Академиялық жазу


Бақылау-өлшеу материалдары



бет13/39
Дата22.11.2023
өлшемі3,67 Mb.
#192845
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   39
Байланысты:
Акад.жазу 2022
биофиз
Бақылау-өлшеу материалдары





Эссе. Эссенің түрлері
Эссе дегеніміз (фр. тіл. essai-тәжірибе, лат.m.exagium-құрау)-философиялық,әдеби, тарихи,публицистикалық,әлеуметтану, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін.

Эссе – шағын көлемді прозалық мәтін. Эссеге батыл болжамдар, өткір ұсыныстар, талас тудыратын пікірлер, ойлар, қозғау саларлық байламдар тән. Онда автордың жеке көзқарасы, өзіндік пікірі көрініс табады.

Эссенің түрлері1. Аргументті эссе. Пікірді, көзқарасты растайтын, қолдайтын немесе
жоққа шығаратын дәлелдер келтіріліп, аргументтермен түйінделіп
отырады. 2. Салыстырмалы эссе. Бірнеше мәселе­­ талқыланып, олардың арақатынасын ажыратып жазу көзделеді. 3. Сипаттамалық эссе. Детальдар арқылы жер, зат, адам бейнесіне сипаттама беріледі. 4. Хабарламалық эссе. Адам өз тәжірибесіне сүйене отырып, өз тұрғысынан, өзіндік көзқараспен оқиғаны сипаттап жазады. Бұл эссе өткен шақта немесе осы шақта жазылады. 5. Дискуссивті эссе. Екі жақты пікірді салыстырмалы түрде талдай отырып, қорытынды шығарып жазады. 6.Анықтамалық эссе. Нақты дәлелдер арқылы терминнің мағынасын ашу көзделеді.




Эссенің құрылымы. Эссені жазу ережелері
Эссе дегеніміз(фр. тіл. essai-тәжірибе, лат.m.exagium-құрау)-философиялық,әдеби, тарихи,публицистикалық,әлеуметтану, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін.

Эссе-еркін композициялық құрылымға негізделген немесе көркем-публицистикалық жанрдың бір түрі.Эссе қатаң түрде жоспарға негізделуі міндетті емес.Эссе жеке көзқарас, сараптама, дәлелдемелерге негізделеді.

Эссенің құрылымы және жоспары 

Эссенің құрылымы оған талап етілетіндермен анықталады:

Эссенің авторының ойы қысқаша тезистер қалпындағы мәселелер бойыншабаяндалады.Көп жағдайда ауызша және жазбаша хабарламалар үш негізгі композициялық бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды.Оқырманды қызықтыру үшінкіріспе бөлімжанды, нақты, күшті және мінсіз (өзіндік) болуы керек. Онда оқырманға үндеу, афоризм, жалпы ой, жеке тәжірибеге сілтеме, аналогия, ассоциация, тұжырым, сұрақ, жеңіл ескертпе т.б. болуы мүмкін. Кіріспе мен негізгі бөлім арасындағы қатынас сақталуы керек. Егерде эссенің жалпы көлемі 500 сөз болса, кіріспеге 50 сөз алу ұсынылады.Негізгі бөлім тақырыптың бірізді баяндалуы болып табылады, жазылған мәселе бойынша ұсыныстар мен көзқарастарды бейнелі түрде жеткізеді, жазбаша хабарландырудың мақсаты мен бағытына сілтейтін ой желісін құрайды, дәлелдемелері мен сілтемелері бар, идеяны дәлелдемелер мен нақты мысалдар арқылы нақтылайды. Мұнда әртүрлі айқындау құралдары қолданылады.Қорытынды бөлімде әдеттегідей қорытынды жасалады, жазылған мәселе мәні мен мазмұнын күшейтеді, автордың ойымен сәйкес келетін көңіл-күй мен сезімді анықтайды.Эссеннің негізгі тақырыбы мен мақсаты, сонымен қатар оның жеке тақырыпшалардың мақсаты анықталу керек.Оқырман назарын аудару үшін жарқын нақыл сөздер, парадокс, аллегорияны, қызықты фактіні және т.б. қолданыңыз.Эссе тақырыпша, абзац, параграфтарға бөлінеді. Әр абзац арасында логикалық байланыс болу керек. Осылайша эссе бүтін болады.Ол экспрессивті, эмоционалды және көркем болуы керек. Оны қарапайым қысқа сөйлемдерден жеткізуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   39




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет