«Қалалық оқушылар Сарайы» мкқК директоры Н. Мусабекова «ЖАҢа жылдық Ғажайып оқИҒА» спектаклі



бет7/11
Дата04.10.2023
өлшемі35,64 Kb.
#183643
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
новый год 2023 (1)
сөж 10 апта Кузембаева, 10 апта сөж Абдуллина, 10 апта сөж блум так, Студенттерге емтихан сұрақтары БАП 21-22ож
Ажалсыз Кощей: Жарайды, келістік. Ол біздің қолдан келеді.
Мыстан кемпір: Әрине, келеді! Дүниежүзінің барлық сұлуын шақырса да, Ханзада бәрібір менікі болады! «Шығып кетеді»
Дефиле «Барби» қолданбалы факультет
Патша: О, бейтаныс сұлу бикеш, қош келдіңіз! Мен патшамын! Ал мынау, менің ұлым – Ханзада!
Ханзада: Біздің шақыртуымызды қабыл алып, келгеніңізге ризамыз. Сіздің есіміңізді білуге болады ма?
Барби: Мені таныстырудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Мені дүниежүзі біледі. Мен мінсізбін! Менің атым Барби!
Патша: Барби бикеш, біздің сарайымызға келгеніңізге рахмет. Ханзадаға тұрмысқа шығуға үміттенген басқа да ханшайымдармен таласқа түсіп, жеңіп шығасыз деп ойлаймын.
Барби: Мен... Мен біреумен таласқа түсемін бе? Жоқ, мен өз идеалым Кенді іздеп жүрмін! Мен сіздің балаңыздың менің параметріме сай келетініне күмәндімін.
Ханзада: Немене?! Мен біреудің параметріне сай келуім керек пе?!
Патша: Сабыр ет балам. Бұл дүниеде сенен асқан жігіт жоқ! Бірақ маған қызық болып тұр, ол қандай параметр екен?
Барби: Біріншіден - шашы ақшыл әрі әдемі етіп қиылған, екіншіден – көздері аспан түстес көгілдір болуы керек, ал үшіншіден – бойы менен сәл ғана биік және ірі денелі болуы қажет. Айтпақшы, киімі де заманауи маған сай болуы керек.
Ханзада: Әке, бұл қыз шынымен де мені қызғылт костюм киеді деп ойлайды ма? Жоқ, олай еш уақытта болмайды!
Барби: Хм, тек костюм емес, айналаның бәрі – терезе жапқыштар, кресло, жиһаз бәрі-бәрі қызғылт болады. Тіпті патшалықтың бәрі қызғылт түске боялады, қандай керемет!
Ханзада: Айналаның бәрі қызғылт?! (Талып құлайды)
Патша: Жоқ, армандама! Ақымақ қызғылт қуыршақ!!! Тіпті біздің туфли де қызғылт емес! Сондықтан сен бізге сай келмейсің, жолың әне, тайып тұр!
Барби: Мен сендерге сай келмеймін бе? Мен Барбимін, сендер маған сай келмейсіңдер! (Талып құлайды)
Патша: Есіңді жи балам, жүр демал одан да. Ал мына қуыршақты сарайдан қуып шығыңдар, мінсіз Кенін басқа жерден іздесін!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет