Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х


Өлікпен жұмыс жасау ережесі



бет215/216
Дата15.04.2022
өлшемі0,57 Mb.
#139423
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   216
Байланысты:
Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х

Өлікпен жұмыс жасау ережесі
Мақсаты : патологиялық-анатомиялық бөлімшеге өлікті жеткізуге дайындық
Көрсетім : өлім анықталған жағдайда
Жабдықтар : латекстен жасалған қолғаптар, жаялық, (жағын байлауға орамал), сағат
Науқастың биологиялық өлімін дәрігер анықтайды. Ол ауру тарихына өлген күнін, сағатын, минутын көрсетеді. Өлікті патологиялық-анатомиялық бөлімшеге жеткізуге мейірбике дайындайды.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:

  1. Қолғапты киіңіз.

  2. Өліктің киімін шешіп, жастықсыз, арқасына жатқызыңыз.

  3. Өліктің көзін жабыңыз.

  4. Астыңғы жағын байлаңыз.

  5. Егер өлікте құнды заттар болса бөлімшедегі емдеу немесе кезекші дәрігерлердің қатысуымен акті жасап, ауру тарихына ол туралы жазыңыз. Өліктің құнды заттарын аға мейірбикеге сақтауға тапсырыңыз, ол қолхат жазу арқылы өліктің туысқандарына қайтарады.

  6. Егер катетер, зондтар, тамызғыштар қойылған болса, алып тастаңыз.

  7. Өліктің санына аты-жөнін және сырқатнаманың нөмерін жазып қойыңыз.

  8. Ақжаймамен жауып, өлікті 2 сағатқа дейін солай қойыңыз (биологиялық өлімнің айқын белгілері пайда болғанша)

  9. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуыңыз.

  10. Шығару қағазын толтырып, аты-жөнін, диагнозын, сырқатнамасының нөмерін, уақытын, күнін көрсетіңіз.

  11. 2 сағат өткеннен кейін өлікті патологиялық-анатомиялық бөлімшеге жеткізіңіз.

  12. Төсек орнын (матрац, жастық, жамылғы көрпе) дез.камераға тапсырыңыз. Кереует, қабырғалар, тумбочкаларды дезинфекциялық ерітіндімен зарарсыздандырып, 1 сағаттай кварцтаңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   216




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет