Қайрат Сағатханұлы, соңғы жылдары қара жолдың бойында қаза табатындар санының күрт арту мәселесі, тіпті Елбасы қатысуымен өткен Қауіпсіздік кеңесінде қаралғанын білеміз



бет8/36
Дата26.03.2022
өлшемі0,7 Mb.
#136852
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   36
Байланысты:
ЖҚҰ - жол ережеси
Жай сөйлемнің толықтауыш арқылы жайылмалануы

8. Маневр жасау


8.1. Жүргiзушi маневрдi орындауды бастамас бұрын жарық көрсеткiштерiмен, егер олар жоқ болса немесе ақауы болса — қолмен, тиiстi мақсатта, сигнал беруге мiндеттi. Мұндайда маневр қауiпсiз және қозғалысқа басқа қатысушыларға кедергi туғызбауы тиiс.
ҚР Үкiметiнiң 2005.12.10. № 1021 қаулысымен 8.2.-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8.2. Сол жаққа маневр жасау сигналы — сол жақ бұрылыстың жарық көрсеткiшi не сол жаққа сол қолды созу, не жанына созылған тiк бұрыш жасап шынтақтан жоғары бүгiлген оң қол болып табылады. Оң жаққа маневр жасау сигналы — оң жақ бұрылыстың жарық көрсеткiшi, не жанына созылған оң қол немесе жанына созылған және шынтақтан тiк бұрыш жасап жоғары бүгiлген сол қол болып табылады. Тежеу сигналы тоқтау-сигналымен не қолды жоғары көтеру арқылы берiледi. Артқы жүрiспен қозғалыс сигналы артқы жүрiс шамын жағумен және авариялық сигнализацияны қосумен берiледi.
Бұрылыс көрсеткiштерiмен немесе қолмен сигнал беру маневрдi орындауды бастауға дейiн кешiктiрмей берiлуi және оны аяқтағаннан кейiн сол бойда тоқтатылуы керек (сигналды қолмен беру маневрдi тiкелей орындау алдында аяқталуы мүмкiн). Мұндайда сигнал, қозғалысқа басқа қатысушыларды шатыстырмауы тиiс. Сигнал беру жүргiзушiге артықшылық әпермейдi және оны сақтық шараларын қолданудан босатпайды.
8.3. Iргелес аумақтан жолға шығу кезiнде жүргiзушi жолда қозғалып келе жатқан көлiк құралдары мен жаяу жүргiншiлерге, ал жолдан кiрген кезде — жаяу жүргiншiлер мен велосипедшiлерге, ол кесiп өтетiн қозғалысқа жол беруi тиiс.
8.4. Аялдама немесе тұрақ орнына келу керек болғанда, жүргiзушi жүрiс бөлiгiнiң шетiмен немесе жағалауымен келе жатқан жаяу жүргiншiлерге, велосипед, мопед, көлiк-арба жүргізушiлерiне, мiнiс көлiгi үстiнде және жүк артып келе жатқандарға жол беруi тиiс.
8.5. Қатар ауыстыру кезiнде жүргiзушi қозғалыс бағытын өзгертпей қатарлас келе жатқан көлiк құралдарына жол беруi тиiс. Бiрге келе жатқан көлiк құралдары бiр мезгiлде қатар ауыстырған кезде, жүргiзушi оң жақта келе жатқан көлiк құралына жол беруi тиiс.
Қозғалып келе жатқан көлiк құралдары арасында қауiптi ара қашықтық болған жағдайда, қатар ауыстыруға тыйым салынады.
8.6. Айналысты қозғалыс ұйымдастырылған жол қиылысына шыққан кездегi бұрылыс жасау жағдайларын қоспағанда, оңға, солға немесе керi бұрылу алдында жүргiзушi осы бағытқа қозғалуға арналған жүрiс бөлiгiнде және жолақта тиiстi шеткi орынға уақтылы ыңғайлануы тиiс.
Егер жолда 5.8.1. немесе 5.8.2. белгiлерi қойылған болса, онда аталған маневрлердi тиiстi қозғалыс жол жолағы бойынша жасауға рұқсат етiледi; мұндайда шеткi жол жолағы бос болған кезде ортадағы жол жолағымен жүруге тыйым салынады. Сол жатқан жүрiс бөлiгiмен бiр деңгейде орналасқан бiр бағыттағы трамвай жолдары болған кезде сол жаққа және керi бұрылыс, егер 5.8.1. немесе 5.8.2. белгiлерiмен жүрiс бөлiгiнiң жол жолағымен қозғалыс бағыты көрсетiлмесе, солардан бастап орындалуы тиiс. Мұндайда жүргiзушi трамвайға жол беруi тиiс.
8.7. Айналу жүрiс бөлiгiн кесiп өтумен шыққан кезде көлiк құралы қарсы қозғалыс жағына шықпайтындай болып жүзеге асырылуы керек.
8.8. Егер көлiк құралы қиылыста немесе одан тыс бұрылыс жасауды немесе қиылыста керi бұрылуды Ереженiң 8.6-тармағын сақтай отырып өзiнiң көлемiнен немесе басқа себептер бойынша орындай алмаса, қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ете отырып және бұл басқа көлiк құралдарына кедергi туғызбайтын болса, көршi жол жолағына жартылай, ал қажет болғанда толықтай шығуына рұқсат етiледi.
8.9. Рельссiз көлiк құралының жүргiзушiсi қиылыстан тыс жерде солға немесе керi бұрылған кезде қарсы келе жатқан көлiк құралына жол беруi тиiс.
Егер қиылыстан тыс жерде керi бұрылған кезде сол жақ шеттен маневрдi орындау үшiн жүрiс бөлiгiнiң енi жеткiлiксiз боса, онда жүрiс бөлiгiнiң тек қана оң жақ шетiнен (оң жақ жағалаудан) бұрылуға жол берiледi. Мұндайда жүргiзушi бағыттас немесе қарсы келе жатқан көлiк құралына жол беруге мiндеттi.
8.10. Ережеде көлiк құралдары қозғалысының траекториясы қиылысатын, ал өту кезектiлiгi көрсетiлмеген болса, жүргiзушi оң жақтан жақындап қалған көлiк құралына жол беруге мiндеттi.
8.11. Тежеу жол жоғары болған жағдайда, бұрылуды көздеген жүргiзушi осы жолаққа уақтылы ауысуға және сонда ғана жылдамдықты азайтуға мiндеттi.
Жолға кiретiн жерде жүру сызығы болған кезде жүргiзушi соның бойымен қозғалуы және осы жолмен қозғалып келе жатқан көлiк құралдарына жол бере отырып, көршi жолаққа ауысуға мiндеттi.
8.12. Жаяу жүргiншiлер өтпесi мен көше қиылыстарында тротуармен немесе жол жағалауы жиегiмен; тоннельдерде;
көпiр үстiнде, жол құбырларында, эстакадаларда және солардың астымен;
темiржол өтпелерiнде;
ең болмағанда бiр бағытта кемiнде жол көрiнуi 100 метр жерлерде;
аялдама пункттерi орналасқан жерлерде бұрылуға тыйым салынады.
8.13. Көлiк құралдарына, егер бұл маневр қауiпсiз және қозғалысқа басқа қатысушыларға кедергi тудырмайтын болса, артқы жүрiске рұқсат етiледi.
Артқы жүрiспен қозғалуға көше қиылыстарында және Ереженiң 8.12-тармағына сәйкес керi бұрылуға тыйым салынған жерлерде тыйым салынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   36




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет