Алғаш ғарышқа ұшқандар Орындаған Колтаев. Б



Дата27.12.2022
өлшемі4,52 Mb.
#164587
Байланысты:
слайд ғарыш
ТЕСТ

Алғаш ғарышқа ұшқандар

Орындаған Колтаев. Б

Тексерген Доғарова.Г


Көк пен жерді бағындырған, арасына байланыс орнатқан қасиетті жер - Байқоңыр! Кемелер самғаған қанаттылардың мекені болған қазақтың жері - Байқоңыр! Жер жетпейді әлемде бір өзіңе тең келер. Дархан елім, ғажап жерім - Байқоңыр!
Байқоңыр - Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының аумағында орналасқан ғарыш алаңы. Іргесі 1955 ж. қаланған. Байқоңыр әлемдегі ең ірі жер беті ғылыми ғарыш полигоны болып табылады, оның басты және көмекші нысандарының жалпы ауданы 6717 шаршы шақырым. Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу себебі:

1957 жылдың 4 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырылды. Ал, 1961 жылдың 12 сәуірінде адамзат тарихында тұңғыш рет Ю.А. Гагарин «Восток» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшты.
Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров 27 шілде 1946 жыл Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, ұшқыш. «Байқоңыр» ғарыш айлағынан 1991 жылдың 2 қазанында тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров «Союз Т-13» ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді.
Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев — қазақтың 2-ші, ал әлемнің 309-шы ғарышкері, техника ғылымдарының докторы. 1991 жылы 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Т. Әубәкіров "Союз Т-13" ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілген.
Айдын Ақанұлы Айымбетов 1972 жылы Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Өтенай ауылында дүниеге келген. Қазақтың үшінші, тәуелсіз Қазақстан Республикасының бірінші ғарышкері, Халық қаһарманы.Ол 2015 жылы 2 қыркүйек күні "Байқоңыр" ғарыш айлағынан таңғы сағат 10-нан 37 минут кеткенде "Союз ТМА-18 М" кемесімен екінші борт инженері ретінде көкке самғады.
Бұл жандардың бағы жанып, жұлдыздарға жақындай түсті, ал олардың есімдерін әрбір қазақстандық жатқа біледі. Ғарышкер-қаһармандар Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов суреттерде әскери тәртіпке сай салмақты көрінгенімен, келбеттерінен жастық жалын да байқалады. Оларды алда ғарыштық асулар күтіп тұр…

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет