын қамтамасыз етпейтiн жағдайларда, шұғыл тежеуге жүгiнбей тоқтата алмайтын жүргiзушiлерге Ереженiң 5.5-тармағында белгiленген жерлерде әрi қарай қозғалуға рұқсат етiледi. Реттеушi қолын көтерген немесе сары сигнал жанған кезде жүрiс бөлiгiнде келе жатқан жаяу жүргiншiлер оны босатуы тиiс, ал оған мүмкiндiк болмаған кезде қарама-қарсы көлiк легiн бөлушi сызықта тоқтаулары тиiс.
5.7. Жүргiзушiлер мен жаяу жүргiншiлер, тiптi олар бағдаршам сигналына, жол белгiлерi немесе таңбаларының талаптарына қайшы келсе де, сигналдың талаптары мен реттеушiнiң бұйрығын орындаулары тиiс.
5.8. Темiржол өтпелерiнде жыпылықтаған қызыл сигналмен бiр мезгiлде қозғалысқа қатысушыларды қосымша ақпараттандыратын, өтпе арқылы қозғалысқа тыйым салатын дыбыстық сигнал берiлуi мүмкiн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет