Алгоритм түсінігі Алгоритм



бет1/20
Дата08.11.2022
өлшемі0,76 Mb.
#157176
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
База Алгоритмы


  1. Алгоритм түсінігі



Алгоритмалгорифм (ағылш.: algorіthm, algorіsmus — Әл-Хорезмидің атынан шыққан) — бастапқы берілген мәліметтермен бір мәнде анықталатын нәтиже алу үшін қай амалды (жұмысты) қандай ретпен орындау қажеттігін белгілейтін есептерді (мәселелерді) шешу (математикалық есеп-қисаптар орындау, техникалық объектілерді жобалау, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу т.б.) тәсілдерінің дәл сипаттамасы. Алгоритм — математика мен кибернетиканың негізгі ұғымдарының бірі. Алгоритмді орындау алгоритмдік үрдіс деп аталады.
Жалпы Алгоритм деп алдын ала не істеу керек екені дәл көрсетілген есептеу үрдісін айтады. Есептеу үрдісі қандай болса да алғашқы мәндерден бастап, сол арқылы толық анықталған қорытынды шыққанша жүргізіледі. Алгоритм ұғымының алғышартына алгоритмдік үрдіспен қатар мүмкін болатын алғашқы деректер жиынтығының нұсқауы және қорытынды алуға байланысты жүргізілген үрдістің аяқталғандығын көрсететін ереже енеді. Белгілі бір бастапқы деректердің жиынына қолданылған Алгоритм тиянақты қорытындыға келмеуі немесе есептеу барысы аяқталмай тоқталуы мүмкін. Егер есептеу үрдісі белгілі бір қорытынды алумен аяқталса (не аяқталмай қалса), онда Алгоритм мүмкін болатын бастапқы деректерге қолданылады (не қолдануға болмайды) деп ұйғарылады.



  1. Есепті шешу алгоритмінің әзірлеу және жүзеге асыру сатылары

Компьютерде орындалуға тиіс алгоритмдерге мынадай талаптар қойылады;


1)Алгоритм нық әрі дәл өрнектелуі тиіс;
2) Оның модульдік (бөлікке бөліну) қасиетті, яғни алгоритмді кішкене бөліктерге бөлу мүмкіндігі болу қажет;
3) Алгоритм шектеулі уақытта нәтие беруі тиіс , яғни алгоритм қадамдарының саны шексіз болмауы керек;
4) Бір тексте есептерге жалпы бір ғана алгоритм қолданылуы тиіс.
1) Алгоритмнің айқын, дәл өрнектелу қасиеті . Алгоритмдерде келтірілген барлық іс – әрекеттердің мағынасы айқын, нақты анықталған болуы керек.Онда қандай қадамдар көрсетілсе, тек солар ғана орындалу қажет.Есеп шығаруға керектің бәрі біржақты анықталуы және орындаушыға түсінікті әрі нақты болуы тиіс.Анықтаушы алгоритм командаларын орындау кезінде ешқандай ойланбау тиіс.
2) Алгоритмнің үзіктілік қасиеті. Алгоритмнің үзік модульдерге бөлінуі, яғни үлкен алгоритмді бірнеше кішекене алгоритмдерге жіктеу мүмкін болу керек.Бұл қасиет бойынша алгоритм аралық нәтиже беретіндей бірнеше ықшам бөліктерге, ал олар оданда кіші қадамдарға бөлінеді.Белгілі бір командалар негізінде, алгоритмнің тізбекті қадамдарға бөлініп атқарылуын- оның үзіктілік қасиеті деп атайды.
3) Алгоритмнің нәтижелі қасиеті. Кез- келген алгоритмнің нәтижесі болу керек.Әрекеттерінің шектелуі саннан кейін белгнілі бір уақытта қорытынды нәтиже алуымыз қажет. Әрбір алгоритм белгілі бір бастапқы мәліметтерді пайдаланады және олар нәтиже алуға жеткізеді.
4) Алгоритмнің жалпылық немесе ортақтық қасиеті . Алгоритм құрғанда белгілі бір жеке проблеммаға ғана (есепке) арналмай, осы тәріздес мәселелер шешуін толық қамтыуы мүмкіндік беретіндей етіп құрылуы қажет.Бұл қасиетті алгоритмнің жалпылық немесе жалпыға бірдейлік қасиеті дейді. Ьұл қасиет алгоритмнің пайдалану құндылығын арттырады.
5) Алгоритмнің формалды орындалуы. Алгоритмді орындағанда орындау- шы оның әр командасаның мағынасын түсіуде , түсінбеуі де, бірақ алгоритмнің әр командасы орындаушының нақты бір әрекетті орындауын талап етеді.Орындаушы алгоритм командаларында көрсетілген әрекеттерді дұрыс орындауы үшін командалар орындаушының білім деңгейіне сәйкес болуы қажет.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет