Акт тиімді пайдалану



Дата22.11.2016
өлшемі18,97 Kb.
#2334
АКТ тиімді пайдалану

Қазіргі білім жүйесіндегі өзгерістер жаңаша сипатқа ие болып отыр. Соңғы уақытта оқытудың тиімді жолдары қарастырылып, ұстаздар жаңа модельдегі оқыту жүйесіне көшуде. Әлемдік деңгейде роболан және робототехника бойынша нанотехнлолгияны дамыту қолға адынуда. Сол себебті, оқытуда АКТ-ны пайдалану оқытудың бір ажырамас бөлшегі болмақ.

Білікті мұғалім теориялық және тәжірибелік білімін өзара тығыз байланыстыра алуы керек. Себебі, АКТ-ны енгізген кезде теориялық және тәжірибелік білімдері оларды ойланып қолдануды қамтамасыз етеді, ал бұл оқыту оқу үрдісін жақсартуға жағдай жасайды. Қазіргі қоғамдағы балалар мобильді балалар, ал мұғалім олардың ұсынысына жауап беру үшін кез келген техникалық заманауи құрылғыларды жетік білуі керек. Сонымен қатар, осы тұрғыда мұғалімнің педагогикалық білімі де маңызды фактор болмақ. Педагогикалы білік деген - мұғалімнің білім берудегі оқыту мақсаты мен міндеттерін білуге негізделетін оқыту мен оқу үрдістері, тәжірибесі мен әдістері туралы білімі. Бұнда мұғалімнің сабақты құрудағы шеберлігі мен оқытуда қолданатын стратегиялары, оқушылардың білімді меңгеруі мен дағдыларын қалыптастырудағы әдіс-тәсілдері маңызды деп есептеуге болады.

Сондай-ақ, технологиялық, педагогикалы және пәндік білім туралы Мишра мен Клердың зерттеулерінің нәтижесіне сүйенсек осы үш білім саласын өзара байланыстыра алған мұғалім жоғарғы деңгейдегі кәсіпқой мұғалім болмақ. Яғни, жекелеген пәндерді оқытуға білім технологияларын ықпалдастыру мұғалімнің қарқынды дамуына, оқудың барлық үш аспектісін өзара байланысты белсенді өолдануына дайын болуын қажет ететіндігі және бұл оқыту мен оқу үрдістерін білікті түсіну көрсеткіші болып табылатындығын білген жөн.



Ендігі сұрақ мен практикада осы АКТ-ны қалай қолданамын деген бағытта қойылатыны анық. Теориялық білімді практикамен ұштастыра білу асқан шеберлікті талап етеді. Ендеше осы тұрғыда аз да болса осыған назар аударсақ, оқушыға қағаз бен қаламмен оқытқаннан гөрі замануаи инновациялық техникалық құралдар арқылы жұмыс жасаған тиімді. Мысалы, қазақ әдебиетінен Мағжан Жұмабаев туралы реферат жаздырғанша, осы бағыттағы материалдарды жинақтап слайд жасау немесе достарымен бірлесе отырып сұхбат, шығармашылығына саяхат сияқты жұмыстарды видеоға түсіру қызықты әрі сапалы болары сөзсіз. Бұл тұрғыда осы оқыту арқылы біз екі жақты жағымды жағын көре аламыз. Алғашқысы, оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, яғни мобильді балалардың сұранысына жауап береміз, ал екіншісі осы арқылы оқушы жаңа техникалық құрылғылармен жұмыс жасауды үйренеді.

Демек, оқытуда АКТ-ны пайдаланудың маңызы зор. Ал, оны білу – әрбір ұстазға міндет. Мінсіз, сыни ойлап, қоғамаға өзіндік пайда әкелетін оқушы тәрбиелеитін ұстаз да осы сұраныстарға жауап беретін, сыни ойлайтын, құндылықтарды бойына сіңірген, Шульманның үш көмекшісіне сай болуы қажет.
Каталог: uploads -> doc -> 0c5c
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0c5c -> Сабақтың тақырыбы: Бөкей және Жәңгір хандар тұсындағы Бөкей Ордасының экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени дамуы
0c5c -> 4 сынып оқулығы «Атамұра» баспасында 2014 жылы А. Қайырбекованың
0c5c -> Сабақтың тақырыбы: «Жеті жарғы»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет