Алгоритм түсінігі Алгоритм


TYPE символдық типтің аты= String



бет12/20
Дата08.11.2022
өлшемі0,76 Mb.
#157176
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20
Байланысты:
База Алгоритмы

TYPE символдық типтің аты= String [айнымалының символ саны];
VAR символдық айнымалы аты: типтің аты;
немесе
VAR символдық айнымалы аты: string;


Мысал: 1) type в1= string [6];
в2= string;
var a1:в1; а2:в2;
2) var х: string [10];
y: string;

String сөзінен кейін символ саны көрсетілмесе, ол айнымалыға жадыдан 255 орын бөлінеді.


Символдық айнымалыларға стандарт функциялар және процедуралар қолданылады.

  1. Символдық айнымалыларды түрлендірудің стандарт функциялары



Length (a) – функциясы а символдық айнымалының ұзындығын табады. Функция нәтижесінде бүтін типті сан шығады.
Concat (a1, a2)- функциясы а1 және а2 жолдық айнымалыларды біріктіреді. (concat- конкатенация- біріктіру).
Функция нәтижесінде жолдық айнымалы шығады.
Copy (a, n, k)- функциясы а жолының n-ші символынан бастап к символ көшіріп (немесе қиып) алады.



  1. Goto шартсыз өту операторын сипаттаңыз

Паскаль бағдарламаларында операторлар бағдарламада жазылу ретімен бірінен соң бірі орындалады. Бірақ көптеген бағдарламаларды құру барысында операторлардың реттеліп орындалу тәртібін бұзуға тура келеді. Мысалы, бағдарламаның бір бөлігін уақытша айналып өтіп, кейін оған қайтып келу керек болады, т.с.с.. Мұндай жағдайларда GOTO шартсыз көшу операторы қолданылады. GOTO операторы бағдарламаның орындалуын өзінде көрсетілген таңбасы бар операторға аударады.
GOTO операторы жай оператор болып табылады, өйткені оның құрамында басқа оператор болмайды, тек қана таңба ретінде қолданылатын белгі болады. Бағдарламадағы кез-келген оператордың алдына таңба қойып, GOTO операторының көмегімен басқаруды осы операторға беруге болады. Ол үшін алдымен бағдарламаның басында LABEL бөлімінде таңбалар сипатталады, сонан соң операторлар бөлімінде бағдарламаның қажетті бөліктерін таңбалауға болады. Таңба ретінде 0-ден 9999-ға дейінгі бүтін сандар мен символдық шамаларды қолдануға болады. Таңбалар белгіленетін операторлармен қос нүкте арқылы ажыратылып жазылады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет