«Қалалық оқушылар Сарайы» мкқК директоры Н. Мусабекова «ЖАҢа жылдық Ғажайып оқИҒА» спектаклі



бет6/11
Дата04.10.2023
өлшемі35,64 Kb.
#183643
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
новый год 2023 (1)
сөж 10 апта Кузембаева, 10 апта сөж Абдуллина, 10 апта сөж блум так, Студенттерге емтихан сұрақтары БАП 21-22ож
Күзетшілер: Иә, Ұлы мәртебелім.
Патша: Шабыңдар!
Күзетшілер: Шабамыз, Ұлы мәртебелім.
Патша: Табыңдар!
Күзетшілер: Табамыз, Ұлы мәртебелім.
Патша: Бүткіл әлемнің сұлуларын Сарайға кіргізіңдер де, қақпаларды жабыңдар!
Күзетшілер: Жабамыз, Ұлы мәртебелім.
Сахнаға Ажалсыз Кощей мен Мыстан кемпір шығады.
Аяна: Диана, сен бәрің көрдің ғой, әдеттегідей мыналардың ісін телефонға түсіріп алған шығарсың деп үміттенемін? Бұл бізді сиқырмен осы Сарайдан бір шығарған әже ғой!
Диана: Қайдағы әже! Бұл нағыз Мыстан кемпір! Ол ылғи мерекені бұзып жүреді.
Аяна: Шынымен де, сен дәл таптың, Диана! Тез арада Күлше қызды тауып Патша мен Ханзадаға көмектесу керек!
«Искорки» үлгілі би ансамблі – «Бабки ежки» биі
Мыстан кемпір: Болды, бітті! Бәрі мен ойлағандай болды!
Ажалсыз кощей: Иә, иә біз бәрін қатырдық!
Мыстан кемпір сахнада әрі-бері туфлиді киіп жүреді. (Музыка)
Мыстан кемпір: Қара, маған жарасады ма? Мен қандай сұлумын!
Ажалсыз Кощей: Ия , сөз жоқ, сен сұлусың!
Мыстан кемпір: Мен неге Ханзаданың қалыңдығы бола алмаймын? Солай емес пе, балалар?
Ажалсыз Кощей: Ия, әрине, әрине! Оған тек сен лайықтысың. (ойланып) Тоқта. Ал мен ше? Мен не істеймін?
Мыстан кемпір: (Армандап) Өмір бойы орманда тұрып шаршадым. Үйім-бір бөлмелі - тар. Ұшатын келім - ескі. Сыпырғышым да пайдаға аспай қалды. Тіпті үстімдегі киімдерімді де ауыстыру керек. Сондықтан осы патшалықтың иесі мен болуым керек.
Ажалсыз кощей: Сенің ойың белгілі болды. Ал мен ше? Мен не істеймін?
Мыстан кемпір: Уайымдама, сенің ақымақтығың белгілі ғой. Сонда да бір жерге орналастырамын. Қорықпа! Мысалы министр қыла саламын.
Ажалсыз Кощей: А, аналар рұқсат етеді ме?
Мыстан кемпір: Ең бастысы Ханзадаға тұрмысқа шығып алу. Содан кейін Ханзаданы әкесімен бірге кх-кх-кх.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет