Академиялық жазу



бет1/39
Дата22.11.2023
өлшемі3,67 Mb.
#192845
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
Акад.жазу 2022
биофиз

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Физика-математика факультеті
Физика кафедрасы
«Бекітемін»
Факультет деканы
__________ А.Т.Аймукатов
«__» __________ 2022 ж.
6В01502-Физика, 6В05301-Физика, 6В01510-Физика-информатика
ББ 3 курс және 6В01502-Физика ОҚБ 2(3) 2 курс студенттері үшін
«Академиялық жазу» пәнінен
емтихан материалдары

Ақтөбе, 2022 ж.




«Академиялық жазу» пәнінің мақсаты мен міндеттері. Зерттеу әдістері. Академиялық жазу құрылымы
Академиялық жазу – бұл мәтінді құру құрылымының, баяндау стилінің, ғылыми әдебиетті рәсімдеудің жалпыға ортақ талаптарына бағына және белгілі бір ғылым саласындағы білімдерге сүйене отырып жазбаша жұмыстарды (эссе, баяндама, курстық жұмыс) шығармашылық жазу дағдыларын дамыту мүмкіндігі.

Академиялық жазылым пәнінің мақсаты . Жалпы академиялық жазылым талаптарына сәйкес студенттердің қазақ тіліндегі жазылым деңгейін көтеру.

Негізгі міндеттері: Академиялық бағытта жазба жұмысын жазуды меңгеру: Зерттеу жұмысын жүргізудің кейбір қағидаларын меңгеру; Мәліметтерді жинау мен талдау; Мәліметтерді қолдану әдістері; Нәтижелерді баяндау әдістері.Кіріспе жазу барысында мына кеңестерді есте сақтаған жөн:ысты болудың негізі.

Академиялық жазылым жазбаша қатысыммен байланысты мәселелерді шешуді талап ететін дағдыларды дамытуға бағытталған. Біріншіден, осы дағдылар кешенін қазақстандық мамандар әлі де терең меңгермеген десек қателеспейміз, оған дәлел ретінде мекемелердегі хат алмасу тіліндегі кемшіліктерді айтуға болады. Екіншіден, академиялық жазылым сауаттылығы сол мамандарда белгілі бір қиындықтар тудырады, айталық мемлекеттік қызметкерлер Қазтест бойынша жазылымнан диктант, мазмұндама, эссе жазуда ақсап жатады. Бұдан шығатын қорытынды: бұл құзырет түрі қазіргі ақпараттық технологиялар заманындағы кез келген маманның немесе басшының кәсіби жетістігінанықтайды.

Гуманитарлық таным техникасы мен оның жекелеген тәсілдеріне негізделген жалпы ережелер мен әдістерді, академиялық кәсіби оқылымды, академиялық жазылым мен ауызша таныстырылым дағдыларын меңгерту оқу құралының негізгі мақсаты болып табылады. Осы тұрғыда оқу құралының міндеттеріне академиялық жазылым мен оқылым дағдыларын дамыту (ғылыми- кәсіби мәтіндердің тілі мен құрылымын зерттеу, конспектілеу, рефераттар, пікірлер, тезистер жазу, ғылыми талдау нәтижелерімен таныстыру, ғылыми-кәсіби мәтіндерді оқу, ғылыми мәтіннің стилін меңгеру, зерттеу жұмысының жоспарын құру, тақырып таңдау, жұмыстың құрылымын дұрыс құру); сілтеме мен дәйектемелерді дұрыс қолдану, теориялық әдебиетпен, анықтамалықпен жұмыс істеуді үйрету, зерттеу нысанын талдау мен әдісін таңдай білуге үйрету, студенттердің сөздік қорын академиялық лексикада қолданылатын ғылыми-кәсіби ортаға тән тілдік оралымдармен байыту; ғылыми-кәсіби пікірталастарға түсу дағдыларын дамыту және кәсіби бағдарланған жобаларды таныстыру; өз ойын ауызша дәлелдеп айтуға үйрету, студенттің танымы мен тіл мәдениетінің деңгейін көтеру, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет