Алғы сөз «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» Абай Кұнанбаев



бет14/26
Дата09.05.2023
өлшемі0,61 Mb.
#176322
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26
Байланысты:
Балалар өмірінде ойын маңызы
7-8 денгейлик Бакынов (2), 7-8 денгейлик Бакынов (2), 7-8 денгейлик Бакынов (2), 7-8 денгейлик Бакынов (2)
Ойындарда күтілетін нәтижелер:
1.Ойын - тәрбие құралы, ақыл - ойды, тілді ұштастырады, сөздік қорды молайтады, өзін қоршаған ортаны танып, мейрімділік сезімге тәрбиелейді
2.Еркін мінез – қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді.
3.Ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі.
4.Эстетикалық тәрбие беру құралына айналады.
5. Еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді.
6.Дене күшінің жетілуіне көмектеседі.
Демек, ойын баланы жан - жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және физиологиялық негіздері болып табылады.
Ойын баланың көңілін өсіріп, бойын сергітіп қоймай, оның өмір құбылыстары жайлы танып түсінуге де әсер етеді. Балалар ойын арқылы тез тіл табысып бір – бірімен жақсы қатынаста болады. Ойын үстінде де бала өз денсаулығын қимыл арқылы нығайтады. Ойынның қандай түрі болмасын атадан балаға яғни ұрпақтан ұрпаққа ауысып отырады.Халық ойындары өмір қажеттіліктерінен туады. Психологиялық жақтан денсаулықты нығайтуға негізделген.
Қорыта келе айтқанда: Ойын мектепке дейінгі балалардың негізгі іс - әрекеті. Ойын балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты. Ойын арқылы балалар қоғамды тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады.
Бір сөзбен айтқанда, ойын баланың жан - жақты дамуын көздейтін, оның тілін жаттықтыратын, қимыл - қозғалысын жетілдіретін, белсенділігін арттыратын, басқа адамдармен қарым - қатынасын реттеп, құрдастарымен ұйымшылдығын арттыруға негіз болып табылады. Ойын - бала үшін біліктіліктің қайнар көзі. Сондықтан жас өрендер ойнай отырып ойлай білсін

Ойын арқылы баланың тілін дамыту.
Балабақшадағы тәрбиелеу – оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану әрі оны күнделікті іс – әрекет кезіндегі тілдік қарым – қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген. Мектеп жасына дейінгі кезіндегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі тілі дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді. Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын айта білуге, қасиеті мен сапасын,түр – түсі және пішінін ажырата білуге өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып белсенді түрде тілдік қарым – қатынас жасай білуге үйретеміз.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісіне тәрбиешінің балалардың сөздік қорларын дамыту, жаңа сөздерді меңгерту, үйренген сөздерін тиянақтап анықтап әрі байытып отыру басты міндет саналады.
Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын, тапсырма, жаттығулар орны ерекше. Соның ішінде ойын – баланың шын тіршілігі. Ойын – бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын арқылы қоғамдық тәжірбиені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мәселен, кез – келген бала еш уақыта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды, сол арқылы бір – бірімен өзара қарым – қатынас жасайды. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып өзіне таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды.ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Сондықтан да ойын – балалардың дүние тану жолы, олар ойынмен өмір сүріп бәрін өзгерте алады. Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз – барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады. Сөздік қорды дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ен негізгі орын алады. Тәрбиеші бақылау заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және құрастыру, саяхат, ойын сабақтарын ұйымдастыру барысында балалардың сөздік қорларын дамытады. Сөйтіп бала топтағы жасына сәкес бағдарламалық міндетті меңгереді. Ойын ұйымдастыруда тәрбиеші өзі жетекші бола отырап балаларды ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға әрі оларды ойната отырып ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады. Ойын — балалардың тілді үйренуге деген сенімін оятады.Рөлдік ойындарда барлық балаларға бірдей рөл тиеді де, бір-бірімен міндетті түрде қарым-қатынасқа түсіп,сөйлеседі. Балалар белсенді жұмыс істеп, бір-біріне жәрдем беріп, жұмыстарын мұқият тындап, өздерін және бір-бірін бағалайды, ал тәрбиеші тек бағыттаушы болады. Рөлдік ойындардың негізгі талаптары.
Ойын балалардың тілге деген қызығушылығын
арттыруы қажет. Сонымен қоса, ең бастысы балалар өздеріне лайықты рөлді өзі тандап алған жөн. Сонда ғана олардың ойыны да, тілі де нанымды және сенімді шығады.
Рөлдік ойындарға топ болып қатысқан дұрыс. Бала өзін рөлде неғұрлым еркін сезінетін болса, ол соғұрлым қызыға ойнайтын болады. Осындай шарттар бойынша дайындалған материалдар қолданылса ойын соғұрлым жоғары тиімділік береді. Бастапқы кезде тәрбиеші балалардың ынта-жігерін бақылағаны жөн. Біртіндеп ол бақылаушы бола бастайды. Кейде тәрбиешінің өзі де, басты рөлден басқа кез-келген рөлде ойнауына болады, тек ол рөл топтағы тіл қатынасын дұрыс бағыттап отыратындай болсын. Тәрбиеші көмек қажет ететін балаға жақындап,жұмысына жәрдем беруіне болады. Ойын барысында тәрбиеші баланың қатесін бірден түзетпейді, тек білдіртпей өзіне ғана түртіп алады да, келесі сабақта осындай қателермен жұмыс істейді. Рөлдерді бөлу. Рөлдердің сипаттамасы түсіндіріліп айтылады. Адам туралы мәлімет берілсе: ақ көңіл, адал, жалқау деп сипаттама беріледі. Бала өзінің ойнайтын бейнесін тез елестету үшін ойын шарты дұрыс және нақты түсіндірілуі қажет. Әдетте ойнайтын рөл туралы көп айтудың да қажеті жоқ, себебі бала өз рөлін шығару үшін жеке шығармашылық мүмкіншілігін көрсету керек, ол үшін уақыт беру керек. Рөлдерді тәрбиеші бөледі, кейде балалардың қалауларына да ерік берген жөн, себебі қазақ тілін өзі қаншалықты біледі, соғаң орай өздеріде рөлді тез тандайдьі. Өткізген ойынға қорытынды жасаған кезде ттәрбиеші дұрыс тәсіл қолданып, әсіресе, алғашқы мадақтауда абай болғаны жөн. Өйткені, баланың ынтасын жоғалтады. Талдауда алдымен жақсы жақтарын айтып, содан кейін ғана кемшіліктерге тоқталу қажет.
Рөлдік ойындардағы тәрбиешінің орны. Ойын барысында тәрбиеші рөлі үнемі өзгеріп отырады. Егер мүмкін болса, ойын барысын бейнетаспаға немесе магнитофон лентасына жазып алған жөн. Артынан балалармен бірге көріп, тыңдап отырып, барлық ойынды немесе кейбір тұстарын талдаған өте тиімді. Себебі, мұнда тәрбиеші ойынға дайындық кезіндегі жіберіп алған қателіктерін байқайды да, келесі жолғы ойындарда осындай кемшілікгерге жол бермейді,есте сақтайды.
Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды, табиғи заттарды қолдану арқылы өтіледі. Мысалы, «Дәл осындай тауып ал», «Салыстыр да атын ата», «Қай ағаштың жапырағы?», «Бірдей ойыншықты тап».
Жалпы ойынды ұйымдастыру ойынды өткізуге әзірлік, ойынды өткізу, ойынды талдау деген сияқты үш бағытты қамтиды. Ойынға қажетті құрал, заттарды даярлау ойынды өткізуге әзірлік болып табылады.
Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу болып табылады. Ойынды талдау, бұл ойынның өз мақсатына жетуі балалардың белсенділігі және олардың іс – әрекеті болып табылады.
Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма –жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп , ақыл – ойы өсіп жетіледі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет