Академиялық шебер сөз, олардың түрлері


Шешендік сөздердің түрлері



бет2/6
Дата08.02.2022
өлшемі19,91 Kb.
#123827
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Академиялық шебер сөз
С.Торайғыров «Шәкірт ойы » қмж 1
Шешендік сөздердің түрлері
Қазіргі шешендік сөздер мақсатына, мазмұнына, сөйлеу шарттарына қарай бес топқа бөлінеді.
1. Әлеуметтік-саяси шешендік сөздер. Бұларға осы тақырыптарға жасалатын баяндамалар, сөйленетін сөздер, митинг, конференция, съезд сессияларда айтылатын сөздер, хабарламалар, радио, теледидардан ауызша жүргізілетін саяси-әлеуметтік шолулар жатады.
2. Академиялық шешендік. Бұл топты жоғары оқу орындарында оқылатын лекциялар, ғылыми баяндамалар, хабарламалар, шолулар құрайды.
3. Сот ісінде қолданылатын шешендік сөздерге прокурордың айыптау сөзі, әлеуметтік айыптаушылар мен қорғаушылардың сөздері, адвокаттың сөзі, айыпкерлердің қорғану сөзі.
4. Әлеуметтік-тұрмыстық шешендік сөздерге мерейтойларда, салтанатты дастарқан басында, қабір басында көпшілік алдында айтылатын сөздер жатады.
5. Діни қызметте жұмсалатын шешендік (уағыз). Бұл топтағы шешендік сөздер қазақ топырағында енді-енді дәстүрге айналып келеді. Оған уағыз, иман сөздері жатады.
Шешендік сөздердің арасында өзара тығыз байланыстылық бар, олардың шекаралары да қозғалмалы сипатта келеді. Мысалы, академиялық шешендік пен әлеуметтік-саяси шешендіктің арасында көбіне тақырыптық ортақтық жиі кезедеседі. Мәселен, халықтың әлеуметтік жағдайы ресми баяндамаға да, лекцияға да өзек бола алады. Таным мен білімнің, рухани дүниені дамыту мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастырудың, адамзатты ізгілікке, қайырымдылыққа үндеудің тәрбиелеудің құралы ретінде қызмет ететін шешендік сөздердің шынайы үлгілері қашан да біздің тарихымыздың, қоғам мен мәдениетіміздің дамуының айнасы іспетті болып қала бермек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет