Қайрат Сағатханұлы, соңғы жылдары қара жолдың бойында қаза табатындар санының күрт арту мәселесі, тіпті Елбасы қатысуымен өткен Қауіпсіздік кеңесінде қаралғанын білеміз



бет2/36
Дата26.03.2022
өлшемі0,7 Mb.
#136852
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
ЖҚҰ - жол ережеси
Жай сөйлемнің толықтауыш арқылы жайылмалануы

2. Жүргізушілердің жалпы міндеттері


2.1. Механикалық көлiк құралының жүргiзушiсi мыналарға мiндеттi:
ҚР Үкіметінің 26.05.99 ж. № 643 ; 2005.12.10. № 1021 (бұр.ред.қара); 2007.09.01. № 6 қаулыларымен 2.1.1-тармақ өзгертілді
2.1.1. Мыналарды өзiмен бiрге алып жүруi және iшкi iстер органдарының (полиция) оған уәкiлеттi лауазымды адамдарының талап етуi бойынша оларға тексеруге беруге;
көлiк құралын жүргiзу құқығына жүргiзушiнiң куәлiгi (жүргізуші куәлігінің орнына берілген куәлік және жүргiзушiнiң жеке басын куәландыратын құжат);
жүргізуші куәлігінің талоны;
көлiк құралдарына тiркеу құжаттары;
көлiк құралының иесi болмағанда басқарған жағдайда - осы көлiк құралына иелiк етудi немесе пайдалануды, немесе билiк ету құқығын растайтын құжат;
мемлекеттiк техникалық байқаудан өткендiгi туралы құжат;
заңнамада белгіленген жағдайларда көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі және/немесе жолаушылардың алдында тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі;
белгiленген жағдайларда жол қағазы мен таситын жүкке құжаттар.
Заңдарда көзделген жағдайларда, тексеру үшiн Көлiктiк бақылау комитетiнiң қызметшiлерiне арнаулы рұқсаттаманы, халықаралық тасымалды жүзуге асыру кезіндегі рұқсаттама мен лицензияны (немесе есеп құжатын) көрсетсiн. Арнаулы рұқсаттама мен рұқсаттама болмаған жағдайда Көлiктiк бақылау комитетiнiң қызметшiсiне көлiк құралын басқару құқығы үшiн жүргiзушінiң куәлiгiн (жүргізуші куәлігінің орнына берілген куәлік пен жүргiзушiнiң жеке басын куәландыратын құжат) алу үшiн көлiк құралына арналған тiркеу құжаттарын, жол жүру парағы мен тасылатын жүкке арналған құжаттарды тапсырады.
2.1.2. Қауiпсiздiк белдiгiмен жабдықталған көлiк құралдарында қозғалыс кезiнде белдiктенген болуы, белдiк тақпаған (12 жасқа дейiнгi балаларды, үйретушi көлiк құралын басқарған кезде үйренушiнiң, ал елдi мекендерде, тұрғын-үй аймақтарында, бұдан басқа, шұғыл және арнаулы қызмет автомобильдерiнiң және такси жүргiзушiлерi мен жолаушыларына белдiк тақпауына жол берiледi) жолаушыларды тасымалдамау.
Шұғыл және арнаулы қызметтер тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiмет белгiлейдi.
Мотоциклдi басқарған кезде түймеленген мотошлем киюге және түймеленген мотошлем кимеген жолаушыны тасымалдамау.
2.2. Халықаралық жол қозғалысына қатысушы механикалық көлiк құралын жүргiзушi:
өзiмен бiрге Жол қозғалысы туралы конвенцияға сәйкес келетiн көлiк құралына тiркеу құжатын және жүргiзушiнiң куәлiгiн;
көлiк құралында өзi тiркелген мемлекеттiң тiркеу және айырым белгiлерiн алып жүруге мiндеттi.
2.3. Көлiк құралының жүргiзушiсi мыналарға мiндеттi:
ҚР Үкіметінің 2005.12.10. № 1021 қаулысымен 2.3.1.-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2.3.1. Көлiк құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөнiндегi Негiзгi ережелерге және лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылар жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттемелерiне сәйкес көлiк құралдарының дұрыс жай-күйi шығар алдында тексеру және жолда қамтамасыз ету. Бұдан әрi - Негiзгi ереже.
2.3.2. Iшкi iстер органдары (полиция) қызметкерiнiң 5.3.-тармаққа сәйкес берiлген талап етуi бойынша аялдау және оның нұсқауларын орындау.
2.3.3. Iшкi iстер органдары қызметкерiнiң талап етуi бойынша мастығы туралы куәландыру өту.
ҚР Үкіметінің 2005.12.10. № 1021 қаулысымен 2.3.3.-1 тармағымен толықтырылды
2.3.3-1. Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде белгiленген жағдайларда Ережелердi бiлуiн тексеруден өту.
2.3.4. Көлiк құралының өздiгiнен қозғалып кетуiн болдырмайтын шара қолданбайынша, көлiк құралын тастап кетуге және оны бөтен адамдардың пайдалануына бермеу.
ҚР Үкiметiнiң 19.12.02 ж. № 1329 (бұрынғы ред. қара); 2005.12.10. № 1021 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 2.3.5-тармақ өзгертілді
2.3.5. Көлiк құралын:
жол-жөнекей бағытта медициналық қызмет көрсетуге кетiп бара жатқан медицина қызметкерлерiне, сондай-ақ қозғалыс бағытына қатыссыз, жедел медициналық жәрдем қажет ететiн азаматтарды емдеу мекемелерiне алып бару үшiн медицина қызметкерлерiне, iшкi iстер органдарының және ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметкерлерiне;
авария кезiнде зардап шеккен көлiк құралдарын тасымалдау, табиғи апат болған жерге жету үшiн iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне, сондай-ақ заңда көзделген, өзге де кейiн қалдыруға болмайтын жағдайларда iшкi iстер органдары, Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметi мен ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметкерлерiне беру.
Ескертпе: 1. Көлiк құралдарын беру туралы талап ету шет ел мемлекеттерi өкiлдiктерiнiң және дипломатиялық иммунитетi бар халықаралық ұйымдардың көлiк құралдарына қолданылмайды.
2. Көлiк құралын пайдаланған адам жүргiзушiнiң талап етуi бойынша анықтама беруi немесе жол қағазына жазба (жүрудiң қанша уақытқа созылғандығы, жүрiп өтiлген қашықтықты, өзiнiң тегiн, лауазымын, қызметтiк куәлiгiнiң нөмiрiн, өз ұйымының атауын көрсетiп) жасауы тиiс.
3. Мемлекеттiк ұйымдардың жоғарыда аталған қызметкерлерiне көлiк құралдарын беруге байланысты келтiрiлген шығыстарды көлiк құралы иесiнiң талап етуi бойынша белгiленген тәртiппен осы ұйымдар өтейдi.
2.4. Көлiк құралы жүргiзушiсiнiң құжатын тексеруге немесе көлiк құралын пайдалануға құқығы бар адам жүргiзушiнiң талап етуi бойынша қызметтiк куәлiгiн көрсетуге мiндеттi.
ҚР Үкiметiнiң 2005.12.10. № 1021 қаулысымен 2.5.-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2.5. Жол-көлiк оқиғасы кезiнде, оған қатысы бар жүргiзушi:
Ереженiң 7.2.-тармағының талаптарына сәйкес көлiк құралын дереу тоқтатуға (орыннан қозғамауға), авариялық жарық сигнализациясын iске қосуға және авариялық аялдау белгiсiн (жанып-сөнетiн қызыл фонарь) қоюға, оқиғаға қатысы бар заттардың орнын ауыстырмауға;
зардап шеккендерге дәрiгерге дейiнгi медициналық көмек көрсету үшiн барлық мүмкiн болатын шараларды қолдану, "медициналық жедел жәрдем" шақыру, шұғыл жағдайларда зардап шеккендердi жол-жөнекей аттандыру, ал егер бұған мүмкiндiк болмағанда, өзiнiң көлiк құралымен жақын жердегi емдеу мекемесiне жеткiзуге, өзiнiң тегiн, көлiк құралының тiркеу белгiсiн хабарлауға (жеке басын куәландыратын құжатты немесе жүргiзушiнiң куәлiгiн және көлiк құралын тiркеу құжатын көрсетiп) оқиға болған жерге қайтып келуге;
болған жағдай туралы жақын жердегi iшкi iстер органына кешiктiрмей хабарлауға, көзiмен көргендердiң тегi мен мекен-жайларын жазып алуға және iшкi iстер органдарының қызметкерлерiнiң келуiн күтуге;
егер басқа көлiк құралдарының қозғалысына мүмкiндiк болмаса, жолдың жүретiн бөлiгiн босатуға;
жүру бөлiгiн босату немесе зардап шегушiнi өзiнiң көлiк құралымен емдеу мекемесiне жеткiзу қажет болған жағдайда куәлардың қатысуымен көлiк құралының орналасуын, оқиғаға қатысы бар iздер мен заттарды алдын ала белгiлеп, олардың сақталуына мүмкiн болатын барлық шараларды қабылдауға және оқиға болған жердi айналып өтудi қамтамасыз етуге мiндеттi.
ҚР Үкiметiнiң 2005.12.10. № 1021 қаулысымен 2.6.-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2.6. Егер жол-көлiк оқиғасының нәтижесiнде зардап шегушiлер болмаса, жүргiзушiлер болған жағдайды бағалауда өзара келiсiмге келiп, алдын ала оқиғаның схемасын жасап және оған қолдарын қойып, оқиғаны ресiмдеу үшiн iшкi iстер органының жақын жердегi жол полициясы постына немесе бөлiмшесiне келулерiне болады.
2.7. Жүргiзушiге:
2.7.1. Мас күйiнде (алкогольдi, есiрткi немесе өзге де), құлақ асуды және назар аударуды әлсiрететiн дәрiлiк заттар әсерiнде; жол қозғалысы қауiпсiздiгiне қатер төндiретiндей ауру немесе шаршаған жағдайда көлiк құралын басқаруға.
ҚР Үкiметiнiң 2005.12.10. № 1021 қаулысымен 2.7.2.-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2.7.2. Ақауы бар немесе мемлекеттiк байқаудан өтпеген көлiк құралдарын пайдалануға.
ҚР Үкiметiнiң 2005.12.10. № 1021 қаулысымен 2.7.3.-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара
2.7.3. Иесi заңнамада белгiленген жағдайларда көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын және/немесе жолаушылардың алдында тасымалдаушының жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасамаған көлiк құралын пайдалануға.
ҚР Үкiметiнiң 2005.12.10. № 1021 қаулысымен 2.7.3-1-тармақпен толықтырылды
2.7.3-1. Мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi болмаған немесе олар тiркеу құжаттарына сәйкес келмеген жағдайларда көлiк құралын пайдалануға.
ҚР Үкiметiнiң 2005.12.10. № 1021 қаулысымен 2.7.4.-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2.7.4. Мас күйiндегi, жауапты қимыл жасауды және назар аударуды әлсiрететiн, дәрiлiк заттар әсерiнде отырған адамдарға, ауру немесе шаршаған адамға, сондай-ақ жүргiзудi үйретушiден басқа, өзiмен бiрге осы санаттағы көлiк құралын басқаруға құқық беретiн жүргiзушiнiң куәлiгi (жүргiзушi куәлiгiнiң орнына берiлген куәлiк және жүргiзушiнiң жеке басын куәландыратын құжат) жоқ немесе жол (маршрут) қағазында көрсетiлмеген адамға көлiк құралын басқаруға беруге.
ҚР Үкiметiнiң 2005.12.10. № 1021 қаулысымен 2.7.5.-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2.7.5. Ұйымдасқан (оның iшiнде жаяу жүргiншiлер де) колоннаны кесiп өтуге және оның iшiнен орын алуға.
ҚР Үкiметiнiң 2005.12.10. № 1021 қаулысымен 2.7.6.-тармақпен толықтырылды
2.7.6. Жүрiс бөлiгiне қоқыс, қозғалыс үшiн қауiп туғызатын заттар лақтыруға тыйым салынады. Бұл талап жол қозғалысының басқа қатысушыларына да қойылады.
ҚР Үкiметiнiң 2005.12.10. № 1021 қаулысымен 2.8.-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2.8. Тежегiштiң жұмыс жүйесi немесе рульдiк басқаруы жұмыс iстемейтiн болса, ақауы бар тiркеу құрылғысымен (поезд құрамында), сондай-ақ тәулiктiң қараңғы уақытында жолдарда жасанды жарықтандыру болмағанда немесе жеткiлiксiз көрiнетiн жағдайларда - фарлар мен (немесе) артқы үлкен оттары жанбайтын (жоқ) болса, жаңбыр немесе қар жауып тұрғанда жүргiзушi жағындағы терезе тазалағыштың ақауы болса, көлiк құралының қозғалысына тыйым салынады.
Ескертпе. Ең төменгi жылдамдықтағы қозғалыс кезiнде көлiк құралын тоқтатат немесе маневрдi жүзеге асыра алмайтын жұмыстың тежегiш жүйе немесе рульдiк басқару жұмыс iстемейтiн болып саналады.
Жол жүргенде Негiзгi ережелермен көлiк құралдарын пайдалануға тыйым салынатын және жүргiзушi анықтай алатын басқа да ақаулар және жағдайлар туындаған жағдайда, оны жоюы тиiс, ал егер бұл мүмкiн болмаса, жағдайда, онда қажеттi сақтық шараларын сақтай отырып тұрақ немесе жөндеу орнына апаруына болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет