Академиялық шебер сөз, олардың түрлері


Көркем шығарма стилі. Оның түрлері



бет3/6
Дата08.02.2022
өлшемі19,91 Kb.
#123827
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Академиялық шебер сөз
С.Торайғыров «Шәкірт ойы » қмж 1
Көркем шығарма стилі. Оның түрлері.
Көркем шығармалар— жазушының өмір тануына, дүние сезінуіне, көзқарасына сол өмір фактісін жи-нақтап, қорытып бейнелі тілмен жазу мәнерінен болады. Сөйлеу тілімізде сөздер бұрыннан машықталған үйреншікті қалыпта жұм-салады, ал көркем шығармада сөздер сараланып, белгілі стильдік мақсатта қолданылады. Көркем сөзбен жазылған әдеби шығарма — өмір фактілерін жан-жақты терең қамтитын жанды организм. Онда адам да, аң да, құс та, табиғат та — бәрі де қатысады. Тұрмыс-салт, шаруашылық, экономика салаларынық калпы, даму жолдары көрсетіледі. Қөркем шығармада көптеген кейіпкерлер болады. Олар жағымды, жағымсыз образдарға бөлініп, топталады. Олардың әрқайсысының өз алдына жеке-дара сырт пішіні — портреті — жасалып, іс-әрекеттері, ой-өрісі, өмір тануы суреттеледі. Ол кейіпкерлердің тіл ерекшеліктері болады. Сөйтіп типтік образдар жасалады. Шығармалардағы адамдар табиғат қоршауында әрекет жасайды. Мұның бәрі шығарманын идеялық мазмұнын, көркемдік ерекшелігін айқындауда маңызды роль атқарады. Шығарманың көркемдік қасиеті ондағы қайталаусыз жасалған әр алуан образдар мен өмір құбылыстарыньщ картиналары бейнелеулер арқылы көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет