Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х


Өкпенің жасанды тыныс алуы(ӨЖТА)



бет212/216
Дата15.04.2022
өлшемі0,57 Mb.
#139423
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   216
Байланысты:
Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х

Өкпенің жасанды тыныс алуы(ӨЖТА)
Мақсаты: тыныс алуды қалыпқа келтіру
Көрсетім: тыныс алудың тоқтауы
Жабдықтар: салфетка (қол орамал), секундтық тілі бар сағат.
ӨЖТА-ын жапа шеккен кісінің өкпесіне ауаны белсенді түрде үрлеу әдісімен жүргізеді.
ӨЖТА міндеттері - өкпе альвеолалары тыныс алуы жойылған немесе әлсіз көлемін алмастыру немесе орнын басу.
ӨЖТА-ын бірнеше әдістермен жүзеге асыруға болады. Соның ішіндегі ең қарапайым әдісі - "ауыздан мұрынға", "ауыздан ауызға" әдісімен өкпеге жасанды вентиляция жасау болып табылады.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
1. Тыныс алу жолдарының өтімділігін қамтамасыз етіңіз.

  1. Қолдың 1-2-ші саусақтарымен науқастың мұрнын қысып,өкпені "ауызбен-ауызға" әдісімен жасанды түрде тыныс алдырыңыз.

  2. Терең дем алыңыз, кейіннен дәкеден жасалған салфеткамен жабылған емделуші аузына өз аузыңызды тығыз түрде басып, оның тыныс алу жолдарына терең, күшті түрде дем шығарыңыз. Кеуде торын жақсылап керілетіндей етіп, ауаны жеткілікті көлемде үрлеуге тырысыңыз.

  3. Емделуші басы шалқайған күйінде сүйеп отырып шегініңіз. Ырықсыз дем шығарудың жүзеге асырылуына мүмкіншілік беріңіз. Кеуде торы орнына түсіп, бастапқы қалпына келген кезде, циклді қайталаңыз.

Тыныс алу ұзақтығы дем шығару ұзақтығына қарағанда 2 есе қысқа болуы керек. Үрлеу жиілігі орташа есеппен алғанда минутына 12-14 рет болуы керек.
ӨЖТА "ауыздан мұрынға" әдісімен жүргізген кезде, емделуші жағдайы өзгермейді, бірақ емделуші аузын жабады, сонымен қатар төменгі жағын алға қарай жылжытады. Ол тілді жұтудың алдын-алу үшін жүргізілетін шара. Үрлеуді науқастың мұрны арқылы жүргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   216




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет