Айтуреева ж ж «Түрлі мекемелердегі психологиялық қызмет»



бет6/37
Дата12.12.2023
өлшемі210,27 Kb.
#196317
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
xBwQGhekgQbnOF9wt4FsdjKjbrAMYH1xl5KlmX7A 2
Шуляковская А.Г. ЯЗЫК КАК ВАЖНЕЙШЕЕ СРЕДСТВО ЧЕЛОВЕЧЕСКОГО ОБЩЕНИЯ
2-практикалық сабақ.
Білім беру мекемелеріндегі психологиялық қызметтің моделі және құрылымы.
Сабақ мақсаты мен міндеттері: Мектеп психологиялық қызметтің моделі мен құрылымы

Сабақ барысы


Қысқаша теориялық ақпарат.
Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет көрсету мəселелері
Қазақстанның жиырма жылдағы тəуелсіз дамуы елдің əлеуметтік-экономикалық саладағы дамуының арқауы болып табылатын рухани дамуда да сапалы өзгерістерді талап ететінін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Қоғам талабына қарай ғылым мен техниканың дамуы білім беру саласында жаңа технологияларды енгізуді талап етуі, əр маманның құзырлылығын, жауапкершілігін арттырумен қатар, тұлғаның белсенділігін, оның адамгершілік сапаларының жоғары деңгейін талап етеді. Əрине, адамның сапаларының негізі филогенезде қалыптасатыны белгілі болғанымен оның ары қарайғы өмір жолында дамуы онтогенездегі тəрбие мен əлеуметтік ортаның (микро, мезо, макро) ерекшелік- терімен тығыз байланысты. Адам қоғамының басты мақсаты филогенездегі тұлға сапаларының əлеуметтік, рухани талаптар деңгейінде қалыптасып, дамуына ықпал ету болып табылады.
Білім беру жүйесі ұрпаққа адамзат қоғамының тарихында жинақталған мəдениеттің, қоғамдық сананың əр саласынан білім бере отырып, олардың өзі өмір сүретін ортада икемділігі мен қабілетіне қарай мамандық таңдап, қоғамның дамуына атсалысатын азаматты тəрбиелейді. Тəрбиенің басты өлшемі - тəрбиелілік, басқа адамның оның іс-əрекетін үлгі тұтуы, яғни адамгершілік сапаларын теориялық жағынан ғана біліп қоймай, өзінің іс-əрекетімен дəлелдеп, көрсетуі.
Үшінші деңгейінде, барлық оқушылар мен мектеп қызметкерлеріне психологиялық даму мəселелері бойынша психологиялық көмек көрсетіледі. Өзіндік психологиялық қызмет психолог оқушыларды психологиялық педагогикалық зерттеу тестерінің ұпайларын анықтап, интерпретациялағаннан кейін екінші деңгейден басталады. Бұл кезде мектеп психологиясы теориялық жəне тəжірибелік салада недəуір табыстарға қол жеткізді.


Сабаққа дайындық жасауға ұсыныстар
Психологиялық қызметтің мақсаты:
Білім беру ұйымдарында білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау және білім беру үдерісіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.

Психологиялық қызметтің міндеттері:
1.Білім алушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру;
2.Білім алушыларға ақпараттық қоғамның жылдам дамуына олардың табысты әлеуметтенуіне психологиялық түрғыдан жәрдем көрсету;
3.Білім алушылардың тұлғасын психологиялық-педагогикалық зерделеу негізінде әрбір білім алушыға жеке тұрғыдан ықпал ету;
4.Психологиялық диагностиканы жүргізу және білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту;
5.Психологиялық қиыншылықтар мен білім алушылардың проблемаларын шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру;
6.Психологиялық проблемаларды шешуде және оқу-тәрбие жұмыстарының қолайлы әдістерін таңдауда ата-аналар мен педагоггарға консультациялық көмек көрсету;
7.Білім беру үдерісі субъектілерінің психологиялық-педагогикалық кұзыреттілігін көтеру.

Педагог-психологтың жұмысында басшылыққа алынатын Қағидалар:
Педагог-психологтың жұмысында басшылыққа алынатын Қағидалар:
1.Өзінің кәсіби құзыреттілігі және біліктілік талаптары шеңберінде шешім қабылдайды;
2.Диагностикалық, дамытушылық, әлеуметтік-психологиялық, психологиялық түзету және консультативтік- практикалық жұмыстардың ғылыми-негізделген әдістемелерін қолданады;
3.Белсенді оқыту, әлеуметтік-психологиялық тренинг байланыс әдістерін, жеке және топтық кәсіптік консультациялар берудің, білім алушылардың қалыпты дамуының диагностикасы мен түзетудің заманауи әдістерін қолданады;
4.Барлық оқу кезеңінде білім алушының жеке психологиялық ерекшеліктерінің психологиялық диагностикасын жоспарлайды;
5.Білім алушылардың тұлғалық қалыптасуындағы және дамуындағы ақаулықты анықтайды;
6.Білім алушыларга, педаготтарга, ата-аналарға жеке, кәсіптік және басқа да мәселелерді шешуде психологиялық көмек және қолдау көрсетеді;
7.Күйзелістік, жанжалдық, қатты эмоционалды күйзелістік жағдайда болып табылатын педагогтарға, білім алушыларға психологиялық көмек және қолдау көрсетуді жүзеге асырады;
8.Білім алушылардың бейәлеуметтік әрекеттерінің алдын алады және оларды уақтылы түзетуді жүзеге асырады;
9.Тиісті кәсіби даярлығы жоқ адамдардың білім беру ұйымдарында психологиялық диагностика, психологиялық түзету жұмыстарын жүргізуге жол бермейді;
10.Білім беру ұйымдарының әлеуметтік саласын үйлестіруді қалыптастыру және әлеуметтік бейімсіздіктің туындауының алдын алу бойынша жұмыстарды жүзеге асырады;
11.Зерттеу жұмыстарының материалдары бойынша психологиялық-педагогикалық қорытынды жасайды;
12.Дамыту және түзету бағдарламаларын жоспарлауга және әзірлеуге қатысады;
13.Білім алушылар, педагогикалық қызметкерлер мен ата-аналар (оларды алмастыратын тұлғалар) арасында психологиялық мәдениетті қалыптастырады;
14.Оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру бойынша құжаттамалармен, білім алушылардың, педагогтардың жеке істерімен танысады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет